- •Кенже бөкенбаев Байбол Есембет шежіресі Ер Қосай
- •Автордан
- •Адамзат,... Алаш,... Алшындар
- •Болғанда әкем – Елтай, шешем – Анай!
- •Аруақты атам ер Адай Елтайұлы
- •Алашты ардақтаймыз!
- •Қолдап қолды қойған күн, қасиетті Қадір түн
- •Құрметті жамағат!
- •Ел біледі, ер Адай киелі!-деп.
- •Адамзаттан тегім бір
- •Байқожаұлы ер Елтай
- •Елтайұлы Ер Адай
- •Аға аманаты
- •Адай шежіресі. (таңбасы жебе).
- •Алты Қосай.
- •Пір Қосай, Би Қосай, Ер Қосай.
- •Бес Есенғұл туралы (≈1609≈1700.)
- •Байболдың Жұлдызы туралы.
- •Байболдың Мәмбетқұлұлы (“Шалбар”) туралы
- •Қосайұлы Бегей туралы
- •Төрт арыс Тіней туралы
- •Қос арыс Бәли туралы
- •Қос арыс Сүйіндік (“Жаманадай”) туралы
- •Байболұлы Есембет ұрпақтары
- •Балабай балалары
- •Ақмырза
- •Жанмырза
- •Рысбайдың екінші баласы- Төлей
- •Женалының екінші баласы Танабай (Төребай)
- •Женалының үшінші баласы- Бесім.
- •Женалының төртінші баласы -Додан (Досалы)
- •Есембеттің екінші баласы: Күсіл
- •Есембеттің үшінші баласы :Құрбан
- •Төлекенің екінші баласы: Сүйірбас
- •Төлекенің үшінші баласы: Шүрен.
- •Құрбанның Бәйбегінің балдары
- •Бәйбектің Кеншімбай, Келімбай ұрпақтары жөнінде мәлімет.
- •Бәйбектің Майлыбайының балалары
- •Бәйбектің Жаулыбайының балдары ең кенжесі.
- •Қожалар
- •Есембет қожасы
- •Бердібек батыр
- •Есембеттен шыққан батырлар
- •Есембеттен шыққан билер
- •Адайдың алпыс батыры
- •Қарқын батыр (1786-1856)
- •Мерген би
- •Тәжік жеріндегі Есембет ағайындар Ботабай, Ботағара, Жанжігіт батырлар
- •Әмудариядан өту
- •Ауғанда болған Есембеттер
- •Есембет Бәйменбет би ұрпақтары жайында
- •Есембет шежіре жыр толғаулары
- •Тарихи тұлғалар
- •Есембет жайсаңдары
- •Оспан ахун
- •Есениязұлы Сейліхан би Есембет-Құрбан-Бәйбек-Әбет-Қожамжар- Есениязұлы-Сейліхан би (1879-1960 жж.)
- •Баймолдаұлы Қали Есембет-Құрбан-Бәйбек-Майлыбай-Құлпейіс-Баймолдаұлы Қали (1880-1895 жж.)
- •Бөкенбай ақсақал
- •Қожалақ Аңшы
- •Ардақтауға лайықты тұлға
- •Кенжаев Әбдір Есембет – Құрбан – Бәйбек – Кемелбай – Әбет – Қожамжар – Кенжекұлы Әбдір (1900-1960 жж.)
- •Қуатбай Прокурор
- •Есембет – Құрбан – Төлеке – Сүйірбас – Жолшы – Сүйінбай – Дәулетұлы Қуатбай
- •Нұрғалиұлы Тобышбай Байбол – Есембет - Құрбан - Бәйбек - Кемелбай - Әнет - Көкей - Қолдас - Нұрғалиұлы Тобышбай (1922-1979 жж.)
- •Сейліханұлы Өтеген
- •Есембет – Құрбан – Бәйбек – Кемелбай – Әбет – Қожамжар – Еснияз – Сейліхан – Өтеген
- •Әбілұлы Ораз
- •Қалиев Әжібай Есембет – Рысбай – Төлей – Женалы – Бесім – Жуабай – Қали – Әжібай
- •Баймолда Қалиұлы Қалмантай Есембет – Құрбан – Бәйбек – Майлыбай – Баймолда – Қалиұлы Қалмантай.
- •Кенжаев Базарбай Есембет – Құрбан – Бәйбек – Кемелбай – Әбет – Қожамжар – Кенжекұлы Базарбай.
- •Қосай – Байбол - Есембет – Құрбан – Бәйбек – Кемелбай - Әнет – Жусанбай – Төлеп – Жалғас.
- •Соцалистік Еңбек Ері Оразғали Әлдібаев
- •Ишанұлы Тұрман
- •Ақмамбетов Байқуан (1926-2008 жж.)
- •Жайбергенұлы Андрей
- •Ибрашев Өтеген Ибрашұлы
- •Реушенұлы Тағыберді
- •Тұрлыбаев Тоғай Алданбайұлы
- •Қарабаев Әби (1946 ж)
- •Қойланұлы Тоқтабай
- •Теміртас Тоқтабайұлы
- •Дәулет Ермекбайұлы( 1851-1931)
- •Даулетұлы Сарыбай (1901-1991)
- •Сарыбайұлы Сүндет (1935-2004 ж)
- •Сарыбайұлы Үмбет
- •Бек Мұхамедұлы
- •Бабакулов Аманкелді (1951 ж.)
- •Дүйсенов Нұр Қаражаұлы (1955 ж)
- •Қарттардан сәлем!
- •70 Сом пенсияның ең төмені
- •40 Жылдан «стаж» асар жиыстырсам
- •Омаров Наурызбайдың шығармасы
- •Армияға алған ағалардың жайынан бір әңгіме құрайын
- •Бердібек батыр
- •Жүндібайұлы Жайбергеннің, Шүренбайқызы Оңаштың, Жайбергенұлы Әндірейдің өмірден озғанын еске алып, ас беру рәсіміне жаңаөзендік жыршы Қармыстың арнауы
- •Алданбай ақсақалға арнау
- •Тоқбергенов Әдіш Алданбай ақсақал қайтыс болғанда балдарына келіп көңіл айтуы 1987 ж.
