- •Кенже бөкенбаев Байбол Есембет шежіресі Ер Қосай
- •Автордан
- •Адамзат,... Алаш,... Алшындар
- •Болғанда әкем – Елтай, шешем – Анай!
- •Аруақты атам ер Адай Елтайұлы
- •Алашты ардақтаймыз!
- •Қолдап қолды қойған күн, қасиетті Қадір түн
- •Құрметті жамағат!
- •Ел біледі, ер Адай киелі!-деп.
- •Адамзаттан тегім бір
- •Байқожаұлы ер Елтай
- •Елтайұлы Ер Адай
- •Аға аманаты
- •Адай шежіресі. (таңбасы жебе).
- •Алты Қосай.
- •Пір Қосай, Би Қосай, Ер Қосай.
- •Бес Есенғұл туралы (≈1609≈1700.)
- •Байболдың Жұлдызы туралы.
- •Байболдың Мәмбетқұлұлы (“Шалбар”) туралы
- •Қосайұлы Бегей туралы
- •Төрт арыс Тіней туралы
- •Қос арыс Бәли туралы
- •Қос арыс Сүйіндік (“Жаманадай”) туралы
- •Байболұлы Есембет ұрпақтары
- •Балабай балалары
- •Ақмырза
- •Жанмырза
- •Рысбайдың екінші баласы- Төлей
- •Женалының екінші баласы Танабай (Төребай)
- •Женалының үшінші баласы- Бесім.
- •Женалының төртінші баласы -Додан (Досалы)
- •Есембеттің екінші баласы: Күсіл
- •Есембеттің үшінші баласы :Құрбан
- •Төлекенің екінші баласы: Сүйірбас
- •Төлекенің үшінші баласы: Шүрен.
- •Құрбанның Бәйбегінің балдары
- •Бәйбектің Кеншімбай, Келімбай ұрпақтары жөнінде мәлімет.
- •Бәйбектің Майлыбайының балалары
- •Бәйбектің Жаулыбайының балдары ең кенжесі.
- •Қожалар
- •Есембет қожасы
- •Бердібек батыр
- •Есембеттен шыққан батырлар
- •Есембеттен шыққан билер
- •Адайдың алпыс батыры
- •Қарқын батыр (1786-1856)
- •Мерген би
- •Тәжік жеріндегі Есембет ағайындар Ботабай, Ботағара, Жанжігіт батырлар
- •Әмудариядан өту
- •Ауғанда болған Есембеттер
- •Есембет Бәйменбет би ұрпақтары жайында
- •Есембет шежіре жыр толғаулары
- •Тарихи тұлғалар
- •Есембет жайсаңдары
- •Оспан ахун
- •Есениязұлы Сейліхан би Есембет-Құрбан-Бәйбек-Әбет-Қожамжар- Есениязұлы-Сейліхан би (1879-1960 жж.)
- •Баймолдаұлы Қали Есембет-Құрбан-Бәйбек-Майлыбай-Құлпейіс-Баймолдаұлы Қали (1880-1895 жж.)
- •Бөкенбай ақсақал
- •Қожалақ Аңшы
- •Ардақтауға лайықты тұлға
- •Кенжаев Әбдір Есембет – Құрбан – Бәйбек – Кемелбай – Әбет – Қожамжар – Кенжекұлы Әбдір (1900-1960 жж.)
- •Қуатбай Прокурор
- •Есембет – Құрбан – Төлеке – Сүйірбас – Жолшы – Сүйінбай – Дәулетұлы Қуатбай
- •Нұрғалиұлы Тобышбай Байбол – Есембет - Құрбан - Бәйбек - Кемелбай - Әнет - Көкей - Қолдас - Нұрғалиұлы Тобышбай (1922-1979 жж.)
- •Сейліханұлы Өтеген
- •Есембет – Құрбан – Бәйбек – Кемелбай – Әбет – Қожамжар – Еснияз – Сейліхан – Өтеген
- •Әбілұлы Ораз
- •Қалиев Әжібай Есембет – Рысбай – Төлей – Женалы – Бесім – Жуабай – Қали – Әжібай
- •Баймолда Қалиұлы Қалмантай Есембет – Құрбан – Бәйбек – Майлыбай – Баймолда – Қалиұлы Қалмантай.
