
- •Газды жер астында сақтаудағы негізгі мақсат неде?
- •Активті және буферлі газ дегеніміз не?
- •1) Белсенді
- •Мұнай сепараторының газ сепораторлардың ерекшелігі қандай?
- •Газды кептіру үшін ең көп қолданатын абсорбентті атаңыз?
- •Газды кептірудің неше әдісі бар?
- •Газды қалай тасымалдаймыз?
- •Қазақстан республикасында неше жерде газ сақтау қоймасы бар?
- •Қабатта құрғақ газды айдау үшін ұңғымаларды қалай орналастыру керек?
- •«Газды және газконденсатты кен орнын игеру» деп нені түсінесіз?
- •Абсорбция әдісімен газды қалай кептіреміз?
- •Газды не үшін жер астында сақтайды?
- •Газконденсатты зерттеулер кезінде қандай параметрлерді анықтайды?
- •Газды ұңғыманың «еркін шығыны» деп нені түсінесіз?
- •Жер асты жөндеу жұмыстарына қандай жұмыстар жатады
- •Газ ұңғыларын игерудің технологиялық режимін атаңыз.
- •Газды ұңғымада сұйықтың жиналуын болдырмайтын әдістер қандай?
- •Газ және газконденсатты игеру қандай тәсілмен жүзеге асады?
- •Газ ұңғымасындағы фонтандық құбырлардың диаметірін таңдап алуға қандай жағдайлар әсер етеді?
- •Газ ұңғысының түп және қабат қысымы қалай анықталады?
- •Газ ұңғымасында үш жақты фонтанды арматураны қай кезде қолдану керек?
- •Тоқтатылған және жұмыс істеп тұрған газ ұңғысының температурасын анықтау
- •Газ ұңғымаларында парафин жиналу мен тұз жиналуынан, коррозиядан қорғану үшін қандай жабдық қызмет етеді?
- •Мұнайдікіне қарағанда газды ұңғымасының конструкциясына қандай талаптар қойылады?
- •Газ ұңғымасын меңгеру кезінде қандай әдісті қабылдауға болмайды?
- •Қандай жағдайларда гидрат түзіледі?
- •Табиғи газдың гидраты дегеніміз не?
- •Газдардың химиялық құрамы мен классификациясы
- •Газ ұңғымаларының жабдықтарына нелер жатады?
- •Газ ұңғымалары мен мұнай ұңғымаларының арасындағы айырмашылық қандай?
- •Газ кенорындарында құм тығынымен күресу.
- •Джоул Томпсон коэффиценті нені анықтайды?
- •Дроссоль арқылы өткен кезде газдың параметірлері қалай өзгереді?
- •Газ және газоконденсатты кен орындардың игеру жобалау негіздері қандай:
- •Газ кен орындарының компрессорлы және компрессорсыз игеру қалай жүзеге асады?
- •Газ кен орындарының игеру этаптарын атап шығыңыз?
- •Сыйымдылық z коэффиценті нені сипаттайды?
- •Газдық қабаттың игеру режимі.
- •Берілген қысым мен температурадағы табиғи газдың тығыздығын қай формуламен табамыз.
- •Табиғи газдардың салыстырмалы тығыздығы дегеніміз не?
- •Жасанды газ деп қайсысын атаймыз?
- •ҚРдағы газ және газоконденсатты кен орындары.
- •Қандай көмірсутектер атмосфералық жағдайда сұйық болып келеді?
- •Құрғақ газ деп нені айтамыз?
- •Табиғи газ кен орынның классификациясы.
- •Тұрақты конденсат дегеніміз не?
- •Табиғи газдың құрамы және топталуы дегеніміз не?
- •Газ кен орындарының игеру этаптарын атап шығыңыз?
Қандай көмірсутектер атмосфералық жағдайда сұйық болып келеді?
Қазір осы проблеманы шешу екі бағытта жүргізіліп отыр. Бірі - анорганикалық бағытты ұсынса, екіншілері осы пайдалы қазбалардың органикалық пайда болуын жақтайды. Мұнай және табиғи газдың анорганикалық пайда болуының негізгі қағидаларын 1877 жылы Д.И.Менделеев тұжырымдаған ол жоғары температура мен қысым жағдайында ауыр металдардың карбидтеріне қызған су буы әсер еткенде жер қойнауында көмірсутектері түзілуі мүмкін. Реакция нәтижесінде сұйық түрінде мұнай емес, көмірсутектерінің буы, яғни мұнай мен табиғи газдың құрамдас бөлігі пайда болады деген қағиданы ұсынған.
