Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
байбол есембет шежіресі.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.28 Mб
Скачать

Есембет жайсаңдары

Асу да асу белдер бар,

Аса алмаса ат өлсін.

Ағайынмен тату бол,

Көре алмаса жат өлсін.

Атағозы би

Есембеттен Рысбай, Күсіл, Құрбан,

Туғандай Айырдан нар Қарадан хан,

Рысбайдан Құлөтей, Төлей шығап,

Дәрпіне әуес болған бірталай жан.

Баймырза Жанмырзалар, Ақмырзамен,

Өрісі Құлаөтейдей текті жерден.

Жетім жесір күн көріп панасында,

Көңілінің жыртығы бүтінделген.

Әйгілі Базарбайдың Мамақаны,

Ер Қосай әулетінің намыс ары,

Күмбездеп кесенелеп Ер Қосайды,

Мерейін аруақтардың асырады.

Есембет батырым деп қолпаштаған,

Кезінде орда бұзып қол бастаған,

Шоманайлы полковник Оңболсын бар

Елімді тексіздерден қорғаштаған.

Қарасайдың бір баласы Болаш орнын тұтты,

Бегейден Патша сұлу жары құтты.

Пір тұтып ұлағатты ұстаздықты,

Еңбегі ел үстінде болды мықты.

Тілдескен табиғатпен Ана жермен,

Өндірген жемістерін маңдай термен,

Еңбегі елге сіңген агроном,

Бодан бар Қожахметтей асыл ерден.

Есембет Мүдәрістен Әкім аты

Ғылымда көкті шарлап ер қанаты.

Астана Атомпром жұмысында

Математика есептеу ғылымының кандидаты.

Астана қазағымның сәнін берді,

Күш жинап татулықтың дәмін берді.

Баршасын заң жолында ұстап тұрған,

Есембет Рәушеннен Тағыберді.

Жұлдызы куә болған ерлігі бар,

Бойында кемелдіктің кеңдігі бар.

Селбаев Шуақбай бар Шоманайда,

Кезінде ел басқарған белгілі ер.

Ел бастап шындық тамған қызыл тілден,

Білімді көкейге көп іс түйінген.

Мақташы Нұрлыбаев Базарбайдың,

Жасаған еңбегіне ел сүйінген.

Алматыда белгілі білікті адам,

Ер Қосайдың әруағын ұлықтаған.

Жолай ұлы Құлмұрат бар

Ер Қосайға кесене күмбез салған.

Ишаннан Бірлен, Тұрман, Берман, Тұрмағанбет,

Бақ дәулет бастарына оранған көп.

Ұрпақтың болашағын мұрат қылған,

Ел айтар баршасына сыйлы адам деп.

Есембет ерлерінен елдің іші

Қайбуллаұлы Сайлау бар оқытушы.

Өрістен өнегелі Құрал шығып,

Дәрігер Маңғыстауда аты шыққан.

Есембет алдырмаған жатқа сынын,

Басқарған есеп жағын мақтасының.

Жайбергенов Андрей жарым ғасыр,

Түркпенде «Ызмықшиыр» Тақтасынан.

Жан бар ма Әбубәкір Қармысовтай,

Көңілі мөлдір таза таңғы шықтай.

Бейнеуде су тармағын егелеп жүр,

Ерінбей еңбек жасап жазы қыстай.

Қойланов Теміртас бар асыл тектен,

Кезінде теміржолды билеп өткен.

Ақылы қорғасынның салмағындай,

Асырып қызметін терін төккен.

Қошым бар ұлы ұстаз Исабайдан,

Деп жүрген ел жұртыма тисе пайдам.

Ел айтар баршасына сыйлы адам,

Жұман бар әділ заңды орындаған.

Наурызтегі Ізімбайдан Әнуар бар,

Жан жетпес ғұламаның салмағына,

Дунған мешітінің бас имамы,

Шариғат дін Исламның тармағында.

Жүзден жүйрік шыққандай тұлпар мыңнан,

Көреген емші болып аты шыққан.

Самбаев Наурызбай бар Ақтөбеде,

Дәрігер шипагерлік жолын қуған.

Мінеки Рысбайдан талайлары

Әлі көп мен білмеген талайлары.

Мерей арта түсіп жайсаңдардың,

Келбеті жыр жолында арайланды.

Сағын қожа мен Аманжол,

Ақсүйек елде қожалар.

Дін Исламның жолында

Халқыма жарық Нұрболған.

Мақсат қожа ақиқаттың жолын қуған,

Жинақтап шежірені нұрландырған.

Ақ сүтпен бірге кірген жақсылықпен,

Өзгеден жомарттығы артық туған.

Ғылымда жас басынан шыққан аты,

Демеден Ахметтің тегі заты.

Ақтаудың университеті Есеновте

Экономика ғылымының кандидаты.

Дүйсенов Нұр Ақтауда жұрт егесі,

Онсыз атқарылмас ел кеңесі.

Жұртым деп жан күйдірген ер азамат,

Тынымсыз еңбек жасап ертелі кеш.

Москва университетінен алған білім,

Меңгерген жас басынан испан тілін.

Кәсіпкер Есенжанов Түркпенбай бар,

Қара нар алдырмаған мүлде сынын.

Есембет ер Төлеуден шыққан бәрі,

Тараған өн бойына білім нәрі.

Дәулетнияз, Әбдікәрім Аманкелді,

Елімнің жүк көтерген қара нары.

Бабалар шежіресін ұлықтаған,

Еңбексіз дүниеге құнықпаған.

Нұрғалиев Оңғар бар Алматыда,

Жолында жомарттықтың ту ұстаған.

Өзенде Мұханбетов Құдайберген

Еңбегін елге жасап маңдай термен.

Шындық жолын қуған ер, түкті жүрек,

Бабалардың ерлігін кірлетпеген.

Әйгілі Өзендегі Қуан мырза,

Заманның маңдай алды ұлы тұлға.

Елімнің өндірісін өркендетіп,

Өзі мәрт, өзі жомарт, өзі мырза.

Нұраддин Алиұлы шыққан даңқы,

Ер болды ел жұртына парасатты.

Игеріп ғылым жолын ардақ тұтқан,

Техника ғылымының кандидаты.

Қарабайдан Әби бар асыл туған,

Ілімнің неше түрлі жолын қуған.

Ақтауда оқытушы инженер боп,

Көрінген ұстаз болып биік шыңнан.

Ержан Нұрбергеннен асыл мырза,

Кәсіпкер құрылысшы Жаңаөзенде

Бизнестің туын көкке шарықтатып,

Қайырлы қадам басқан барыс жылға. Рәтбай ДӘУІТБАЕВ.