- •Кенжаев Базарбай Есембет – Құрбан – Бәйбек – Кемелбай – Әбет – Қожамжар – Кенжекұлы Базарбай.
- •Қосай – Байбол - Есембет – Құрбан – Бәйбек – Кемелбай - Әнет – Жусанбай – Төлеп – Жалғас.
- •Соцалистік Еңбек Ері Оразғали Әлдібаев
- •Ишанұлы Тұрман
- •Ақмамбетов Байқуан (1926-2008 жж.)
- •Жайбергенұлы Андрей
- •Ибрашев Өтеген Ибрашұлы
- •Реушенұлы Тағыберді
- •Тұрлыбаев Тоғай Алданбайұлы
- •Қарабаев Әби (1946 ж)
- •Қойланұлы Тоқтабай
- •Теміртас Тоқтабайұлы
- •Дәулет Ермекбайұлы( 1851-1931)
- •Даулетұлы Сарыбай (1901-1991)
- •Сарыбайұлы Сүндет (1935-2004 ж)
- •Сарыбайұлы Үмбет
- •Бек Мұхамедұлы
- •Бабакулов Аманкелді (1951 ж.)
- •Дүйсенов Нұр Қаражаұлы (1955 ж)
- •Қарттардан сәлем!
- •70 Сом пенсияның ең төмені
- •40 Жылдан «стаж» асар жиыстырсам
- •Омаров Наурызбайдың шығармасы
- •Армияға алған ағалардың жайынан бір әңгіме құрайын
- •Бердібек батыр
- •Жүндібайұлы Жайбергеннің, Шүренбайқызы Оңаштың, Жайбергенұлы Әндірейдің өмірден озғанын еске алып, ас беру рәсіміне жаңаөзендік жыршы Қармыстың арнауы
- •Алданбай ақсақалға арнау
- •Тоқбергенов Әдіш Алданбай ақсақал қайтыс болғанда балдарына келіп көңіл айтуы 1987 ж.
- •Ардақты әке, аяулы ана
- •Жаңа жылмен құттықтау
- •Өнегелі өрістер
- •Ардақты ана
- •Жалғас Төлеповтың жер-термелері Ер Қосай бабаға арналады
- •«Пір Бекетке арналған терме»
- •Молла Қош мүдәріске және ұрпақтары Базарбайға арналған терме
- •Азаматтар қазақ деген атқа кір келтірмейік
- •Түркістан қаласының он бес ғасырға толғанына арналады
- •Қазақ халқының бас қаласы Астанаға арнау
- •Әбішұлы Назарбаевқа арнау
- •Қосай бабаға зияраттап барғанда
- •Бабаларға арнаймын
- •Бестөбе
- •Бердібек батырдың бейіті қараусыз жатыр
- •«Аржағы асылдан екен ғой»
- •Көз бен шеге (баллада)
- •Маңғыстауда – пір Бекет Ата (поэма) Маңғыстау – пір Бекеттің туған жері...
- •2009 Жылдың 15 қаңтары «Маңғыстау газетінен» алынды. Сұхбаттасқан Бақтыбай Жайлау «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының сол кездегі тілшісі. Арнайылап келдік, Ата!
- •Тегіңді білу тектілік
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Есембеттің шежіреші ұрпақтары
- •Ақтау қаласының Есембеттері
- •Жаңаөзен қаласының Есембеттері
- •Алматы облысының Есембеттері
- •Ақтөбе облысының Есембеттері
- •Жетібайдағы Есембеттер
- •Бейнеудегі Есембеттер
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мазмұны
- •Тегіңді білу тектілік
Бердібек батыр
Шүреннің алғашқысы Бердібегі,
Ойлағаны жұртына теңдік еді.
Тұтасқан қалың елдің қамын ойлап,
Алаштың алтын туын желбіретті.
Бердібек қара нарды артқа салып,
Бір күні ол да жолға сапарланды.
Қара қылды қақ жарып түйін шешкен,
Екпіні тау жыққандай батыр еді.
Шаршы топта шеңберлеп сөз боратып,
Жалауын желбіретті Алаш атты.
Ден қойды бүкіл елі туымына
Қондырды ел бірлігін тұғырына.
