- •Кенже бөкенбаев Байбол Есембет шежіресі Ер Қосай
- •Автордан
- •Адамзат,... Алаш,... Алшындар
- •Болғанда әкем – Елтай, шешем – Анай!
- •Аруақты атам ер Адай Елтайұлы
- •Алашты ардақтаймыз!
- •Қолдап қолды қойған күн, қасиетті Қадір түн
- •Құрметті жамағат!
- •Ел біледі, ер Адай киелі!-деп.
- •Адамзаттан тегім бір
- •Байқожаұлы ер Елтай
- •Елтайұлы Ер Адай
- •Аға аманаты
- •Адай шежіресі. (таңбасы жебе).
- •Алты Қосай.
- •Пір Қосай, Би Қосай, Ер Қосай.
- •Бес Есенғұл туралы (≈1609≈1700.)
- •Байболдың Жұлдызы туралы.
- •Байболдың Мәмбетқұлұлы (“Шалбар”) туралы
- •Қосайұлы Бегей туралы
- •Төрт арыс Тіней туралы
- •Қос арыс Бәли туралы
- •Қос арыс Сүйіндік (“Жаманадай”) туралы
- •Байболұлы Есембет ұрпақтары
- •Балабай балалары
- •Ақмырза
- •Жанмырза
- •Рысбайдың екінші баласы- Төлей
- •Женалының екінші баласы Танабай (Төребай)
- •Женалының үшінші баласы- Бесім.
- •Женалының төртінші баласы -Додан (Досалы)
- •Есембеттің екінші баласы: Күсіл
- •Есембеттің үшінші баласы :Құрбан
- •Төлекенің екінші баласы: Сүйірбас
- •Төлекенің үшінші баласы: Шүрен.
- •Құрбанның Бәйбегінің балдары
- •Бәйбектің Кеншімбай, Келімбай ұрпақтары жөнінде мәлімет.
- •Бәйбектің Майлыбайының балалары
- •Бәйбектің Жаулыбайының балдары ең кенжесі.
- •Қожалар
- •Есембет қожасы
- •Бердібек батыр
- •Есембеттен шыққан батырлар
- •Есембеттен шыққан билер
- •Адайдың алпыс батыры
- •Қарқын батыр (1786-1856)
- •Мерген би
- •Тәжік жеріндегі Есембет ағайындар Ботабай, Ботағара, Жанжігіт батырлар
- •Әмудариядан өту
- •Ауғанда болған Есембеттер
- •Есембет Бәйменбет би ұрпақтары жайында
- •Есембет шежіре жыр толғаулары
- •Тарихи тұлғалар
- •Есембет жайсаңдары
- •Оспан ахун
- •Есениязұлы Сейліхан би Есембет-Құрбан-Бәйбек-Әбет-Қожамжар- Есениязұлы-Сейліхан би (1879-1960 жж.)
- •Баймолдаұлы Қали Есембет-Құрбан-Бәйбек-Майлыбай-Құлпейіс-Баймолдаұлы Қали (1880-1895 жж.)
- •Бөкенбай ақсақал
- •Қожалақ Аңшы
- •Ардақтауға лайықты тұлға
- •Кенжаев Әбдір Есембет – Құрбан – Бәйбек – Кемелбай – Әбет – Қожамжар – Кенжекұлы Әбдір (1900-1960 жж.)
- •Қуатбай Прокурор
- •Есембет – Құрбан – Төлеке – Сүйірбас – Жолшы – Сүйінбай – Дәулетұлы Қуатбай
- •Нұрғалиұлы Тобышбай Байбол – Есембет - Құрбан - Бәйбек - Кемелбай - Әнет - Көкей - Қолдас - Нұрғалиұлы Тобышбай (1922-1979 жж.)