- •Ардақты әке, аяулы ана
- •Жаңа жылмен құттықтау
- •Өнегелі өрістер
- •Ардақты ана
- •Жалғас Төлеповтың жер-термелері Ер Қосай бабаға арналады
- •«Пір Бекетке арналған терме»
- •Молла Қош мүдәріске және ұрпақтары Базарбайға арналған терме
- •Азаматтар қазақ деген атқа кір келтірмейік
- •Түркістан қаласының он бес ғасырға толғанына арналады
- •Қазақ халқының бас қаласы Астанаға арнау
- •Әбішұлы Назарбаевқа арнау
- •Қосай бабаға зияраттап барғанда
- •Бабаларға арнаймын
- •Бестөбе
- •Бердібек батырдың бейіті қараусыз жатыр
- •«Аржағы асылдан екен ғой»
- •Көз бен шеге (баллада)
- •Маңғыстауда – пір Бекет Ата (поэма) Маңғыстау – пір Бекеттің туған жері...
- •2009 Жылдың 15 қаңтары «Маңғыстау газетінен» алынды. Сұхбаттасқан Бақтыбай Жайлау «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының сол кездегі тілшісі. Арнайылап келдік, Ата!
- •Тегіңді білу тектілік
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Есембеттің шежіреші ұрпақтары
- •Ақтау қаласының Есембеттері
- •Жаңаөзен қаласының Есембеттері
- •Алматы облысының Есембеттері
- •Ақтөбе облысының Есембеттері
- •Жетібайдағы Есембеттер
- •Бейнеудегі Есембеттер
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мазмұны
- •Тегіңді білу тектілік
Қарттардан сәлем!
Ал Тәке! Сәлем барды біздей қарттан
Еңбектің жастайынан дәмін татқан
Аман ба бала-шаға семьяңыз?
Жақсы ма саулығыңыз әрбір жақтан.
Атандың ел қамқоры ағасындай
Қарттарға несібе сыйлап шамасындай
Тұтқасы берекенің Сіз боп тұрсыз
Ескеріп бөбекті де баласынбай
Істедім он екімде бала кезден
Еңбектің,қиындықтың дәмін сезгем
Кешегі ауыр күндер,соғыс кезі
Жоқшылық,жас шыбықтай бойды езген.
Жұмысқа,күн көруге ерте түсіп
Тұрса да қарлы боран,суық қысып
Қырық жамау,аяқ киім,бүтіні жоқ
Жабысқан шұлғау қатып,аяқ үсіп.
Кран жоқ,ол кездері,суға тапшы
Ішеміз табылғанын ,болса да «ащы»
Граммдап еңбегіңе дән береді
Жетпейді, молдау берсе,олда жақсы
Өткердім осылайша бала кезді
Зардабын қартайған соң дене сезді
Бел ауру ,аяқ қақсау,өкпе алқынып
Жасаурап,мұнар тартып екі көзді
Ал енді песияға әрекет бар
Боп тұрмын көбейтудің жолына зар
Айлықтар кеміп кетті,маңдымайтын
Саулыққа байланысты соңғы жылдар.
Тіледік жас кездерде бейнеттерді
Ұйықтасақ,ауырлығын жан сезбеді
Шаш ағарып,тіс кетті,күште кетті
Жатуға пенсиямен кезге жетті.
Ал Тәке! Сізге ниет жолығарға
Боп тұрмын сенімсіздеу соңғыларға
Пенсияға сенетін күнге жеттік
Азырақ дамытудың жолы барма.
70 Сом пенсияның ең төмені
Осыдан арттыруға барма жөні
40 Жылдан «стаж» асар жиыстырсам
Процент,қосымшаның, бола ма «емі»
Ал Тәке!Сәлем бере барғаныма
Айыптау көрмесеңіз салмағыма
Ойланып өлең жаздым,ынтық болып
Бір жәрдем тигізіп алмағыма
Шал болдым.Қайрат кетті,күшім құрып
Жатырмыз жаңалыққа құлақ түріп
Бес,он сом дамытуға ақыл қосып
Берсеңіз,жол жобасын түсіндіріп.
Айлық аз,жұмыс жеңіл,соңғы кезде
Шама жоқ,бұйырмайды онан өзге
Он жыл ма,он бес жыл ма,бес жыл таңдау
Көбейту пенсияны соңғы сөзде
Осымен қысқартамын сәлемімді
Айтпаймын документ жинау әлегімді
Қош сау бол,көпшіліктің менде бірі
Етерсіз қамтамасыз – бар еліңді.
26.03.1990
Ерсары Мырзабаев
Омаров Наурызбайдың шығармасы
Жазайын бисмилла деп сөздің басын,
Тыңдасаңыз үлкен кіші құрбыласым.
Жарандар құлақ салып тыңдасаңыз,
Жазамын өткен істің оқиғасын.
Қолыма жазу үшін алдым қалам,
Жаныма жәрдем болсын ақты қалам.
Кеңесін өткендердің жазайын мен,
Тыңдаңдар үлкен-кіші шахизадам.
Жолбасшы жол көрсетер аға өтті,
Алладан бұйрық келіп ажал жетті.
Айырылып жол көрсетер мен ағадан,
Қиын іс басқа түсіп есім кетті.
Келемін сонан бері қайғы басып,
Санасам талай-талай жылдар өтті.
Жетіліп он жетімде іс бастаған.
Бұрынғы балалықты ол тастаған.
Он жылдай читовод болып ел аралап,
Көңілге еш жамандық бұл қоспаған.
Он жылдан он бір жылға қарағанда,
Өте алмай қалған сонда бір жасхадам.
Ағайлар айтып айтпай не қылайын,
Артық еді қатарында бұл басқадан.
Аға еді асыл туған ақыл берер,
Қор болсам жан бар ма мені көрер.
Айрылды сөйтіп Наурыз ағасынан,
Аға деп енді кімнің ізіне ерер.
Он жылдай абырой алдың үкіметтен,
Бір күні жаңылыс шықты документің.
Білмеймін құдайдан ба, адамнан ба,
Жаңылып есебіңнен миың кеткен.
Үкеңнен қанша абырой алғанменен,
Осы жерде ағажан сыйың кеткен.
Аударған ақ қағаздан қате шығып,
Тез ара үкіметтен ажал жеткен.
Іні-қарындас ізде қалдық қатын бала,
Ішпей-жемей ағажан шектің жала.