Мұнай мен табиғи газдың органикалық тұрғыда түзілуі жөніндегі болжамның негізін қалаған орыстың ұлы ғалымы М.В.Ломоносов болды. Ол 1759 жылдың өзінде-ақ мынадай тұжырымға келген: жер қойнауында оттегінің жеткіліксіздігінен хайуанаттар мен өсімдіктердің органикалық қалдықтары қысым мен температураның, бактериялардың, катализаторлардың ( сазбалшық және әк) әсерінен шіри бастайды. Басқаша айтқанда, органикалық қалдықтардың ыдырауынан мұнай мен газдың құрамдас бөлігі - көмірсутектері түзіледі. Өте ұп-ұсақ қосылыс түріндегі мұнай тау жынысына жайылып, сіңе бастайды. Уақыт өте келе шөгінді жыныстар біртіндеп қалыңдай түседі. Жинақталған жиынтық шөгінділердің қуаттылығының артатыны соншалық, мұнай үсті-үстіне тау қысымына ұшырайды. Тау қысымының әсерінен мұнай кеніші түзіледі. Ол бара-бара едәуір кеуекті (құм-тасты және әк тасты) жынысқа ауысады.
Құрғақ газ деп нені айтамыз?
Таза газ кен орындарының газдары, гомологтары қосылған негізінен метанмен (98,8% -ке дейін) және көмірсутекті емес компоненттермен: көмірқышқыл газы, азот, күкіртті сутекпен көрсетілген.Метанның басымдылығы мен оның сұйық гомологтарының аз шамада (0,2 %) болуына байланысты бұл газдарды құрғақ газдарға жатқызады.
Мұнай-газды кен орындардың газдары, мұнайдың серік газдары деп аталады.Мұнайдың серік газдары құрғақ газдардан айырмашылығы, онда этан, пропан, бутан және одан жоғары көмірсутектердің болуымен айырықша. Сондықтан олар майлы газдар деп аталады.
Газоконденсат кен орындарының газдары, онда пентан және одан жоғары көмірсутектердің көп болуымен сипатталады да, атмосфералық жағдайда көмірсутекті конденсатты құрайтын сұйықтық болып табылады.
Сонымен, мұнай газдарында жеңіл немесе ауыр (пропан жене одан жоғары) көмірсутектердің басым мөлшерде болуына байланысты газдар – құрғақ және майлы деп бөлінеді.
Құрғақ газ- онда ауыр көмірсутектер кездеспейтін немесе аз мөлшерде болатын, табиғи газ болып табылады. Майлы газ – ауыр көмірсутектер, олардан сұйытылған газды немесе бензинді алуға мүмкіндік беретіндей мөлшерде болатын газды айтады.
Табиғи газ кен орынның классификациясы.
Мұнай,газ және газоконденсатты кен орындарының жанар газдары химиялық табиғаты мұнайдікіне ұқсас. Мұнай секілді олар, метандық қатардың жалпы формуласы болатын түрлі көмірсутектердің: метан, этан, пропан, бутан, пентан және одан жағарылардың қоспасы болып табылады.Табиғи газ құрамына көмірсутекті емес газдар: күкіртті сутек, азот, көмірқышқыл газы, гелий және басқа инертті газдар кіре алады. Сонымен қатар гаж құрамында су булары да кездеседі.
Таза газ кен орындарының газдары, гомологтары қосылған негізінен метанмен (98,8% -ке дейін) және көмірсутекті емес компоненттермен: көмірқышқыл газы, азот, күкіртті сутекпен көрсетілген.Метанның басымдылығы мен оның сұйық гомологтарының аз шамада (0,2 %) болуына байланысты бұл газдарды құрғақ газдарға жатқызады.
Мұнай-газды кен орындардың газдары, мұнайдың серік газдары деп аталады.Мұнайдың серік газдары құрғақ газдардан айырмашылығы, онда этан, пропан, бутан және одан жоғары көмірсутектердің болуымен айырықша. Сондықтан олар майлы газдар деп аталады.
Газоконденсат кен орындарының газдары, онда пентан және одан жоғары көмірсутектердің көп болуымен сипатталады да, атмосфералық жағдайда көмірсутекті конденсатты құрайтын сұйықтық болып табылады.
Сонымен, мұнай газдарында жеңіл немесе ауыр (пропан жене одан жоғары) көмірсутектердің басым мөлшерде болуына байланысты газдар – құрғақ және майлы деп бөлінеді.
“Қарашығанақ” кен орны қашан ашылды?
1975 жылы республикадағы мұнай өндіру 23,9 млн тоннаға жетті және 1970 жылымен салыстырғанда 1,8 есеге өсті. 1976 жылы Теңіз құрлымындағы тұзасты шөгінділерінің өнеркәсіптік мұнайлылығы анықталды және 1979 жылы осы кен орны игеруге енгізілді, бұл кен орны мұнай қоры жағынан дүние жүзіндегі ең ірілерінің бірі.
