- •Кенже бөкенбаев Байбол Есембет шежіресі Ер Қосай
- •Автордан
- •Адамзат,... Алаш,... Алшындар
- •Болғанда әкем – Елтай, шешем – Анай!
- •Аруақты атам ер Адай Елтайұлы
- •Алашты ардақтаймыз!
- •Қолдап қолды қойған күн, қасиетті Қадір түн
- •Құрметті жамағат!
- •Ел біледі, ер Адай киелі!-деп.
- •Адамзаттан тегім бір
- •Байқожаұлы ер Елтай
- •Елтайұлы Ер Адай
- •Аға аманаты
- •Адай шежіресі. (таңбасы жебе).
- •Алты Қосай.
- •Пір Қосай, Би Қосай, Ер Қосай.
- •Бес Есенғұл туралы (≈1609≈1700.)
- •Байболдың Жұлдызы туралы.
- •Байболдың Мәмбетқұлұлы (“Шалбар”) туралы
- •Қосайұлы Бегей туралы
- •Төрт арыс Тіней туралы
- •Қос арыс Бәли туралы
- •Қос арыс Сүйіндік (“Жаманадай”) туралы
- •Байболұлы Есембет ұрпақтары
- •Балабай балалары
- •Ақмырза
- •Жанмырза
- •Рысбайдың екінші баласы- Төлей
- •Женалының екінші баласы Танабай (Төребай)
- •Женалының үшінші баласы- Бесім.
- •Женалының төртінші баласы -Додан (Досалы)
- •Есембеттің екінші баласы: Күсіл
- •Есембеттің үшінші баласы :Құрбан
- •Төлекенің екінші баласы: Сүйірбас
- •Төлекенің үшінші баласы: Шүрен.
- •Құрбанның Бәйбегінің балдары
- •Бәйбектің Кеншімбай, Келімбай ұрпақтары жөнінде мәлімет.
- •Бәйбектің Майлыбайының балалары
- •Бәйбектің Жаулыбайының балдары ең кенжесі.
- •Қожалар
- •Есембет қожасы
- •Бердібек батыр
- •Есембеттен шыққан батырлар
- •Есембеттен шыққан билер
- •Адайдың алпыс батыры
- •Қарқын батыр (1786-1856)
- •Мерген би
- •Тәжік жеріндегі Есембет ағайындар Ботабай, Ботағара, Жанжігіт батырлар
- •Әмудариядан өту
- •Ауғанда болған Есембеттер
- •Есембет Бәйменбет би ұрпақтары жайында
- •Есембет шежіре жыр толғаулары
- •Тарихи тұлғалар
- •Есембет жайсаңдары
- •Оспан ахун
- •Есениязұлы Сейліхан би Есембет-Құрбан-Бәйбек-Әбет-Қожамжар- Есениязұлы-Сейліхан би (1879-1960 жж.)
- •Баймолдаұлы Қали Есембет-Құрбан-Бәйбек-Майлыбай-Құлпейіс-Баймолдаұлы Қали (1880-1895 жж.)
- •Бөкенбай ақсақал
- •Қожалақ Аңшы
- •Ардақтауға лайықты тұлға
- •Кенжаев Әбдір Есембет – Құрбан – Бәйбек – Кемелбай – Әбет – Қожамжар – Кенжекұлы Әбдір (1900-1960 жж.)
- •Қуатбай Прокурор
- •Есембет – Құрбан – Төлеке – Сүйірбас – Жолшы – Сүйінбай – Дәулетұлы Қуатбай
- •Нұрғалиұлы Тобышбай Байбол – Есембет - Құрбан - Бәйбек - Кемелбай - Әнет - Көкей - Қолдас - Нұрғалиұлы Тобышбай (1922-1979 жж.)
- •Сейліханұлы Өтеген
- •Есембет – Құрбан – Бәйбек – Кемелбай – Әбет – Қожамжар – Еснияз – Сейліхан – Өтеген
- •Әбілұлы Ораз
- •Қалиев Әжібай Есембет – Рысбай – Төлей – Женалы – Бесім – Жуабай – Қали – Әжібай
- •Баймолда Қалиұлы Қалмантай Есембет – Құрбан – Бәйбек – Майлыбай – Баймолда – Қалиұлы Қалмантай.
- •Кенжаев Базарбай Есембет – Құрбан – Бәйбек – Кемелбай – Әбет – Қожамжар – Кенжекұлы Базарбай.
