Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
otvety_GAZ (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
966.14 Кб
Скачать
  1. Газ кен орындарының компрессорлы және компрессорсыз игеру қалай жүзеге асады?

Газлифт ұңғымаларының жұмысы үшін 4-10 МПа қысымға дейін сығылған көміртегі газы қолданылады. Сығылған газ көзі болып, әдетте арнайы компрессорлы станциялар немесе компрессорлы газөңдеу зауттары болады, олар қажетті қысымды жетілдіріп және қажетті берілісті қамтамасыз етеді.

Осында газлифтті пайдалану жүйесі-компессорлы газлифт деп атайды. Егер газлифт үшін қолданылатын табиғи газ таза газды немесе газдеконденсат кен орындарынан болса, мұндай жүйе-компессорсыз газлифт деп аталады.

Компрессорсыз газлифт кезінде, табиғи газ газлифт ұңғымалаарының жеріне дейін тасымалданып, әдетте арнайы қондырғыларда алдын-ала дайындаудан өтеді, мұнда конденсат және ылғал айрылады, ал кейде осы газ ұңғымалар бойынша таратудың алдында жылытылады. Артық қысым әдетте, бір немесе бірнеше саты штутцерлер арқылы газды дросселдеу арқылы төмендетеді. Ұңғыма ішкі газлифт деп аталатын газлифт пайдалану жүйесі бар. Бұл жүйеде сығылу газының көзі болып мұнай қаныққан қабаттан жоғары немесе төмен жатқан, газды қабаттардағы газ қызмет істейді. Екі қабат жалпы фильтрация арқылы ашылады.

Мұндай жағдайларды, газ гаризонтымұнай қабатынан бір немесе екі пакермен (жоғары және төменнен) бөлектенеді, және газ құбырға СКҚ келетін газ мөлшерін мөлшерлейтін, штутцерлі құрылғы арқылы енеді.

Ұңғыма ішкі газлифт газды алдынала дайындаудың қажеттігін алып тастайды, бірақ газлифт жұмысын реттеуде қиындықтар туғызады. Бұл әдіс Тюмень облысындағы мұнай кен орындарында игеру ұңғымаларын тиімді пайдалану әдісі болады. Мұнда мұнай горизонтының үстінде газ қоры жеткілікті газқаныққан қабаттар жатыр және оның қысымы газлифттің қалыпты және ұзақ уақыт жұмысын қамтамасыз етеді.

  1. Газ кен орындарының игеру этаптарын атап шығыңыз?

Мұнай мен газ кен орындарын игеру және оны пайдалану ісі шамамен алғанда бір ғасырға жуық уақыттан бері жүргізіліп келеді. Осы уақыт ішінде бұл байлық көзі туралы жинақталған тәжірибелер де аз емес. Осыған қарамастан мұнай, газ және олар тектес заттардың пайда болуы жайында деректер түбегейлі анықталып біткен жоқ деуге болады.

Физикалық шамаларды анықтайтын қысым, температура және тағы басқа факторлардың ықпалымен мұнай және газ бірінші физикалық күйден екіншісіне ауысып отырады. Заттардың бір-біріне түрленуі салдарынан сапа жағынан алғанда бұрын белгілі заттан басқа өзіндік ерекшелігі, қасиеті бар жаңа өнім пайда болады. Сонымен қатар мұнай мен газ өздері түзілген төл жыныстан бөлек басқа жынысқа ауысуға қабілетті. Осының бәрі мұнайдың пайда болуы жөніндегі зерттеуді қиындатады.

Табиғи газ құрамына көмірсутекті емес газдар: күкіртті сутек, азот, көмірқышқыл газы, гелий және басқа инертті газдар кіре алады. Сонымен қатар гаж құрамында су булары да кездеседі.

Таза газ кен орындарының газдары, гомологтары қосылған негізінен метанмен (98,8% -ке дейін) және көмірсутекті емес компоненттермен: көмірқышқыл газы, азот, күкіртті сутекпен көрсетілген.Метанның басымдылығы мен оның сұйық гомологтарының аз шамада (0,2 %) болуына байланысты бұл газдарды құрғақ газдарға жатқызады.

Мұнай-газды кен орындардың газдары, мұнайдың серік газдары деп аталады.Мұнайдың серік газдары құрғақ газдардан айырмашылығы, онда этан, пропан, бутан және одан жоғары көмірсутектердің болуымен айырықша. Сондықтан олар майлы газдар деп аталады.

Газоконденсат кен орындарының газдары, онда пентан және одан жоғары көмірсутектердің көп болуымен сипатталады да, атмосфералық жағдайда көмірсутекті конденсатты құрайтын сұйықтық болып табылады.

Сонымен, мұнай газдарында жеңіл немесе ауыр (пропан жене одан жоғары) көмірсутектердің басым мөлшерде болуына байланысты газдар – құрғақ және майлы деп бөлінеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]