Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
байбол есембет шежіресі.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.28 Mб
Скачать

Жалғас Төлеповтың жер-термелері Ер Қосай бабаға арналады

Әуелі сөзді бастайын

Мұсылман қауым әулеттен

Үш тақтаға бөлінген

Арап, парсы, түрік пен.

Мұсылман жолын нық ұстап

Аузы бір болып ерлердің

Мәслихатты елдің біріккен

Сонан соңғы бір қауым

Әртүрлі дінге бағынып

Есептен елім жаңылып

Басына түсіп қиындық

Қиналған елім тарығып

Әмірімен Алланың

Пайғамбар болған Мұхамбет

Жүргенде халқым зарығып

Расулы Мұхамбет

Дүниеге келген соң

Дінге халық молықты

Тыңдамаған залымдар

Қаһарына ақтың жолықты

Әнес саһаба өтіпті

Расулы Мұхамбет

Пайғамбар болған кезінде

Әнес саһаба аталып

Құлақ салған сөзіне

Әнестен соң неше әулет

Кезегімен өтіпті

Мұсылман жолын үгіттеп

Тұран жұртын кезіпті

Солардан соңғы әулеттен

Бабамыз өткен Жабалдан

Жабалдан болған қос перзент

Маңғытай Алаш атанды

Жаңылысқан жер болса

Кешірер Алла қатамды

Алаштын болған қос перзент

Ақшолпан мен Мұғырай

Осылардан болған ұрпақтар

Алты алаш болып саналып

Өркені өсіп ел болып

Тұран жұрты жаңарып

Өзбек, ноғай, түркпен

Қарақалпақ, қырғыз, қазақтан

Қара қыпшақ Қобыланды

Орақ Мамай телағыс

Елін қорғап сырт жаудан

Құтылған елім азаптан

Әулие шайқы, көріпкел

Кереметті ерлер көп өтті

Тұран жұртын билеген

ҚожаАхмет Яссауи

Қорасан баба шайқы әулет

Ұрысқан жауын күйреткен.

Мұсылман жолын уағыздап

Тәлім алған Құраннан

Айнымай әділ жол бастап

Мұсылман қауым ұраннан

Алты алаштың біреуі

Үш бала болған қазақтан

Ақарыс пен Бекарыс

Үшіншісі Жанарыс

Жанарыстың әулеті

Алшын-Кеншін атанған

Талабы тасып оңына

Қыдырдан түзде бата алған

Кеншін баба әулеті

Жеті ру болып саналған

Әруақты ерлер көп шығып

Қадалған жерден қан алған

Әруақты Есет бұл өтті

Ортадан ойып жол салған

Асау Барақ бұл өтті

Ерегескен дұшпанның

Кеудесіне қол салған

Қайсыбірін айтайын

Солардан қалған бұл жалған

Алшыннан болған қос перзент

Байұлы Қара кесек еншілесім

Жер суы қатар өскен көршілесім

Жанқожа әруақты әрі батыр

Дұшпаны ерегісте көрген күшін

Атағы алты алашқа мәлім болған

Жалаңтөс Самарқанда баһадүрім

Көтібар ер Есеттей батыр шыққан

Ойлашы заманында қылған ісін

Болғанда Қара кесек он ауылдан

Би шешен батыр палуан ерлер өтіп

Көрсеткен сырт дұшпанға талай күшін

Бай ұлы он екі ата бауырласым

Жер суы қатар өскен қауымдасым

Ішінен неше берен ерлер өткен

Жоқ жері дұшпанына ары кеткен

Оралмен Ақжайықты бойлай көшіп

Үш түбек Маңғыстау мен Еділ-Жайық

Халқымыз бұл жерлерді мекен еткен

Тарихтың көне сүрлеу соқпағымен

Талдайын Байұлыны білгенімнен,

Байұлыдан бел бала

Жетеу болып саналған,

Сол жетіден дүреген

Немерені есептеп

Он екі ата Байұлы

Өсіп-өніп гүлденген

Бірінші мама балдары

Сұлтансыйық ағасы

Бақтысайық арасы

Қыдырсыйық болыпты

Елімнің қорған панасы

Сұлтансыйық баласы

Алаша мен Байбақты

Қызылқұрт пен Масқарым

Бақтысайық баласы

Ысық пенен Шеркешім

Қыдырсыйық баласы

Айбарлы туған Берішім

Тарихтың сөзін зерттеп

Айтайын сөздің келісін

Бабаларды жатқа алып

Тартайын тура желісін.