Жолбасшы алдымдағы Сен кеткен соң,
Болды ғой үйдің іші құла дала.
Көзіме жастар келер сені ойласам,
Ішіме толар қайғы той тойласам.
Келермісің ағажан енді қайтып,
Жетер ме даусым ойбайлаам.
Қалдық біз іні-шеше, қарындасың,
Құриды сені ойласам жарым жасым.
Бұрынғы күндер жоқ қой енді бізге,
Қалды ғой бір бәлеге қайран басым.
Көзіме қатар құрбың көрінгенде,
Бойыма тарамады ішкен асым.
Өткенің көз алдымда елестеген,
Не дейін алла ісіне бауырласым.
Тағы да мұнан бетер қайғы шектім,
Қарындас артта қалған ауырғасын.
Бұрынғы өткеннен соң бастан дәуір,
Сорлы қыз болмады ғой тіпті тәуір.
Әрбір іс еске түсіп қапа болып,
Өткесін алдындағы қайран бауыр.
Жүрекке ат басындай қайғы толған,
Сылаңдап бойжеткенде қайран апа.
Мысалы, бір жұлынған гүлдей солған,
Көтеріп ептеп басын жүре алмаған.
Ауырып тіпті тұрмай жатып алды,
Бұйрығы жеткеннен соң бір алладан.
Тұра алмай бұл ауырып көп жыл жатты,
Бұл ауру қайғы қабат жанға батты.
Қор болып есіл апа тұра алмай,
Қайғымен талай-талай таңдар атты.
Дүние бастан өтіп келде жатсың,
Біздерге көзқарасың болып қатты.
Қор болдық айырылғасын жолбасшыдан,
Қайғымен талай рет күндер батты.
Біткесін аға жылы кетті әйелі,
Болмады ұзақ жүріп көп баяны.
Сөзіне көптің айтқан құлақ аспай,
Көздеуге кетті тағы бір саяны.
Айтқанмен көптің сөзі жарамастан,
Тағы да табылар деп сондай біреу.
Бөлініп үйден шығып тұра қашқан,
Ағадан ақыл алмай қалдым жастан.
Үйреткен ақылына құлақ аспай,
Тамақ, киім барлығы табылғасын.
Кемшілік түспеген соң жүрдім саспай,
Ағадан хәм жеңгеден айырылғасын.
Істеуге қожалықта шилен болмай,
Колхозға сүйтіп Наурыз араласты-ай.
Білмедім бұрын еш хат балалықтан,
Жүгіріп доп ойнадым далалықтан.
Ағаның арқасында асыр салып,
Жоқ еді сондадағы мүйіз шыққан.
Айырғасын ағасынан мен бір ғаріп,
Болмаған соң жетекші қалдым артта.
Басымнан талай істер өтіп жатып,
Болады қараңғы түн қашан жарық.
Ағаны баяндайын еске салып,
Бұрынғы өткен күнді ойға салып.
Ағаның қатарларын көргенімде,
Жылаймын өксіп-өксіп қайғыланып.
Бұл аға үйден кеткен соң,
Болмады біздің бағымыз.
Бұлбұлдай сайрап жүр едік,
Байланды тіл мен жағымыз.
Байланған емей немене,
Қойшыдан сынды сағымыз.
Ал енді біздей жетімді,
Бір алла өзің бағыңыз.
Бұл аға үйден кеткен соң,
Қараңғы болды күндерім,
Қайғылы болды үндерім.
Ішім түтін сыртым бүтін,
Менің де өлмей жүргенім.
Басымнан өтіп бара жатыр,
Сұм дүние жалғаның.
Жетекші аға жоқ болып,
Жалғыз өзім қалғаным.
Сыртымыздан қамдайтын,
Болмаған соң жолбасшы,
Балалықты енді тастадым.
Колхозға кіріп член боп,
Бір қылықты бастадым.
Колхозға кіріп істедім,
Екі ширек жер алып,
Жұрт үш ширек алғанда.
Мен ширек кем алып,
Сонда да жүрдім ашықпай.
Екі ширек жерімнен,
Бір жыл жейтін жем алып.
Рызық несіп өлшеулі,
Мен жүрдім жұрттан кем алып.
Жатуға жағдай көтермес,
Шаршағанда дем алып.
Колхозшы болсаң тыным жоқ,
Бітіріп істі тыну жоқ.
Лодырлық қылсаң колхозға,
Жақсылық сізге қылу жоқ.
Заманыңа қарай тап болған.
Сорлы болған колхозшы,
Өлмесе сірә тыну жоқ.
Жаз болса мақта егеді,
Қыс болса төгін төгеді.
Мақта үшін даярлап,
Аударып жерді сөгеді.
Сүмбіленің ішінде,
Ақ мақтаны тереді.
Арбалап тасып ақ алтын,
Апарып базға береді.
Ақ мақтаны көп берсе,
Үкімет жақсы көреді.
Еңбекке қарай мата, шәй,
Нормалап үкең береді-ай.
Шүдігерлеп жерлерін,
Қазады жаппен салмасын.
Айтайын барын түгелдеп,
Айтылмай сөзім қалмасын.
Көппен бірге мен істеп,
Қыздырып еңбек базарын.
Ауыртып апа шешені,
Құдайым салды назарын.
Бұл екеуі жатқан соң,
Болмады менің ажарым.
Бұрынғы істің бірі жоқ.
Кейін қайтты қажарым.
Ауруға колхоз жөнді қаратпады,
Шықпасаң істеріне жаратпады.
Аурумен қабат істеп мен колхозда,
Бойыма ішкен асып таратады.
Мен сүйтіп іспен бірге ауру бақтым,
Алладан япырмай мен не таптым.
Қысылып апа, шеше жатқаннан соң,
Жаныма бұлар батып мен зарладым.
Бейнетім менің-дағы арылмады,
Кең құдай жәрдем болсаң не қылады.
Көтеріп басын сүйер адам болмай,
Қор болып апа ана зар жылады.
Жаратқан мына құдайым,
Ізге түсірп қалмаған.
Ауру беріп себептеп,
Апаны тағы жалмаған.
Осы аурудан өлді апам.
Тағдыры бітіп алладан.
Біріндеп құртып құдайым,
Ізімізден қалмаған.
