- •Кенже бөкенбаев Байбол Есембет шежіресі Ер Қосай
- •Автордан
- •Адамзат,... Алаш,... Алшындар
- •Болғанда әкем – Елтай, шешем – Анай!
- •Аруақты атам ер Адай Елтайұлы
- •Алашты ардақтаймыз!
- •Қолдап қолды қойған күн, қасиетті Қадір түн
- •Құрметті жамағат!
- •Ел біледі, ер Адай киелі!-деп.
- •Адамзаттан тегім бір
- •Байқожаұлы ер Елтай
- •Елтайұлы Ер Адай
- •Аға аманаты
- •Адай шежіресі. (таңбасы жебе).
- •Алты Қосай.
- •Пір Қосай, Би Қосай, Ер Қосай.
- •Бес Есенғұл туралы (≈1609≈1700.)
- •Байболдың Жұлдызы туралы.
- •Байболдың Мәмбетқұлұлы (“Шалбар”) туралы
- •Қосайұлы Бегей туралы
- •Төрт арыс Тіней туралы
- •Қос арыс Бәли туралы
- •Қос арыс Сүйіндік (“Жаманадай”) туралы
- •Байболұлы Есембет ұрпақтары
- •Балабай балалары
- •Ақмырза
- •Жанмырза
- •Рысбайдың екінші баласы- Төлей
- •Женалының екінші баласы Танабай (Төребай)
- •Женалының үшінші баласы- Бесім.
- •Женалының төртінші баласы -Додан (Досалы)
- •Есембеттің екінші баласы: Күсіл
- •Есембеттің үшінші баласы :Құрбан
- •Төлекенің екінші баласы: Сүйірбас
- •Төлекенің үшінші баласы: Шүрен.
- •Құрбанның Бәйбегінің балдары
- •Бәйбектің Кеншімбай, Келімбай ұрпақтары жөнінде мәлімет.
- •Бәйбектің Майлыбайының балалары
- •Бәйбектің Жаулыбайының балдары ең кенжесі.
- •Қожалар
- •Есембет қожасы
- •Бердібек батыр
- •Есембеттен шыққан батырлар
- •Есембеттен шыққан билер
- •Адайдың алпыс батыры
- •Қарқын батыр (1786-1856)
- •Мерген би
- •Тәжік жеріндегі Есембет ағайындар Ботабай, Ботағара, Жанжігіт батырлар
- •Әмудариядан өту
- •Ауғанда болған Есембеттер
- •Есембет Бәйменбет би ұрпақтары жайында
- •Есембет шежіре жыр толғаулары
- •Тарихи тұлғалар
- •Есембет жайсаңдары
- •Оспан ахун
- •Есениязұлы Сейліхан би Есембет-Құрбан-Бәйбек-Әбет-Қожамжар- Есениязұлы-Сейліхан би (1879-1960 жж.)
- •Баймолдаұлы Қали Есембет-Құрбан-Бәйбек-Майлыбай-Құлпейіс-Баймолдаұлы Қали (1880-1895 жж.)
- •Бөкенбай ақсақал
- •Қожалақ Аңшы
- •Ардақтауға лайықты тұлға
- •Кенжаев Әбдір Есембет – Құрбан – Бәйбек – Кемелбай – Әбет – Қожамжар – Кенжекұлы Әбдір (1900-1960 жж.)
- •Қуатбай Прокурор
- •Есембет – Құрбан – Төлеке – Сүйірбас – Жолшы – Сүйінбай – Дәулетұлы Қуатбай
- •Нұрғалиұлы Тобышбай Байбол – Есембет - Құрбан - Бәйбек - Кемелбай - Әнет - Көкей - Қолдас - Нұрғалиұлы Тобышбай (1922-1979 жж.)
- •Сейліханұлы Өтеген
- •Есембет – Құрбан – Бәйбек – Кемелбай – Әбет – Қожамжар – Еснияз – Сейліхан – Өтеген
- •Әбілұлы Ораз
- •Қалиев Әжібай Есембет – Рысбай – Төлей – Женалы – Бесім – Жуабай – Қали – Әжібай
- •Баймолда Қалиұлы Қалмантай Есембет – Құрбан – Бәйбек – Майлыбай – Баймолда – Қалиұлы Қалмантай.