- •Сейліханұлы Өтеген
- •Есембет – Құрбан – Бәйбек – Кемелбай – Әбет – Қожамжар – Еснияз – Сейліхан – Өтеген
- •Әбілұлы Ораз
- •Қалиев Әжібай Есембет – Рысбай – Төлей – Женалы – Бесім – Жуабай – Қали – Әжібай
- •Баймолда Қалиұлы Қалмантай Есембет – Құрбан – Бәйбек – Майлыбай – Баймолда – Қалиұлы Қалмантай.
- •Кенжаев Базарбай Есембет – Құрбан – Бәйбек – Кемелбай – Әбет – Қожамжар – Кенжекұлы Базарбай.
- •Қосай – Байбол - Есембет – Құрбан – Бәйбек – Кемелбай - Әнет – Жусанбай – Төлеп – Жалғас.
- •Соцалистік Еңбек Ері Оразғали Әлдібаев
- •Ишанұлы Тұрман
- •Ақмамбетов Байқуан (1926-2008 жж.)
- •Жайбергенұлы Андрей
- •Ибрашев Өтеген Ибрашұлы
- •Реушенұлы Тағыберді
- •Тұрлыбаев Тоғай Алданбайұлы
- •Қарабаев Әби (1946 ж)
- •Қойланұлы Тоқтабай
- •Теміртас Тоқтабайұлы
- •Дәулет Ермекбайұлы( 1851-1931)
- •Даулетұлы Сарыбай (1901-1991)
- •Сарыбайұлы Сүндет (1935-2004 ж)
- •Сарыбайұлы Үмбет
- •Бек Мұхамедұлы
- •Бабакулов Аманкелді (1951 ж.)
- •Дүйсенов Нұр Қаражаұлы (1955 ж)
- •Қарттардан сәлем!
- •70 Сом пенсияның ең төмені
- •40 Жылдан «стаж» асар жиыстырсам
- •Омаров Наурызбайдың шығармасы
- •Армияға алған ағалардың жайынан бір әңгіме құрайын
- •Бердібек батыр
- •Жүндібайұлы Жайбергеннің, Шүренбайқызы Оңаштың, Жайбергенұлы Әндірейдің өмірден озғанын еске алып, ас беру рәсіміне жаңаөзендік жыршы Қармыстың арнауы
- •Алданбай ақсақалға арнау
- •Тоқбергенов Әдіш Алданбай ақсақал қайтыс болғанда балдарына келіп көңіл айтуы 1987 ж.
- •Ардақты әке, аяулы ана
- •Жаңа жылмен құттықтау
- •Өнегелі өрістер
- •Ардақты ана
- •Жалғас Төлеповтың жер-термелері Ер Қосай бабаға арналады
- •«Пір Бекетке арналған терме»
- •Молла Қош мүдәріске және ұрпақтары Базарбайға арналған терме
- •Азаматтар қазақ деген атқа кір келтірмейік
- •Түркістан қаласының он бес ғасырға толғанына арналады
- •Қазақ халқының бас қаласы Астанаға арнау
- •Әбішұлы Назарбаевқа арнау
- •Қосай бабаға зияраттап барғанда
- •Бабаларға арнаймын
- •Бестөбе
- •Бердібек батырдың бейіті қараусыз жатыр
- •«Аржағы асылдан екен ғой»
- •Көз бен шеге (баллада)
- •Маңғыстауда – пір Бекет Ата (поэма) Маңғыстау – пір Бекеттің туған жері...
- •2009 Жылдың 15 қаңтары «Маңғыстау газетінен» алынды. Сұхбаттасқан Бақтыбай Жайлау «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының сол кездегі тілшісі. Арнайылап келдік, Ата!
- •Тегіңді білу тектілік
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Есембеттің шежіреші ұрпақтары
- •Ақтау қаласының Есембеттері
- •Жаңаөзен қаласының Есембеттері
- •Алматы облысының Есембеттері
- •Ақтөбе облысының Есембеттері
- •Жетібайдағы Есембеттер
- •Бейнеудегі Есембеттер
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мазмұны
- •Тегіңді білу тектілік
Адамзаттан тегім бір
...Аталастардың аманатын орындау барысында, осы шежіре жырымды “Адамзаттан тегім бір”-деп, атауды оң оймен қабылдағайсыз.
