Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
otvety_GAZ (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
966.14 Кб
Скачать
  1. Мұнайдікіне қарағанда газды ұңғымасының конструкциясына қандай талаптар қойылады?

Газ және газ конденсатты ұңғымалардың конструкциясы және құрылғысы мұнай ұңғыларына ұқсас, олар фонтанды әдiспен игеріліп пайдаланылады. Екi жағдайда да ұңғымалар құрылғысы сүзілу аймағына дейiн түсiрiлген көтергiш құбырлар колоннасынан және фонтанды арматурадан тұрады.

Сонымен қатар газ және мұнайдың қасиеттерiнiң әр түрлi болуына байланысты, олардың ұңғымаларында да айырмашылықтар бар.

  • Газдың тығыздығы және тұтқырлығы мұнаймен салыстырғанда жүз және мың есе төмен

  • Газдың қозғалу жылдамдығы мұнайдікінен 5-25 есе жоғары. Газ ұңғымасындағы түп қысымы сағасындағы қысымға сәйкес жоғары болады

  • Газды өндiру тек фонтаны әдiспен жүзеге асырылады

  • Кейбiр кен орындардың газының құрамында көптеген агрессивтi компонеттер болады (күкiртсутек және көмiрқышқыл газ)

Сондықтан газ ұңғымаларыда олардың құрылғысының герметикалық және коррозиядан сақтау қасиеттерiне сұраныс жоғары болады.

Ұңғыманың конструкциясы газдың құрамына, пайдалану жағдайына тәуелдi, сондықтан олар кондуктордан және фонтанды құбырдан тұратын бiр колонналы немесе көп коллоналы, күрделi болып бөлiнедi.

Терең орналасқан қабаттарға бұрғыланған ұңғымаларда, олардың жоғары өнiмінде құрамында коррозиялық компоненттер (H2S-күкiртсутек, CO2-көмiрқышқыл газ, меркаптандар) болады. Сонымен қатар бiр ұңғыманы пайдаланып бөлек екi өндiрiстiк объектін игеру үшін және пайдалану колонналарын фонтанды құбырлар колоннасын сақтау үшiн, ұңғыма оқпанының төменгi жағын жабатын немесе екi объект арасын бөлетін мықты орнатылған пакермен жабдықталады.

Бос жыныстар түрлерiн ашқанда қолданылатын фильтрлер, құрылғының күрделiлiгiнiң себебiне және сенiмсiз жұмыстарға байланысты сирек қолданылды. Шоғырланған жынстың қабат-коллектордың бұзылуына байланысты қабатқа әсер ететін депрессияны төменгі күйде ұстайды.

  1. Газ ұңғымасын меңгеру кезінде қандай әдісті қабылдауға болмайды?

Үйкелiске және газ бағанасының салмағын жоғалту ұңғыманың тереңдiгiне және ондағы қысымға тәуелдi, (2.12) формуладан есептегенде ұңғыма түбіндегі және сағасындағы қысым айырмашылығын тексеру керек.

Көтергiш құбырлар тізбегін келесі мақсатпен түсiредi:

- газда қатты заттар болған жағдайда, пайдалану кұбырлар тізбегін үйкелуден және желiнуден немесе коррозияны туғызатын агрессивтi компоненттерден сақтау

- сұйық және механикалық қоспаларды ұңғыма түбінен жер бетіне шығару

- ұңғыманың фонтандауын басып тоқтату және меңгеру үрдістерін жеңiлдету, бұл жер асты ремонттарын жүргiзгенде қажет

- ұңғымаларға құрылғыны түсiріп, көтеруге байланысты әр түрлi зерттеу жұмыстарын жүргiзу.

Ұңғымаларда агрессивтi компоненттер және жоғары қысымдар болуында, пакерлер мен әр түрлi маңызы бар клапандарды қосатын жер асты комплекстерiн қолдануға болады. Бұл пакерлер мен клапандар – құбырлық кеңiстiк пен фонтанды құбырлар арасындағы байланысты туғызатын немесе жоятын құрылғы.

  1. Қандай жағдайларда гидрат түзіледі?

Температура және қысымның төмендеуімен жүретін қабаттан газ алу кезінде су буының конденсациялануы жүреді және ол ұңғымен газ құбырларында жиналып қалады. Белгілі бір жағдайларды табиғи газ (метан, этан, пропан, бутан) компоненттері судың әсерінен түзілетін гидрат деп аталатын қатты кристалл тәріздес зат түзуге бейім болып келеді. Түзілген гидрат ұңғыны, газ құбырларын, сепараторларды бітейді, сонымен қатар реттегіш және өлшегіш құрылғылардың жұмысын бұзады. Көбінесе гидрат түзілуі әсерінен штуцерлер және газды дроссельдендіру температурасының күрт төмендеуімен жүретін қысым реттегіштер істен шығады. Бұл газ кәсіпшілігі жабдықтарының қалыпты жұмыс істеуін бұзады, әсіресе қоршаған ортаның температурасы төмен жағдайларда.

Ұңғыдағы гидраттың түзілуін болдырмау үшін келесі әдістер қолданылады:

  • ұңғыны пайдаланудың сәйкесті режимі орнатылады;

  • ұңғы түбіне үздіксіз немесе қайталанбалы түрде антигидратты ингибиторлар (метанол) айдайды;

  • футерленген СКҚ (көтергіштер) қолданады;

  • түпте түзілетін сұйықты жүйелі түрде жояды;

  • ұңғыдағы газ пульсациясын тудыратын себептерді жояды.

Гидраттың түзілуіне қарсы қолданылатын жоғарыда көрсетілген әдістердің ең тиімді және көп тарағаны газ ағынына метанолды қосу, яғни су буларының қату нүктесін төмендететін метил спиртін СН3ОН қолдану болып табылаады.

Метанол газды қанықтыратын су буларымен бірге қату температурасы нольден айтарлықтай төмен спирт-сулы ерітінділер түзеді. Осылайша газ құрамындағы су буының мөлшері азайып, шықтану нүктесі төмендейді, сәйкесінше гидраттың түзілуі едәуір төмендейді.

Табиғи газда су және конденсат буынан басқа әртүрлі қатты қоспалар (құм, тұз кристалдары) болуы мүмкін. Газдағы қатты бөлшектер газ құбыры мен жабдықтарды тоздырып, арматураның саңылаусыздығын бұзады.

Газды сұйық және қатты қоспалардан тазарту үшін ұңғыларға газосепараторларды орнатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]