Ел қамын қорғап, патша өкіметінің отарлаушылық саяса-тына қарсы болып, сонымен қатар қоныстас қалмақтардың басқыншылығына қарсы жанын құрбан етіп күрескен халық батырлары Ер Қосайдың тікелей ұрпақтары Есек батыр –Атақозы - Айтқұл, Бердібек - Есембет, Тәңірберген – Тіней, Тоқтамыс - Шалбар, Тоқпанбет - Шалбар, Өзденбайдың Кенжебегі - Еміл, Бердалы Базарұлы – Айтқұл, батырла-рымыздың қазақ жері үшін күрескен ерен тұлғалар.
Әдебиетші-тарихшы ғалым ақын, журналист Хабибулла Сыдиықұлы өзінің «Елеулі есімдер» 2001 жыл атты кіта-бында ХҮІІ-ХІІ ғасырларда өмір сүріп, ел намысын қорғаған халық батырлары туралы былай деп жазған: «Біз ата-баба-ларымыз туралы сөз қозғағанда алдымен оның батырлығын басты орынға қоямыз. Себебі де түсінікті – асты мен үсті қа-зынаға толы ұланғайыр жерді иеленіп отырып, бабалары-мыздың ерлігіне батырлығына бас имекке хақымыз жоқ.
Ел үшін, жер үшін жанын аямай күрескен бабаларымыз көп. Олардың біреуін артық, тағы біреуін кем бағалауға тиісті емеспіз, барлығы да өз кезінде еңіреп өткен ерлер. Сондай бабаларымыздың қатарында Бердібек батыр. Бұл Байболдың үлкен баласы Есембеттен тарайды. Анықтап көрсетсек Есем-беттен Рысбай, Күсіл, Құрбан болып үш арыс болып тарайды. Бұл жерде Құрбаннан Төлеке, Бәйбек болып, Төлекеден: Сүйірбас, Қалдыбек, Шүрен. Шүреннен: Айту, Назар, Күнтубай, Бердібек батыр. Қалдыбектен: Сәрібапй, Досыбай, Аманжол, Монша. Сүйірбастан – Қонысбай батыр, Қосыбай, Есебай, Итемген, Жолшы, Жайнақ, Байнақ.
Бердібек батырдан – Қарақыпшақ, Қияшап. Қарақыпшақ-тан – Ботабай, Ботақара. Ботақарадан – Балжігіт, Жанжігіт болып таралады. Бердібек батырдың Ботақара, Ботабай деген немерелері ер көңілді болған. Екеуі де Маңғыстауда Үстірт үстіндегі жауласықтарға қаптысып, бабаларының атағын жоқтатпаған ерлер. Маңғыстаудан ауып барған адайларды тәжіктер Ауған шекарасына таудың шөл, қолайсыз қуысына қуып тыққанда тәжік, ауған батырларымен соғысып, сол елді бері кеңістікке алып шыққан батырлар Балжігіт пен Жанжігіт ер көңілді батырлар. Қазіргі кезде оның ұрпақтары Шымкент облысы Қазықұрт ауданы Қызылсеңгір ауылына қоныстанған. Адай ауыл атанған.
Атақозы батырдың жасы кіші інісі Бердібек батыр онымен көп жыл үзеңгілес жүрген. Небір қиын-қыстау жерлерде ер-лік істерімен танылғандықтан болар Атақозы батыр жаушы-лықта Бердібек батырды қасынан тастамай қалдырмай ертіп жүрген. Ондағысы жазатайым жазым болып, сүйегім жауда қалған жағдайда мүрдемді тастамай алып шығуға сенің шамаң келер деп сенгендігінен болса керек деп айтысады қарияларымыз.
Шамалауымызша Бердібек батыр да қалмақтармен болған жауласықтардың соңғы тұстарына қатысқан сияқты. Ол өмірінің көп бөлігін Маңғыстау түрікпендерімен болған қақтығыс шайқастарда өткізіп көзге түскен. Оның даңқы әсіресе осы тұстарда шыққан. Маңғыстаулық Адай ақын- жырауларының қай-қайсысы болмасын Бердібекті Атақозы батырмен қоса қатар айтады. Мәселен Қалнияз ақын кете Жаскелеңмен айтысында:
Атақозы Адайдан
Бердібек деген ер шықты.
Қаланы шапты қамалап,
Дұшпанды қырды жағалап – десе
Кенже Ақтан ақын «Ерлік жыры» деген шығармасында: ақын Адай батырларының есімін атайды.
