- •Кенже бөкенбаев Байбол Есембет шежіресі Ер Қосай
- •Автордан
- •Адамзат,... Алаш,... Алшындар
- •Болғанда әкем – Елтай, шешем – Анай!
- •Аруақты атам ер Адай Елтайұлы
- •Алашты ардақтаймыз!
- •Қолдап қолды қойған күн, қасиетті Қадір түн
- •Құрметті жамағат!
- •Ел біледі, ер Адай киелі!-деп.
- •Адамзаттан тегім бір
- •Байқожаұлы ер Елтай
- •Елтайұлы Ер Адай
- •Аға аманаты
- •Адай шежіресі. (таңбасы жебе).
- •Алты Қосай.
- •Пір Қосай, Би Қосай, Ер Қосай.
- •Бес Есенғұл туралы (≈1609≈1700.)
- •Байболдың Жұлдызы туралы.
- •Байболдың Мәмбетқұлұлы (“Шалбар”) туралы
- •Қосайұлы Бегей туралы
- •Төрт арыс Тіней туралы
- •Қос арыс Бәли туралы
- •Қос арыс Сүйіндік (“Жаманадай”) туралы
- •Байболұлы Есембет ұрпақтары
- •Балабай балалары
- •Ақмырза
- •Жанмырза
- •Рысбайдың екінші баласы- Төлей
- •Женалының екінші баласы Танабай (Төребай)
- •Женалының үшінші баласы- Бесім.
- •Женалының төртінші баласы -Додан (Досалы)
- •Есембеттің екінші баласы: Күсіл
- •Есембеттің үшінші баласы :Құрбан
- •Төлекенің екінші баласы: Сүйірбас
- •Төлекенің үшінші баласы: Шүрен.
- •Құрбанның Бәйбегінің балдары
- •Бәйбектің Кеншімбай, Келімбай ұрпақтары жөнінде мәлімет.
- •Бәйбектің Майлыбайының балалары
- •Бәйбектің Жаулыбайының балдары ең кенжесі.
- •Қожалар
- •Есембет қожасы
- •Бердібек батыр
- •Есембеттен шыққан батырлар
- •Есембеттен шыққан билер
- •Адайдың алпыс батыры
- •Қарқын батыр (1786-1856)
- •Мерген би
- •Тәжік жеріндегі Есембет ағайындар Ботабай, Ботағара, Жанжігіт батырлар
- •Әмудариядан өту
- •Ауғанда болған Есембеттер
- •Есембет Бәйменбет би ұрпақтары жайында
- •Есембет шежіре жыр толғаулары
- •Тарихи тұлғалар
- •Есембет жайсаңдары
- •Оспан ахун
- •Есениязұлы Сейліхан би Есембет-Құрбан-Бәйбек-Әбет-Қожамжар- Есениязұлы-Сейліхан би (1879-1960 жж.)
- •Баймолдаұлы Қали Есембет-Құрбан-Бәйбек-Майлыбай-Құлпейіс-Баймолдаұлы Қали (1880-1895 жж.)
- •Бөкенбай ақсақал
- •Қожалақ Аңшы
- •Ардақтауға лайықты тұлға
- •Кенжаев Әбдір Есембет – Құрбан – Бәйбек – Кемелбай – Әбет – Қожамжар – Кенжекұлы Әбдір (1900-1960 жж.)
- •Қуатбай Прокурор
- •Есембет – Құрбан – Төлеке – Сүйірбас – Жолшы – Сүйінбай – Дәулетұлы Қуатбай
- •Нұрғалиұлы Тобышбай Байбол – Есембет - Құрбан - Бәйбек - Кемелбай - Әнет - Көкей - Қолдас - Нұрғалиұлы Тобышбай (1922-1979 жж.)
- •Сейліханұлы Өтеген
- •Есембет – Құрбан – Бәйбек – Кемелбай – Әбет – Қожамжар – Еснияз – Сейліхан – Өтеген
- •Әбілұлы Ораз
- •Қалиев Әжібай Есембет – Рысбай – Төлей – Женалы – Бесім – Жуабай – Қали – Әжібай
- •Баймолда Қалиұлы Қалмантай Есембет – Құрбан – Бәйбек – Майлыбай – Баймолда – Қалиұлы Қалмантай.