Екінші мама баласы

Ата менен Қалпақты

Атадан болған бір перзент

Есентемір ер екен

Қалпақ мырза бабадан

Жаппас пенен Тана еді

Танадан болған әулетті

Мама атына аударып

Алшын аты ру деп

Солай деп елім санады.

Үшінші мама балдары

Елтай менен Естайды

Назар салса пірлері

Ақ жолға алла бастайды

Әруақты ердің тұқымы

Түскен мен басқа қиындық

Жауынан қорқып саспайды

Елтай мен Естай екеуі

Бір анадан дүреген

Екеуі де ер болды азуын айға білеген

Әр түрлі кеңес айтады

Тарихты жөнді білмеген

Ғайбат сөз айтып кейбір жан

Халқымды сырттан тілдеген

Таз Естайдан дүреген

Бұлардан да ерлер көп өтті

Көпті көрген көреген

Елтай баба әулеті

Дара туған Адайға

Әруақ жебеп бақ қонып

Атағы кеткен талайға

Келімберді Құдайке

Адайдын екі баласы

Әулие Бекет пір шыққан

Сөзімнің болмас шаласы

Батырлық пенен байлыққа

Ешкімнің болмас таласы

Келекемнің баласы

Алтау екен шамасы

Ақпан мен Құнанорысым,

Айтайын сөздің келісін.

Балықшы мен Жеменей,

Ақылға диқан кемеңгер

Теңізде жүзген кемедей.

Мұңал менен Тобышым

Жайлаған жері белгілі

Жалпақ жатқан ала қыр

Маңғыстау түбек қонысым.

Құдайкенің баласы

Тәзіке мен Қосайым

Жәрдем берсе бір Алла

Әруақтай жосайын

Тәзіке атам баласы

Қабақай, Өтей, Серке

Несібесі ауып елінен

Мекен еткен Оралдан

Әруақты туған ер Қосай

Қыдыр дарып бақ қонып

Заманында ер болған

Батагөй елге атанып

Мал менен басы тең өсіп

Айдында шалқар көл болған

Шамалы қайтып басынан

Ант беріп қара іске

Көңілі жаман жер болған

Әуелгі балдар атағы

Әлдеке, Төлен, Сүйіннен,

Үш ұлдан туған немере

Бердіқожа, Бегалы,

Едіге, Ермек, Кеніштен

Ең кенжесі Қуаныштан

Тоғызы атқа мінгенде

Жібермеген намысты

Әруақты туған ер Қосай

Батагөй елге атанған

Пірлерден тиіп шапағат

Қыдырдан түзде бата алған

Ант беріп тума үшін

Бекерге күйді-ау шаталып

Алпыс жасқа келгенде

Бақыт қайтып басынан

Суға кетіп мал-жаны

Пендесінде не дерек

Бұл Алланың пәрмені

Әмір келсе Алладан

Адамның болмас дәрмені.

Суға кетіп тоғыз ұл

Ер қосай жаман қамықты

Алла ісіне не шара

Қайтарды-ау бастан шабытты.

Ағайын тума зүрият

Қапа болып қайғырып

Көзден жасы ағыпты

Алладан әмір келген күн

Ер Қосайдың мал жанын

Дарияға әкеп тоғытты

Алла ісіне не ылаж

Гүлдей өскен бәйшешек

Бір сағат болмай солыпты

Қорғаймын деп туманы

Ант беріп қара іске

Бәлеге Қосай жолықты.

Батыр Ақпан қайғырып,

Өткізіп істі алған соң

Бір Аллаға налыпты.

Ер Қосай сонда сөйледі.

