
- •Газды жер астында сақтаудағы негізгі мақсат неде?
- •Активті және буферлі газ дегеніміз не?
- •1) Белсенді
- •Мұнай сепараторының газ сепораторлардың ерекшелігі қандай?
- •Газды кептіру үшін ең көп қолданатын абсорбентті атаңыз?
- •Газды кептірудің неше әдісі бар?
- •Газды қалай тасымалдаймыз?
- •Қазақстан республикасында неше жерде газ сақтау қоймасы бар?
- •Қабатта құрғақ газды айдау үшін ұңғымаларды қалай орналастыру керек?
- •«Газды және газконденсатты кен орнын игеру» деп нені түсінесіз?
- •Абсорбция әдісімен газды қалай кептіреміз?
- •Газды не үшін жер астында сақтайды?
- •Газконденсатты зерттеулер кезінде қандай параметрлерді анықтайды?
- •Газды ұңғыманың «еркін шығыны» деп нені түсінесіз?
- •Жер асты жөндеу жұмыстарына қандай жұмыстар жатады
- •Газ ұңғыларын игерудің технологиялық режимін атаңыз.
- •Газды ұңғымада сұйықтың жиналуын болдырмайтын әдістер қандай?
- •Газ және газконденсатты игеру қандай тәсілмен жүзеге асады?
- •Газ ұңғымасындағы фонтандық құбырлардың диаметірін таңдап алуға қандай жағдайлар әсер етеді?
- •Газ ұңғысының түп және қабат қысымы қалай анықталады?
- •Газ ұңғымасында үш жақты фонтанды арматураны қай кезде қолдану керек?
- •Тоқтатылған және жұмыс істеп тұрған газ ұңғысының температурасын анықтау
- •Газ ұңғымаларында парафин жиналу мен тұз жиналуынан, коррозиядан қорғану үшін қандай жабдық қызмет етеді?
- •Мұнайдікіне қарағанда газды ұңғымасының конструкциясына қандай талаптар қойылады?
- •Газ ұңғымасын меңгеру кезінде қандай әдісті қабылдауға болмайды?
- •Қандай жағдайларда гидрат түзіледі?
- •Табиғи газдың гидраты дегеніміз не?
- •Газдардың химиялық құрамы мен классификациясы
- •Газ ұңғымаларының жабдықтарына нелер жатады?
- •Газ ұңғымалары мен мұнай ұңғымаларының арасындағы айырмашылық қандай?
- •Газ кенорындарында құм тығынымен күресу.
- •Джоул Томпсон коэффиценті нені анықтайды?
- •Дроссоль арқылы өткен кезде газдың параметірлері қалай өзгереді?
- •Газ және газоконденсатты кен орындардың игеру жобалау негіздері қандай:
- •Газ кен орындарының компрессорлы және компрессорсыз игеру қалай жүзеге асады?
- •Газ кен орындарының игеру этаптарын атап шығыңыз?
- •Сыйымдылық z коэффиценті нені сипаттайды?
- •Газдық қабаттың игеру режимі.
- •Берілген қысым мен температурадағы табиғи газдың тығыздығын қай формуламен табамыз.
- •Табиғи газдардың салыстырмалы тығыздығы дегеніміз не?
- •Жасанды газ деп қайсысын атаймыз?
- •ҚРдағы газ және газоконденсатты кен орындары.
- •Қандай көмірсутектер атмосфералық жағдайда сұйық болып келеді?
- •Құрғақ газ деп нені айтамыз?
- •Табиғи газ кен орынның классификациясы.
- •Тұрақты конденсат дегеніміз не?
- •Табиғи газдың құрамы және топталуы дегеніміз не?
- •Газ кен орындарының игеру этаптарын атап шығыңыз?
Джоул Томпсон коэффиценті нені анықтайды?
Газконденсатты кен орын ұңғымасын зерттеу өндірілген өнімге газдан сынама алуға шикі конденсаттың мөлшерін анықтауға, газдан әртүрлі режимдегі жер бетінде бөлінетін конденсат ұңғыма байланысы және конденсат бөліну шартына мінездеме беру мақсатын зерттейді.
Зерттеу процесінде әдетте қозғалмалы қондырғының екі турі қолданылады:
1) термостатикалық емес (жоғары кәсіптік өнімі болғанда)
2) Термостатикалық ұңғымадан алынған газдың көп емес бөлігі өтетін.
Жай қондырғылар ұңғымаға кәсіптік және жалпы мінездеме береді. Термостатикалық изотерма мен изобараны және Джоуль-Томсон коэффициентін, газ бөлінген кездегі оның сағасында қысым және температураның мәнін алуға мүмкіндік береді.
Газконденсатиы ұңғыманың жұмысына толық мінездеме беру үшін және оның өнімін өлшеу үшін, арнайы қозғалмалы қондырғылар қолданылады.
Сурет 12 Осындай қондырғының біреуінің принципті сұлбасы.
Қондырғы автотіркемеге жабдықталған және болат шарнирлі 1 құбырдың көмегімен ұңғымаға қосылған. Одан кейін газ штуцер арқылы циклонды айырғыштың бірінші сатысына 2 түседі, одан кейіні циклон 3 тазалау сатысы. Айырғыштарға өлшеуіш цилиндрлер 4 қосылған, ізбе-із және параллель жұмыс жасауы мүмкін. Конденсат босатылып су қоспа және газ қондырғыдан атмосфераға немесе газөткішке бағыттталады. Бөлінген өнім ыдысқа 5 келеді, ондағы сынаманы зерттеуде қолданады.