- •Кенжаев Базарбай Есембет – Құрбан – Бәйбек – Кемелбай – Әбет – Қожамжар – Кенжекұлы Базарбай.
- •Қосай – Байбол - Есембет – Құрбан – Бәйбек – Кемелбай - Әнет – Жусанбай – Төлеп – Жалғас.
- •Соцалистік Еңбек Ері Оразғали Әлдібаев
- •Ишанұлы Тұрман
- •Ақмамбетов Байқуан (1926-2008 жж.)
- •Жайбергенұлы Андрей
- •Ибрашев Өтеген Ибрашұлы
- •Реушенұлы Тағыберді
- •Тұрлыбаев Тоғай Алданбайұлы
- •Қарабаев Әби (1946 ж)
- •Қойланұлы Тоқтабай
- •Теміртас Тоқтабайұлы
- •Дәулет Ермекбайұлы( 1851-1931)
- •Даулетұлы Сарыбай (1901-1991)
- •Сарыбайұлы Сүндет (1935-2004 ж)
- •Сарыбайұлы Үмбет
- •Бек Мұхамедұлы
- •Бабакулов Аманкелді (1951 ж.)
- •Дүйсенов Нұр Қаражаұлы (1955 ж)
- •Қарттардан сәлем!
- •70 Сом пенсияның ең төмені
- •40 Жылдан «стаж» асар жиыстырсам
- •Омаров Наурызбайдың шығармасы
- •Армияға алған ағалардың жайынан бір әңгіме құрайын
- •Бердібек батыр
- •Жүндібайұлы Жайбергеннің, Шүренбайқызы Оңаштың, Жайбергенұлы Әндірейдің өмірден озғанын еске алып, ас беру рәсіміне жаңаөзендік жыршы Қармыстың арнауы
- •Алданбай ақсақалға арнау
- •Тоқбергенов Әдіш Алданбай ақсақал қайтыс болғанда балдарына келіп көңіл айтуы 1987 ж.
- •Ардақты әке, аяулы ана
- •Жаңа жылмен құттықтау
- •Өнегелі өрістер
- •Ардақты ана
- •Жалғас Төлеповтың жер-термелері Ер Қосай бабаға арналады
- •«Пір Бекетке арналған терме»
- •Молла Қош мүдәріске және ұрпақтары Базарбайға арналған терме
- •Азаматтар қазақ деген атқа кір келтірмейік
- •Түркістан қаласының он бес ғасырға толғанына арналады
- •Қазақ халқының бас қаласы Астанаға арнау
- •Әбішұлы Назарбаевқа арнау
- •Қосай бабаға зияраттап барғанда
- •Бабаларға арнаймын
- •Бестөбе
- •Бердібек батырдың бейіті қараусыз жатыр
- •«Аржағы асылдан екен ғой»
- •Көз бен шеге (баллада)
- •Маңғыстауда – пір Бекет Ата (поэма) Маңғыстау – пір Бекеттің туған жері...
- •2009 Жылдың 15 қаңтары «Маңғыстау газетінен» алынды. Сұхбаттасқан Бақтыбай Жайлау «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының сол кездегі тілшісі. Арнайылап келдік, Ата!
- •Тегіңді білу тектілік
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Есембеттің шежіреші ұрпақтары
- •Ақтау қаласының Есембеттері
- •Жаңаөзен қаласының Есембеттері
- •Алматы облысының Есембеттері
- •Ақтөбе облысының Есембеттері
- •Жетібайдағы Есембеттер
- •Бейнеудегі Есембеттер
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мазмұны
- •Тегіңді білу тектілік
Аға аманаты
Өмірзақ Қалбайұлы ұстазым:- Қаржаубай шәкірт інім, ендігі айтарымды, өзіңе, ұрпаққа аманат деп ұғарсың,-деді де, сөйлеп кетті...
