Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
байбол есембет шежіресі.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.28 Mб
Скачать

Кенжаев Әбдір Есембет – Құрбан – Бәйбек – Кемелбай – Әбет – Қожамжар – Кенжекұлы Әбдір (1900-1960 жж.)

Кенжаев Әбдір 1900 жылы Ақтөбе облысы Жем ойында туылған. Әбдір жастайынан өте зерек, алғыр және ақылды бала болған. Ол бастапқы сауатын ауыл молдасынан оқып шығады. Одан кейін өз оқуын Бұхара, Самарқанд қалаларында жалғастырып, Самарқандтан САГУ-ді бітіреді. Әбекең 1928 жылдары Тәжікстанға көшіп барғаннан кейін Кеңес өкіметіне белсенді адам болады. Партия, кеңес атқару комитеттерінде жұмыс істейді.

1932-1938 жылдар аралығында кеңес жұмыстарына араласа бастайды. 1939-1941 жылдар аралығында Октябрь аудандық атқару комитетінің төрағасы, аудандық партия комитетінің аппарат жетекшісі болып қызмет атқарады. 1942-1948 жылдар аралығында Жылыкөл аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып қызмет атқарған. 1952-1958 жылдар аралығында Тәжікстан Республикасы өкіметі құрамына жұмысқа алынып, Тәжікстан Республикасының шаруашылық министрі қызметін атқарған.

Жоғарыда Кенжаев Әбдірдің Тәжік жерінде беделді жұмыстардың тізгінін ұстаған ел ағасы екендігі жайлы ақпарат берілді. Әбекең жат жерде жүрсе де билік тізгінін ұстаған кезінде, өз халқына пайдасы тиген азамат. Оның елге жасаған жақсылықтарын айтып жеткізу қиын, себебі оның көмегімен оқуға түскен, жұмысқа орналасқан, қамаудан құтылған, үйленіп, балала-шағалы болған адамдар өте көп.

Әбекеңді көрген адамдардың айтуы бойынша, өте қарапайым, ақкөңіл адам болған. Оның өмірлік жолдасы ашық, қазаны оттан түспейтін адам болған. Әбекеңнің үйінен күндіз-түні адам үзілмеген, бірі келсе, бірі кетіп жатқан. Бұл деген сзөз, Әбдір ағамыз бен Зәуре жеңгеміздің сахи және өз елін, халқын сүйген кеңпейіл адам екендігінің айғағы.

Тәжікстан өкіметі Кенжаев Әбдірдің 25 жылдан артық еткен еңбегін бағалап, оған «Қызыл Ту» орденін және Тәжікстанға еңбегі сіңген агроном» атағын берген. Душанбе және Қорғантөбе қалаларының «құрметті азаматы! атақтары берілген. Әбдірден – Мағзом, Бақыт, Әнуар, Исабай деген балалары бар. Олар Астана, Ақтау, Алматы қалаларында қажырлы еңбек етіп жатыр.

Қуатбай Прокурор

(1913-1989жж.)

Есембет – Құрбан – Төлеке – Сүйірбас – Жолшы – Сүйінбай – Дәулетұлы Қуатбай

Дәулетов Қуатбай атақты Ер Қосайдың ұрпағы. Бұхараның Қаған бекетінде 1913 жылы туылған. Балалық шағы Қағанда, Бозашыда өткен. Қуатбайдың әке-шешесі 1919 жылдан бастап ауыл молдасына оқуға береді. Қуекең ауыл молдасынан арабша оқып-жазуды үйренеді. Одан кейін оны жаңадан ашылған Кеңес мектебіне беріп, ол мектепте латынша оқып-жазуды үйренеді.

1928 жылы ұлы кәмпеске басталып, ел басына күн туады. Адай елі 1928-1930 жылдарда Бозашыдан Тәжік жеріне көшеді. Қуатбай аға Тәжік жеріне көшіп келгеннен кейін, мұғалімдер дайындайтын қысқа мерзімді курсты оқып бітіріп, 1932 жылдан бастап ауыл мектебінде мұғалім болады.

1935-1952 жылдар аралығында сот жүйесінде жұмыс істейді. 1935 жылы Октябрь аудандық сотына хатшы, сот орындаушысы қызметтерін атқарады.

1952 жылы Ленинградтағы сот жүйесі бойынша арнайы курстан өтеді. Осыдан кейін ол Қорғантөбе облысындағы Кабадиен, Пянж аудандарында сот төрағасы болып жұмыс жасайды. Қуекең сот саласында істей жүріп, 1955 жылы Тәжікстан Мемлекеттік Университетінің заң факультетіне сырттай оқуға түсіп, оны 1963 жылы ойдағыдай аяқтайды.

1960 жылдан бастап Даңғара ауданының прокуроры, Қызылмазар, Восе аудандарының прокуруры болып істейді. 1970 жылдан Колхозабад прокурорының орынбасары болып 1973 жылға дейін жұмыс атқарған.

1973 жылы зейнеткерлік жасына келгеннен кейін демалысқа шығады. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін де Колхозабад аудандық сотында заң кеңесшісі болып 10 жылдай істеген. Қуатбай ағаның заң органдарында 38 жыл қалтқысыз еңбегін Тәжікстан Республикасы прокуратурасы және жоғары соты жақсы бағалап, ол кісіге «Тәжікстан Республикасына еңбегі сіңген заңгер» деген атақ берген. Сол жылдарда жат жерде аудандық сот, аудан прокуроры қызметтерінде таразының басын тең ұстап, өзінің қара қылды қақ жаратын әділдігінің арқасында, үлкен абыройға ие болған адам. Қай жерде жүрсе де елдегі оның күй-жағдайынан хабардар болып отырған. Елдегі ағайын-туыстарынан, жора-жолдастарынан жетім-жесірлерден өзінің материалдық және моралдық көмегін еш уақытта аямаған. Сол себепті Қуатбай ағаны алты алаштың баласы өзінің Адай елі сыйлап, қадір тұтқан.

Ел сыйлаған Қуатбай ағамыз Мәмбет балықшының қызы Ақшон жеңгемізбен 50 жылдан артық тұрмыс құрған. Ол жеңгемізден 3 ұл, 3 қыз бар. Ұлдары Асқар, Айдар, Әли, қыздары Злиха, Дариға, Жаңылай. Қуатбайдан өрбіген ұрпақтары Мақтарал, Жетісайда, Шымкентте, немерелері Жаңаөзен қаласында тұрып жатыр.