Дроссоль арқылы өткен кезде газдың параметірлері қалай өзгереді?
Көбінесе гидрат түзілуі әсерінен штуцерлер және газды дроссельдендіру температурасының күрт төмендеуімен жүретін қысым реттегіштер істен шығады. Бұл газ кәсіпшілігі жабдықтарының қалыпты жұмыс істеуін бұзады, әсіресе қоршаған ортаның температурасы төмен жағдайларда.
Ұңғыдағы гидраттың түзілуін болдырмау үшін келесі әдістер қолданылады:
ұңғыны пайдаланудың сәйкесті режимі орнатылады;
ұңғы түбіне үздіксіз немесе қайталанбалы түрде антигидратты ингибиторлар (метанол) айдайды;
футерленген СКҚ (көтергіштер) қолданады;
түпте түзілетін сұйықты жүйелі түрде жояды;
ұңғыдағы газ пульсациясын тудыратын себептерді жояды.
Газды судан кептіру және көмірсутекті конденсаттан бөлу үшін келесі әдістер қолданылады:
дроссель-эффект немесе жасанды салқындату есебінен төменгі температурада айыру;
сұйық сіңіргіштер (абсорбция) және қатты жұтқыштар (адсорбция) қолданылатын сорбциялық әдіс.
Төменгі температуралық айыру қондырғыларының (ТТАҚ) көптеген түрлері бар. Соның ішінде, егер табиғи газдың ТТАҚ-на кірер басындағы қысымы 9МПа аз болса, онда дроссель-эффектсі есебінен температура айтарлықтай төмендетілмейді. Бұл жағдайда температураны төмендету жылуалмастырғыштан кейін салқындату машиналарын орнату арқылы жүзеге асады. Мұздатқыш (хладагенттер) ретінде сұйытылған аммиак және фреондарды қолданады, олар кері температуралар кезінде буланып қайнайды. Аммиактың және басқа да мұздатқыштардың булануын қолдана отырып жасанды түрде газды салқындатуды әдетте газ өңдеу зауыттарында қолданады.
Газ және газоконденсатты кен орындардың игеру жобалау негіздері қандай:
Қосымша мәліметтер. Қабаттардың геолого – физикалық параметрлерін, ұңғы маңындағы тау жыныстарын, қабатты қанықтырып тұратын сұйықтар мен газдардың, ұңғы түп маңындағы және ұңғының өзі туралы жағдайды, геофизикалық, гидродинамикалық және термодина-микалық зерттеулер арқылы алады.
Ұңғыны зерттеудің барлығы алғашқы, белгілі уақыттағы және арнайы деп бөлінеді.
Алғашқы зерттеулер. Кеніштің геометриялық өлшемін анықтау, қабаттың фильтрациялық және геолого–физикалық сыйымдылық параметрлерін, қабаттың мықтылық сипаттамасын, қабаттық сұйықтардың және газдардың физикалық қасиеттерін және құрамын, ұңғы оқпаны жұмысының гидродинамикалық және термодинамикалық шарттарын білу мақсатында, кен орынды барлау барысында, барлау ұңғыларында жүргізіледі.
Бұл мәліметтердің барлығы мұнайды және ұңғы түбіндегі газды алу шарттарын анықтау, ұңғының пайдалану режимінің технологиясын, сынақтық – кәсіпшілік, пайдалану жобасын құрастыруға, өндірістік игеру мен пайдаланудың жүйесін жобалауға пайдаланылады.
Белгілі уақыттағы зерттеулер. Қайталану мерзімі анықталған барлық өнім өндіретін ұңғыларында жүргізіледі. Бұл кезде қабат жағдайын, түп маңы аймағының, ұңғы түбінің және оқпаны туралы мәліметтер алынады. Бұл мәліметтер пайдаланудың режимін бекітуіне немесе өзгеруіне байланысты пайдаланылады. Сонымен қатар ұңғының шығымының ұлғаюын анықтау шаралары үшін және изобар карталарын (бірдей қысым сызығын) тұрғызу үшін, кеніштің игеруін бақылап және реттеу жүйелері үшін пайдаланылады.
Қабат қасиеттерін және ұңғы өнімділігін зерттеу үшін гидродина-микалық зерттеулердің түрлері қолданылады. Оларды екі топқа бөлуге болады.
Бірінші топқа- өнім алынудың қалыптасқан әдістері жатады . Екінші топқа – тұрақты мұнай (газ) шығыны бар, тоқтатылғын ұңғыдағы түп қысымның көбейіп өзгеруін бақылайтын және қабатты гидротыңдау әдістері жатады.
Арнайы зерттеулер кен орынның өзіне тән пайдалану шарттарына байланысты өндіруші және бақылаушы ұңғыларда жүргізіледі.
Ұңғыны немесе қабатты арнайы зерттеудің мәліметтері игеру жүйесін бақылап реттеуге, кәсіпшілік жабдықтардың технико – экономикалық жұмыс көрсеткіштерін жақсартуға және жаңа техника мен технологияларды енгізуге пайдаланылады.
Ұңғыны зерттеу кезінде сұйықтардың шығымын өлшеу, әртүрлі шығын өлшегіш (расходомер) және өнім өлшегіш (дебитамер) көмектері арқылы жүргізіледі.
Газ шығымын, газ есептегіш-шығын өлшегіштермен, яғни расходомермен анықтайды.
Қабаттық және түптік қысымдарды терең түсірілетін монометрлермен өлшейді.