- •Кенже бөкенбаев Байбол Есембет шежіресі Ер Қосай
- •Автордан
- •Адамзат,... Алаш,... Алшындар
- •Болғанда әкем – Елтай, шешем – Анай!
- •Аруақты атам ер Адай Елтайұлы
- •Алашты ардақтаймыз!
- •Қолдап қолды қойған күн, қасиетті Қадір түн
- •Құрметті жамағат!
- •Ел біледі, ер Адай киелі!-деп.
- •Адамзаттан тегім бір
- •Байқожаұлы ер Елтай
- •Елтайұлы Ер Адай
- •Аға аманаты
- •Адай шежіресі. (таңбасы жебе).
- •Алты Қосай.
- •Пір Қосай, Би Қосай, Ер Қосай.
- •Бес Есенғұл туралы (≈1609≈1700.)
- •Байболдың Жұлдызы туралы.
- •Байболдың Мәмбетқұлұлы (“Шалбар”) туралы
- •Қосайұлы Бегей туралы
- •Төрт арыс Тіней туралы
- •Қос арыс Бәли туралы
- •Қос арыс Сүйіндік (“Жаманадай”) туралы
- •Байболұлы Есембет ұрпақтары
- •Балабай балалары
- •Ақмырза
- •Жанмырза
- •Рысбайдың екінші баласы- Төлей
- •Женалының екінші баласы Танабай (Төребай)
- •Женалының үшінші баласы- Бесім.
- •Женалының төртінші баласы -Додан (Досалы)
- •Есембеттің екінші баласы: Күсіл
- •Есембеттің үшінші баласы :Құрбан
- •Төлекенің екінші баласы: Сүйірбас
- •Төлекенің үшінші баласы: Шүрен.
- •Құрбанның Бәйбегінің балдары
- •Бәйбектің Кеншімбай, Келімбай ұрпақтары жөнінде мәлімет.
- •Бәйбектің Майлыбайының балалары
- •Бәйбектің Жаулыбайының балдары ең кенжесі.
- •Қожалар
- •Есембет қожасы
- •Бердібек батыр
- •Есембеттен шыққан батырлар
- •Есембеттен шыққан билер
- •Адайдың алпыс батыры
- •Қарқын батыр (1786-1856)
- •Мерген би
- •Тәжік жеріндегі Есембет ағайындар Ботабай, Ботағара, Жанжігіт батырлар
- •Әмудариядан өту
- •Ауғанда болған Есембеттер
- •Есембет Бәйменбет би ұрпақтары жайында
- •Есембет шежіре жыр толғаулары
- •Тарихи тұлғалар
- •Есембет жайсаңдары
- •Оспан ахун
- •Есениязұлы Сейліхан би Есембет-Құрбан-Бәйбек-Әбет-Қожамжар- Есениязұлы-Сейліхан би (1879-1960 жж.)
- •Баймолдаұлы Қали Есембет-Құрбан-Бәйбек-Майлыбай-Құлпейіс-Баймолдаұлы Қали (1880-1895 жж.)
- •Бөкенбай ақсақал
- •Қожалақ Аңшы
- •Ардақтауға лайықты тұлға
- •Кенжаев Әбдір Есембет – Құрбан – Бәйбек – Кемелбай – Әбет – Қожамжар – Кенжекұлы Әбдір (1900-1960 жж.)
- •Қуатбай Прокурор
- •Есембет – Құрбан – Төлеке – Сүйірбас – Жолшы – Сүйінбай – Дәулетұлы Қуатбай
- •Нұрғалиұлы Тобышбай Байбол – Есембет - Құрбан - Бәйбек - Кемелбай - Әнет - Көкей - Қолдас - Нұрғалиұлы Тобышбай (1922-1979 жж.)