* * *
Ия, Алла, бұл дастанды жамағатқа,
Жар болып, жеткізе гөр, шафағатқа.
Дастаным ел қажетін өтеп жатса,
Көңілім толар сонда қанағатқа.
Оқырман, тыңдармандар сау-саламат,
Мехнаттан көргей түбі шын рахат.
Иманды муслим болып бұл фәниде,
Бақида орны болғай сегіз жаннат.
Дүние қызыл түлкі қуып жүріп,
Күнәлі болып кейде, көп сүріндік.
Кеңсің ғой, Жаратқаным, кешірегөр,
Жауаптан жаңылыссақ бос күмілжіп.
Ой, сөзде, істе кетсе қателігім,
Ақ жол бер, жасағайсыз мол кешірім.
Шындық ой жыр боп аққай жүрегімнен,
О, Алла, Бір Өзіңе мол сенімім.
* * *
Шежіре, аңыз, тарих – ескі сырым,
Қарттарым айтып өткен шындық бұрын.
Адамзат тегім туыс, түбірім бір,
Жазайын ерлік жолын, елдік жырын.
Аталар тұқым қуып ерлер өткен,
Ақиқат аңыз болып бізге жеткен.
Сізбен біз қалай туыс?-десең, егер,
Баяндап қысқа-нұсқа атап өтем.
Шежіре- Бір Аллаға анық, аян,
Біздерге даналардан жеткен баян.
Жаңылсам,кешір Аллаһ, еттім тәубе,
Түп-тегің туысқан!-деп, елге жаям!
Замандас, оқы, үйрен шежірені,
Шежіре бабалардың өмірі еді.
Үйренсең, өткеніңе ой жіберіп,
Бәрі де анық-айқын көрінеді.
Бұрмалап, теріс тартсаң сөгіледі,
Ұмытсаң, елес-ертек делінеді.
Тегің бір Адам Ата-Хауа Анадан,
Шақадай, бір ағаштан бөлінеді.
Тағдырдың жазғанымен сынғаны бар,
Жасынан, тұқым жаймай, тынғаны бар.
Сынғанға Хақ нәр беріп, қайта көктеп,
Өмірге ізін қайта бұрғаны бар.
Берейін, Елім үшін жемісімді,
Ақиқат, адал жазып, келісімді.
Адамзат таласпалық тегіміз бір,
Тарылтпа, бостан-босқа өрісіңді!
Жаратқан жарылқағай, медет бергей,
Ақиқат періштесі демеп келгей.
Айтушы, үйретуші ұстаздарым,
Шын сөйлеп, шежіреден дерек бергей.
Құпия-кен шежіре сырын қазған,
Алтынды аршығандай құм-тозаңнан.
Ұстазым Өмірзағым сүйенгенім,
Қазақтың шежірелі жырын жазған.
Сыналып, дұрыстығы пайымдалған,
Халқымнан асыл мұрам дайындалған.
Түсінген ұрпағына беріп өткер.
Санасы шежіреге қайымдалған.
Тарихым анықталған шежіреден,
Даналар шежіреден жерімеген.
Мұса мен Сәтхан, Ержан, Төреханнан,
Үлгі алдым, ұрпаққа-сый беріп өтем.
Досеке,Ыбырайым – дариялар,
Шежіре, қазынажай қариялар.
Көңілге қонымдығой шежіресі,
Зерек жан асылдарды тани алған.
Шежіре маған жеткен бабалардан,
Елімде дұрыстығы бағаланған.
Жазбаша шежірені жазу мақсат,
Қолыма жігерленіп қалам алам.
Қазақтан, Елеу, Алаш, Бекарыстан,
Мөңкеден шежірені ел танысқан.
Айтумен, анықтаумен, айғақтаумен,
Ақиқат, шежіре!-деп,мөр басысқан.