Қара арманнан айырылып

Көлдей болды көз жасым

Абырай берсе бір Алла

Тағы шығар бұл шашым

Жер ортадан ауыпты

Алпысқа келіп бұл жасым

Кәміл пірім болып жар

Көрмеспе екен көз жасым.

Ер Қосай аққа жалынды

Қайтарма бастан бағымды

Қайта оралып бақыт құс

Сындырма Алла бағымды.

Тілегін тілеп Қосайдың

Қолдап жүрген кәміл пір

Тағат таппай сабылды

Қолдаушы кәміл пірі бар

Әруақты туған ер Қосай

Ерлердің еді біреуі

Омар, Оспан төрт шадияр

Әбубәкір, Сыдық, Әлішер,

Бұл мұсылман елдің тіреуі

Оспаннан болған бір тұқым

Ата атты бір ғалым

Түрікпен елге келеді

Имам болып сол елге

Мұсылман жолын уағыздап

Түрікпен еліне сіңіпті

Атадан болған әулеттен

Зайыры күшті әулие

Керемет ерлер көп шыққан

Соның бірі Беглі ишан

Ер Қосайдын досы екен

Тегіс өскен мал жаны

Төрт түлік малда есеп жоқ

Көңілі әбден қош екен

Күндердің күні болғанда

Қосайға бәле келгенін

Естілді алыс хабардан

Өтірік шынын біле алмай

Көңілі жаман қабарған

Рас болып жаманат

Елге тегіс тараған

Жақсы жаман болса да

Барлығы бір Алладан.

Ер Қосай жаман күйінді

Екі көзден айрылып

Ер Қосайдың басына

Мүсәпірлік білінді

Бәлеге Қосай ұрынды,

Қарық болып мал жаны,

Дүниеден Қосай түңілді.

Осындай қайғы үстінде

Кім көтерер көңілді

Ер Қосай батыр заманда

Ел халқы тегіс аманда

Досы болған қосайдың

Сегіз арыс Сейілхан

Ата атты әулеттен

Белгілі Ишан атты көріпкел

Дос болған екен жасынан

Хабарын естіп досының

Бір мезгіл тағат таба алмай

Көзінің жасы жосыған

Қайтіп тағат ете алсын.

Қияметтік жан досының,

Қарық болған мал жаны

Естілді хабар тосынан.

Алты ай өтіп арадан

Хабар тиді досына

Беглі Ишан жолға жиналар

Жолдасын ертіп қасына

Күн түн демей жол жүріп

Қадамды қойды асыға

Бірнеше күн жол жүріп

Беглі ишан келді досына

Адай менен Түрікпен

Қапа болып қайғырды

Бірігіп бәрі қосыла

Қайғырып Қосай қор болып

Құшақтады досын асыла

Қайғырып Адай әулеті

Әмірінен Алланың

Келгесін ісі нәубеттің

Қайырын тілей досы айтты

Жастай кеткен сәбидің

Болғай деп жані жәннатта

Қапаланып Қосай қайғырды

Күндіз түні жылаумен

Ақ шел қаптап екі көз

Әруақты туған ер Қосай

Қос шырақтан айырылды

Білімді білгір Беглі ишан

Туғаннан бар ет зайыры

Жеті жылдық тумаған

Ту биені сойыңдар

Іш майымен емдесем

Тиер деген қайыры.

Жеті жылдық ту бие

Әкелініп сойылды.

Ем жасауға талап қып

Беглі Ишан бұрды мойынды.

Майменен көзді сылаған

Әруаққа сыйынып

Шыбын жанын қыйнаған

Арада аз күн өткенде

Ем уақыты біткенде

Шарбыны алып қараса

Іс болған екен тамаша.

Қосайдың көзі ашылып

Қуанды жұрты балаша

Сәтін салса бір істің

Ем болады дейді сәл нәрсе

Алласы оны қаласа

Қосайдың көзі ашылып

Ағайын тума зүрият

Садақа етті асығып

Риза болып Бегліге

Тумалар жүрді масығып

Көрмей қалған екі көз

Қайта келіп қалпына

Дариядай Қосай тасыды.

