Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
otvety_rnm (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
10.44 Mб
Скачать
  1. Мұнай кен орындарын игеруді талдаудың мақсаты не? Мұнай кен орындарын игеруді реттеу дегеніміз не? Мұнай кен орындарын игеруді реттеу әдістері

Мұнай кенорындарын игеру нұсқаларын толық талдау қажеттілігі туғанда өндірістің экономикалық тиімділігінің келесі көрсеткіштері анықталады:

  1. еңбек өнімділігі;

  2. келтірілген шығындар;

  3. қор беріліс;

Елдегі немесе аймақтағы мұнай өнеркәсібінің дамуын жоспарлау кезінде барлық көрсеткіштерді қолдануға болады.

Күрделі қаржы салымдары – мұнайгаз өндіру кәсіпорындарының негізгі қорларын құруға ақшалай еңбек және материалдық ресурстар шығындары, яғни ұңғымаларды бұрғылауға, мұнайдың кәсіпшілік көлігінің объектілері құрылысына, көмірсутектер сепарациясына, газбензинді зауыттарға, мұнайдың алынуы мен оны өндіру интенсификациясын арттыру мақсатында қабатқа әсер ету қондырғыларына, электр желісіне, өндірісті автоматтандыруға және т.б. кеткен шығындар.

Кенорынды игерудің әрбір жылына меншікті күрделі қаржы салымдары – жинақталған күрделі қаржы салымдарының мұнайдың жылдық өндірісіне қатынасы.

Белгілі бір уақыттағы меншікті күрделі қаржы салымдары жинақталған күрделі қаржы салымдарының осы уақыт аралығындағы жаңа ұңғымаларды есептік өндіруге қатынасымен анықталады.

Ағымдағы шығындар екі түрлі болады. Бірі мұнай, газ және судың ағымдық өндірісіне тәуелді, басқалары ұңғымалар санымен анықталады. Негізінде мұнай, газ және су өндіру деңгейіне механикаландырылған өндіріске, көлікке және мұнайды бірінші өңдеуге жұмсалған энергия шығындары тәуелді. Ағымдық өндіріс, мұнай берілісті арттыру мен мұнай өндірісін интенсификациялау мақсатында қабатқа айдалатын қоспалар көлеміне қабатқа әсер ету бойынша ғимараттарды пайдалану құны тәуелді.

Игеру процесін талдау

Игеру процесін талдау игерілетін кенорындар бойынша игеру жүйелерін жетілдіруге, олардың тиімділігін арттыруға және мұнайбергіштігін көбейтуге, сондай-ақ игеру тәжірибесін біріктіруге бағыттталған жекелеген сұрақтарды шешу мақсатымен жүргізіледі.

Игеру жүйесін жобалаған ғылыми – зерттеу институты мұнай өнеркәсібі Министерстрлігі немесе өндірістік мұнай өндіру қоғамдарының тапсырыстарына сәйкес иегрудің барлық кезеңінде талдау жүргізеді. Жұмыстардың кезеңділігі өндірістік қажеттілікпен анықталады, авторлық бақылаудан шығады немесе кезекті жобалық құжатты құру қажеттілігіне негізделеді. Игеруді талдау бойынша жұмыстар нәтижелерін жобалық құжаттарда ескереді.

Игеруді геологиялық – кәсіпшілік талдау – бұл мұнай кенорнын көпсалалы зерттеу мен меңгеру. Сонымен қатар кенорын мен оның объектілерін (қабаттарды, горизонттарды, алаңдарды, блоктарды, учаскелерді және т.б.) сипаттайтын табиғи, технологиялық, техникалық және ұйымдастырушылық факторларды қарастырады.

Мұнай кенорындарын геологиялық – кәсіпшілік талдау кезінде шешілетін негізгі тапсырмалар:

а) геологиялық сипаттаманы анықтау;

б) игеру технологиясын меңгеру;

в) кенорын қабаттары мен учаскелерінен мұнай қорларын өндіру күйін талдау;

г) игеруді және өндіру және айдау ұңғымалары қорларының сәйкестігін және игеру процесін реттеу бойынша шаралар тиімділігін бақылаудың қолданылатын жүйесінің нәтижелігін бағалау;

д) кенорынды (объектіні) игеру процесінің тиімділігін жалпы бағалау;

е) игеру процесін бақылау және реттеу бойынша негізгі шаралар.

Игеру процесін талдау кезінде кенорында жүргізілген геологиялық – техникалық шаралар бағаланады. Бақылау қызметі қарастырған кәсіпшілік өлшеулер мен бақылаулар, ұңғымалар мен қабаттарды гидродинамикалық, геофизикалық және арнайы зерттеулер және күрделі және жерасты жөндеу жұмыстарының объектілері, түрлері мен көлемдері, сондай-ақ алынған нәтижелер мақсаттары, көлемдері талданады. Жұмыстар нәтижелері бойынша бақылау жүйесінің тиімділігі және өндіру, айдау ұңғымалары қорының техникалық жағдайы бағаланады.

Игеру процесін талдау үшін жүргізілген зерттеулер нәтижелері біріктіріледі және жобалық құжат пен осы кенорынды игерудің алдыңғы талдаулары мәліметтерімен салыстырылады. Осының негізінде игеру процесінің тиімділігі мен сол игеру жүйесінің кенорынға, оның жекелеген объектілеріне сәйкестігі туралы қлһорытынды жасалады.