Айтылып Алшын, Алау, Құдиярдан,
БАЙ лақап, анықталған, Қадірқожам.
Байқожа, Елтай, Адай, Құдайкеден,
Жалғасып, жеткен маған мол мұрадан.
Қосай, Байбол, Есенғұл, Қонырымнан,
Сырымбет, Киікбайдан қалған мұрам.
Әлжаннан, Санахайдан, Мұратымнан,
Ырысбай атам менің мол ұғынған.
Рейімбай әкем менің айтып өткен,
Шежіре сүрлеу жолы айқын жеткен.
Әкемнен ұлағатты үлгі алдым,
Махсатым, тілім барда айтып өтсем.
Сақтама теріс пікір, көңілде кір,
Мың шақа, шежіреміз – тегіңде бір.
Еділ мен Алтай, Сібір, Келес-мекен,
Атажұрт-ел ерлігі сенімде жүр.
* * *
Атамыз Адам Ата-Сарафиолла,
Жаңылсам, жолға салғай жалғыз Алла.
Нұхыдан, Яфес, Түрік ұрпағымыз,
Бабамнан қалған сөздер құлағымда.
Тербелген анабесік – атамекен,
Тұраным қасиетті, қайырлы екен.
Мың екі жүз жыл бұрын Түркістаннан,
Жазмышы жетім Назар сапар шеккен...
...Арабқа бала болып Басырада,
Күні үшін, сол арабты асыраған.
Күйеу боп, қызын алып ақ некемен,
Ұлды боп, Мәлік атап, айтқан азан.
Мәліктен Әнес атам туылыпты,
Шыққан тек, атажұртын ұғыныпты.
Бірақ та, өз жағдайы сәйкес келмей,
Кенже ұл – Жәбәліне бұйырыпты:
-Мыңдаған сахабалар Мұхаммедке,
Бұл құрмет, Алла сыйы шын үмметке.
Аты да, атасы аттас үш сахаба,
Мен – Әнес Мәлікұлы, түркі текті.
Аманат еткен бізге бабам – Назар,
Сәтімен орындайтын келер заман.
«Ұрпағым оралсын!»-дер, Түркістанға,
«Қосылса елге есен, алаңдаман!»-
-Деп, тілек Назар атам демі бітті,
Менен де, армандаумен өмір өтті.
Жәбәлім, Жебелжаным сен орында,
Алла жар! Аман жеткей, көшің!-депті.
Назардың аманатын орындауда,
Жебелім қоныс басқан Балқантауға.
Жебелден Мағаз, одан – Сахи Жайыл,
Жоғары, көшкен-дейді Маңғыстауға.
Жайылдың орыс қызы әйелінен,
Туылған Естек, Ноғай егізінен.
Қыпшақ қызы әйелінен Қырым және,
Туылған Қараноғай,-дейді білем.
Үшінші қыпшақ қызы болған жұбай,
Туылған Ақшолпан мен ерке Қурай.
Ақшолпан қыпшақ қыздан Ер Қобаны,
Қобаннан Жайылханы, берген Құдай.
Қурай да оғыз қыздан ұлды болған,
Соңғылық, сегіз арыс ер Сейілхан.
Түрікмен халқын құрап біріктіріп,
Түрікменге сегіз ұлын негіз қылған.
Жайылхан ұлдары ғой Майқы, Мүйтен,
Майқыдан Өзбек және Жаһан-«Түмен».
Өзбегім сарттарменен араласып,
Харазым, Бұқараны иеленген.
«Түменнен» Әлмұхаммед, Ер Келемек,
Ел қорғап, екеуі де болған ерек.
Әлмұхаммед-лақабы “Айырқалпақ”,
Білетін қарттарымнан қалған дерек.
«Түменнен» «Айырқалпақ», Келемегім,
«Айырқалпақ» жерленген Күйеу Елін.
Келемек Алтай тобы рулармен,
Бірігіп, негіз еткен Қырғыз елін.
