Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
14_17_45_6_1_22_32_31_47_23__8_bilet.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.41 Mб
Скачать

17 Билет

Газлифтті ұңғыманы меңгеруге кіргізу қалай жүргізіледі?

Ұңғыманы пайдалану үздіксіз жүрмейді. Әртүрлі себеп бойынша оларды жөндеу үшін және пайдалануға қайтадан түсіру үшін тоқтату қажет болады. Газлифт ұңғымасын жіберудің, оның жұмыс принципімен байланысты кейбір ерекшеліктері бар. Сақиналы жуйе бойынша істейтін, бірқатарлы көтергішпен жабдықталған газлифтті ұңғыманы жіберуді қарастырайық. Жіберу процесайдалатын газды көтеру құбырдың башмагына дейін жеткізу яғни, газдың сұйық деңгейін башмакқа дейін ығыстыру арқылы жүреді. Оның білдіретіні, құбыраралық кеңістікте сұйық көлемі айдалған газбен ығыстырылуы қажет. Ығысқан сұйық көтеру құбырына ағып, нәтижесінде оның деңгейі статикалық деңгейден жоғары болады. Қабатқа репрессия пайда болып, сұйық бағанасының h статикалық деңгейден асуымен анықталады. Соның әсерінен сұйықтың қабатпен біршама жұтылуы жүреді. Қабаттың нашар өткізгіштігі кезінде немесе түпте лайлы тұнбаның болуы, кері клапан ролін ойнайды, яғни қабаттан сұйықты өткізіп және оны жұтуға бөгет болады, барлық ығысқан сұйық көтеру құбырына ағады, сонда V1 көлемі құбырға аққан V2 сұйық көлеміне тең болады. Сұйықтың қабатпен бірен-саран жұтылу кезінде

V2 V1. Жалпы жағдайда

V2= V1 (1)

мұндағы 1 жұту кезінде және =1 жұтылу жоқ. Белгіленуді ендірейік: h-көтеру құбырының башмагын статикалық деңгейден төмен түсіру;-көтеру құбырларда деңгейді көтеру (статикалық жоғары); ƒг- газ айдалатын құбыраралық кеңістіктің қима ауданы; ƒж- сұйық ағатын, көтеру құбырының қима ауданы.

Сонда V1= ƒг h (2)

V2= ƒж h

(2)-ден (1)-ге қщйып және h қатысты шығара отырып аламыз:

h = hƒгж (3)

Газлифт ұңғымасын жіберу сәтінде, яғни құбыраралық кеңістікте сұйық деңгейі башмакқа дейін ығысқан кезде, осы деңгейге әсер ететін газ қысымы, көтеру құбырында биіктігі h+ h сұйық бағанасының гидростатикалық қысымымен теңеседі. Бұл газлифт ұңғымасын жіберуге қажетті, жіберу деп аталатын, газдың максималды қысымы.

Осылай, Рпуск=(h+ h) g (4)

(4). Теңдеуіне h мәнін (3) сәйкес қойып, һ жақша сыртына шығарып, аламыз

Рпуск= h g(1+ƒг/ ƒж) (5)

Бұл жіберу қысымын анықтауға арналған формула. Ұқсас қорытынды қайталай отырып орталық жүйе бойынша газлифт жұмысы үшін, мұндағы белгілену бұрынғысынша, ƒг- сұйық көтерілетін (бұл жағдайда құбыраралық кеңістік) қима тура, сондай формула аламыз. (5) Сонымен қатар, екі қатарлы көтергіш үшін, ƒг – газ айдалатын кеңістіктің қимасы, ƒж-сұйық ағатын кеңістіктің (құбыраралық кеңістіктің қосындысы) қимасы деп белгілей отырып, 5 формуламен сәйкес келетін формуланы аламыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]