Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
otvety_GAZ (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
966.14 Кб
Скачать
  1. Абсорбция әдісімен газды қалай кептіреміз?

Газды абсорбциялау қондырғыларында кептіру

Газды кептіру негізінен газ құбырларында ылғалды сұйықтың конденсациясы жүрмейтіндей дәрежеге дейін газдың құрамындағы су буын азайту мақсатында жүргізіледі.

Газды кептіру үшін сұйық сорбенттер-гликолдер қолданылады олар: ылғалды жұтуға (сіңіруге) қабілетті диэтиленгликоль (ДЭГ) және триэтиленгликоль (ТЭГ).

Гликолдар тұтқыр, мөлдір сироп тәріздес сұйықтық түрінде болады, ДЭГ тығыздығы - 1118,4 кг/м3, ал ТЭГ тығыздығы - 1125,4 кг/м3. Гликолдар сумен кез-келген қатынаста араласады және газ ағыстарынан су буларын жұтып алады.

Сұйық сорбенттердің артықшылықтары:

  • суда жақсы ериді;

  • жеңіл регенерацияланады (қалпына келеді);

  • аз, елеусіз шығындар;

  • көмірсутекті конденсатпен көбіктер мен эмульсиялар мүлдем түзілмейді;

  • тығыздықтарының айтарлықтай айырмашылығының нәтижесінде тұндырғыштарда жеңіл бөлінеді;

  • процесстің үздіксіздігі, басқарудың қарапайымдылығы;

  • қондырғыдағы қысым түсуінің, яғни қысым өзгерісінің елеусіздігі.

Сорбенттердің негізгі кемшіліктері олардың салыстырмалы бағасының жоғары болуы болып табылады.

Сурет.22 Табиғи және мұнайгазын сұйық сорбенттермен кептірудің қарапайым сұлбасы

1-айырғыш; 2- абсорбер; 3-жиналған гликолды құю желісі; 4-жалюзді тамшы ұстағыш; 5-деңгей реттегіші; 6-жылуалмастырғыш; 7- желдеткіш; 8-сүзгі; 9-десорбер; 10-сақина; 11- қайнатқыш (буландырғыш); 12, 16-мұздатқыш; 13- жиналған гликолге арналған айырғыш; 14-сорап; 15-эжектор.

I-шикі газ желісі; II-құрғақ газ желісі; III-отындық газ желісі; IV-салқын су желісі; V-түтінді шығару бағыты.

Газды кептірудің қарапайым сұлбасы .Суретте15 келтірілген және келесі түрде жұмыс істейді: кептіруге келіп түсетін газ (I) - бастапқыда айырғыштан-1 өтеді, одан кейін абсорбердің төменгі тарелкасының астына бағытталады.

  1. Газды не үшін жер астында сақтайды?

Қазіргі кездегі алыс газбен қамтамасыз ету жүйесі күрделі және қымбат өндірістік жабдықтар жинағынан тұрады:

1) Газ көздері

2) Газды тазартқыш

Алысқа газбен қамтамасыз ету құрылыстары үлкен бастапқы материалдық шығымдарымен сипатталады.Барлық алысқа газбен қамтамасыз ету жүйелері пайдалану кезінде үзілместей бір бөлік болады.

Жерасты газ қоймасындағы буферлі газ.Жерасты қоймасындағы газдың жалпы мөлшері екіге бөлінеді:

1) Белсенді

2) Буферлі

Белсенді газ жыл сайын жерасты газ қоймасына айдалатын және одан алынатын газ көлемі.

Буферлі газ жерастын газ қоймасын пайдалану кезінде онын ішінде әр уақытта болатын газ көлемі.Буферлі газ қоймадан газды іріктеудің сонында керекті қысымды ұстау үшін қажет.Жерасты қоймасындағы буферлі газдың көлемі ұстағыштың жату тереңдігі, қабаттың физиқалық және химиялық параметрілеріне тәуелді.Егер жерасты қоймасы берік цементтірілген қуатты ққабатта орналасқан ұстағышта болса, онда табан су кезінде газды іріктегенде төменгі қысымда болады.Бұл кезде кен орынның газға қаныққан көлемі өзгереді.Бұл режимде жерасты газ қоймасын пайдалану серпімді су арынды деп аталады. Өнімсіз газ кенорнында жер асты газ қоймасын салуды жобалағанда келесіні анықтаймыз:

  • жоғарға мүмкін болатын қысым

  • белсенді және буферлі газдың көлемі

  • айдаушы және пайдаланушы ұңғылардың саны

  • компрессорлық станция үшін компрессор түрі

  • компрессорлық станцияның қуаты

  • қосымша салымдардың көлемі, газды сақтаудың балансы

Бұдан кейін ұңғыманың технологиялық күйін, сағалық жабдықтарды айырғыштар мен компрессорларды тексеруден өткізеді және жөндеудің түрлерін анықтайды. Жер асты қоймасына айдауға болатын жоғарғы газдың көлемін уақыт бойынша қоймадағы қысымның өзгерісін және газды айдауға қажетті компрессор санын анықтап алады. Газоконденсаттарды өңдеу үшін қажетті қысым тудыратын бірнеше компрессорлар орнатады.

Бу және сұйық фазалардың термодинамикалық тепе-теңдіктің жағдайларында сұйықтардың бір рет немесе бірнеше рет сығудың әр сатысында жүреді. Сұйықтың айыру коэффициенті 0,98-ге тең болады. Фазаларды бөлушінің механикалық әдісі бар айырғыштар қолданатын күштердің сипаты бойынша а) гравитациялық; б)ортадан тепкіш; в) инерциялық. Газ өндіру кәсіпшілігінде кеңінен таралған жұмыс айырғыштары тік көлденең гравитациялық, тік көлденең жатқыш, тік ортадан тепкіш.

Айыру коэффициенті көптеген факторларға тәуелді:

  • кіретін ағыстағы қатты немесе сұйық фазалардың мөлшеріне

  • айырылып жатқан фазалардың физикалық қасиетіне

  • конденсаттың қозғалу жылдамдылығына

  • құрылымның ерекшеліктері мен әрекет ететін аспабына байланысты

Алысқа газбен қамтамасыз ету үлкен бастапқы материалдық шығындармен, күрделі қондырғылармен және материалдармен шығындармен сипатталады. Барлық тасымалданатын газдар пайдалану кезінде үзілместей бір бөлік болады. Жүйенің бір элементін пайдаланудың технологиялық режимін бұзу барлық жүйенің технологиялық режимнің бұзылуына алып келеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]