- •Қосай – Байбол - Есембет – Құрбан – Бәйбек – Кемелбай - Әнет – Жусанбай – Төлеп – Жалғас.
- •Соцалистік Еңбек Ері Оразғали Әлдібаев
- •Ишанұлы Тұрман
- •Ақмамбетов Байқуан (1926-2008 жж.)
- •Жайбергенұлы Андрей
- •Ибрашев Өтеген Ибрашұлы
- •Реушенұлы Тағыберді
- •Тұрлыбаев Тоғай Алданбайұлы
- •Қарабаев Әби (1946 ж)
- •Қойланұлы Тоқтабай
- •Теміртас Тоқтабайұлы
- •Дәулет Ермекбайұлы( 1851-1931)
- •Даулетұлы Сарыбай (1901-1991)
- •Сарыбайұлы Сүндет (1935-2004 ж)
- •Сарыбайұлы Үмбет
- •Бек Мұхамедұлы
- •Бабакулов Аманкелді (1951 ж.)
- •Дүйсенов Нұр Қаражаұлы (1955 ж)
- •Қарттардан сәлем!
- •70 Сом пенсияның ең төмені
- •40 Жылдан «стаж» асар жиыстырсам
- •Омаров Наурызбайдың шығармасы
- •Армияға алған ағалардың жайынан бір әңгіме құрайын
- •Бердібек батыр
- •Жүндібайұлы Жайбергеннің, Шүренбайқызы Оңаштың, Жайбергенұлы Әндірейдің өмірден озғанын еске алып, ас беру рәсіміне жаңаөзендік жыршы Қармыстың арнауы
- •Алданбай ақсақалға арнау
- •Тоқбергенов Әдіш Алданбай ақсақал қайтыс болғанда балдарына келіп көңіл айтуы 1987 ж.
- •Ардақты әке, аяулы ана
- •Жаңа жылмен құттықтау
- •Өнегелі өрістер
- •Ардақты ана
- •Жалғас Төлеповтың жер-термелері Ер Қосай бабаға арналады
- •«Пір Бекетке арналған терме»
- •Молла Қош мүдәріске және ұрпақтары Базарбайға арналған терме
- •Азаматтар қазақ деген атқа кір келтірмейік
- •Түркістан қаласының он бес ғасырға толғанына арналады
- •Қазақ халқының бас қаласы Астанаға арнау
- •Әбішұлы Назарбаевқа арнау
- •Қосай бабаға зияраттап барғанда
- •Бабаларға арнаймын
- •Бестөбе
- •Бердібек батырдың бейіті қараусыз жатыр
- •«Аржағы асылдан екен ғой»
- •Көз бен шеге (баллада)
- •Маңғыстауда – пір Бекет Ата (поэма) Маңғыстау – пір Бекеттің туған жері...
- •2009 Жылдың 15 қаңтары «Маңғыстау газетінен» алынды. Сұхбаттасқан Бақтыбай Жайлау «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының сол кездегі тілшісі. Арнайылап келдік, Ата!
- •Тегіңді білу тектілік
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Есембеттің шежіреші ұрпақтары
- •Ақтау қаласының Есембеттері
- •Жаңаөзен қаласының Есембеттері
- •Алматы облысының Есембеттері
- •Ақтөбе облысының Есембеттері
- •Жетібайдағы Есембеттер
- •Бейнеудегі Есембеттер
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мазмұны
- •Тегіңді білу тектілік
Тәжік жеріндегі Есембет ағайындар Ботабай, Ботағара, Жанжігіт батырлар
Тәжікстан жеріне қазақтардың, оның ішінде адай тайпасының 1850-1870 жылдары көшіп барып қоныстанғандығы тарихи деректерге көнекөз қарияларымыздың айтуына қарағанда 132 жылдан көп уақыт өткен, себебі бұл көштің жалғасы ХІХ ғасырдың 70 жылдарында да жалғасты. Бұл әрине тарихи шындық. Тәжікстанның Қорғантөбе, Себестан-Саңлақ, Қаратау, Теректі тау, Қазақ мазар, Қызыл тұмсық сынды әулиелер өткен, сол әулиелердің бастарына салынған сағаналардағы белгілер жазылған жазулардан, біздің елдің Пәкістан, Ауған, Иран жерлеріне барып, ол жерлерге қоныстануы өте ерте заманға барып таңылады.