- •Кенжаев Базарбай Есембет – Құрбан – Бәйбек – Кемелбай – Әбет – Қожамжар – Кенжекұлы Базарбай.
- •Қосай – Байбол - Есембет – Құрбан – Бәйбек – Кемелбай - Әнет – Жусанбай – Төлеп – Жалғас.
- •Соцалистік Еңбек Ері Оразғали Әлдібаев
- •Ишанұлы Тұрман
- •Ақмамбетов Байқуан (1926-2008 жж.)
- •Жайбергенұлы Андрей
- •Ибрашев Өтеген Ибрашұлы
- •Реушенұлы Тағыберді
- •Тұрлыбаев Тоғай Алданбайұлы
- •Қарабаев Әби (1946 ж)
- •Қойланұлы Тоқтабай
- •Теміртас Тоқтабайұлы
- •Дәулет Ермекбайұлы( 1851-1931)
- •Даулетұлы Сарыбай (1901-1991)
- •Сарыбайұлы Сүндет (1935-2004 ж)
- •Сарыбайұлы Үмбет
- •Бек Мұхамедұлы
- •Бабакулов Аманкелді (1951 ж.)
- •Дүйсенов Нұр Қаражаұлы (1955 ж)
- •Қарттардан сәлем!
- •70 Сом пенсияның ең төмені
- •40 Жылдан «стаж» асар жиыстырсам
- •Омаров Наурызбайдың шығармасы
- •Армияға алған ағалардың жайынан бір әңгіме құрайын
- •Бердібек батыр
- •Жүндібайұлы Жайбергеннің, Шүренбайқызы Оңаштың, Жайбергенұлы Әндірейдің өмірден озғанын еске алып, ас беру рәсіміне жаңаөзендік жыршы Қармыстың арнауы
- •Алданбай ақсақалға арнау
- •Тоқбергенов Әдіш Алданбай ақсақал қайтыс болғанда балдарына келіп көңіл айтуы 1987 ж.
- •Ардақты әке, аяулы ана
- •Жаңа жылмен құттықтау
- •Өнегелі өрістер
- •Ардақты ана
- •Жалғас Төлеповтың жер-термелері Ер Қосай бабаға арналады
- •«Пір Бекетке арналған терме»
- •Молла Қош мүдәріске және ұрпақтары Базарбайға арналған терме
- •Азаматтар қазақ деген атқа кір келтірмейік
- •Түркістан қаласының он бес ғасырға толғанына арналады
- •Қазақ халқының бас қаласы Астанаға арнау
- •Әбішұлы Назарбаевқа арнау
- •Қосай бабаға зияраттап барғанда
- •Бабаларға арнаймын
- •Бестөбе
- •Бердібек батырдың бейіті қараусыз жатыр
- •«Аржағы асылдан екен ғой»
- •Көз бен шеге (баллада)
- •Маңғыстауда – пір Бекет Ата (поэма) Маңғыстау – пір Бекеттің туған жері...
- •2009 Жылдың 15 қаңтары «Маңғыстау газетінен» алынды. Сұхбаттасқан Бақтыбай Жайлау «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының сол кездегі тілшісі. Арнайылап келдік, Ата!
- •Тегіңді білу тектілік
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Есембеттің шежіреші ұрпақтары
- •Ақтау қаласының Есембеттері
- •Жаңаөзен қаласының Есембеттері
- •Алматы облысының Есембеттері
- •Ақтөбе облысының Есембеттері
- •Жетібайдағы Есембеттер
- •Бейнеудегі Есембеттер
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мазмұны
- •Тегіңді білу тектілік
Нұрғалиұлы Тобышбай Байбол – Есембет - Құрбан - Бәйбек - Кемелбай - Әнет - Көкей - Қолдас - Нұрғалиұлы Тобышбай (1922-1979 жж.)
