Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
байбол есембет шежіресі.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.28 Mб
Скачать

Қожалақ Аңшы

Қосай-Байбол-Есембет-Бабасұлы Қарқын батырдың тікелей ұрпағы. Ол Қарқын батырдың бел баласы Мәмелектің баласы Қожалақ. Жем өзенінің бойында туылған. Жастайынан ержүрек, еш нәрседен қорықпайтын жігіт болған. Ол өсе келе аңшылықпен айналысып, құралайды көзінен ататын мергендік дәрежесіне жеткен. Қожалақ бабамыздың саятшылық өнерінің бірі – қыста түлкі аулау. Ұлы Абай: «Қансонарда бүркітші шығады аңға, тастан түлкі табылар аңдағанға» деген ғой қазан төңкерілісіне дейін қазақта түлкі қымбат аңның бірі саналған.

Маңғыстауда Жем, Сағыз, Сам, Үстірт өңірінде Алтүлкі деген тазы бір қыздың қалың малына бағаланыпты. Бұл дегеніңіз 47 бас мал деген сөз. Құнына қарай тазы да өте алғыр болған. Бір қыста жүзден астам түлкі алған. Ол кезде түлкінің пұшқағы бір қой екен. Сонда бұл тағы бір аң аулау маусымында иесіне төрт жүз қой пайда әкеледі екен. «Түлкі алған итке сын жоқ» деген сол кезден қалса керек.

Кешегі ашаршылық жылдары аңдар өте көп болыпты. Шалдар ырымдап «қырық қақпанда - қыдыр бар, көп болса құба-құп» деп қырықтан кем қылмай қақпан құрады екен. Бір жерде 7-8 үй болып, шиедей бала-шаға мен әйел, шал-кемпірлер отырған. Сонда қақпан құрып, жас сүтке тойғанша аң етімен күн көрген. Әке-шешелеріміз айтушы еді: «Нан дегенде естімесек, ол жылдары көрген жоқпыз» дейтін. Қожалақ аңшы киікті аран қазып айнала таспен, анар қамыспен қоршалап, жүйрік аттармен жүйрік тазылармен жүздеген одан да көп киіктерді 10-15 адам болып қамалап, аранға күшпен айдайды екен. Содан «Киікше ерегеседі» деген мақал бар.

Қандай арқар, киік, қарақұйрық болса да Қожалақ бабамыз жақындап барып қалғанда аң сезбей қалады екен.

Баба атамыздың жастайынан үйренген аңшылық кәсібі ашаршылық жолдары пайдаға асыпты. Баба аң аулап бүкіл ауылға пайдасы тиіп отырған.

Қазіргі кезде ұрпақтары Жаңаөзен қаласында бейбіт өмір сүріп жатыр.

Ардақтауға лайықты тұлға

Қазақта мақал бар «Өткенді ескерген өсер,өткенді ескермеген өшер» деген. Менің айтайын деп отырғаным Қосай Байбол Есембет аулының елеулі азаматы Төрткілбаев Деме туралы.

Декең 1906 жылы Маңғыстау өңірі Үстірт жерінде туған. 1924 жылдың аласапыранында ағалары Берекет, Кеме, Дарханбайлар мен бірге түркмен жеріне барып өз бетімен еңбек етіп жүріп білімін жетілдіріп Ташауз қаласындағы педагогикалық училищесіне түсіп,аталған оқу орнын бітіріп Көнеүргеніш ауданындағы Большевик колхозында орналасқан №2 мектепке бастауыш класс мұғалімі болып орналасады.1930 жылдардың басында колхоздастыру құрлысына қарсы түрікменнің Жөнейт руынан шыққан Мухаммет сардар (Жөнейт хан) бастаған басмашы көтерілісі басталады.Ел басшылары отырықшы елді қорғауға «самоохран» отрядын құрады.Асал батыр Байрам Тағанов,Ашыр Қақабаев ,Яқшым Қаралар қаруланып Қызыл гвардияшыларға қосылып, Жөнейт хан сарбаздарымен соғысты.Ел арасы 1932 жылдары басмашылықтан толық тазартылды.Сол жылдары егін піспей қалып аштық жылдары болды. Декең еңбегімен көзге түсіп колхоздастыру кезеңі басталып аудандық партия және совет органдары ұйғарұмымен ,өзінің іскерлігімен көзге түсіп жұмысы бағаланып, Қызыл Байдақ аулсоветіне басшылық жасады.

Ұлы Отан соғысы басталып ел азаматтары соғысқа аттанғанда Декеңді жергілікті партия,кеңес басшылары тылда жауапты қызметкер керектігін ескеріп,ауылда қалған жасөспірімдер,жасы келген қарттар,қыз-келіншектердің басын құрап басшылық жасайтын азамат ретінде бронмен ауылдағы еңбек майданына қалдырады.Қоғамдық жұмыстарға белсене араласып аьыройға ие болады.Еңбегі елеусіз болған жоқ,соғыстан кейінгі қайта қалпына келтіру және ауыл шаруашылық жұмыстарына етене араласады.1945 жылы Қызыл Байдақ колхозының бастығы болып тағайындалады.Колхозды ұйымдастырып ауылға тәртіппен үй салдырып,мектеп,дүкен,клуб т.б. халық үшін мәдениеттілік үлгісіне жол ашты.Мақта өнімін жылдан-жылға өсіріп әр гектардан өнімді 25-30 центнерге жеткізіп колхоз экономикасын жоғары дәрежеге көтерді. 1949-1950 жылдары колхоздарды ірілендіру кезі басталғанда Көнеүргеніш ауданының Байрам Таған колхозына бастық болып сайланды.Сол қызметінде де елге абыройлы өкімет басшыларына құрметті ,сыйлы азамат болды.

Декең саналы ғұмырында басын-баққан кішіпейіл,ешкімнің көңілін жықпайтын қарапайым кісі болатын.Қиындығы мен азабы көп өмірде Декең алыс-жақындағы ағайындарды қасына шақырды,40 үй туысқан Есембеттерді жинап біріктіріп тату-тәтті қарым-қатынаста өмір сүрді.Адам өмірге келгеннен кейін,өзінің айналасындағы ағайын-тумалаларымен тату-тәтті өмір сүріп қолдан келген жақсылықтарын мүмкіндігінше барынша жасап тұрғанға не жетсін.Осыншама ұйымдасқан жұмыстың ұйтқысы болып еңбек жолында табанды азамат,ел ағасы,абыройлы ағамыз 1958 жылдың көктемінде 52 жасында дүниеден озды.Амал қанша, «Өлместі құдай жасамас,тозбасты ұста жасамас» деген.Артына 2 ұл,3 қыз қалдырды.Бүгінгі күнде ұрпақтары Бейнеуде, Ақтау қалаларында тұрады.