Берейін десе пендеге,

Ертесі не, кеші не

Ер Қосай аққа сыйынды

Пірлері түсіп есіне.

Беглі Ишан түнде түс көріп

Айжамалға күйеу деп

Хабар берді пірлері

Ертеңгі күн кешінде

Ақылдасып жолдасқа,

Айжамалды қосам деп.

Беглі Ишан келді шешімге.

Алты ұлының артынан

Айжамал атты бір қызы

Бойжетіп өскен көсіле

Қияметтік досының

Мал-жаны тегіс кеткесін

Ер Қосайдың басына

Қиыншылық жеткесін

Хабар беріп пірлері

Түсіне еніп өткесін

Шын достықтың белгісі

Айжамалды берем деп

Әуелден қыдыр дарыған

Ер Қосайға сенем деп

Батасын берді Беглі Ишан

Ер Қосайдай досымнан

Қол үзіп қалай кетем деп

Жолдасымен жиналып

Еліне қайтып жүреді.

Өз еліне танымал,

Бұл да айтулы ер еді.

Жақсылық етсем досыма,

Дұшпаным не деп күледі.

Достығыңды ақта деп

Пірлерім түске енеді.

Қосайды ертіп қасына

Ер Қосай күйеу әрі дос

Мұңал мен Тобыш екеуі

Ер Қосайға ереді.

Еліне аман барған соң,

Сауын айтып халқына

Ұлы жиын той қылып,

Той қылса да мол қылып

Айжамалдың некесін

Ақ бұйрығы Алланың

Уақыт болды кесетін.

Мал берді ишан төрт түлік

Қазақ пенен түрікпен

Араластау сол заман.

Кеуліде қалмай еш ілік.

Араласқан әуелден

Алты алаштың елі едік.

Жақсыларға еп едік

Қарсылық еткен дұшпанға

Алдында биік бел едік.

Ер Қосай елге келеді

Ұлы жиын той етіп.

Патия алып қарттардан

Ақ бөкендай желеді.

Айжамал атты анадан

Бақыт беріп бір құдай

Алты перзент көреді.

Бірінші құрсақ көтерген

Бай болсын деп ырым қып,

Байбол атын береді.

Екіншісі Тінейім

Байболдың болған сүйеуі.

Әйтей, Бегей қос перзент,

Бұл ер Қосайдың түлегі.

Және де Бәли менен Сүйіндігім,

Бақ беріп Ер Қосайға Бақыт кенеп

Басынан алды-ау Алла қиыныдғын.

Алты Қосай болған соң,

Кәмелетке жасы толған соң

Келін алып қызықтап

Ер Қосайдай бабамның

Әруағы асады.

Алты бала алты ауыл

Ел болды Қосай бір қауым.

Ерлері шығып ішінен

Келтірмей сырттан бір жауын

Алла оңғарып талапты

Ер Қосай билік айтады

Үстіне киіп жәннатты.

Назар салып пірлері

Оң еткен екен талапты.

Дүрілдеп өсіп мал-жаны

Бәйгеге жүйрік жаратты.

Әйтей, Бегей, Сүйіндік

Еншілес болып үшеуі

Алла беріп абырой

Бұл Ер Қосайдың түлегі.

Байбол, Бәли, Тінейім,

Бақыт қоныс басына

Мал, перзент өсті, түледі.

Достары сырттан сүйініп,

Дұшпанның іші күйеді.

Арадан жылдар өткесін,

Ер Қосайдың басынан

Қиыншылық кеткесін

Ғайып ерен қырық шілтен

Пірлері жәрдем еткесін.

Жасы толып үлкейіп,

Сексен жеті жасында

Қатын бала қара орман

Ер Қосай елмен қоштасты.

Тілек етті бір күні

Айжамал ана бастасы:

Мен түрікпен, сен адай

Ойладым бір зат бұл қалай

Қосылғалы екеуміз

Замандар өтті бірталай

Жұптасқалы екеуміз

Дүниенің дүзіне

Перзенттелді бірталай

Менің де елім аталсын

Екеуден болған ұрпақтар

Беглі ишаннан бата алсын

Бір тілегім осы еді.