Келесі жылдар ішінде Каспий маңы ойпатындағыЖаңажол, Қарашығынақ аймақтарынан тұзасты шөгінділердегі мұнайгазды кен орындар ашылды. 1981 – 1992 аралығында республикадағы мұнай өндіру жоғары қарқынмен дамыды. 1981 дылғы мұнай өндіру 19,1 млн тоннадан 1992 жылы 25,8 млн тоннаға жетті.Маызды оқиғалардың бірі Арысқұм майысуындағы Құмкөл ірі мұнайгаз кен орнының ашылуы және Каспий маңы ойпатындағы ірі мұнайгазоконденсатты Жаңажол, Қарашығанақ кен орындарының ашылуы болды. Осы кен орындарының ашылуы Қазақстанның мұнайгаз саласындағы шикізат базасын ұлғайтып, оны ірі өнеркәсіптік орталықтар қатарынан ерекшелердің қатарына ығыстырды. 1993 жылдағы түсуден кейін өндіріс бірқалыпты көтеріліп келеді. 2005 жылы респуплика бойынша мұнай өндіру көлемі 61 млн тоннадан аса құрады. Бұл нәтижелерге қазіргі кездегі мұнай кәсіпшілігіндегі еңбек өнімділігін жоғарлатужәне Манғышлақ, Бозащы түбектеріндегі, Каспий маңы, Оңтүстік – Торғай ойпаңдарындағы жаңа кен орындарын қарқынды игеру арқылы қол жеткізілген.
Қазіргі кезде мұнай мен газды өндірумен, тасымалдаумен, өткізумен бірнеше ірі акционерлік компаниялар айналсады. Олар : МК “Қазмұнайгаз”, “Ақтөбемұнайгаз”, “Манғыстаумұнайгаз”, “Петро Қазақстан”, тағы сол сияқты 30 шақты мекемелер айналсады.Шет елдік фирмалар арасында бірлестіктерге кіретін америка, неміс, жапон, кипр, аталия, ағылшын, канада компаниялары бар, және де Сауд Аравия, Индонезия, Франция, Оман, Чехия, Венгрия, Ресей фирмалары қатысады. Компаниялардың іскерлік қатысуын диаграммадан көруге болады.
Қазақстан барланған мұнай қоры жағынан 13 – ші орында тұр. Қазақстан терреториясында анықталып және есепке алынған 214 мұнай кен орны бар (81 игерілуде), соның екеуі бастапқы алынган мұнай қоры жағынан гигант болып келеді, 4 – ірі және 9 – үлкен. Ірі кен орындар : Тенгиз, Қашаған, Қарашығанақ , Өзен, Жетіюай, Жаңажол, Қаламқас, Кеңкияқ , Қаражанбас, Құмкөл, Солтүстік Бозащы, Әлібекмола, Прорва, Кенбай, Коралев (Қашаған – 1,7 млрд. тонна, Өзен – 1 млрд.тоннадан астам, Тенгиз – 1,3 млрд.тонна).
Кен орындардың көбісі және мұнай, газ, конденсаттың негізгі қорлары Батыс Қазақстанның Каспий маңы ойпатының борт бөлігінде, Солтүстік – Бозащы көтерілімінде, Манғышлақ - Өстүрт майысуында шоғырлнған. Қазақстанның оңтүстік – шығысда Оңтүстік – Торғай ойпаңы мен Шу – Сарысу ойпаңы бөлігінде бірнеше мұнайгаз кен орындары анықталған.
Қазақстанның континентальді терреториясындағы шығарылып жатқан мұнай қоры 3 млрд.тонна, ал конденсат 0,3 млрд.тонна.
Елдегі бүткіл мұнай мен газ ресурстарының 2/3 – сі Каспий теңізінің қазақстан секторының (КТҚС) үлесінде. КТҚС – дағы көмірсутектердің қоры шамамен 12 – 17 млрд.тоннаға бағаланады.
Дүние жүзілік деңгейдегі үлкен жаңалық болған Қашаған кен орнының ашылуы болды. Қашаған кен орнының бастанқы алынатын мұнай қоры 1,7 млрд.тоннаны құрайды. Қазақстанға жататын Құрманғазы құрлымын барлау, мұнай қорының едәуір өсуін қамтамасыз етуі мүмкін. Қазақстандағы мұнай өндіру болжам бойынша 2010 жылы 90 млн.тонна, ал 2015 жылы 150 млн.тоннаны құрайды. Өндірудің едәуір бөлігі КТҚС үлесіне келеді.
Анықталған болжамдар КТҚС кен орындарындағы болашақтағы мұнай өндіру көлемін жылына 100 млн.тоннаға жеткізіп және оны осы деңгейде 25 -30 жыл ұстап тұруға мүмкіндік береді.
Қазақстан көмірсутек шикізаттарының қоры бойынша алдағы ондық мемлекеттер қатарына кіреді және мамандардың болжамымен ХХI ғасырда ірі мұнай мен газ жеткізушулерінің бірі бола алады.