Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
14_17_45_6_1_22_32_31_47_23__8_bilet.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.41 Mб
Скачать

5 . Құбырларды төсеу кезінде жұмыс тәртібі қалай жүргізіледі?

Мұнайкәсіпшілік коммуникацияларын салу барысында пісірілуі (сваркіленуі) жақсы, шыңдалған болаттан жасалған құбырлар қолданылады. Бұл құбырларды жіксіз, электропісірілетін, спиральды-пісірілетін және тағы басқа конструкциялар түрінде шығарады. Үлкен диаметрлі тігіссіз (шовсыз) құбырларды ыстыққа шыңдап, ал кіші диаметрлі құбырларды суыққа шыңдап дайындайды. Үлкен диаметрлі пісіріліп жасалған құбырлардың жігі ұзына бойына немесе спиралды болып түседі, ал кіші диаметрлі құбырлардың жігі тек ұзына бойына түседі.

Мұнай кен орындарын тұрғызу барысында, көп жағдайда сыртқы диаметрі 57-426 мм, ұзындығы 4-тен 12,5м дейінгі мартенді болаттардан жасалған (маркасы ст.10, ст.20, және 4сп.) ыстыққа шыңдалған жіксіз (шовсыз) құбырлар кең қолданыс табуда.

14Билет

1.Газлифтті клапандардың қандай орналасу принциптері бар?

1.Газлифт ұңғымаларын ұңғымаларын пайдаланудың қазіргі технологиясы –арнайы конструкциясы тереңдік клапандарды қолданумен тығыз байланысты, оның көмегімен құбыр және құбыраралық кеңістік арасындағы байланыс орнатылып және үзіледі және газдың газдың СКҚ-ға кіруі реттеледі. Қазіргі таңда әр түрлі кострукциялы тереңдік клапандардың көптеген саны бар.

Сурет 1. Серіппелі клапанның принципиалды сұлбасы.

Барлық клапандар өзінің тағайындалуы бойынша уш топқа бөлінеді.

  1. Газлифтті ұңғыманы жіберу және оны игеруге арналған жіберу клапаны

  2. Газлифт ұңғыманың үздіксіз және периодты жұмыс үшін жұмыс клапандары, газдың СКҚ-ға кіру тұсын сатылы өзгерту жолымен ұңғымадағы жағдайдың өзгеруі кезінде, олардың жұмыс режимін оптимизациялау. Периодты пайдалану кезінде, осы клапандар арқылы, клапан үстіндегі белгілі биіктігі бар сұйық бағанасы жиналған сәттерде газ СКҚ-ға ағады және осы клапандар, сұйық СКҚ-дан жер бетіне тасталған кезде, газдың кіруін жауып тоқтатады.

  3. Құбыраралық кеңістіктегі сұйық деңгейін клапаннан біршама тереңдікке төмендікке төмен ұстап тұруға арналған ұштық клапандар, олар клапан арқылы газдың СКҚ-ға бірқалыпты өтуін қамтамасыз етеді және бүлкілдеуді алдын-алады. Ұштық клапандар құбыр бағанасының башмагы тұсында орнатылады.

Конструкциялық жасалу жағынан газлиф клапандары әр түрлі. Серпінді элемент ретінде серіппе (серіппелі клапан) немесе сильфонды камера, оған күн бұрын белгілі қысымға дейін азот айдалады (сильфонды клапан) қолданылады. Бұл клапанда серпінді элемент болып сығылған азот атқарады. Сильфон және серіппе қосылған аралас клапандар да болады, істеу принципі бойынша клапанның көбісі дифференциалды болып келеді, яғни СКҚ-ғы клапан деңгейінде және құбыраралық кеңістіктегі қысымдар айырмасына байланысты ашылып, жабылады. Олар жіберу және жұмыс клапандар ретінде қолданылады. Мұнай өндірістің отандық практикасында практикасында серіппелі клапандар шығарылып (А.П. Крылов және Т.В. Исаков) және Баку мұнай кешкенінде сыналды.

2.Жүзбелі бұрғылау қондырғыларын (жқб) не ушін қолданылады?