Араздаспай қоштаспай,
Аузынан жауап мен алмай,
Колхозға шығып алаңдап,
Арманда қалдым құдай-ай,
Қасында дұрыс бола алмай.
Көтеріңкі көңілім,
Су сепкендей басылды.
Қара жерге біз көмдік,
Сол сияқты асылды.
Құтқарып адам бола ма,
Төбеден түскен жасылды?
Қара жерге түскесін,
Топырақ бетін жасырды.
Тіршілік жүрген күнінде,
Қатардан ісін асырды.
Он сегіз жаста ауырып,
Лаулаған көңіл басылды.
Жиырма екі жасқа толғанда.
Өлімге қарай бас ұрды.
Жасаған алла құдайға,
Шыбын жанын бере алмай,
Көп жыл жатты ауырып.
Дұрыс жарық көре алмай,
Тіршілікті қимаған.
Жасаған өзі бір Алла-ай,
Көрейін десе жарықты,
Орнынан жатты тұра алмай.
Далаға шығып келуге,
Көтеріп мойнын бұра алмай.
Көп қайғыдан жоқ пайда,
Алла болсын тек пана.
Қайғырғанмен ол қайда?
Қайғырып адам тірілтпес,
Қазасы жетіп өлгенді.
Қара жерге апарып,
Жайлап салып көмгенде.
Жақсы екен ғой бауыр да,
Қайғырғанмен не пайда?
Алладан бұйрық келгенде,
Шыдамайды-ау дәт көңіл,
Қайғырмасқа болмайды.
Жанып тұрған шамшырақ,
Өлгесін орны толмайды.
Қояйын десем қайғырмай,
Ойлағанда соларды,
Көңілім шіркін болмайды.
Бұл апа осыменен тұра тұрсын,
Наурызбай бір әңгіме құра тұрсын.
Ана мен артта қалған өз жайынан,
Айтуға сөздің басын бұра тұрсын.
Айтайын енді сізге кемпір жайын,
Сөзіме құлағың сал айтқан сайын.
Пендесі тәубе етіңдер алла ісіне,
Алдыңда жақындап жүр өлім деген.
Өлмесе ата-баба қайда кетті?
Көп қума мал дүние біткен сайын.
Пенделер жадыңызға салыңыздар,
Қалайша осы күндек замананың?
Ал енді мен сөйлейін өткендерді,
Көкіректен шығарып қайғы-мұңды,
Айырылып аға-ападан тірі жүрмін,
Көзбен көріп талай зат басып жерді,
Ағайын құлақ қойып тыңдасаңыз,
Айтайын бірін-бірін өткендерді.
Ақ апа қандай аға қандай,
Өсіріп мәпелеген ана қандай?
Айырылып осылардың барлығынан.
Күлкі қылып артта ішін жанды-ай.
Сөйлесем тақылдайды таңдайым-ай,
Сорлы боп ашылмаған маңдайым-ай.
Менен де жаман адам бар ма екен деп,
Көз салып төңірекке көз салдым-ай.
Ал енді құлақ салыңдар,
Кемпірден хабар алыңдар.
Парахат басым шерімді,
Жүректе қайғы қалыңдар.
Қызы өліп кеткесін,
Орнынан кемпір түргелді-ай.
Ептеп басын көтеріп,
Бір-екі айдай жүргенді.
Бұрынғыдай дәурен жоқ,
Азғана өмір сүргенді.
Ойына түсіп бала қыз,
Қайғылы пішін түрге енді.
Ауырып жөнді түзелмей,
Қалды кемпір пайдадан.
Бала мен қызы өлгесін,
Адасып ақыл айладан.
Басын ептеп көтеріп,
Бір-екі айдай күнелтті.
Япырмай алла құдай-ай ,
Басымыздан біздердің,
Талай қиын күн өтті-ай.
Тап келтірді құдайым,
Осындай заман тарлыққа.
Көнбекші ғой пендесі,
Басқа түскен жарлыққа.
Жеткізер күнің болар ма,
Мал дүние барлыққа?
Сөйлей гөр тілім көмейім,
Дауысым шіркін қарлықпа.
Өліп кетті өлгені,
Қалдың артта тіріміз.
Ақыл айтар ендігі,
Қожым болды іріміз.
Бір күні келіп ақыл айтты,
Кемпір сені бағам деп.
Біздің үйге жүріңіз,
Бұл арада отырсаң,
Жаман болар тұрыңыз.
Қор боласың отырсаң,
Мұны да ойлап біліңіз.
Менің бұл айтқан ақылым,
Құлаққа мұны іліңіз.
Кел барайық қолына,
Бала болса бағатын.
Қор болмасақ болады,
Абыройды табатын.
Қор қылмай бағам деген сөз,
Құлағыма өте жағатын.
Дейді сонда бұл кемпір,
Жақсы деп құмның қабатын.
Осылай деп шақырды,
Немере Қожым баласы.
Көшуші болдық Қожымға,
Аллаға кімнің шарасы.
Арбасын алып біреудің,
Көшіруге біздерді,
Қожым келді бір күні.
Көшпеске тағы амал жоқ,
Колхоздың жаман сүргіні.
Жаман да екен ағайлар,
Алланың салған бүлгіні.
Шақырған соң бұл Қожым,
Көшіп бардық қолына.
Білмеген жерді үйретер,
Алармын деп үлгіні.
Бабын тауып жұмсаса,
Мен ағаның дүлдүлі.
Ендігі қалған қарасы,
Көңілде қайғы жарасы.
Бөтен емес Қожым да,
Омардың туған баласы.
Айтып та барып терейін,
Қалмасын сөзімнің шаласы.
Біздер де келіп отырдық,
Ұйытқыған құмның арасы.
Көне баздың ар жағы,
Рыстыбай қамалған,
Ақ тамның ана бержағы.
Ташауыз Тахта арасы,
Ұйытқыған құмның даласы.
Бұл жерді де жайлаған,
Біздің қазақ баласы.
Талап істеп тырбынып,
Қалаға отын тасыған.
Отын бауы екі сом,
Пайдаланып осыдан.
Колхозға кіріп күн көріп,
Ешекпен отын тасыған.
Арқайын жатып үйінде,
Сипалап қарнын қасыған.
Талап қылып осындай,
Біздің қазақ баласы,
Үйренген екен жасынан.
Отын сату кәсібі,
Қыстайтұғын колхоз жоқ.
