- •Газды жер астында сақтаудағы негізгі мақсат неде?
- •Активті және буферлі газ дегеніміз не?
- •1) Белсенді
- •Мұнай сепараторының газ сепораторлардың ерекшелігі қандай?
- •Газды кептіру үшін ең көп қолданатын абсорбентті атаңыз?
- •Газды кептірудің неше әдісі бар?
- •Газды қалай тасымалдаймыз?
- •Қазақстан республикасында неше жерде газ сақтау қоймасы бар?
- •Қабатта құрғақ газды айдау үшін ұңғымаларды қалай орналастыру керек?
- •«Газды және газконденсатты кен орнын игеру» деп нені түсінесіз?
- •Абсорбция әдісімен газды қалай кептіреміз?
- •Газды не үшін жер астында сақтайды?
- •Газконденсатты зерттеулер кезінде қандай параметрлерді анықтайды?
- •Газды ұңғыманың «еркін шығыны» деп нені түсінесіз?
- •Жер асты жөндеу жұмыстарына қандай жұмыстар жатады
- •Газ ұңғыларын игерудің технологиялық режимін атаңыз.
- •Газды ұңғымада сұйықтың жиналуын болдырмайтын әдістер қандай?
- •Газ және газконденсатты игеру қандай тәсілмен жүзеге асады?
- •Газ ұңғымасындағы фонтандық құбырлардың диаметірін таңдап алуға қандай жағдайлар әсер етеді?
- •Газ ұңғысының түп және қабат қысымы қалай анықталады?
- •Газ ұңғымасында үш жақты фонтанды арматураны қай кезде қолдану керек?
- •Тоқтатылған және жұмыс істеп тұрған газ ұңғысының температурасын анықтау
- •Газ ұңғымаларында парафин жиналу мен тұз жиналуынан, коррозиядан қорғану үшін қандай жабдық қызмет етеді?
- •Мұнайдікіне қарағанда газды ұңғымасының конструкциясына қандай талаптар қойылады?
- •Газ ұңғымасын меңгеру кезінде қандай әдісті қабылдауға болмайды?
- •Қандай жағдайларда гидрат түзіледі?
- •Табиғи газдың гидраты дегеніміз не?
- •Газдардың химиялық құрамы мен классификациясы
- •Газ ұңғымаларының жабдықтарына нелер жатады?
- •Газ ұңғымалары мен мұнай ұңғымаларының арасындағы айырмашылық қандай?
- •Газ кенорындарында құм тығынымен күресу.
- •Джоул Томпсон коэффиценті нені анықтайды?
- •Дроссоль арқылы өткен кезде газдың параметірлері қалай өзгереді?
- •Газ және газоконденсатты кен орындардың игеру жобалау негіздері қандай:
- •Газ кен орындарының компрессорлы және компрессорсыз игеру қалай жүзеге асады?
- •Газ кен орындарының игеру этаптарын атап шығыңыз?
- •Сыйымдылық z коэффиценті нені сипаттайды?
- •Газдық қабаттың игеру режимі.
- •Берілген қысым мен температурадағы табиғи газдың тығыздығын қай формуламен табамыз.
- •Табиғи газдардың салыстырмалы тығыздығы дегеніміз не?
- •Жасанды газ деп қайсысын атаймыз?
- •ҚРдағы газ және газоконденсатты кен орындары.
- •Қандай көмірсутектер атмосфералық жағдайда сұйық болып келеді?
- •Құрғақ газ деп нені айтамыз?
- •Табиғи газ кен орынның классификациясы.
- •Тұрақты конденсат дегеніміз не?
- •Табиғи газдың құрамы және топталуы дегеніміз не?
- •Газ кен орындарының игеру этаптарын атап шығыңыз?
Мұнай сепараторының газ сепораторлардың ерекшелігі қандай?
Газды кептіру негізінен газ құбырларында ылғалды сұйықтың конденсациясы жүрмейтіндей дәрежеге дейін газдың құрамындағы су буын азайту мақсатында жүргізіледі.
Газды кептіру үшін сұйық сорбенттер-гликолдер қолданылады олар: ылғалды жұтуға (сіңіруге) қабілетті диэтиленгликоль (ДЭГ) және триэтиленгликоль (ТЭГ).
Гликолдар тұтқыр, мөлдір сироп тәріздес сұйықтық түрінде болады, ДЭГ тығыздығы - 1118,4 кг/м3, ал ТЭГ тығыздығы - 1125,4 кг/м3. Гликолдар сумен кез-келген қатынаста араласады және газ ағыстарынан су буларын жұтып алады.
Сұйық сорбенттердің артықшылықтары:
суда жақсы ериді;
жеңіл регенерацияланады (қалпына келеді);
аз, елеусіз шығындар;
көмірсутекті конденсатпен көбіктер мен эмульсиялар мүлдем түзілмейді;
тығыздықтарының айтарлықтай айырмашылығының нәтижесінде тұндырғыштарда жеңіл бөлінеді;
процесстің үздіксіздігі, басқарудың қарапайымдылығы;
қондырғыдағы қысым түсуінің, яғни қысым өзгерісінің елеусіздігі.