«Айырқалпақ» баласы – Қазақ, Созақ,
Созақтың әуелгі аты – ер Раззақ.
Қазақ хан, ер Раззақ әскер басы,
Днепір жағы жайлап, болған саңлақ.
Қазақ хан заманында түркі текті,
Рулар түрлі дінде – бірлік кетті.
Қазақ хан - «Ислам жол тура жол!»-деп,
Ұстауға Ислам дінін үкім етті.
Туыстар көнгенімен, түркі-ала,
Шариғат, насихаты, сенім-шала.
Сондықтан түркілер де түрлі дінге,
Бөлінген, асқындаған бара-бара.
Қазақ хан ханкеңесте кеңеседі,
Құпия бір шешімге еріседі.
Мұсылман қара киіз қалпақ киіп,
Ғазауат соғысуға келіседі.
Мұсылман кәпірлермен болып жақ-жақ,
Дін үшін, мейлі туыс, шын соғыспақ.
Басталды жойқын соғыс қырық күндей,
Мұсылман әскер басы – ер Раззақ.
Мұсылман-«қарақалпақ» әскер жеңген,
Түркінің көпшілігі дінге көнген.
Бірақ та, ер Раззақ шаһид болып,
Дін Ислам, түркі үшін ер боп өлген.
Билерім кеңес берген Қазақ ханға:
-«Күдік мол алда әлі алаңдарға.
Көшелік атамекен Түркістанға,
Тап болмай кәпір қысар замандарға».
Әскерлер ханға қарсы талап қойды,
Хан, халық-әскер екі тарап болды.
Қос арыс «Қарақалпақ» әскер қалып,
«Ақ қалпақ»-Қазақ елі санатталды.
Бөлініп қалған әскер-«Қарақалпақ»,
Батысқа-Балқан түбек көшін тартқан.
Балқанға барған кезде кіресшілмен,
Исламға қарсы болып одақтасқан.
Соғысып Стамбұлда түріктермен,
Жеңіліп, «Қарақалпақ» үріккен ел.
Қайтадан сырт айналып, Қобан суға,
Босып кеп, «Ноғайлық»боп тыныққан ел...
* * *
Жыр көшін бағытталық Қазақ ханға,
Бағынған түркі өтті-мұсылманға.
Мұсылман халқын бастап, Қазақ ханым,
Жайласқан көшіп келіп, кең Қобанға.
Қазақ хан Қап тауына жорық жасап,
Жеңеді, түркілердің қызын алад.
Бірақ та қайын жұрты қалауымен,
Әйелі жүктілікпен сонда қалад.
Туылған туыстар көп Қап тауында,
Аңыз боп, ел есінде сақталуда.
Қазақтың аты қалып, ал ұрпағы,
Әзірбайжан ұлты боп хатталуда.
Қазақтың Елеуінен екі бала,
Ұрпағы өсуіне болған пана.
Шафағат нұрыменен жарылқаған,
Иманды ұлыс еткен Хақ-Тағала.
Елеуден-Ер Алаш пен Манғыбайы,
Тұсында нұрлы жұлдыз жарқырайды.
Маңғыбай жыл басында халқын сыйлап,
Лақабы-«Наурыз»ғой, басыбайлы.
Ер Алаш ерлік даңқы дүбірлеген,
Ел үшін балуан белі бүгілмеген.
Он мың жау ел шетіне қаптағанда,
Тартынбай қарсы шапқан, кідірмеген.
Алаштың үлкен ұлы – Ақарысы,
Екінші туылған, дер, Жанарысы.
Үшінші Кенже ұлы – Бекарысы,
Үш арыс – үш жүзіме саға, ізі.
Бекарыс, Мөңке биден-Алшын, Кеншін,
Алшыннан-Арғымақ пен Алау ерім.
Алаудан-Құдиярым, «Тентек»лақап,
Шежіре осылай дер берік сенім.