Мезгілімен ашылған,
Түйекеш қазақ есігі.
Малы бар адам пайдалы,
Көп табады пайданы.
Ешек жүгі жүз мәнет,
Қоймастан отын айдайды.
Ішіндегі біз болдық,
Түйекештің жарлысы.
Құрды жақсы салтанат,
Жағдайлары бар кісі.
Бас бағып тек отырдық,
Түйекештің ішінде.
Жұмсағанға болмай бір ешек,
Қайғылы тұр пішінде.
Келіп едік біз көшіп,
Қараша айдың ішінде.
Мал жоқ деуге ешкі бар,
Ешек сатып алуға.
Көзі қимас Қожымның,
Базарға ешкі салуға.
Жұрттың бәрі жұмыста,
Бола ма үйде қалуға?
Тыңдамады Қошекең,
Әпер десем бір ешек,
Шәй пұлдық бір зат табуға.
Жұрт айдады отынды,
Түйелі шана көшекпен.
Қапталынан қалдырмай,
Тасыған отын ешекпен.
Қожымға айтсам тыңдамайт,
Табам деп өзім есеппен.
Біз өстіп жүргенде,
Кемпіріміз құлады,
Көтермей басын төсектен.
Білмеймін суық ұрды ма?
Шыққасын жылы кесектен.
Келіп едік себеппен,
Біз Қожымның қолына.
Болады деп біз аулақ,
Мыш-мыштаған өсектен.
Өсек болмай не болар,
Шақырса бала бармаса?
Ұрысқанда сақ етіп,
Кетеді біреу жармаса.
Сол себептен кеттік біз,
Шығар деп бір күн жармаса.
Ұзын сөзді қысқартып,
Айтайын енді төтесін.
Жалғаншы боқ дүние-ай,
Басымнан сөйтіп өтесің.
Бұл жерге енді келгесін,
Ауырды кемпір тағы да.
Таусылмады тұз дәмі,
Жақындап өлер шағында.
Тап болған талай таршылық,
Баланың біздей бағына.
Айтамын өткен мұңымды,
Тыңдасаң халқым шағына.
Ауырды кемпір тұра алмай,
Елдерін қайта сағынды.
Баруға қайта әлі жоқ.
Бұрынғыдай сәні жоқ.
Бұл жерге бекер біз келдік,
Ұйытқыған құм түк мәні жоқ.
Қыдыруға елі жоқ,
Абысын-ажын теңі жоқ.
Көтеріп басын жүре алмайды,
Аурулықтан кемі жоқ.
Есіне түсіп қызы да.
Қалды Измукширда.
Ойына түсіп әрбір іс,
Бейшара болған мұныңда.
Тарқатып шерін сөйлейтін,
Ешкім болмай жанында.
Бұл осындай жатқандай,
Қарамай Қожым қатыны.
Көшіп бекер біз келдік,
Шашылған Наурыз ақылы.
Қарамаған себептен,
Қатынға Қожым ақырды.
Қолға алып қамшыны,
Жанына ұрып батырды.
Жанына қамшы батқан соң,
Қатын кетті жөніне,
Ертеңгі таң атқан соң.
Кейіп Қожым ұрып ед,
Ыңылдап кемпір жатқан соң.
Қайғыны бастан кешірді,
Өкпесін Қожым өшірді.
Бұл осылай жүргенде,
Қатын салды кесірді.
Жамандыққа жол байлап,
Көңілі қатты есірді.
Мені неге ұрады деп,
Өз-өзінен есірді.
Сол себептен айырылып,
Қожымнан кетті қатыны.
Қатыны кетіп бұл қалғасын,
Қожымның басы шашылды.
Жұмысы болып сол күні,
Кетіп еді Қожым қалаға.
Қалаға Қожым кеткесін,
Қатын кетті сол күні.
Үйден шығып далаға,
Қатын кетіп қалған соң,
Қиыншылық іс болды-ай,
Мен сияқты балаға.
Өтіп жатыр талай іс,
Басымыздан жан аға.
Сол күні сол қатын кеткенде осы ауылда біздің оншақты ешкіміз бар еді. Соны қатын айдап кетер деп, мен кешке Қожым келгесін түннің ортасында осы ауылға келдім. Ағайын ол қатынның айырылғанын білмес, ол қатын Қожымның ешкісін айдап жөніне кетер деп ешкіден хабар алуға келдім. Мезгілсіз түннің ортасында осы ауылға келуім туралы баяндама:
Талай күн өтіп жатыр басымыздан,
Жолбасшы кеткеннен соң қасымыздан.
Әртүрлі жолға салып келе жатырсың,
Көрсетіп әр бәлені жасымыздан.
Құдайдың құтылмадық қармағынан,
Иленіп шыға алмадық тармағынан.
Аға өтті асыл туған данышпаным,
Апа өтті өнер төккен бармағынан.
Жолға түстім мезгілсіз түн ортасы,
Мөлтілдеп дөңгеленіп көздің жасы.
Қараңғы жалғыз өзім келе жатырмын,
Кесір салған қатын боп істің басы.
Бола алмай бір арқайын қырсық шалып,
Кетер деп әлгі қатын ешкіні алып.
Келді ме, келген жоқ па осы елге,
Қайтайын деп мен келдім хабар салып.
Таң ұйқыда тегіс жұрт қалған жатып,
Кіріскен тәтті ұйқыға әбден батып.
Бір жан жоқ келгенімді менің сезген,
Тұрдым мен есік аш деп тықырлатып.
Үйіне Оңаш жеңгей келіп жетіп,
Шаршамай түн ішінде екпіндетіп.
Шаруа арт жағымда қыстағал боп,
Азанда күн шыққан соң қалдым кетіп.
Бұл ауылғамен келсем,
Келген қатын жоқ екен.
Ешкілер де түп-түгел,
Көңілге енді тоқ екен.
Таң атып күн шыққасын,
Жолға түстім қайтадан.
Жатуға жағдай болмады,
Ауырса да майтабан.
Сол күні шешем қатаң ед,
Ашылмай соры қайнаған.
Кідірмей екел ертең деп,
Екі көзі жайнаған.
Міне осындай себептен,
Бүлкілдеп тағы Наруыздың,
Өзінде өзі айдаған.
