
- •Газды жер астында сақтаудағы негізгі мақсат неде?
- •Активті және буферлі газ дегеніміз не?
- •1) Белсенді
- •Мұнай сепараторының газ сепораторлардың ерекшелігі қандай?
- •Газды кептіру үшін ең көп қолданатын абсорбентті атаңыз?
- •Газды кептірудің неше әдісі бар?
- •Газды қалай тасымалдаймыз?
- •Қазақстан республикасында неше жерде газ сақтау қоймасы бар?
- •Қабатта құрғақ газды айдау үшін ұңғымаларды қалай орналастыру керек?
- •«Газды және газконденсатты кен орнын игеру» деп нені түсінесіз?
- •Абсорбция әдісімен газды қалай кептіреміз?
- •Газды не үшін жер астында сақтайды?
- •Газконденсатты зерттеулер кезінде қандай параметрлерді анықтайды?
- •Газды ұңғыманың «еркін шығыны» деп нені түсінесіз?
- •Жер асты жөндеу жұмыстарына қандай жұмыстар жатады
- •Газ ұңғыларын игерудің технологиялық режимін атаңыз.
- •Газды ұңғымада сұйықтың жиналуын болдырмайтын әдістер қандай?
- •Газ және газконденсатты игеру қандай тәсілмен жүзеге асады?
- •Газ ұңғымасындағы фонтандық құбырлардың диаметірін таңдап алуға қандай жағдайлар әсер етеді?
- •Газ ұңғысының түп және қабат қысымы қалай анықталады?
- •Газ ұңғымасында үш жақты фонтанды арматураны қай кезде қолдану керек?
- •Тоқтатылған және жұмыс істеп тұрған газ ұңғысының температурасын анықтау
- •Газ ұңғымаларында парафин жиналу мен тұз жиналуынан, коррозиядан қорғану үшін қандай жабдық қызмет етеді?
- •Мұнайдікіне қарағанда газды ұңғымасының конструкциясына қандай талаптар қойылады?
- •Газ ұңғымасын меңгеру кезінде қандай әдісті қабылдауға болмайды?
- •Қандай жағдайларда гидрат түзіледі?
- •Табиғи газдың гидраты дегеніміз не?
- •Газдардың химиялық құрамы мен классификациясы
- •Газ ұңғымаларының жабдықтарына нелер жатады?
- •Газ ұңғымалары мен мұнай ұңғымаларының арасындағы айырмашылық қандай?
- •Газ кенорындарында құм тығынымен күресу.
- •Джоул Томпсон коэффиценті нені анықтайды?
- •Дроссоль арқылы өткен кезде газдың параметірлері қалай өзгереді?
- •Газ және газоконденсатты кен орындардың игеру жобалау негіздері қандай:
- •Газ кен орындарының компрессорлы және компрессорсыз игеру қалай жүзеге асады?
- •Газ кен орындарының игеру этаптарын атап шығыңыз?
- •Сыйымдылық z коэффиценті нені сипаттайды?
- •Газдық қабаттың игеру режимі.
- •Берілген қысым мен температурадағы табиғи газдың тығыздығын қай формуламен табамыз.
- •Табиғи газдардың салыстырмалы тығыздығы дегеніміз не?
- •Жасанды газ деп қайсысын атаймыз?
- •ҚРдағы газ және газоконденсатты кен орындары.
- •Қандай көмірсутектер атмосфералық жағдайда сұйық болып келеді?
- •Құрғақ газ деп нені айтамыз?
- •Табиғи газ кен орынның классификациясы.
- •Тұрақты конденсат дегеніміз не?
- •Табиғи газдың құрамы және топталуы дегеніміз не?
- •Газ кен орындарының игеру этаптарын атап шығыңыз?
Газ ұңғымалары мен мұнай ұңғымаларының арасындағы айырмашылық қандай?
Газ және газ конденсатты ұңғымалардың конструкциясы және құрылғысы мұнай ұңғыларына ұқсас, олар фонтанды әдiспен игеріліп пайдаланылады. Екi жағдайда да ұңғымалар құрылғысы сүзілу аймағына дейiн түсiрiлген көтергiш құбырлар колоннасынан және фонтанды арматурадан тұрады.