Жаз жайлап, көшін тартқан Орал тауға,
Көктем, күз аяқ-Еділ, Мұңалжарда,
Ал, қыста Қазығұртта, Арал алды,
Харазым, Мағыстауда, Балқантауда.
Мекендеп, Алшын, Кеншін осы күні,
Маңғыстау, Жайық басы – құла түзды.
Еділ мен Торғай, Тобыл аралығын,
Төрт мезгіл еркін көшіп, өмір сүрді.
Үлкені Құдиярдың Сәдірқожа,
Екінші баласы екен Нәдірқожа.
Кенжесі Құдиярдың Қадір түні,
Туылып, аталған, дер, Қадірқожа.
Кіші жүз-нақ жиырма бес ата-тайпа,
Таңбасы-айқастырған екі найза.
Қос найза-Алшын, Кеншін таңбалары,
Ата тек өлеңмен айт, тілім сайра!
Бекарыс, Алшын, Алау, Құдиярдан,
-Қадірқожам шексіз бай, малын жайған.
Сондықтан аталыпты «бай» лақабы,
«Байұлы» он екі ата тұқым жайған.
Қадірқожа ағасы-Сәдірқожа,
Лақабы «Әлімұлы»-алты ата.
Ортаншы «Жетіру»-Нәдірқожа,
Кем айтсам, кешіре гөр, Хақ Тағала.
Байқожа, Қадірқожа-қос «Байұлы»,
Қадірқожа қос ұлы-байлық нұры.
Немере он бір бала, бір кенже ұл,
Бұл күнде он екі ата бар «Байұлы».
* * *
Байқожа балалары-Ата, Қалпақ,
Естай мен Елтай бірге туғаны хақ.
Атадан-Есентемір, Қалпақтан-Таз,
Естайдан-Беріш дейді шежіре хат.
Елтайдан Адай туған, білер халық,
Аңызда шындық бары-айдан анық.
Шахматтың тақтасындай дән өргендей,
Өскен ғой, отырмаған қайран қалып.
Қыдырқожа ұлдары-Қыдырсиық,
Бақсиықпен және де Сұлтансиық.
Шеркеш, Ысық, Асқар мен Масқар, Тана,
Қызылқұрт пен Алаша-бұл «Үш сиық».
Ұрпағы Қыдырсиық-Шенеш, Шеркеш,
Шаһид,-дер, бір соғыста батыр Шенеш.
Шенештің Қосым ұлын қосып бағып,
Бұл күнде бес арыс боп өскен Шеркеш.
Асқар да жастай шаһид, шаңырағын,
Ие боп, Байбақтысы отыратын.
Сондықтан соңғылықты «Байбақты»-деп,
Асқардың бар ұрпағы аталатын.
«Үш сиықтың» анасы-Жанбибі ана,
«Үш Сиықтан» туысқан жеті бала.
Қыдырқожа тоқалы-Ақтотыдан,
Туылыпты Жаппасы-жалғыз бала.
Шеркеш, Ысық, Байбақты, Масқар, Тана,
Қызылқұрт пен Алаша, Жаппас-дара.
Есентемір, Таз, Беріш, Адайыммен,
БАЙҰЛЫ-деп атанған-он екі ата.
* * *
Адайдан-Келінберді-батыр Ақпан,
Елек пен Қобда үшін шаһид болған.
Қосағы-кіші ана Алтын көшіп,
Төркіні Жаппастарға қатар қонған.
Аталып «Алтын-Жаппас», бөлек елім,
БАЙҰЛЫ он үшінші көгеретін.
ТӨРЕЛЕР Төлеңгітпен жиырма сегіз,
«КІШІ ЖҮЗ бірлестігі» деген елім.
Адамзат,... Қазақ,.. “үш жүз” бауырласпыз,
Тіл, Дін, Салт-бірлігімен, қауымдаспыз.
Сұрассақ, құда-жегжат, түбі туыс,
Аталас, қарын бөле, қарындаспыз.