Тамақ татпай бұл кемпір,
Жатыр ед қалып пайдадан.
Жолмен тартып келемін,
Адасып ақыл айладан.
Бір уақытта қарасам,
Базға келіп қалыппын,
Баздан арғы машин жол,
Бойына оның барыппын.
Ашпаған бағын құдайым,
Сен сияқты ғаріптің.
Келе жатсам жолдың бойымен,
Өлік артқан бір түйеге,
Біреу келеді жолменен.
Мұны көріп көзбенен,
Мұздай болды сұм жүрек.
Түйеге таңып қойылған.
Үстінде өлік көлденең.
Сол жерде шошып кетіппін,
Нем қалды енді өлмеген.
Нарға артып шешемді,
Қысқалай жолмен төтелеп.
Қасында біреу келеді,
Түйенің басын жетелеп.
Қасындағы келе жатқан,
Туманшы деген кісі екен.
Өлім деген апырмай,
Алланың салған ісі екен.
Қалғасын өліп анамыз,
Амандасып біреумен,
Бірге жүру күш екен.
Шеше деген жақсы екен,
Жылаппын сонда әже деп.
Айырылдым сөйтіп анадан,
Өсірген мені әлпештеп.
Жылаған жерден тұрғызып,
Ағайын ертті қасына.
Қой жылама шырағым,
Мен де еріп келе жатырмын,
Қайғы түсіп басыма.
Қайырлы болсын қартыңның,
Қайырын тіле артының,
Деп жұбатты бұл кісі.
Келеміз Қожым үшеуміз,
Жеткізбейтін ұзын жол.
Арыздасып қоштаспай,
Аузынан жауап мен алмай,
Айырылдым мен анадан.
Көзімменен көре алмай,
Жолда жылап келемін,
Түйеге жүрмін ере алмай,
Жылама десе ағайын,
Айтқан тілін ала алмай.
Көздің жасын ырықбай,
Қояйын десем қоя алмай,
Айрылдым сөйтіп анадан.
Япырмай жан алла ай,
Түйеге артып әкелдік,
Ағайын тума ішіне,
Амал бар ма құдай-ау?
Алланың салған ісіне.
Бұл кемпір тағы өлгесін,
Қайғы толы ішіме.
Кемпірді жайлап біз келдік,
Шалы мен қызы қасына.
Жайластырып кемпірді,
Құран оқып басына.
Алладан бұйрық келген соң,
Жетіп барды бұл кемпір.
Абысын келін шанада,
Шалы мен қызы қасында.
Бір үй толы жан едік,
Қалып содан бір өзім,
Қайғы түсті басыма.
Үш күн жатып бұл елде,
Нарға мініп Қожым екеуміз,
Енді қайттық ауылға.
Біз келеміз мінгесіп,
Әйелі жоқ бос үйге.
Болмаған соң бір әйел,
Енді түстік бір күйге.
Қасымызда қара жоқ,
Сан дауылдай екеуміз.
Тамақ істеп күйбеңдеп,
Су әкеліп күйбеңдеп.
Жараспадық бұл үйге,
Әйелі жоқ үй жаман.
Істейтін әйел жұмысын,
Еркек қылған күн жаман.
Су әкеліп нан қылу,
Тамақ істеп от жағу.
Еркекке ерсі тым жаман.
Күліп ойнап отырған,
Жақсы екен ғой бас аман.
Үйдің күйбең жұмысы,
Еркектің алар тынышын.
Сол жұмысты істейтін,
Үйде әйел болмаса,
Әйелсіз күнің құрысын.
Сосын және бір күні,
Қожым кетті қалаға.
Үйде қалып бір өзім,
Қолға кетпен жаба алып,
Енді отын шабуға,
Шықтым мен де далаға.
Далаға мен шыққан соң,
Ойыма түсті әр бәле.
Қайғы толды санаға,
Өтірік емес бұл сөзім,
Айналайып жан аға.
Ойлап сендер қарасаң,
Қиыншылық іс болды.
Мен сияқты балаға.
Тимесе де пайдасы,
Көңілге шеше тоқ екен.
Бастан өтіп баратқан,
Дүние шіркін боқ екен.
Енді ойлап отырсам,
Айналайын құдай-ай,
Армансыз пенде жоқ екен.
Әйелі жоқ болған соң,
Қожым тұрды алақтап.
Айырылған соң әйелден,
Үйге тұрмай жалақтап.
Қарамады енді маған да,
Қыдырып кетті ел ақтап.
Қатын көздеп Қожекең,
Кідіріп үйге тұрмайды.
Табылғанша бір қатын,
Еш затқа мойын бұрмайды.
Мені жалғыз тастады,
Жыланды жаққа барам деп.
Іздеуге қатын бастады,
Үйге тіпті жатпады.
Бір қатынның жоғынан,
Ішкен асы батпады.
Іздесе де қашанда,
Жөнді ештеме таппады.
Қайтып келген көп екен,
Бұларға мейлі шаппады.
Алып еді біреуді,
Көңілге бұ да жақпады.
Қатын қылып үш күндей,
Абырой бұдан таппады.
Қоя берді алып жөніне,
Бұған да мейлі шаппады.
Пікірі енді қыз алу,
Жақсы қатын таппады.
Бір жерде жақсы қыз бар деп,
Бір қызды өте мақтады.
Жыланды деге қаланың,
Прокурор ағасы.
Бар ешкіні сатады,
Он мың болды бағасы.
Ағасы бар қадірлі,
Емілдің қызы руы.
Он сегізде жасы бар,
Сөзімнің болмас бұруы.
Көңіліне ұнап Қожымның,
Сол қыз болып табылды.
Әңгіме дүкен құруға,
Осыны барып қалады.
Арасында құда Қуандық,
Барып хабар салады.
Өтірік емес бұл сөзім,
Айтпаймын бекер жаланы.
Ақырында не керек,
Айттырып он мың сом беріп,
Осы қызды алады.
Жасынан өскен қалада,
Шықпаған шабан далаға.
Қатын болмас келгенмен,
Айналайын жан аға.
Ақыл салып ойласаң,
Мен сияқты балаға.
Мұны тіпті алмаңыз.
Бұған әлек болмаңыз.
Қалалы болса бәле ғой,
Ұшынған болар ел нағыз.
Қиса да неке тұрмайды,
Жиылып келіп молаңыз.