Сонымен қатар газ және мұнайдың қасиеттерiнiң әр түрлi болуына байланысты, олардың ұңғымаларында да айырмашылықтар бар.
Газдың тығыздығы және тұтқырлығы мұнаймен салыстырғанда жүз және мың есе төмен
Газдың қозғалу жылдамдығы мұнайдікінен 5-25 есе жоғары. Газ ұңғымасындағы түп қысымы сағасындағы қысымға сәйкес жоғары болады
Газды өндiру тек фонтаны әдiспен жүзеге асырылады
Кейбiр кен орындардың газының құрамында көптеген агрессивтi компонеттер болады (күкiртсутек және көмiрқышқыл газ)
Сондықтан газ ұңғымаларыда олардың құрылғысының герметикалық және коррозиядан сақтау қасиеттерiне сұраныс жоғары болады.
Ұңғыманың конструкциясы газдың құрамына, пайдалану жағдайына тәуелдi, сондықтан олар кондуктордан және фонтанды құбырдан тұратын бiр колонналы немесе көп коллоналы, күрделi болып бөлiнедi.
Терең орналасқан қабаттарға бұрғыланған ұңғымаларда, олардың жоғары өнiмінде құрамында коррозиялық компоненттер (H2S-күкiртсутек, CO2-көмiрқышқыл газ, меркаптандар) болады. Сонымен қатар бiр ұңғыманы пайдаланып бөлек екi өндiрiстiк объектін игеру үшін және пайдалану колонналарын фонтанды құбырлар колоннасын сақтау үшiн, ұңғыма оқпанының төменгi жағын жабатын немесе екi объект арасын бөлетін мықты орнатылған пакермен жабдықталады.
Бос жыныстар түрлерiн ашқанда қолданылатын фильтрлер, құрылғының күрделiлiгiнiң себебiне және сенiмсiз жұмыстарға байланысты сирек қолданылды. Шоғырланған жынстың қабат-коллектордың бұзылуына байланысты қабатқа әсер ететін депрессияны төменгі күйде ұстайды.
Газ кенорындарында құм тығынымен күресу.
Құм тығындарының пайда болуы
Бұзылмалы борпылдақ коллекторлардан ашылған ұңғыны пайдалану кезінде қаңқаны бұзу және жыныс бөлшектерін түпке шығару түп маңы аймығында мүмкін болатын қысым градиентінің жоғрылауы шартымен байланысты.
Түпте құмның жиналуы ұңғы дебитін төмендетеді және де түрлі қиындықтарға алып келеді, мысалы фонтандық құбырлардың қысылып қалуы.
Қабаттан мұнаймен, бірге шығатын құм түпте құм тығынын түзуі мүмкін, мұның нәтижесінде мұнайдың ұңғыға ағуы азаяды немесе мүлдем тоқтайды.
Сорап жұмысы кезінде құм сұйықтықпен бірге сорапқа түсіп оның бөлшектерін (детальдерін) тоздырады және плунжер цилиндрде жиі қысылып қалады.
Сорапты құмның зиянды әсерінен қорғаудың негізгі шараларына төмендегілер жатады:
ұңғыдан жиналатын сұйықты негізінен оның шектелу жағына қарай реттеу;
арнайы типті плунжер бар сораптарды қолдану (“құм қырғыш” типті, арықшалы);
сораптан өтетін сұйық ағынындағы құм концентрациясын төмендету және осы сұйық ағынының қозғалыс жылдамдығын өсіру мақсатында ұңғының құбыраралық кеңістігіне мұнай құяды;
құбыр тәрізді штангаларды қолдану;
құм якорлерін қолдану.
Борпылдақ, әлсіз цементтелген жыныстардағы түп маңын бекіту үшін фенолформальдегидті, карбамидті және басқа шайырларды, сонымен қатар фенол спирттерін қолданады.
Қолданылатын шайырлар кеуекті ортаға өту үшін олардың тұтқырлығы төмен және сұйық күйде болу керек, сонымен қатар шайыр қабатта қатты және сулы фазаға бөлініп, құммен жақсы араласуы керек. Қабатқа айдалатын сұйық шайыр құм бөлшектерін қоршап алады және қатқан кезде цементтеуші материал рөлін атқарады. Ішкі каналдарды алып жатқан сулы фазаны меңгеру кезінде жойылады.