Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
otvety_GAZ (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
966.14 Кб
Скачать
  1. Газ кен орындарының игеру этаптарын атап шығыңыз?

Мұнай мен газ кен орындарын игеру және оны пайдалану ісі шамамен алғанда бір ғасырға жуық уақыттан бері жүргізіліп келеді. Осы уақыт ішінде бұл байлық көзі туралы жинақталған тәжірибелер де аз емес. Осыған қарамастан мұнай, газ және олар тектес заттардың пайда болуы жайында деректер түбегейлі анықталып біткен жоқ деуге болады.Физикалық шамаларды анықтайтын қысым, температура және тағы басқа факторлардың ықпалымен мұнай және газ бірінші физикалық күйден екіншісіне ауысып отырады. Заттардың бір-біріне түрленуі салдарынан сапа жағынан алғанда бұрын белгілі заттан басқа өзіндік ерекшелігі, қасиеті бар жаңа өнім пайда болады. Сонымен қатар мұнай мен газ өздері түзілген төл жыныстан бөлек басқа жынысқа ауысуға қабілетті. Осының бәрі мұнайдың пайда болуы жөніндегі зерттеуді қиындатады. Табиғи газ құрамына көмірсутекті емес газдар: күкіртті сутек, азот, көмірқышқыл газы, гелий және басқа инертті газдар кіре алады. Сонымен қатар гаж құрамында су булары да кездеседі.

Таза газ кен орындарының газдары, гомологтары қосылған негізінен метанмен (98,8% -ке дейін) және көмірсутекті емес компоненттермен: көмірқышқыл газы, азот, күкіртті сутекпен көрсетілген.Метанның басымдылығы мен оның сұйық гомологтарының аз шамада (0,2 %) болуына байланысты бұл газдарды құрғақ газдарға жатқызады.

Мұнай-газды кен орындардың газдары, мұнайдың серік газдары деп аталады.Мұнайдың серік газдары құрғақ газдардан айырмашылығы, онда этан, пропан, бутан және одан жоғары көмірсутектердің болуымен айырықша. Сондықтан олар майлы газдар деп аталады.

Газоконденсат кен орындарының газдары, онда пентан және одан жоғары көмірсутектердің көп болуымен сипатталады да, атмосфералық жағдайда көмірсутекті конденсатты құрайтын сұйықтық болып табылады.

Сонымен, мұнай газдарында жеңіл немесе ауыр (пропан жене одан жоғары) көмірсутектердің басым мөлшерде болуына байланысты газдар – құрғақ және майлы деп бөлінеді.

  1. Газ ұңғымалары мен мұнай ұңғымаларының арасындағы айырмашылық қандай? Газ және газ конденсатты ұңғымалардың конструкциясы және құрылғысы мұнай ұңғыларына ұқсас, олар фонтанды әдiспен игеріліп пайдаланылады. Екi жағдайда да ұңғымалар құрылғысы сүзілу аймағына дейiн түсiрiлген көтергiш құбырлар колоннасынан және фонтанды арматурадан тұрады. Сонымен қатар газ және мұнайдың қасиеттерiнiң әр түрлi болуына байланысты, олардың ұңғымаларында да айырмашылықтар бар.

  • Газдың тығыздығы және тұтқырлығы мұнаймен салыстырғанда жүз және мың есе төмен

  • Газдың қозғалу жылдамдығы мұнайдікінен 5-25 есе жоғары. Газ ұңғымасындағы түп қысымы сағасындағы қысымға сәйкес жоғары болады

  • Газды өндiру тек фонтаны әдiспен жүзеге асырылады

  • Кейбiр кен орындардың газының құрамында көптеген агрессивтi компонеттер болады (күкiртсутек және көмiрқышқыл газ)

Сондықтан газ ұңғымаларыда олардың құрылғысының герметикалық және коррозиядан сақтау қасиеттерiне сұраныс жоғары болады. Ұңғыманың конструкциясы газдың құрамына, пайдалану жағдайына тәуелдi, сондықтан олар кондуктордан және фонтанды құбырдан тұратын бiр колонналы немесе көп коллоналы, күрделi болып бөлiнедi. Терең орналасқан қабаттарға бұрғыланған ұңғымаларда, олардың жоғары өнiмінде құрамында коррозиялық компоненттер (H2S-күкiртсутек, CO2-көмiрқышқыл газ, меркаптандар) болады. Сонымен қатар бiр ұңғыманы пайдаланып бөлек екi өндiрiстiк объектін игеру үшін және пайдалану колонналарын фонтанды құбырлар колоннасын сақтау үшiн, ұңғыма оқпанының төменгi жағын жабатын немесе екi объект арасын бөлетін мықты орнатылған пакермен жабдықталады. Бос жыныстар түрлерiн ашқанда қолданылатын фильтрлер, құрылғының күрделiлiгiнiң себебiне және сенiмсiз жұмыстарға байланысты сирек қолданылды. Шоғырланған жынстың қабат-коллектордың бұзылуына байланысты қабатқа әсер ететін депрессияны төменгі күйде ұстайды.

  1. Қандай көмірсутектер атмосфералық жағдайда сұйық болып келеді? Қазір осы проблеманы шешу екі бағытта жүргізіліп отыр. Бірі - анорганикалық бағытты ұсынса, екіншілері осы пайдалы қазбалардың органикалық пайда болуын жақтайды. Мұнай және табиғи газдың анорганикалық пайда болуының негізгі қағидаларын 1877 жылы Д.И.Менделеев тұжырымдаған ол жоғары температура мен қысым жағдайында ауыр металдардың карбидтеріне қызған су буы әсер еткенде жер қойнауында көмірсутектері түзілуі мүмкін. Реакция нәтижесінде сұйық түрінде мұнай емес, көмірсутектерінің буы, яғни мұнай мен табиғи газдың құрамдас бөлігі пайда болады деген қағиданы ұсынған. Мұнай мен табиғи газдың органикалық тұрғыда түзілуі жөніндегі болжамның негізін қалаған орыстың ұлы ғалымы М.В.Ломоносов болды. Ол 1759 жылдың өзінде-ақ мынадай тұжырымға келген: жер қойнауында оттегінің жеткіліксіздігінен хайуанаттар мен өсімдіктердің органикалық қалдықтары қысым мен температураның, бактериялардың, катализаторлардың ( сазбалшық және әк) әсерінен шіри бастайды. Басқаша айтқанда, органикалық қалдықтардың ыдырауынан мұнай мен газдың құрамдас бөлігі - көмірсутектері түзіледі. Өте ұп-ұсақ қосылыс түріндегі мұнай тау жынысына жайылып, сіңе бастайды. Уақыт өте келе шөгінді жыныстар біртіндеп қалыңдай түседі. Жинақталған жиынтық шөгінділердің қуаттылығының артатыны соншалық, мұнай үсті-үстіне тау қысымына ұшырайды. Тау қысымының әсерінен мұнай кеніші түзіледі. Ол бара-бара едәуір кеуекті (құм-тасты және әк тасты) жынысқа ауысады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]