Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
otvety_rnm (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
10.44 Mб
Скачать
  1. Қабатты іштен жандырудың қолданылу критериі. Қабатты іштен ылғалды жағу.

Көмірсутектер оттекпен экзотермиялық реакцияларға түсуге қабілетті, ол мұнайлы қабатта жылу алу үшін қолданылуы мүмкін.

Қабатішілік жану әдісінің негізінде жанбаған фракциялардың қозғалысын арттыру үшін кеуекті ортадағы мұнайдың бір бөлігінің жану процесі жатыр. Жану әдетте түптік зонада қажетті температуралық деңгейді қамтамасыз ететін арнайы жабдықтың көмегімен іске асырылады; әрі қарай процесс бір немесе бірнеше ұңғымаларға тұрақты ауа жіберу кезінде автономды режимде жүреді. Жану фронтының температурасы сулы будың қанығу температурасынан артық болады және 400 - 6000С аралығында болады.

Қабатішілік жану 20 ғасырдың 50 жылдарынан бастап негізінен ауыр мұнайлы кенорындарда қолданылады. Көбінесе мұнай бір ұңғымадан келесі ұңғыманың түптік зонасына ысырылады, алайда көптеген жағдайларда бұл моментті ұңғыма маңы облысына жылулық әсер ету әдісі ретінде қолданады, сондай-ақ мұнай өндіру кезеңдері жану кезеңімен (ауа айдау арқылы жүзеге асырылатын) кезектесіп отырады.

Қабат ішінде жылулық энергияның бөлінуі ұңғымалардағы жылулық жоғалтуды төмендетуге мүмкіндік береді. Жану жылуы мұнайдың ғана емес сондай-ақ коллектордың температурасын арттыруға қолданылады, энергияның бір бөлігі қоршаған ортаға таралып кетеді. Қабатішілік жану және ыстық су айдау әдістерін бірге қолдану барлық процестің ПӘК арттырады.

Біртекті орталарда, яғни бүйірлік беттер арқылы жылу алмасуды елемегенде жүретін бір уақыттағы процестер үшін түрлі әдістемелер негіздерін қарастырайық.

Қалыпты режим кезінде мұнайлы кеніште ауаның таралуы, жану фронтының орын ауыстыру бағыты оның пайда болу орнына тәуелді екені түсінікті. Егер айдау ұңғымаларының айналасындағы түптік зона температурасы қажетті деңгейге дейін көтерілсе, жану дәл осы облыста жүреді және оның фронты пайдалану ұңғымаларына қарай, яғни мұнайды ығыстыру бағытында орын ауыстырады, бұл жағдайда процесті бірағысты жану деп атайды. Егер пайдалану ұңғымасының түптік зонасының температурасын арттырса және тұтану оның шеттерінде жүрсе, онда жану фронты айдау ұңғымаларына қарай, яғни мұнайды ығыстыру бағытына қарама-қарсы бағытта таралады, мұндай процесті қарама – қарсы ағысты жану деп атайды. Қарама – қарсы ағысты жанудың қолданылу облысы бірағыстыға қарағанда біршама шектелген.

  1. Мұнай қабаттарына жылумен әсер ету әдістері қандай жағдайда қолданылады?

Әлемдегі белгілі мұнай қорларының салыстырмалы үлкен үлесі тұтқырлығы жоғары мұнай, ол мұнайдың кеуекті ортада баяу қозғалғыштығы мен алынуының қанағаттанарлықсыз тиімділігін анықтайтын негізгі факторлардың бірі болып табылады. Мұнайдың тұтқырлығы қабатта табиғи жағдайларда жоғары болмайтын температураға қатты тәуелді. Зерттеулер мен игеру тәжірибесі көрсеткендей, тұтқырлығы 25-50 мПа*с артық мұнайды тиімді алу үшін осы тұтқырлықты төмендету мақсатында қабатқа жылулық әсер ету талап етіледі.

Мұнайды 200-2500С дейін қыздырған кезде оның тұтқырлығы 500-1000 – нан 5-20мПа*с дейін төмендеуі мүмкін.

Тәжірибеде тұтқырлығы жоғары мұнайы бар қабаттарға жасанды жылулық әсер етудің түрлі тәсілдері қолданылады – қабатішілік жану (құрғақ және ылғал), мұнайды бумен, ыстық сумен ығыстыру және ұңғымаларды бумен пароциклді өңдеу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]