Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
байбол есембет шежіресі.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.28 Mб
Скачать

Ел біледі, ер Адай киелі!-деп.

Едіге, Ақсақ Темір, Тоқтамыс, Қобыланды, Жәнібек, Керейлердің замандасы, Алтын Орданың бірлігі үшін, Қазақ хандығының құрылуы үшін күрескен мыңдаған ерлеріміздің бірі, Қазқтың қара шаңырағының иесі-Алшын ұрпағы, Байқожа немересі, Елтайұлы Ер Адайдың құрметіне От-Ман таудан кесене салыну сәтіне жыр-шашуымды сыйлаймын. Сабыр Адай бастаған, Еліміз ауызбірлікпен қостаған, игілікті іске, жыр-тасымды қалаймын (Қ.Р).

1–

Ассалаумағалейкум бауырларым,

Бастамаңды жаныммен қабылдадым.

Алла қолдап, От-Манда,сәтті күні,

Тілектес боп, жаныңнан табылғанмын.

2–

Ел біледі, ер Адай киелі !- деп,

Ерлік ісін бағалап, сүйетін көп.

Ар – намыстың үлгісі асыл Адай,

Арқаланып атағын жүретін көп,

3–

Еске алам, ел білер шежірені,

Тілім – маржан , тізбелеп, төгіледі.

Алла берген дарынмен жырлағанда,

Шежіре – дән, жаныңа егіледі.

4–

Қазақ,Елеу,Алаштың Бекарысы,

Мөңке,Алшын,Алаудың арыс ұлы.

Құдиярдан“БАЙ”лақап-Қадырқожа,

Байқожадан Елтайдың барыс ұлы.

5–

Ер Елтайдан жолбарыс Адай атам,

Ерлік даңқы күн-күннен арайланған.

Заманында бақ қонып Қыдыр дарып,

Абыройы артқан!-дер,талайлардан.

6–

Елтай,“Анай”шаһид боп жас шағында,

Адай Тазбенен емшектес “Моншағында”.

Шөберелер туысқан он екісі,

“БАЙҰЛЫлар”бірікті жан-жағында.

7–

Замандасы Тоқтамыс,Темірләңнің,

Аталардан тарихи дерек алдым.

Бір жорықта,Темірләң әскерінде,

Адай асқан Көк шыңын, тауын Қаптың.

8–

Сондықтан да “Адай-Көк”атағын да,

Темір берген Адайға батасында.

“Адай-Көгі”орысша“Адай-Кох”боп,

Жазулы тұр Қапқаздың жотасында.

9–

Алтын Орда ыдырап кетпесін!-деп,

Қобыланды жаулармен кектесті көп.

Ер Адайым жүзбасы Жем бойында,

Жауды жеңіп, бірлікті септесті көп.

10–

Қобыланды Адайды бағалаған,

Алтын жебе сыйменен таңбалаған.

Жебе таңба, жоғары, көкке атылған,

Адай тектік таңбасы содан қалған.

11–

Ер Адайым Жәнібек, Керейлерге,

Айналған-дер, айбарлы ерек ерге.

Тоқсан жаста, мың төрт жүз жетпіс жылы,

Шаһид болған Сауранның іргесінде.

12–

Қос ұлына айтқаны өтерінде:

“Бірлікпенен,ерлікпен көгеріңдер!

Бірлік кетсе араңнан,ұрпақ азар,

Татулықпен,теңдікпен,теңеліңдер.

13–

Берік болың-Тіл,Дін,Діл,Салтымызға,

Имандылық,Сүннә жол шартымыз бар.

Ар-туыңды ислами таза сақтап,

Еңбек еткей ұрпағым халқымызға!..”

14–

Адай атам бірлігін сақтағаймыз,

Зор сенімін,үмітін ақтағаймыз.

Адай атам даңқына лайықтап,

Ұрпақтарды ұятты баптағаймыз.

15–

Сол үшін де,Сауранның іргесінен,

Топырағын бір уыс жер бетінен.

Әкелгейміз От-Манға,тұрпатына,

Алла жар боп жарылқар киесінен.

16–

От-Ман таудан тұрпаты атамыздың,

От шашатын оттығы санамыздың.

Кие тұтып Бірлікке келер жері,

Үлгі көрер ұясы баламыздың

17–

Адай ата, ұрпағың Маңқыстауда,

Жәннат тілеп жаныңа алғыстауда.

Күнә болса кешіргей,жарылқағай,

Алллаһ айтқан көнеміз әр нұсқауға

18–

Аллаһ жар боп, күш құйғай аруағыңа,

Нұр шашқайсың мәңгілік жан-жағыңа.

Мен тілеймін Алладан Адайұрпақ,

Сай боп өскей ұлт жанды талғамыңа.

19–

Ұран оты Адайдың От-Манымда,

Ұрпақ жалғап,айналар отшашуға.

Ұлы бабам ту тіккен ордасында,

Ұлағатты Ұлы Іс жалғасуда.