Теңіз акоаторияларында бұрғылау жұмыстарын жүргізу тәжрибесі жүзбелі бұрғылау қондырғыларына қойылатын бірқатар талаптарды анықтады:

  • Ұңғыны құру кезінде бұрғылау қондырғыларының жоғарғы өнімділігі.

  • Бұрғыланып аяқталған ұңғыдан ӨЖБҚ – сын жаңа нүктеге жылдам орнын ауыстыру;

  • өте үлкен емес, жақын арақашықтыққа жүзілуін қамтамасыз ету;

  • осы жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  • автономдылығы, яғни дұрыс бұрғылауға жеткілікті материалдар қорымен және қызмет көрсету персоналын қажетті тағамдармен, тұру жағдайларымен қамтамасыз ету;

Технологиялық жабдықтар кешені мыналардан тұрады.

  • Ұңғыларды бұрғылауға арналған бұрғылау қондырғысы.

  • Бұрғылау ерітіндісін беруге, дайындауға, регенерациялауға, сақтауға және оның бұрғыланған жыныстан тазартуға арналған жабдық;

  • Ұнатақтәрізді материалдарды сақтау жабдығы;

  • Ұңғыны бекіту кезінде цемент ерітіндісін дайындау және айдау жабдығы;

  • Ұңғыда электрометрлік және каротожды жұмыстарды жүргізу жабдығы;

  • Су асты саға жабдығы;

  • Ұңғыны игеруге арналған жабдық;

  • Қосымша қондырғылар (көретгіш крандар, кіші механизация қондырғылары т.б)

  • Теңіз ластануынан сақтау жабдығы;

  • Ұңғыны құру кезінде технологиялық процесті бақылау және басқару жүйелері.

Сурет 8- «Бакы» ӨКБҚ мұнарасы

Мұнара айналасында (сур.7) келесі жабдықтар орнатылған: бұрғылау мұнарасы (сур.8), тәл арқанның жылжымайтын соңын бекіту механизмі 1, қосымша шоғыр 2, машиналық кілттерге арналған тұрық 3, ауырлатылған бұрғылау құбырларына арналған кассета 4, бұрғылау тізбегініңсвечаларын қолмен ауыстыру подсвечнигі 5, тәл блогының көтерілуін шектеуші 6, ротор 7, бұрғылаушының негізгі пульті 8, бұрғылау шоғырының электр жетегі 9, ауа жинағыш 10, қашауды беру реттегіші 11, ЛБУ-1700 бұрғылау шоғыры 12, АКБ-3М2 кілті 13, пневмотаратушы 14, КИП бар кабина 15, свечаларды автоматты түрде тарату магазины 16, ТКО-ны ьасқару пульті 17 және қосымша шоғырды басқару пульті 18. Бұрғылау мұнарада келесілер қондырылған: кронблок 1, свечаларды тасы механизмінің балконы 3, тәл арқанында қыстырылған тәл блогы және свечаларды көтеру және қысу механизмі 4, автоматты элеватор және вертлюг 5.

Свечаларды қолмен орнату кезінде тәл блокпен автоматты элеватор орнына ілмек блогын қолданады. Осыдан басқа мұнарада монтажды блок, жылжымалы орталағыш 2, төменгі блок, жапқыш, машиналар кілттерінің жапқыштары және т.б.

Негізгі палубада көлемі 120 м3 болатын жұмыс сиымдылықтар блогы бар айналдыру жүйесі орнатылған. Блоктарда келесі заттар бар: өнімділігі 50-60 л/с бұрғылау ерітіндісін тазалаудың елегіші, бұрғылау ерітіндіні газдан айыру үшін вакуумды дегазатор, құмайырғыш, су араластырғышқа суды немесе ерітіндіні берудің шламды сораптары, механикалық араластырғыштар, гнидравликалық араластырғыштар.

Кранның қызмет көрсету аумағындабұрғылаудан шыққан жыныстың шламын жинау және оны жағалауға апару үшін арнайы контейнерлер орнатылған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]