Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
otvety_GAZ (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
966.14 Кб
Скачать
  1. Газконденсатты зерттеулер кезінде қандай параметрлерді анықтайды?

Газконденсатты кен орын ұңғымасын зерттеу өндірілген өнімге газдан сынама алуға шикі конденсаттың мөлшерін анықтауға, газдан әртүрлі режимдегі жер бетінде бөлінетін конденсат ұңғыма байланысы және конденсат бөліну шартына мінездеме беру мақсатын зерттейді.

Зерттеу процесінде әдетте қозғалмалы қондырғының екі турі қолданылады:

1) термостатикалық емес (жоғары кәсіптік өнімі болғанда)

2) Термостатикалық ұңғымадан алынған газдың көп емес бөлігі өтетін.

Жай қондырғылар ұңғымаға кәсіптік және жалпы мінездеме береді. Термостатикалық изотерма мен изобараны және Джоуль-Томсон коэффициентін, газ бөлінген кездегі оның сағасында қысым және температураның мәнін алуға мүмкіндік береді.

Газконденсатиы ұңғыманың жұмысына толық мінездеме беру үшін және оның өнімін өлшеу үшін, арнайы қозғалмалы қондырғылар қолданылады.

Сурет 12 Осындай қондырғының біреуінің принципті сұлбасы.

Қондырғы автотіркемеге жабдықталған және болат шарнирлі 1 құбырдың көмегімен ұңғымаға қосылған. Одан кейін газ штуцер арқылы циклонды айырғыштың бірінші сатысына 2 түседі, одан кейіні циклон 3 тазалау сатысы. Айырғыштарға өлшеуіш цилиндрлер 4 қосылған, ізбе-із және параллель жұмыс жасауы мүмкін. Конденсат босатылып су қоспа және газ қондырғыдан атмосфераға немесе газөткішке бағыттталады. Бөлінген өнім ыдысқа 5 келеді, ондағы сынаманы зерттеуде қолданады.

Платформада кіші термостатикалық 6 қондырғыдан, газдан әртүрлі мәнді темпетурада және қысымда конденсат бөлінеді.

Газ және конденсат сынамалары зертханада мұқият зерттеледі. Айырғыштан бөлінген сұйық мөлшерін бір литр әртүрлі 40 ыдысқа орнатқан бес кран арқылы өлшейді. Үш реттелген штуцер айырғышта әртүрлі қысым тудырады. Термостатикалық қондырғыда газ салқындатылуы жоғарғы орынды дросселдеу арқылы жүзеге асырылады. Оның қызуы үшін электроқыздырғыштар қолданылады.

Айырғыштарда бөлінетін конденсаттың өткен газ ағынына қатысы ұңғының өнімінің негізгі мінездемесін береді. Мысалы құрамдағы меншікті конденсат мөлшері (газдыконденсат факторы) – (г/м немесе см / м ) әртүрлі мәнді температурада және қысымда. Айырғыштарда және термостатикалық қондырғыда алынатын шикі конденсат – 0,1МПа-да контейнердегі қысымды төмендету жолымен және газсыздандырумен 200С температура кезінде газдың мөлшерін өлшеп дегазациялау.

Шикі конденсатта пентандар және жоғары қызуда қайнайтын көмірсутектер мына теңдеумен анықталады:

мұндағы b – шикі конденсаттағы ауыр құрамды пентанның құрамы,см ; q – айырғыштағы шикі конденсат мөлшері, см /м ; V - шикі конденсат сынамасы бар контейнер көлемі; - пентан және ауыр көмірсутектердің тығыздығы.

Пентан және жоғарғы қызуда қайнайтын көмірсутек К бөлінген газдан былай табады:

К=e

мұндағы е - бөлінген газдағы пентан және одан да ауыр көмірсутектерінің көлемдік мөлшері; М – бөлінген газдағы пентан және одан да ауыр көмірсутектерінің молекулярлық масссасы.

Пентан және одан да ауыр көмірсутектерінің жалпы мөлшері:

П= +

Кеніштегі конденсат қоры:

З=Q П

мұндағы Q - шоғырдағы газ қоры.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]