- •Сейліханұлы Өтеген
- •Есембет – Құрбан – Бәйбек – Кемелбай – Әбет – Қожамжар – Еснияз – Сейліхан – Өтеген
- •Әбілұлы Ораз
- •Қалиев Әжібай Есембет – Рысбай – Төлей – Женалы – Бесім – Жуабай – Қали – Әжібай
- •Баймолда Қалиұлы Қалмантай Есембет – Құрбан – Бәйбек – Майлыбай – Баймолда – Қалиұлы Қалмантай.
- •Кенжаев Базарбай Есембет – Құрбан – Бәйбек – Кемелбай – Әбет – Қожамжар – Кенжекұлы Базарбай.
- •Қосай – Байбол - Есембет – Құрбан – Бәйбек – Кемелбай - Әнет – Жусанбай – Төлеп – Жалғас.
- •Соцалистік Еңбек Ері Оразғали Әлдібаев
- •Ишанұлы Тұрман
- •Ақмамбетов Байқуан (1926-2008 жж.)
- •Жайбергенұлы Андрей
- •Ибрашев Өтеген Ибрашұлы
- •Реушенұлы Тағыберді
- •Тұрлыбаев Тоғай Алданбайұлы
- •Қарабаев Әби (1946 ж)
- •Қойланұлы Тоқтабай
- •Теміртас Тоқтабайұлы
- •Дәулет Ермекбайұлы( 1851-1931)
- •Даулетұлы Сарыбай (1901-1991)
- •Сарыбайұлы Сүндет (1935-2004 ж)
- •Сарыбайұлы Үмбет
- •Бек Мұхамедұлы
- •Бабакулов Аманкелді (1951 ж.)
- •Дүйсенов Нұр Қаражаұлы (1955 ж)
- •Қарттардан сәлем!
- •70 Сом пенсияның ең төмені
- •40 Жылдан «стаж» асар жиыстырсам
- •Омаров Наурызбайдың шығармасы
- •Армияға алған ағалардың жайынан бір әңгіме құрайын
- •Бердібек батыр
- •Жүндібайұлы Жайбергеннің, Шүренбайқызы Оңаштың, Жайбергенұлы Әндірейдің өмірден озғанын еске алып, ас беру рәсіміне жаңаөзендік жыршы Қармыстың арнауы
- •Алданбай ақсақалға арнау
- •Тоқбергенов Әдіш Алданбай ақсақал қайтыс болғанда балдарына келіп көңіл айтуы 1987 ж.
- •Ардақты әке, аяулы ана
- •Жаңа жылмен құттықтау
- •Өнегелі өрістер
- •Ардақты ана
- •Жалғас Төлеповтың жер-термелері Ер Қосай бабаға арналады
- •«Пір Бекетке арналған терме»
- •Молла Қош мүдәріске және ұрпақтары Базарбайға арналған терме
- •Азаматтар қазақ деген атқа кір келтірмейік
- •Түркістан қаласының он бес ғасырға толғанына арналады
- •Қазақ халқының бас қаласы Астанаға арнау
- •Әбішұлы Назарбаевқа арнау
- •Қосай бабаға зияраттап барғанда
- •Бабаларға арнаймын
- •Бестөбе
- •Бердібек батырдың бейіті қараусыз жатыр
- •«Аржағы асылдан екен ғой»
- •Көз бен шеге (баллада)
- •Маңғыстауда – пір Бекет Ата (поэма) Маңғыстау – пір Бекеттің туған жері...
- •2009 Жылдың 15 қаңтары «Маңғыстау газетінен» алынды. Сұхбаттасқан Бақтыбай Жайлау «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының сол кездегі тілшісі. Арнайылап келдік, Ата!