Адайға қосып перзентке

Түрікпен аты аталсын.

Ер Қосай сонда сөйлейді

Сөйлегенде бүй дейді:

Айжамал атты сұлуым

Қабыл етттім тілекті

Қосылғалы екеуміз

Бір жерге қойдық ниетті.

Абырой беріп бір Алла

Алты перзент дүрепті.

Бізден болған ұрпақтар

Келешекте «ру» болып айтылып

«Түрікпен адай» болсын деп,

Бір алладан тілепті.

Қабы болып тілегі

Ер Қосайдың ұрпағы

Ақ сұңқар құстай түлепті

Содан бергі заманда

Түрікпен адай ру боп

Ұрпақ өсіп көбейіп

Алды арты елдің кеңейіп

Өскен жері Қосайдың

Қазақтан бері санасаң

Жиырма екі ата болыпты.

Пірлерден тиіп шапағат,

Толысып елім толықты.

Қосайдан бері санасаң

Бес ғасырдың шамасы

Өркендей өскен ер Қосай

Қабыл болып тобасы

Тарихтың сүрлеу соқпағы

Осылай шығар шамасы.

Нанымды жүрген пендеге

Қыдырдың тиер батасы.

Кешіріңдер әлеумет

Сөзімнің болса қатасы.

Көңілге олқы болғанмен

Себебімен Қосайдың

Он екі ата Байұлы

Айтылды арғы атасы.

Көңілі жүйрік, ойы алғыр,

Қалнияздан қалған сөз

Шын тарихты дәлелдеп

Айтылатын келді кез.

Құлақ салып сөйлетсең

Бұрмаланып шын тарих.

Айтылып жүр жалған сөз.

Қалнияз атам тарихы

Дәлелдейін анығын.

Алты Қосай ағасы

Байбол екен шамасы.

Байболдан болған төрт бала

Есенғұл мен Есембет

Мәмбетқұл мен Жұлдызды.

Маңдайдағы жұлдызы

Мәмбетқұл Шалбар атанып

Қыдырдан түзде бата алып

Мәмбетқұлдың баласы

Бесеу екен шамасы.

Тоқтамыс пен Тоқпанбет

Арыстан, Балтай, Елқонды

Жайлаған жерін айтайын

Тайсойған бүйрек кеңдөңді

Парасатты ерлер көп шығып

Халқының көші жөнделді

Ішінен ерлер көп шығып,

Талпынып жүрек желдетті.

Еересгіскен дұшпанға

Салған екен шеңгелді

Арғы жағы Ақжайық

Бергі жағы Маңғыстау

Мекен етті сол жерді

Халқымыз сөйтіп жерленді

Балтай, Шалбар ұрпағы

Қалнияз атам қадірлі.

Патшадан естіп пәрмендеіы

Басына түсіп қиындық

Басқа бір елде сенделді.

Алла салса басына

Пендесі сүйтіп көнгенді

Мың тоғыз жүз он төртінші жылында

Тоқсан алты жасында

Қорған деген елінде «Себіс ибан сандақ» жерінде (Тәжікстан республикасы)

Қазасы жетіп өлгенді

Одан туған Қортанда

Тарихтың сөзін зерттеп

Кешеге шейін жүрді ортамда.

Солардан қалған бір тарих,

Көлденең сөз көбейіп

Шындық сөз қалды бұл қарып.

Тарихты шындап қолға алып

Ортадан ойып жол салып

Көміліп қалған көне сөз,

Көрінсін деп бір жарық.

Жыр алыбы емеспін

Қиыстырар қинынан.

Қарттардың сөзін тыңдадым

Құр қалғам жоқ ұйымнан.

Жарыққа шығар көне сөз

Жолдаушы баба аруақ

Назар салса егер де

Кәміл пірім сыйынған.

Қалнияз жазба тарихы

Ұрпағында қалыпты

Дәлелденген тарихты

Қортан жырау анықты.