1922 жылы Бұхараның Бозашысында туылған. Тобышбайдың жастық шағы Бозашыда өткен. Нұрғали ақсақал өз баласы Тобышбаймен бірге 1928-1930 жылдар арағылында көшкен елмен бірге Тәжік жеріне Марат колхозына қоныс аударады. Қорғантөбе облысының Октябрь ауданы Марат колхозына көшіп барады. 1937 жылы Марат колхозындағы 7 жылдық мектепті бітірген. Марат колхозында еспепші бухгалтер болып жұмыс істейді. 1945 жылдың басында соғысқа алынып, ол Жапон соғысына қатысады. Соғыс біткеннен кейін елге оралады. Соғыстан кейін өзбек қызы Айтаханға үйленеді. Одан 3 ұл, 4 қыз болады. Н.С.Хрущев колхозындағы колхоз бухгалтериясында қазынашы болып жұмыс істеген. Тобышбай аға өмірінің соңында «Гүлстан» совхозында бухгалтер, бөлімше меңгерушісі болып жұмыс атқарған. Тобышбай аға өте сауатты, ешкімге ақысын жібермейтін пысық адам болған. Ол Тәжік жеріндегі сегіз арыс адай арасындағы дау-жанжалдарға етене араласып, билік айтқан азамат. Оның бір қасиеті Тәжік жеріндегі ат төбеліндей адайдың арын арлап, дауын даулап, ақысын жібермеген, ажыратып алып берген адам екендігі елге мәлім. Тобышбай аға сөзге өте шешен, мәмілелі, ержүрек, қандай істе де батыл қимылдайтын, адамды сөзбен тоқтататын ел ағасы болған. Ол ел билеп жүрген азаматтардың бірі. Осындай ел ағасы саналған Нұрғали Тобышбай 1979 жылы Қорғантөбе облысынадғы Гүлстан совхозының орталығында дүниеден озған. Ол кісі «Назар төбе» қорымына жерленген. Оның ұрпақтары қазіргі кезде Алматыда, Қазығұрт ауданында жасайды. Тобышбайдың жоғарыда айтқан қасиеттері оның үлкен баласы Оңғар Тобышбайұлына дарыған. Баласы Оңғар 2012 жылы 17 наурызда кенеттен дүниеден озады. Тобышбайдан 3 ұл, 4 қыз. Балалары Оңғар, Сипат, Әкімжан. Қыздары тұрмыста, үйлі-жайлы, ел қатарлы жасап жатыр.
Сейліханұлы Өтеген
(1927-2011 жж.)
Есембет – Құрбан – Бәйбек – Кемелбай – Әбет – Қожамжар – Еснияз – Сейліхан – Өтеген
Сейліханұлы Өтеген 1927 жылы Бұхарада туылған. Өтеген аға туралы қысқаша айтатын болсақ әкеден бала ширек туады дейді халқымыз. Сол айтқандай Сейліханұлы Өтеген аға әкесіндей болмағанымен соған жетеғабыл билік айтатын ел арасындағы кішгірім дауларды бітістіріп, әділ төрелігін беретін адам. Өтеген аға қолы ашық, ағайындарынан, нағашы-жиендерінен, жора-жолдастарынан ешнәрсені аямайтын қасиетті адам болған. Өтеген аға үйіне келген қонаққа мал қонақасы жегізбей жібермейтін аға. Айта кететін бір жай 8.08.2005 жылы Оңтүстік Қазақстан Шардара, Жетісайдағы ағайындарды аралап өлімге бата, тіріге сәлем берейін деп мен Бөкенбайұлы Кенже, қасымда Қорабайұлы Әби ініміз екеуміз Өтеген ағаға сәлем берейік деп ағаның үйіне бардық. Есембет жөніндегі шежірені жазып жүрген кезім. Сонда байқағаным ағамыз бен жеңгеміз жаны жайсаң, ақкөңіл жандар, ер мінезді кісілер екендігі. Әңгімені тауып айтатын, сөзге шешен аға бізге Тәжікстанда жасаған Есембет ағайындар жөнінде ұзақ әңгімелеп берді. Содан көп мәліметтер алдым. Өтеген ағадан өрбіген ұрпақтар Теңел, Тұрдымұрат (Бердімұрат – орын жоқ) Ақтауда, Жетісайда, Қараой елді мекенінде тұрып жатыр.