Сорбенттердің негізгі кемшіліктері олардың салыстырмалы бағасының жоғары болуы болып табылады.
|
Сурет.22 Табиғи және мұнайгазын сұйық сорбенттермен кептірудің қарапайым сұлбасы 1-айырғыш; 2- абсорбер; 3-жиналған гликолды құю желісі; 4-жалюзді тамшы ұстағыш; 5-деңгей реттегіші; 6-жылуалмастырғыш; 7- желдеткіш; 8-сүзгі; 9-десорбер; 10-сақина; 11- қайнатқыш (буландырғыш); 12, 16-мұздатқыш; 13- жиналған гликолге арналған айырғыш; 14-сорап; 15-эжектор. I-шикі газ желісі; II-құрғақ газ желісі; III-отындық газ желісі; IV-салқын су желісі; V-түтінді шығару бағыты. |
Газды кептірудің қарапайым сұлбасы .Суретте15 келтірілген және келесі түрде жұмыс істейді: кептіруге келіп түсетін газ (I) - бастапқыда айырғыштан-1 өтеді, одан кейін абсорбердің төменгі тарелкасының астына бағытталады.
Газды кептіру үшін ең көп қолданатын абсорбентті атаңыз?
Газды күкіртсутектен және көмірқышқыл газынан сорбциялық әдістердің көмегімен тазалайды, олардың айрықша ерекшелігі абсорбердегі қысымның жоғары болуында (6 МПа дейін) және газда оттегінің болмауында. Абсорбенттер ретінде этаноламиннің судағы ерітіндісін қолданады, олар: моноэтаноламин (МЭА), диэтаноламин (ДЭА) және триэтаноламин (ТЭА). Жоғары жұту қабілетіне ие және салыстырмалы бағасының үлкен еместігіне байланысты МЭА едәуір кең ауқымда қолданылады. Бірақ-та оның регенерациясы кезінде реагенттің шығыны болады. Күкіртсутек пен көмірқышқыл газы әдетте 20-400С температура кезінде жұтылады да, ал 105-1300С кезінде қаныққан ерітіндіден регенерацияланады.
МЭА ерітіндісі көмірсутек конденсатымен байланысқа түскен кезде көбіктенуге ұшырайды, сондықтан газды абсорберге берер алдында көмірсутек тамшысынан мұқият тазалау қажет. Газды тазалаудың қарапайым технологиялық сұлбасы суретте19 келтірілген.
Тазалауға келіп түсетін газ шикізаты айырғыш-1 арқылы өтіп, абсорбердің-2 төменгі жақ бөлігіне бағытталады. Абсорбердің жоғарғы бөлігіндегі тарелкаларға-3 сорап-13 арқылы жылуалмастырғышта-6 және мұздатқышта-5 салқындатылған регенерацияланған МЭА-нің ерітіндісі беріледі. Н2S пен СО2-дан тазартылған газ тамшы ұстауға арналған жалюзді сұғындырмалардан-4 өтіп, магистралдық газқұбырына беру үшін компрессорлық станцияға бағытталады. Қышқыл газдармен қанықтырылған МЭА-нің ерітіндісі адсорбердің төменгі жағынан сораппен-15 алынады да жылуалмастырғыш-6 арқылы өтеді, десорберден-8 сораппен-14 берілетін ыстық регенерацияланған МЭА ерітіндісінің қарсы ағысымен алдынала қыздырылады. Жылуалмастырғыштан кейін МЭА ерітіндісі буқыздырғышқа (рибойлерге)-7 келіп түседі, одан шамамен 1250С температурамен атмосфералық қысым кезінде жұмыс істейтін десорбер тарелкасына барып түседі.
|
Сурет24. Газды күкіртсутектен және көмірқышқыл газынан тазалаудың қарапайым технологиялық сұлбасы. 1-айырғыш; 2-абсорбер; 3-тарелкалар; 4-тамшыны ұстауға арналған жалюздер; 5, 9- мұздатқыштар; 6-жылуалмастырғыш; 7-рибойлер; 8-десорбер; 10-салқын судың берілуі; 11-қышқыл газдарға арналған айырғыштар; 12-қазандық; 13, 14-МЭА-ді беруге арналған сораптар; 15- МЭА қанықан ерітіндісіне арналған сорап. |
Артық су және МЭА-де еріген күкіртсутек пен көмірқышқыл газы десорбер тарелкасында буланады және аппараттың үстіңгі жағы арқылы мұздатқышқа-9 келіп түседі, онда МЭА булары конденсацияланады да айырғышқа-11 барып түседі, ал айырылған Н2S және СО2 газдары Н2S-тен қарапайым күкіртті алу үшін арнайы қондырғыларға барып түседі. Конденсацияланған моноэтаноламин айырғыштан-11 сораппен-13 алынады да десорбердің жоғарғы бөлігіне қайтарылады, бұл оның шығынын болдырмайды. Регенерацияланған МЭА ерітіндісі десорбердің төменгі жағынан сораппен-14 алынады да жылуалмастырғыш-6 және мұздатқыш-5 арқылы абсорбер тарелкасына қайтадан беріледі.