Суырып салма төкпе ахун

Жыр алыбы атанып

Үстіне жиған халықты.

Сексен екі жасында

Елу екінші жылында

Белгілі елге әуелден

Теректі ата әулие

Мазарында қалыпты.

Зерттеліп көне сөз

Түсіріп ойға өткенді

Төлепұлы Жалғасбай

Терме ғып мұны жазыпты.

1994 жыл.

*** *** ***

Сүгір жыраудың 100 жылдығына арналады

Әуелі сөзді бастайын

Ата қоныс Маңғыстау

Жалпақ жатқан Адайға

Амандықты білдіріп

Сәлемімді жолдайын.

Әулие шайқы пір шыққан

Сақи мен шешен, би шыққан

Жырға қосып халқымды

Біразырақ толғайын.

Ертедегі заманда

Жалпақ жатқан ала қыр.

Малға қоныс болған жер

Шалқыған дәулет мол бітіп

Өріске сыймай малдары

Жегендері жал-жая

Қызығын жұртым көрген жер

Қайырлы қоныс озалдан

Өсіп-өніп ел болып

Ерлерім өтті сазарған.

Мәрттіктің белгісі

Қаптап тұрған жауына

Жалғыз шауып ат қойып

Қорықпай қарсы ажалдан.

Бұл күндері болғанда

Бақыл болған әулие

Ас беріліп басына

Халықтың көңілі тазарған.

Әулие Бекет пір шыққан

Әруақты туған ер шыққан.

Қыдыр жүрген сар дала

Жерінен байлық кен шыққан.

Көз алартқан дұшпаны

Жон таба алмай тұншыққан.

Тарихтың сүрлеу соқпағы

Осылай етіп жазады.

Бабасы пірі сондай ел

Әуелден нәсіл тозады.

Әділ халық Адай деп

Көршілес өскен қатар ел

Мақтан еткен бабаны.

Осы күні байқасақ

Ас берілу өткенге

Үш жүзге тегіс тарады.

Өткендерді еске алып

Дүбірлі жиын той еткен

Қазақ атты халқымның

Құтты болғай қадамы

Өткен ата әруақ

Ас беріліп басына

Қатым құран шығарып

Орындалған осы күн

Бабалардың арманы.

Бақыл болған әулие

Қолға алынып тазадан

Әшекейлі күмбез қалану

Бұл Алланың пәрмені.

Алладан әмір болмаса

Адамның болмас дәрмені.

Ақын Нұрым, Кенже Ақтан

Сәттіғұл, шайыр Қашаған.

Аралбай, Сүгір, Қалнияз,

Бұл Адайдың білгір саңлағы.

Жақсы тілек жарты ырыс

Жер жерге тегіс тарады

Ас берілу сүгір бабаға

Жалынды сәлем ойға алып

Қадамды қойдық біздерде

Жақсы ниет еніп санаға

Бір екі сөз жаздым

Өткендерді еске алып

Сыйынып жаппар Аллаға

Елу жыл елде сайраған

Ортағға түссе аршындай

Тоты құстай жайнаған

Ағысы қатты дарияның

Тереңіне түсіп бойлаған

Жал мен жая шекер бал

Дәуірі жүрген шағында

Аузына салып шайнаған

Мерекелі жерлерге

Келді деп Сүгір естілсе

Бай мен балпаң мырзалар,

Керме қас шандоз сұлулар

Күндік жерден қаламағн

Бегендік ұлы Сүгірдің

Сегіз арыс сар адай

Ақындығын дәріптеп

Зейінін салып тыңдаған

Жатырмысың марқасқам

Елу жыл елде әндеткен

Құтты болып қадамың

Жаның болғай жаннатта

Адам ата, Хауа ана

Жаралғалы адам боп,

Қара жердің қойынына

Баратын жері нәубеттен

Зиярат етіп басына

Оқытып құран отырмыз

Балалар салған әуетпен

Шығыстан сәлем жолдады

Түркістанда Қожа Ахмет.

