Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
байбол есембет шежіресі.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.28 Mб
Скачать

Қарабаев Әби (1946 ж)

1946 жылы Түркменстанның Мары облысында жай шаруаның отбасында туған. 1965 жылы Шардара ГЭС құрылысында жүргізуші болған. 1969 жылы Маңғыстаудағы Жетібай мұнай өндіру жұмысында оператордан бастап, әртүрлі деңгейдегі мамандықтарда жұмыс жасаған. 1985 жылы оқы системасына ауысып осы күнге дейін оқыту саласында қазіргі кезде Ақтау политехникалық колледжінде білікті оқытушылық қызмет атқарады. Еңбек қызыл ту және III-дәрежелі Даңқ өрдендерімен марапатталған. Мұнай газ саласының атақты инженері өнер тапқыш атағын алған.

2006 жылы зейнеткерлік демалысқа шыққанымен өз жұмысын жалғастыруда Әби қолынан келсе біреуге жақсылық жасайтын ел азаматы. Көңілі ашық, кеңпейілді, жаны жомарт, қазіргі кезде ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, жұбайы Жүйрік Балықшы ауылының қызы Теңгемен қосылғанына 45 жыл 2ұл, 3 қыз өсіріп олардан немере-шөбере сүйіп отырған ардақты ата.

Қойланұлы Тоқтабай

1914 жылы Ақтөбе облысындағы Жем өзенінің бойында дүниеге келген Ер Қосайдың ұрпағы. Ол Байболдың үлкен баласы Есенбеттің Рысбайы Төлей – Әуез. Әкесінен 5 жасында жетім қалып ағасы Жолдасбайдың қолында болады. Ағасы Шерімбаймен бірге ауыл молдасынан сауат ашады. Кеңес өкіметі келгеннен кейін кеңес мектептерінде латынша оқыған. Тоқаң аға 1928 жылы ұлы кәмпеске басталып, ел басына күн туған уақытта колхоздастыру және ел ішіндегі байларды қожа-молдадарды ұстау науқанынан қашып 1928 жылдың күзінде өзінің ағайындарымен бірге Қарақалпақтасан Хожелі ауданында Хатеп совхозына тұрып, үлкендермен бірге Орск ет комбинатына мал айдасады. Ол кезде Тоқаң 14 жаста. Сөйтіп жүргенде 1932 жылы ашаршылық басталады. Елдің жағдайы күрт төмендейді. Бируни ауданының Шаббаз колхозында счетовод болып жұмыс жасайды. Колхозға қабылданған мүшелерге нормамен азық-ауқат таратып, тумаластарына еңбек күн жазып, оған бидай беріп, ашаршылық заманда көмек көрсетеді. Хожелі қаласына келіп банкте жұмыс жасайды. Шеркеш қызы Хафиза атты қызбен танысып, үйленеді. Содан кейін Шоманай ауданындағы Сталин колхозына келіп есепші қызметіне жұмыс жасайды. 1948 жылы Түркменстанның Ташауыз облысы Көнеүргеніш ауданының Қызылбайдақ колхозындағы бухгалтерлік жұмыс істейді. 1952 жылы Амудариядан қазылып басталған «Главтуркменканал» құрылысына келіп жұмыс жасап жүріп Хожелі қаласынан жаңадан салына бастаған ет комбинатында бухгалтер, қоймашы қызметтерінде жұмыс жасаған. Жасы келгесін зейнеткерлікке шыққан. Тоқаң қолы ашық, өзінің туысынан ағайын-жекжатынан ешнәрсе аямайтын жаны жомарт, еркөңілді адам болған. 1983 жылдың ортасында дүниеден озған. Ол кісі Хожелідегі Мәздімхан қорымына жерленген.

Тоқаңнан 3 ұл, 1 қыз өрбіген. Ұрпақтары қазіргі кезде Ақтау қаласында жасап жатыр.

Теміртас Тоқтабайұлы

Байбол – Есембет – Рысбай – Төлей – Женалы – Төребай (Танабай) – Әуез – Көпжасар – Қыраубай, Қойлан – Тоқтабай – Теміртас.

1946 жылы дүниеге келген, 1953-62 жылдарда Қарақалпақстан Хожелі қаласында Чапаев атындағы орта мектепті бітіріп, 1962-1967 жылдарда Ташкент қаласында Орта Азия теміржолшылар институтында оқып бітіреді. 1967 жылы жолдамамен Маңғыстауға келіп, Маңғышлақ теміржол станциясында «Станция кезекшісі» қызметінде жасайды. 1968-69 жылдарда Совет Армиясы қатарында болып лейтенант лауазымында Хожеліге оралады. 1969-1972 жылдары Орта Азия теміржолының Чарджоу бөлімшесінде қаржы ревизоры қызметінде жұмыс атқарып, 1972-74 жылдары Хожелі теміржол станциясында бастықтың орынбасары, 1974-85 жылдары Қоңырат қаласныда Орта Азия теміржолының «Арал бойы» бөлімшесінде жүк тасымалдау бөлімінде орынбасар қызметінде болып, 1985-2007 жылға дейін Нүкіс станциясында бастық қызметінде жұмыс жасаған. Теміртастың теміржол саласында жасаған еңбегін бағалап, еңбектегі қызметтері үшін «Почетный железнодорожник», «Заслуженный работник железнодорожного транспорта» наградаларымен марапатталады. Теміртас қай жерде жүрсе де елінен, ағайын-достарынан, жора-жолдастарынан өзінің материалдық және моральдық көмегін ешуақытта аямаған. Сол себепті Теміртасты алты алаштың баласы, өзінің ағайын-туыстары адай елі сыйлап, қадір тұтқан.

Теміртас қарапайым, ақкөңіл, ержүрек, үлкенге де, кішіге де бірдей адам. Ел сыйлаған Теміртас 1967 жылы Қырықмылтық қызы Раушанға үйленген. Бұның өмірлік жары Раушан келіннің де адамгершілігі мол, елдің үлкен-кішісін сыйлайтын ақылды адам. Теміртас Раушан келінімізбен 46 жылдан бері бергі жасасып келеді. Перзенттері Сағат, Талғат, Мейрамбек, Ербол. Қыздары: Жанат, Дина, Сәуле, Зәуре, Лаура. Өрбіген ұрпақтары қазіргі кезде Ақтауда, Жаңаөзенде тұрады.