Талдауды игеру процесін реттеу бойынша ұсыныстармен аяқтайды.

Игеру процесін реттеу

Мұнай кеніштерін игеру процесін реттеу деп игерудің мүмкін жоғары технологиялық көрсеткіштеріне жету үшін игеру жүйесін жобалау және талдау кезінде қабылданатын технологиялық шешімдер шеңберінде өнімді қабаттарды игеру жағдайларын қолдау және өзгертуді түсіну керек.

Реттеудің негізгі мақсаттары:

экономикалық орнықтылық шектерінде мүмкін болатын жоғары мұнайбергіштікті қамтамасыз ету;

мұнай қорларын өндірудің ең жоғары қарқындарын алу;

процесті үнемді іске асыру.

Процесті реттеуді жүзеге асырмастан бұрын ең алдымен игерудің жобаланған жүйесінің шеңберінде пайдалану прцесінің ең жақсы жүрісін қамтамасыз ететін шаралар кешенін анықтайды. Осыған байланысты мүмкін жоғары мұнайбергіштік деп жобалық мұнайбергіштікті түсіну керек.

Мұнай кеніштерін игеру процесін реттеуді кеніштерді немесе олардың учаскелерін бұрғылағаннан кейін өндіруші және айдау ұңғымаларынан кәсіпшілікті мұнайды жинау үшін және суды айдау үшін жабдықпен қамтығаннан кейін бастайды, мұнай өндірісі кенішті игеру жобасына сәйкес және пайдалану кезеңінің барлық уақытында жалғаса береді. Реттеу бойынша шаралар олардың жүзеге асуына септігін тигізетін нақты жағдайларға, игеру жүйесіне, пайдалану процесі мен техникалық құралдар сипатына байланысты. Реттеу әдістерін таңдау кезінде кенішті игеру процесін шектейтін технологиялық, техникалық және технико – экономикалық факторларды ескеру қажет.

Технологиялық факторларға:

1) ұңғымалар сеткасы

2) су айдау жүйесі

3) шекті қысым мен ұңғымалар дебиті жатады.

Техникалық факторларға жатады

1) айдалатын агент пен қысымның масимал көлемдері

2) лифттің максимал өнімділіг мен сораптардың берілісі

3) мұнай мен газды жинау және тасымалдау, мұнайды дайындау, ілеспе суларды тазалау, пайдалану және ағызу жүйелерінің максимал өнімділігі.

Технико – экономикалық факторларға жататындар

1) мұнай өндірісінің жылдық жоспары

2) 1 т мұнай өндірісінің өзіндік құны, күрделі қаржы салымдары.

Игеру процесін реттеу кезінде берілген мұнай өндірісін үшін ғана емес, оны ығыстыру тиімділігі нарттыру үшін жағдайлар жасап, әрекеттегі шектеулерде өзгертеді.

Жобалық тапсырма мен пайдалану объектісінің геологиялық құрылымы мен мұнай қорлары туралы мәліметтердің өзгеруімен (мұнай өндірісінің артуымен) жобалық шешімдер жетілмеген кезде (бастапқы мәліметтер жеткіліксіз болғанда) игеру жүйесі жаңа талаптарды қанағаттандырмауы мүмкін екенін ескеру қажет, және реттеудің түрлі әдістерін қолдану қажетті нәтиже бермейді. Бұл жағдайда игерудің соңғы жүйесін анықтайды(ұңғымалар торы мен әсер ету жүйесін).

Реттеу әдістері – кенорын мен оның объектілеріне технологиялық әсер етудің игеру жүйесінің өзгеруімен байланыспаған және кенорынды игеру процесі мен оның техникалық – экономикалық көрсеткіштерін жақсартуға бағытталған түрлері. Кенішке әсер ету фильтрациялық ағындардың күшеюі немесе әлсізденуінде, олардың бағыттарының өзгеруінде көрініс табады, соның нәтижесінде мұнай алу қарқыны артады, ілеспе су өндірісі азаяды және соңғы мұнайбергіштік коэффициенті артады.

Қазіргі уақытта игеру процесін реттеудің келесі әдістерін қолданады:

1) ұңғымалардың өнімділігін түптік қысымды төмендету есебінен (пайдаланудың механикалық әдісінің көшу, ұңғымалардың жылдамдатылған немесе оңтайлы жұмыс режимін орнату) арттыру;

2) дебиті жоғары ұңғымаларды тоқтату;

3) айдау қысымын арттыру;

4) қосымша өндіру ұңғымаларын бұрғылау (резервтік қор шеңберінде) немесе басқа горизонттардан ұңғымаларды қайтарып алу;

5) айдау фронтын ауыстыру;

6) ошақты су айдауды қолдану;

7) оқшаулау жұмыстарын қолдану (бөтен суды оқшаулаудан басқа);

8) ағын немесе ауысу профилін түзеу;

9) ұңғымалардың түптік зонасына ағынды интенсификациялау мақсатында әсер ету (қабатты гидрожару, гидроқұмды перфорация, қышқылдық өңдеу жолымен гидродинамикалық жетілуді арттыру және т.б.);

10) қабаттардың мұнайбергіштігін арттырудың жаңа әдістерін пайдалану (күкіртті қышқылдық, ББҚ айдау және т.б.).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]