- •Тегіңді білу тектілік
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Есембеттің шежіреші ұрпақтары
- •Ақтау қаласының Есембеттері
- •Жаңаөзен қаласының Есембеттері
- •Алматы облысының Есембеттері
- •Ақтөбе облысының Есембеттері
- •Жетібайдағы Есембеттер
- •Бейнеудегі Есембеттер
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мазмұны
- •Тегіңді білу тектілік
Тегіңді білу тектілік
Аты аңызға айналған бабаларымыз бірі – әруақты ата Адай бабамыз қазақ энциклопедиясында көрсетілгендей қазақ хандығының құрылып жатқан шамасында өмірге келген. Ол жайлы айтылатын сөздердің тиімді жері оның өмірі жайлы, ол ұзақырақ жасап (1435-1550ж.-115) жасында о дүниелік болыпты.
Бұрындық хан таққа отырғанда 1480-1503 Адайдың жас шамасы қырықтың ортасына келіп қалған еді. 1479 қырық төрт жас шамасында екінші болып атын Келімберді қояды. Келімберді туғанда Айымнұр әжеміздің жас шамасы қырық үште екен.
Қасым хан өлгенде Адай баба (1520-1435) сексен бес шамасында, Құдайке алпыс жаста, 1460 жылғы. Хақназар хан он бір жаста, Қосай ата әлі бірге толмаған. Қасым хан 1520 жылы Сарайшық қаласында өз ажалынан қайтыс болады. Қазіргі кезеңдерде де халқының жадынан шықпаған «Қасымханның қасқа жолы» деген атпен тұңғыш қазақ хандығының жарғысын жазып шығарып, іс жүзінде қолданысқа келтірген Қасым хан екенін халық ұмытқан жоқ. Қасым хан тағына отырған күні әскер басы етіп Адайды тағайындаған.
1537 жылы Сан-Таштағы соғыста Құдайке бастаған қазақ қолынан тірі қалған Құдайке батыр осы соғыста қатты жараланып екі айдай жатып жетпіс жеті жасында дүние салады.Құдайке өлгенде Адай баба жүз екі жаста екен. Адай баба 1550 жылы Мұңалдың шаңырағының астында бір – екі күн сырқаттанып дүниеден озған екен. Адай көзінің тірісінде уақыт болған кезде баласы Құдайкенің қасына жерлеуді тапсырғандықтан Ташкент пен Сайрамның ортасында 45 – 50 шақырым жердің шамасында биік төбенің үстінде «Қазақ мола» деп аталатын қойымшылыққа өзінен бір жыл бұрын өлген кіші баласы Келімбердінің қасына әкелініп жерленеді. (Бұл дерек Экрам Мұхитбердінің Қазақ ордасы еңбегіне алынды 98-99 беттер»Адай тарихы сыр шертеді 139 бет).
Ел ауызында аңыз әңгімелерді көбінде: «Ер Қосай ата - тұсында ел қорғаған ер де, әділ сөзді би де, қысылғанда жебейтін әулие пір де болған» деп айтылады. Әрине «Халық айтса – халт айтпайды». Ол бес ғасырдан бері әруақты ата Ер Қосай аталып атағын сақтап келгендігінің өзі біраз жайыттарды аңғартқандай. Қосай ата шағын ел қорғаған ерлер қатарында өткерсе, кейінірек жасы егде тартқан кезде ел билігіне араласып, Алшын елінің төрағасы ретінде танылған деуімізге болады. Сондай ақ оның атағы өзінен бес атадан кейін өмірге келген, Бекет ата ұлыс ұранына айналғанға дейін Адай елінің сыйынатын пірі болып атлып келгендігі де белгілі Қосай атаның киелі қасиеті болмаса жұртшылығымыз оның басына барып түнеп жатып зиярат етпес еді. Ата басындағы естелік дәптерге жазып кеткен сөздеріне қарағанда, Ер Қосай ата рухына риза болғандайсың.
Хақназар ханның сол кездегі сенімді адамының бірі Құдайкеұлы Ер Қосай болатын. Қазақтардың бастарын біріктіріп, қазақ ордасын қалпына келтіруде Хақназар ханмен үзеңгілес жүріп батырлығымен көзге түскен Ер Қосай бабамыз.