Өрден шыққан батырлар
Атақозы, Бердібек,
Ерлік қылған белгілеп,
Есен, Сүгір, Шабайды,
Шотан, Қармыс, Қонайды,
Тұсында ешкім бұларды
Айтпаған екен кемді деп.
Қайсыбірін айтайын,
Ертеде өткен әруақты
Асыл ердің орны көп, - деп Адай батырларымен ерлігін қатар атап дәріптейді.
Өмірзақ Қалбаев атап өткен Бердібек батыр жөнінде 1820-1825 жылдары Адайлар мен Әлімдер арасында басы жылқының жоғалған жабуынан басталып, арты бірнеше барымта-сарымталарға, кісі өлімдеріне, қол жинап ауылдарды шабуға дейін ұласқан үлкен қақтығыстар болған делінеді. Атақты «Мұз қырғыны» деп аталатын қыстың күні Каспий теңізінің қатқан мұзы үстінде Теміртапқан – Байтақта өткен екі жақтың шайқасында Адайлар тағаланбаған аттарымен мұз үстінде дұрыстап ұрыса алмайды. Әлімдердің аттары тағаланған. Адайлар үлкен жеңіліс табады. Қыста мұз қырғынында кеткен кегін алмаққа бекінген Адайлар келер жазда Әлімге қайта аттанып Шүрен Шонты бидің ауылын шауып, малын барымталап көп адамын өлтіреді. Адайлар Ойылдың бір пұшпағы Көкаланың құмын жайлап отырған Әлімнің (Кете Төртқара) көп ауылының мал-мүлкі талауға ұшырайды. Қолдың туын ұстаған Бердібек батыр – ол уақытта жасы ұлғайып қалған кісі екен, соған олжа бөлісте ағалық жолмен 60 кілем тиіпті. Нұрым ақынның Жаскелеңмен айтысында:
Көкаланың құмында
Алты аталы Әлімді
Адайлар барып шапқанда,
Бердібекке тиіпті
Алпыс кілем ағалық.
Содан қалған Сіздерге
Батырлық, байлық, даналық, - дегендегі айтылатын Бердібек батыр Есембет ұрпағы.
Әлім мен Адай арасында болған ұрыс, тым ұзаққа 17 жылға созылған. Екі елдің қонысы бір. Жайлауда аралас отырады. Күзде Адай қыстауға – Маңғыстауға көшеді. Көш жөнекей бейсеует малдың қосылып кетуі тіпті көңілдері қараға шапқандардың жолшыбай ол елдің малын қолды етуі көшпелі ел тұрмысында үйреншікті жағдай. Сондайдың арты ушыға келе жанжал болып, әуелі Адай жағынан бір адам өледі де, Әлім оны мойындамайды. Адайлар «ақ болсаң сегіз атақты адамың келіп әулие басында Құран ұстап ақтығына ант берсін» десе Әлім көнбейді. Қара іске ант беріп ру атына жаманат келтіруден қашады. Әлімдер оған көнбейді, көну былай тұрсын Есембеттің белгілі байлары Өткілбайдың бір мыңнан астам жылқысын, Көшек байдың 1,5 мың жылқысын барымталайды. Келесі жылы Адайлар көп қолмен Бердібек батыр бастаған Сағыз бойындағы Кете Ожырай Шүрен ауылдарын тұяқ қалдырмай шауып алады. Осылайша екі ел арасындағы ұрыс-жанжал көпке созылған. Екі елді татулас-тыруға ешкімнің жүрегі дауаламайды. Таңдау сол кезде атақтары дүркіреп тұрған Исатай мен Махамбетке түседі. Адайлардың келеге келуіне ықпал жасайды. Келіссөзге Адайдан Сүйінқара Үргенішбайұлы, Шабай Қонысұлы, Бердібек батыр Шүренұлы, Мәмбетнияз Төлепұлы келеді. Исатайдың төбе билігімен жас та болса ауызы дуалы Төлеп батырдың баласы Мәмбетнияз: «Өткен өлеует, қалған салауат болсын, ұзын кесілмесін, қысқа өлшенбесін. Ертең күн жаңасынан туып, дау арты барымтасыз, барымта қарымтасыз болсын. Әумин! - деп бітім жасалады. Сөйтіп екі ел арасында бейбітшілік орнайды.