Қой ағажан мұны алмаңыз,
Айтқанымды тыңдаңыз.
Мұның үшін сарп етіп,
Малды зая қылмаңыз.
Деп айттым бұрын алмастан,
Ізіне түсіп қалмастан.
Тыңдамай айтқан сөзімді,
Құлағын ақыр салмастан,
Алды да тынды ақыры,
Шаршамай іздеп тынбастан.
Қорықпады Қожекең,
Кесер деп қолды алмастан.
Жетім де қалған неме екен,
Қорлық көріп бұл жастан.
Итерменің зорымен,
Қожекеңмен бұл қашқан.
Қоржымды тіпті қаламай,
Ішіне қайғы толады-ай.
Келмеген соң сүйісіп,
Бұл қалай қатын болады-ай.
Сұмдық ойлап жасынан,
Кетпеген қайғы басынан.
Әдепсіз болып әуелде,
Білмеген еш зат асылдан.
Қорлық көріп жеңгеден.
От жағыпр, су таысыған.
Жеңгенің шығып қолынан,
Әтеңе нәлет көргенсіз,
Қарны нанға тойған соң,
Тырналап көтін қасыған.
Кешегі өткен таршылық,
Азап көрген айларым,
Келгеннен ақ мен білдім,
Бұл қатынның ойларын.
Сұмдығы көп ішінде,
Құрт жеп қойған бойларын.
Үлкенсің деп өзімнен,
Жақтырмады байларын.
Құлақ қойып тыңдаңдар,
Айтайын сөзім жайларын.
Кірісті Қожым ұрлап мал табуға,
Қарады енді бізді жау шабуға.
Әкеліп ұрлық малды бақ деген соң,
Мен кеттім тілін алмай осы жаққа.
Мақсаты жан қинамай мал жинайды,
Ұрлықтан аузы күйіп бұл тыймайды.
Құдайым екі-үш рет кешірсе де,
Енді алған малын бұл қимапты.
Қадірін білмей Қожекең,
Құдайың бұрын сыйлапты.
Байқамай төңіректен дос пен қасты,
Күлімдеп үйде отырып ішкен асы.
Ақырында түбіне ұрлық жетті,
Қор қылған қарап жүрмей қайран басын.
Қарап жүрмей қайран басын отқа салды,
Қатын үшін табам деп сонша малды.
Үсті жыртық, тамағы аш болмасын деп,
Менен кінә қатынға болмасын деп.
Табылғанын Қожымның қатыны сорды,
Көн деп ақыл айтпады жолдасым деп.
Осы Қожым япырмай қайтеді деп,
Отырған жоқ қатыны уәйім жеп.
Осындай Қожым сорлы ұрлық қылды,
Мал табам деп азырақ тірлік қылды.
Бұл ойды құдайекең мақұл көрмей,
Себеппен арқалады алты жылды.
Артында қалды енді алған қатын,
Тапсырды бір құдайға аманатын.
Баяғы қылған ісі жүзге шығып,
Болған соң қараңғы үйге қамалатын.
Түскесін ұры болып енді қолға,
Біраз кінә мойныңа жамалатын.
Көзі көп үкіметтің қарап жүрген,
Іздесе кінәліні таба алатын.
Міне осындай себеппен,
Қармаққа Қожым ілінді.
Ұрлық қылма дегенде,
Тыңдамаған тілімді.
Бұл Қожым енді кеткен соң,
Артындағы жас қатын,
Бүлдіріп ондай дүниені,
Жоқ қылып шашқан бар затын.
Сұмдық ойлап бұл қатын,
Өзінен өзі бүлінді.
Ағайынынң ішіне,
Баралық десе тыңдамай,
Менің айтқан тілімді.
Ойлағаны жамандық,
Кететіні білінді.
Көшіруге бер қарай,
Арба сұрап колхоздан,
Құлшықты ертіп қасына,
Кетіп қалар қатын деп,
Апардым арба ағаға.
Көшпеймін өзің кете бер,
Бүлдіріп жүгімді тасыма!
Деп ұрысты ол қатын,
Ылаң салма басыма.
Дүниесін бермеді,
Біздерге тіпті ермеді.
Ертіп те барған Құлшықты,
Адам құрлы көрмеді.
Отырамын осы жерде,
Ешқайда мен кетпеймін.
Көшіп барып ол жерге,
Колхозда жұмыс етпеймін.
Байыма азық тапсырам,
Жақын жерден деді ол.
Отырған соң бажақтап,
Құлшық нанды сөзіне.
Қатынның сөзі белгілі,
Құлшыққа дұрыс болса да.
Менің-дағы өзіме,
Бұл жерде енді қалғанмен,
Кетпейтіні көрінген,
Менің-дағы көзіме.
Тілім менің алмады,
Ертіп барған Құлшығым.
Сөзіне еріп қатынның,
Тастап кетті бар жүгін.
Бос қайтпасын арба деп,
Бар жүгімді бастым мен.
Қалдырмастан бір жүгін,
Өзіме дерек жүгімді,
Арбаға мықтап тиедім.
Быт-шыт болды ақырында,
Ордалы шаңырақ үй едім.
Қылғанына қатынның,
Ішім жанып күйемін.
Азамат заттан айырылып,
Шымырлады-ау сүйегім.
Қабырғам жаман сөгілді,
Көзімнің жасы төгілді.
Көретұғын бір жан жоқ,
Соры қайнап Наурыздың,
Жылай-жылай егілді.
Жүгімді тиеп алып келдім елге,
Елдегі бірге өскен аға-жеңге.
Жүгімді қайта әкеліп мен қосылдым,
Бұрынғы ойнап күлген қатар теңге.
Үйіне мен Құлшықтың жинап жүкті,
Тастадым шешілместей буып мықты.
Осындай болам деген ойда жоқ ет,
Себептеп қожалығым құдай жықты.
Бір хабар қалған заттан алайын деп,
Мен бардым қатындағы қалған затқа.
Мен барсам орнында жоқ кеткен қатын,
Жөніне кеткен шашып Қожым затын.
Бұрынғы қалған заттың біреуі жоқ,
Жоқ қылған Қожекемнің аманатын.
Қара үйді жығып тастап үйіп кеткен,
Қалдырып зат деп оның жаманатын.
