Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
otvety_GAZ (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
966.14 Кб
Скачать
  1. ҚРдағы газ және газоконденсатты кен орындары.

Маызды оқиғалардың бірі Арысқұм майысуындағы Құмкөл ірі мұнайгаз кен орнының ашылуы және Каспий маңы ойпатындағы ірі мұнайгазоконденсатты Жаңажол, Қарашығанақ кен орындарының ашылуы болды.

Осы кен орындарының ашылуы Қазақстанның мұнайгаз саласындағы шикізат базасын ұлғайтып, оны ірі өнеркәсіптік орталықтар қатарынан ерекшелердің қатарына ығыстырды.

1993 жылдағы түсуден кейін өндіріс бірқалыпты көтеріліп келеді.

2005 жылы респуплика бойынша мұнай өндіру көлемі 61 млн тоннадан аса құрады.

Бұл нәтижелерге қазіргі кездегі мұнай кәсіпшілігіндегі еңбек өнімділігін жоғарлатужәне Манғышлақ, Бозащы түбектеріндегі, Каспий маңы, Оңтүстік – Торғай ойпаңдарындағы жаңа кен орындарын қарқынды игеру арқылы қол жеткізілген.

Қазіргі кезде мұнай мен газды өндірумен, тасымалдаумен, өткізумен бірнеше ірі акционерлік компаниялар айналсады. Олар : МК “Қазмұнайгаз”, “Ақтөбемұнайгаз”, “Манғыстаумұнайгаз”, “Петро Қазақстан”, тағы сол сияқты 30 шақты мекемелер айналсады.Шет елдік фирмалар арасында бірлестіктерге кіретін америка, неміс, жапон, кипр, аталия, ағылшын, канада компаниялары бар, және де Сауд Аравия, Индонезия, Франция, Оман, Чехия, Венгрия, Ресей фирмалары қатысады. Компаниялардың іскерлік қатысуын диаграммадан көруге болады.

Қазақстан барланған мұнай қоры жағынан 13 – ші орында тұр. Қазақстан терреториясында анықталып және есепке алынған 214 мұнай кен орны бар (81 игерілуде), соның екеуі бастапқы алынган мұнай қоры жағынан гигант болып келеді, 4 – ірі және 9 – үлкен. Ірі кен орындар : Тенгиз, Қашаған, Қарашығанақ , Өзен, Жетіюай, Жаңажол, Қаламқас, Кеңкияқ , Қаражанбас, Құмкөл, Солтүстік Бозащы, Әлібекмола, Прорва, Кенбай, Коралев (Қашаған – 1,7 млрд. тонна, Өзен – 1 млрд.тоннадан астам, Тенгиз – 1,3 млрд.тонна).

Кен орындардың көбісі және мұнай, газ, конденсаттың негізгі қорлары Батыс Қазақстанның Каспий маңы ойпатының борт бөлігінде, Солтүстік – Бозащы көтерілімінде, Манғышлақ - Өстүрт майысуында шоғырлнған. Қазақстанның оңтүстік – шығысда Оңтүстік – Торғай ойпаңы мен Шу – Сарысу ойпаңы бөлігінде бірнеше мұнайгаз кен орындары анықталған.

Қазақстанның континентальді терреториясындағы шығарылып жатқан мұнай қоры 3 млрд.тонна, ал конденсат 0,3 млрд.тонна.

Елдегі бүткіл мұнай мен газ ресурстарының 2/3 – сі Каспий теңізінің қазақстан секторының (КТҚС) үлесінде. КТҚС – дағы көмірсутектердің қоры шамамен 12 – 17 млрд.тоннаға бағаланады.

Дүние жүзілік деңгейдегі үлкен жаңалық болған Қашаған кен орнының ашылуы болды. Қашаған кен орнының бастанқы алынатын мұнай қоры 1,7 млрд.тоннаны құрайды. Қазақстанға жататын Құрманғазы құрлымын барлау, мұнай қорының едәуір өсуін қамтамасыз етуі мүмкін. Қазақстандағы мұнай өндіру болжам бойынша 2010 жылы 90 млн.тонна, ал 2015 жылы 150 млн.тоннаны құрайды. Өндірудің едәуір бөлігі КТҚС үлесіне келеді.

Анықталған болжамдар КТҚС кен орындарындағы болашақтағы мұнай өндіру көлемін жылына 100 млн.тоннаға жеткізіп және оны осы деңгейде 25 -30 жыл ұстап тұруға мүмкіндік береді.

Қазақстан көмірсутек шикізаттарының қоры бойынша алдағы ондық мемлекеттер қатарына кіреді және мамандардың болжамымен ХХI ғасырда ірі мұнай мен газ жеткізушулерінің бірі бола алады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]