Адайлар ата-қоныс Ақтөбе облысының Жем, Сағыз бойынан үдере көшіп, Бесқала, одан әрі Бұқара, одан әрі Тәжікстан жеріне барып қоныстанғаны белгілі. Тәжікстандағы қазақтар 1928-1930 жылдарда ұлы кәмпеске және орыстардан қашып барған ел жан-жақтан орыстар келеді деген қауесетті ести бастайды да Ауған жеріне өтеді.
Жарған қажы Шоғы батырдың баласы Жолманбет ба-тырдың тікелей ұрпағы. Жарған қажы отырған елді өз бастап Әмудария өзенінен өтіп, Ауғанстан жаққа алып өтеді. Әмудария өзенінің арғы беті Ауған жері, бергі беті Тәжік жері. Бірер жыл отырғаннан соң көшіп барған қазақтар тұрмыс-тіршіліктері дұрыстала бастайды. Отырған жерлері қолдарындағы малдарға жайылым керектігі сезіле бастайды. Ауғанның сол жердегі бектері мен ел басылары бұларды түрткілеп, қайта-қайта мазалай бастайды. Ауғандар бізге қырқылмаған лақ сой, төселмеген көрпеше төсе, жұмыртқа тумаған тауық әкел деп азаптайды.
Ауғандар көшіп барған адайларды «Көтәлі-Кеуек» деген жаман жерге зорлықпен күштеп көшіріп алып барады. «Көтәлі-Кеуек» деген екі таудың арасында орналасқан үлкен сайлық жер екен. Оған кіретін жол біреу. Ауғандар қазақтарды сол сайдың ішіне қамап, аузын бекітіп, ешкімді шығармай, сайдың аузына құрылған қақпаны өздері қарауылдаған. Ол жер ауасы жаман, суы ішуге жарамайтын ащы, жазы өте ыстық, қысы өте суық жер болады. Жерге қамалған елдің біразы жұқпалы ауру келіп қырылып қалады. Сол қамалдың ішінде Жанжігіт деген кісі болған. Сол себепті тірі қалған елдің бас көтерер азаматтары бұл зұлматтан құтылу амалын қарастырады.
Ауғанның Сұлтанәлі ханының қырық жігіті көшті арты-нан қуып келіп, шауып, олжалы боламыз деп ойлаған болуы керек. Ақсақалдар кеңесіп, ақылдасып, Әмудария жағасына келген соң, артымыздан қуғыншы келуі мүмкін деп олардың келетін жолына кереге жайғызады. Көшті көрген кезде олар бірден шабады деп ауғандар қазақтың кереге жаятынын қайдан білсін бастығы Сұлтанәлі хан болып жиырма шақты жігіттерді қуалайды. Қазақтар да қарап тұрсын ба, сыбап ата бастайды. Содан төрт-бесеуі аман қалып, қалғандары қашып құтылады. Сұлтанәлі ханды тірілей ұстап, шеге құмға басын шығарып көміп қояды. Қалғандарын түгелдей қырып тастайды.
Бердібек батырдың шөберелері Балжігіт пен Жанжігіт Маңғыстаудан ауып барған Адайларды ауғандар малға да, адамға да қолайсыз таудың қуысына қуып тыққанда ауған, тәжік батырларымен соғысып, сол елді кеңістікке алып шыққан.
Бердібек батырдың Ботабай, Ботақара деген екі немерелері ер көңілді болған деседі. Екеуі де Үстірт үстінде жауластықтарға қатысып, бабасының атағын жоқтатпаған.
Олар бірнеше кісі болып тас шабатын құрал-сайман-дарын алып, ауғандарға көрінбей, таудың беткейіндегі тас-тарды жонып, екі-үш ай бойы адам және аттылау жүретін жалғыз аяқ жол салады.
Жанжігіт өзі батыр, өзі күшті қажарлы, өзіне лайық ақыл-парасаты бар адам. Есембет Жанжігіт ешкімнің көзіне көрінбей, қорждынға балтасы мен қайласын салып алып, тау жолдарын қазып, ағаштарын қырқып, тәжік жерінен өтетін жолды 1910 жылдың желтоқсан айында бітіріп, бір күні бүкіл сайда қамауда отырған елді бір түнде жаздың кезінде артынып-тартынып көшіп, таудан өтеді. Бұлар 3-4 күн тек түнде жүріп, күндіз ауғандардан жасырынып, орман-тоғай-лардың арасына бекінеді. Көшіп келе жатқан ел 5-ші күні кештетіп Әмудария бойына жетеді. Оларға басшылық жаса-ған Есембет, Жанжігіт, Балжігіт, Баймолдағали сынды кісілер.
Автор.