Келеке қылған оны малға тігіп,
Талқандап түйекештер қызын зорлап.
Жамылғы ұшығының барлығы жоқ,
Тарқатып әркім алып қалған бүгіп.
Көрпе-төсек заттарын,
Әркімге сатып пұл қылған.
Алаша, шелек, табасын,
Пайлап беріп әркімге.
Бір затын да қалдырмай,
Сүйтіп басына құм құйған.
Қалайша болып кетудің,
Амалын таппай жүр еді.
Кеткен соң Қожым ұсталып,
Етегін енді түреді.
Қараңғы үйде Қожекең,
Қайғымен өмір сүреді.
Ойлағна мақсат бітеді,
Жөніне қатын кетеді.
Толтырып жанын ақшаға,
Төркініне жетеді.
Жай мәнісін қалай деп,
Артында қалған ағайын,
Хабар алса нетеді.
Абырой үшін, ар үшін,
Бармады бір жан соңынан.
Осылайша оралды,
Қатынның ісі оңынан.
Азамат жоқ бір жөнді тірлік қылған,
Сүйрелеп ол қатынның шашын жұлған.
Ар намыс алатұғын болмады аға,
Атақты ағаларым кетті бұлар.
Жайберген, Орынбасар берімім-ай,
Дүние өтті-ау талай керімің-ай.
Жандырып отқа салдың арам қатын,
Шашыңның мен көрейін өрімін-ай.
Жайберген, Орынбасар берімдерім,
Жоқ болып сіз көзіме көрінбедің.
Ар намыс алатұғын сендер едің,
Қайратты туған артық кілең ерім.
Таусылмас айта берсем сізді шерім,
Көрмеген алдымызда көп екен ғой,
Апырмай мен көрмедім мұндай керім.
Ал енді баяндайын Қожым сөзін,
Сөйлеуге енді бұны келді кезім.
Жатқанын қалай қараңғы үйде,
Айтайын түсіндіріп менің өзім.
Жатып Қожым көр болып,
Кешегі басы аманда,
Жүруші елді зор болып,
Қолға түсіп қамалды,
Еңбегі еткен қор болып,
Қашуға тіпті жөн таппай,
Төңірегі қазан ор болып.
Талабы жақпай істеген,
Маңдайдың тері сор болып.
Өзін-өзі салды отқа,
Қапелімде көр болып.
Бермеді пайда өзіне,
Тегіне қарап жүрмеді.
Жатты барып қамалып,
Ташауыздың түрмесі.
Мойнында ұрлық бар айып,
Қор болып жатты түрмеде.
Құйымшағы сорайып,
Ізінен тамақ апардым.
Көрінбеді қарайып,
Тәртіппен алды тесіктен,
Артынан барған тамақты.
Жыл кесілмей көрсетпес,
Жатқан жері абақты.
Кінәлі адам жататын,
Үкімет салған абақты.
Қожым емес бір жалғыз,
Кінәлі адам көп екен,
Қалдырмай жинап қамапты.
Істері еткен тергеліп,
Алты жыл болып кесілді.
Мойнына айтпай бұранға,
Айтпаған жауап шешілді.
Қараңғы жерден шыққан соң,
Барып Калонияға,
Жиналған аяқ көсілді.
Жарыққа шығып тайраңдап,
Көңілін басқан өсірді.
Шығармай бірін далаға,
Үкімет салды кесірді.
Жиналған көптің ішінен,
Төбелесіп талайы,
Өршігіп қатты есірді.
Бұлар бір жатқан мысалы,
Қолға түскен жесірді.
Барған соң калонияға,
Ізінен тамақ апарып,
Амандасып көрістім,.
Қайғыларды терістім.
Түскелі Қожым түрмеге,
Өткенін айтып көп істің,
Қатынының кеткенін.
Үй орнынан зат қалмай,
Мал дүние шашылып,
Қатынынң зәлел еткенін.
Түсіндірдім баяндап,
Басыма келіп өткенін.
Қолдайтын көріп жан болмай,
Кемшілік басқа жеткенін.
Мұны естіп Қожекең,
Қаны қашып бозарды.
Үкеңнің түсіп торына,
Шекті талай азарды.
Қатайып қарап бұларға,
Үкімет салды назарды.
Қамағасын қатты ұстап,
Қараңғы үй алды ажарын.
Ташауыздай айдалып,
Штаб қылып асырды.
Жақын жерге жатырмай,
Көрісуге жүзін жасырды.
Бастарынан өтірді,
Қайғылы талай асырды.
Осы жерден айдалып,
Сапарға алыс бас ұрды.
Істеген ісі жөнінен,
Қор қылды талай асылды.
Осы арадан айдалып,
Хат келді Чаржауға барғасын.
Посылка жібер елім деп,
Айтты хабар жалғасын.
Қайта-қайта хат келді,
Бірге өскен елім деп.
Елге сәлем жазса да,
Қайтара алмай қатыны,
Қожым жатты өкпелеп,
Ағайын ұстап бергендей.
Содан бері хабар жоқ,
Қайда екені белгісіз,
Хат салып хабар алуға,
Жоқтап қалдық енді біз.
Хат салмасаң жата бер,
Қайратқа өзің сендіңіз.
Салғанына алланың,
Не де болса көндіңіз.
Өзің істеп өзіңе,
Жанбай жатып сөндіңіз.
Ақыл айтар біреу жоқ,
Қалмады ғой жөндіміз.
Осыменен баяндап,.
Қожымның сөзін қояйын.
Көңілдегі кірімді,
Айтып бәрін жаяйын.
Осы жерде мен қондым,
Қожым сөзін тәмәмдап.
Қиын болып күн көру,
Істедім талап амалдап.
Денсаулығым болмады,
Істеуге істі табандап.
Елдей талап істедім,
Жан күйіммен шабандап.
Қиналғанмен болмады,
Жинап малды табам деп.
Күйіме қарап істедім,
Жәрдем болсын бабам деп.
Елге келіп істедік,
Қарасар қалған ағам деп.
Талап істеп мен жүрдім,
Әркімнің ашып есігін,
Бақыт тауып басымнан,
Болмаған соң несібім,
Жөнді бір іс табылмай.
Қатардан өскен кем болып,
Жүрмін әлі осы күн.
Бұл сөзді қойып осымен,
Аяқтап әзір тұрамын.