Бердібек батыр өмірінің көп бөлігін Маңғыстау түрікпен-дерімен болған шайқастарда ерен ерлігімен көзге түскен батырлар қатарында аталады. Шындығында ол Маңғыстауда болған шайқастарға қатысқан. Түрікпен батыры Сардарбекпен болған Шерқала қамалындағы шайқаста ерлік жасаған және де қолға түсіріп мерт етуі түрікпеннің Қарақұл батырын қолға түсіріп мерт етуі ерлік істерінің бірегейі. Сонымен қатар 1825 жылы болған Ер Қармыс қаза болатын Қыземшек шайқасында, одан кейінгі 1832 жыл болған Сүйінқара қырғынында ерлік істерімен көзге түскен. Қалнияз ақын Бердібекті Атақозымен қатар атайды, оның «Бісмілла деп сөйлесем» деген толғауында:
Атақозы Бердібек
Лабақ, Шабай барында,
Ығыстырып түрікпенді,
Көрсеткен талай көрімді! – десе
Оңды мен Қарауыл-Құмбеттің арасында «Ұралысай» деген жерде Бердібек батыр түрікпеннің Қарағұл батырын Қарауыл-Құмбетте қапыда қолға түсіріп, еліне хабар бере алмай мерт болады.
Атағозы, Бердібек бастаған қол Тау тұмсығындағы Тамды деген жерден екіге бөлініп, Қаратаудың екі бетін Айладыр жұртынан босатып, Кетікке дейінгі Маңғыстау аймағын қазақтарға қаратып алады.
Белгілі ақын-жырауларымыздың және бірі Қырымқұл Ұзақбай да:
Атағозы, Бердібек
Бұл екеуін айтайын.
Маңғыстаудың ойына,
Аламан бастап келді деп.
Ұстасқан жауын жеңді деп,
Дұшпанын қырды соңғы деп,
Алшын деген ауылға
Ерлікпен үлгі берді деп – аталған. Екі батырдың кезінде жауға аттанған аламан жасақты бастап алдыңғы сапта жүр-гендігін еске салады. Сондай-ақ екі батырды Кіші жүз Алшын еліне даңқы жеткен батырлар қатарында атайды. Шындығында да ел аузында осы күнге дейін «Атағозы, Бердібек болып» айтылып келе жатқандығына қарағанда, қалай да кезінде халық үшін жан пида деп қосарлана көзге түскендігін байқатады.
Сәттіғұл ақын өзінің жыр толғауларында былайша толғайды:
Атағозы Есекпен
Бердібектің барында
Маңғыстауды бұл Адай
Түрікпеннен тартып сонда алған.
Ер Қосайды толғайтын Рәтбай Мұратбайұлы:
Атақозы, Бердібек
Шерқаланы шапқанда
Ер Қосай деп ұрандап,
Сардарбекті сұлатып
Қылышы қанға батқанда
Бердібек сынды ерлерім
Айылын жаудан тартқан ба – деп Бердібек батырдың ерлігін дәріптейді.
Сүгір Бегендікұлы тарихи мұштарих сөз деген толғауында Адай батырларының ерліктерін былайша жырға қосады:
Алашыңның басында
Қараөзеннің қасында
Атақозы, Шотан, Бердібек
Кәпірдің қанын сапырған.
Сүкеннің «Алты арыс Қосай болғанда» деп басталатын ұзақ желілі терме толғауында:
Алты арыс Қосай болғанда,
Аймақтан асқан билігін
Дәрежелі ауылымсың
Ішінен шыққан жүйрігің.
Атақозы, Бердібек,
Қатардан асқан ерлігің,
Алып берген Адайдың
Дұшпанға кетсе теңдігін, – деп толғайды.
Екі батырдың қазақ баласына қамқор болып жау жағының панасы болғандығын мақтанышпен дәріптеп атайды.
Бір ғасырға жуық өмір сүріп оның 60 жылын бел шешпей ат үстінде жүріп, сыртқы жаулардан қазақ жерін қорғаған даңқты бабамызға қандай құрмет жасасақ та лайықты. Себебі біздердің бүгінгі бақытты күндеріміз – осындай батыр бабаларымыздың арқасы.
Кенже БӨКЕНБАЙҰЛЫ,
Ардагер ұстаз, зейнеткер 30.11.2011 жыл.