Палуан ата Сеит Ахмет

Атақты пір Арыстанбаб

Қорасан баба шайқы әулие

Барлығы сәлем жолдады

Отырар, Сайрам, Қазығұрт,

Сыр сұлуды жайлаған,

Үлкен аға, кіші іні.

Қоғамдас болған қалың жұрт

Құтты болсын халқым, мерекең!

Маңғыстаудың ойында

Үш жүз алпыс екі әулие

Орын тепкен жер екен

Батыр мен ділмәр көп шыққан

Сақи мен шешен ер өткен

Әулие Бекет пір өткен

Тәжім етіп басына

Адай деген ел едік

Сыйынып пірге күнелткен

Ерлерім өтті айбарлы

Ерегіс болған жерлерде

Ұрысқан жауы тәубе еткен

Осы күні байқасаң

Оңғарылып заманым

Мұсылман жолын қуаттап

Шайқылардың басына

Оқылды құран шәрияттан

Бұрынғыны еске алып,

Шашу шашып жырменен

Бір азырақ толғайын

Кетпейін асып әдептен

Өткендерді еске алып

Ойға алып Сүгір бабаны

Жазылды терме ретіменен

Адай адай болғалы

Халқымызды қадірлеп

Биі мен шешен, мырзасын

Жырға қосып дәріптеп

Бар екен әдет әуелден

Сахара жаткан маңғыстау

Байлығы асқан күрделі

Оразмағанбеттей ғұламам

Бір ғасыр бұрын зерттеп

Жер қыртысын аңғарып

Байлықтың барын білгелі

Бұл күндері байқасаң

Үш ананың баласы

Қоян қолтық аралас

Бір-біріне бөтен көрші еді.

Тереңнен тесіп олжа алған

Біздің професор, науктер

Ақылға диқан зерделі,

Ілім алып тарихтан.

Араласып жер жүзі

Орындалып ойдағы

Оқымысты ғалымдар,

Құлашты кеңнен сермеді

Әуелден қыдыр дарыған

Уызында жарыған

Тілеген медет Алладан

Қазақ деген ел еді.

Еске алып өткен бабаны

Қатым құран шығарып

Жақсы ниет ойға алды

Қазақтың байтақ көлемі.

Бата менен ер деген,

Жауын менен жер деген,

Аяқты шалыс баспаған

Мақсатқа жетер көздеген.

Бір ғасырдың шамасы

Ас беріліп өткенге

Мұндай қызық думанды

Кейінгі буын көрмеген

Дербестік тиіп басыма

Хандығым келіп қолыма

Аузы бір болып ерлердің

Халқым алға өрлеген.

Жатырмысың тарланып

Ақталып ғұмыр еңбегің.

Орындалып арманың

Тіршіліктің күнінде

Ақ орданың ішінде

Сұхбат құрып жақсымен

Құлашты кеңнен сермедің

Алқалы топта айтыста

Сөз мәнерін келтіріп

Алдыңа жанды салмадың

Халыққа мәшһұр бұл күнде

Дәуірің жүрген кезінде

Сәтекең шайыр Қашаған

Атақты саңлақ жүйрікке

Біліміңді ескертіп

Бұғанда қолқа салғаның

Даналығың білініп

Құранан кәдіс келтіріп

Мерекелі жерлерде

Жаңылыс болмай сөзіңде

Жоғары ұшып самғадың

Пақыт беріп бір Алла

Ас беріліп басыңа

Мереке, жиын, той еткен

Ағайын, тума, зүрият

Артыңнан өскен ұрпағың

Бір екі сөз жаздым

Еске алып сүгір бабаны

Кәтесі болса кешірің

Алқалаған әлеумет

Тілімнің жетпей қалғанын.

Бұл термені Сүгір бабаның жүз жылдығын арнап жаздым. Мұны сол жиында оқылсын деп үміт етіп едім, әртүрлі себептермен оған барудың реті келмеді. Сонда да қол үшін беретін азаматтар табылса (уақыты келгенде) жарыққа шығар кітапқа жазылар деген үміттемін.

Төлепұлы Жалғас 1998 ж.