Шежірешілеріміздің бәрі Қосай ата 87 жасында о дүниелік болған деп айтысады. Кейбір деректерде Қосай ата 1512 + 87 =1599 жылы қайтыс болған десе, екінші бір деректе Қосай ата 1603 жылы қайтыс болған деген де бар. Көне көз қарттарымыздың айтуымен Қосайдың туған жылы шамамен 1520 жылға келеді. Көптеген жыл газеттерде редакторлық қызмет атқарған қарт журналист Бисенбет Құрманов ағамыз марқұмның үй архивінде сақталған жазбалардың арасынан «Ер Қосай ата 1520 жылы туылып, 1607 жылы 87 жасында қайтыс болып, мүрдесі Бестөбеге қойылған» деген дерек шықты. Бірақ та марқұм ағамыз бұл деректі қайдан алынғанын немесе қай мәліметтерге негізделіп жазғандығы туралы мәлімет бермеген. Әйтсе де біз осы Бисембет аға келтірген деректі шындықтан шалғай кетпеген болар деп көңіл қоямыз (Өмірзақ Қалбаев Қосай ата Алматы 2003ж).
Қосай ата 1576 жылдың жазында Оғылмеңлі әжемен бас қосып ошақ орыны тіктеледі. Сол тұста Қосай ата 56 жаста (1576-1520=56) ал әжеміздің 28 жаста (1576-1548) жаста екен. Өздерінің бейбітшілік өмірлерін бастап, жыл өте өмірге бала әкеліп Қосай атаны қуандырады. Атаның қуанышына ел халқы бірге ортақтасады, жақсы тілек сөздер айтылады. Жаңа туған сәбиге Байбол деп ат қояды. Сөйтіп ақтағала соңын беріп, соңынан оңын беріп, Байболдан кейін Тіней, Әйтей, Бегей, Бәли, Сүйіндік атты балдар туылып Қосай атамыздың ошағы үбірлі-шүбірлі болып толысады. Халық мәтелін де айтылатын «Өлгені тіріліп, кемдігі толып, жоғы табылып» дегендей Ер Қосай атаның өлген балдары тіріліп отбасы толысады. Қосай атамен Оғылмеңлі әже (1576-1607) 31 жылдай бірге жасасып ғұмыр кешеді.
Ата бабаларымыздың қай кездерде өмірге келгендігі, қай кездерде өмірден өткендігі туралы соңғы тарихи деректерді зерделей келе естігендеріміз бен оқығандарымызға сүйен отырып Адай тайпасы, аңыздармен жазба-деректерде 16-17 ғасырларда келгендігі және өмірден өткендігі туралы есептеп көрелік.
Адай 1435-1550жыл
Құдайке – 1460
Қосай – 1520
Байбол – 1577
Есембет – 1616
Рысбай – 1646
Төлей – 1686
Женалы – 1727
Бабас – 1770
Қарқын – 1806
Көтенбай – 1848
Бөкенбай - 1886
Кенже – 1936
Есебімізге Есембет ауылының өкілі Кенже Бөкенбайұлы ауылын алалық.
Рысбай ата туғанда Есембет бабамыз 40 жаста еді делік (қырық жастада, елу жастада болуы мүмкін). Солай қабылдасақ Есембет ата:
Рысбай туғанда – 40 жаста,
Төлей туғанда – 80
Женалы туғанда – 120
Бабас туғанда – 160
Қарқын туғанда – 200
Көтенбай туғанда – 240
Бөкенбай туғанда – 280
Кенже туғанда – 320 жаста болады екен.
Кенженің туған жылы 1936-320=1616ж Демек бұл есеп бойынша Есембет бабамыздың туған жылы 1616 жыл болып шығады.
Бір ата бір атадан 40-60 жыл озып кететіні не кейін қалатыны табиғи құбылыс екенін ескерсек Есембет бабамыздың өмір сүрген жылын 1616 жылы туып еді деп қабылдауымызға болады.
