Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
otvety_GAZ (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
966.14 Кб
Скачать
  1. Тұрақты конденсат дегеніміз не?

Көмірсутекті конденсаттың қысымын біртіндеп төмендету, бұл тұрақты конденсатты молырақ (яғни максималды деңгейде) алу үшін жүргізіледі. Қысымды бір реттік азайту кезінде конденсаттың шығуы да аз болады, өйткені қысымды тез азайтқан кезде алғашқыда негізінен жеңіл көмірсутектері бөлінеді, олар өздерімен бірге ауыр көмірсутектерінің (С5) үлкен мөлшерін ілестіре жүреді, бұлар атмосфералық жағдайда сұйық түрінде болады. Салқын және кептірілген газ тұрақты қысым кезінде жылуалмастырғыштан-3 өтеді, мұнда ол өзінің жылуының бір бөлігін өңдеуге түскен газға береді, одан соң шығын өлшегіш арқылы - құрғақ газды жинау коллекторына келіп түседі. ДЭГ конденсацияланған сұйықтан бөлінеді және регенерациядан соң қайтадан қолданылады. Төменгі температуралық айыру кезінде ылғалдың және ауыр көмірсутектерінің бөлінуі бір мезгілде жүреді. Төменгі температуралық айыру қондырғыларының (ТТАҚ) көптеген түрлері бар. Соның ішінде, егер табиғи газдың ТТАҚ-на кірер басындағы қысымы 9МПа аз болса, онда дроссель-эффектсі есебінен температура айтарлықтай төмендетілмейді. Бұл жағдайда температураны төмендету жылуалмастырғыштан кейін салқындату машиналарын орнату арқылы жүзеге асады. Мұздатқыш (хладагенттер) ретінде сұйытылған аммиак және фреондарды қолданады, олар кері температуралар кезінде буланып қайнайды. Аммиактың және басқа да мұздатқыштардың булануын қолдана отырып жасанды түрде газды салқындатуды әдетте газ өңдеу зауыттарында қолданады. Газды турбодетандерлердің көмегімен салқындату кезінде салқындатудан басқа газ желісіндегі қысымды қалпына келтіру үшін механикалық және электрлік энергияны алуға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда штуцерлерді қолдануға қарағанда температураны едәуір төмендетуге болады. Дросселдегі температураның төмендеуі газдың жұмыс жасамай-ақ адиабаттық ұлғаюы есебінен жүреді, яғни турбодетандердегі температураның төмендеуі турбинаның немесе винттің айналуы бойынша пайдалы жұмыс жасауына байланысты.

  1. Табиғи газдың құрамы және топталуы дегеніміз не?

Мұнай,газ және газоконденсатты кен орындарының жанар газдары химиялық табиғаты мұнайдікіне ұқсас. Мұнай секілді олар, метандық қатардың жалпы формуласы болатын түрлі көмірсутектердің: метан, этан, пропан, бутан, пентан және одан жағарылардың қоспасы болып табылады.Табиғи газ құрамына көмірсутекті емес газдар: күкіртті сутек, азот, көмірқышқыл газы, гелий және басқа инертті газдар кіре алады. Сонымен қатар гаж құрамында су булары да кездеседі.

Таза газ кен орындарының газдары, гомологтары қосылған негізінен метанмен (98,8% -ке дейін) және көмірсутекті емес компоненттермен: көмірқышқыл газы, азот, күкіртті сутекпен көрсетілген.Метанның басымдылығы мен оның сұйық гомологтарының аз шамада (0,2 %) болуына байланысты бұл газдарды құрғақ газдарға жатқызады.

Мұнай-газды кен орындардың газдары, мұнайдың серік газдары деп аталады.Мұнайдың серік газдары құрғақ газдардан айырмашылығы, онда этан, пропан, бутан және одан жоғары көмірсутектердің болуымен айырықша. Сондықтан олар майлы газдар деп аталады.

Газоконденсат кен орындарының газдары, онда пентан және одан жоғары көмірсутектердің көп болуымен сипатталады да, атмосфералық жағдайда көмірсутекті конденсатты құрайтын сұйықтық болып табылады.

Сонымен, мұнай газдарында жеңіл немесе ауыр (пропан жене одан жоғары) көмірсутектердің басым мөлшерде болуына байланысты газдар – құрғақ және майлы деп бөлінеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]