...Бекарыс→ Мөңке→ Алшын→ Алау→ Құдияр→ Қадірқожа(“БАЙ”)→ Байқожа→ Елтай→ Адай→ Құдайберді(“Құдайке”)→ Қосай(алты ұлының ұрпағы “Түрікменадай”)→ Байбол→ Жұлдыз→ Қадір→ Олжабай батыр ұрпағы нағашы жұртында, “Сунақ Қадір” аталып жүр. Қосай→ Байбол→ Есембет→ Құрбан→ Байбек ұлдары Келімбай, Кеншімбай ұрпақтары Сарыағаш маңында“Құрама→Жүз” бірлестігінде. Қосай→ Байбол→ Есенғұл→ Қоңыр→ Сырымбет→ Киікбай→Майемер ұрпағы. Қосай→ Байбол→ Есенғұл→ Қоңыр→ Боран ұлдары Бердалы, Барақ, Тінәлі ұрпақтары. Қосай→ Байбол→ Есенғұл→ Есекмергеннің“Ұлы жүздегі”, “Орта жүздегі”,Өзбектегі, Түрікмендегі, Қарақалпақтағы, Ноғайдағы ұрпақтары. Қосай→ Байбол Әйтейдің үлкен ұлдарының ұрпақтары. Қосай→ Тіней→ “Шолағының” ұрпақтары. Қосай→ Сүйіндік→ Баймәмбет(“Байтөбет”) батырдың бірінші әйелінен Мәмбет (ұрпағы Албан ішінде “Әлжан”); “Жетіру” Рамадан руынан “Қонақ” бидің аяулы ару қызы- екінші әйелінен туылған екі ұл-Байболат, Тоғайболат (“Тугайбулат”, соңғылықты “Түгейболат”-деп, аталуда деген аңыз бар.). Адай→ Кәрімберді(“Келінберді”)→ Ақпан батырдың кіші әйелі Алтынның Қармыс, Сармысынан 4 немере→ 4ру, Сыр бойында, “он үшінші Байұлы” болған “Алтын” ұрпақтары. Адай→ Кәрімберді(“Келінберді”) → Құнанырыс(“Құнанорыс”)тың Жанбайынан→ Сүйіндік→ Қожамжар→ “Мес”ұлдарының ұрпақтары Сарытау, Самар жерінде қалғандары. Адай→ Кәрімберді(“Келінберді”) → Құнанырыс(“Құнанорыс”)тың Жанбай→ Байқошқар(“Жүнді”)→ Ақбағыс→ Айық, Қашқын ұрпақтары Астрахан, Сарытау, Самар аймақтарында. Адай→ Кәрімберді(“Келінберді”) → Әлнияз(“Бұзау”)→ Жеменей→ Алдасайұлы Зерең ұрпақтары Атырау аймағында. Адай→ Кәрімберді(“Келінберді”) → Әлнияз(“Бұзау”)→ Айтумыс→ Шылымның ұлдары→ Ортан, Шәуешек ұрпақтары Алтай, Қытай жерлерінде. Адай→ Кәрімберді(“Келінберді”) → Тобыш→ Ораз→ Шегем→ Бабықтың бір шөбересінің (Мұхамбетжан Сералиннің “Топжарған” поэмасындағы) ұрпақтары Түркістан, Қызылорда аймағында. Адай→ Кәрімберді(“Келінберді”) → Мұңалдың үлкен әйелі Мақпалдың тұңғыш ұлы Алақұнанының бес ұлы-Жайлау, Шумақ, Сунақ, Жайнақ, Байрақ ұрпақтары “ұлы жүзбен оррта жүзде.”. Адай→ Кәрімберді (“Келінберді”) → Мұңал→ Алақұнан→ Жайлауының бірінші әйелінен→ Барды, Байыс, екінші әйелінен Үмбет (“Шажа”) ұрақтары, Шымкент, Жамбыл, Алматы, Талдықорған, Семей, Шығыс Қазақстан, таулы Алтай, Моңғолия, Қытай жерлерінде. Адай→ Кәрімберді (“Келінберді”) → Мұңал→ Шоғы(“Қырықмылтық”)→ Есекей→ Жарас→ Тікенек→ Бозша→ Жаманқұлұлы Шопан(“Шобан”) батыр ұрпақтары, нағашылары Арғындарды паналап, Шымкент аймағынан, Ақтөбе, Торғай, Қостанай, Ақмола аймақтарында. Адай→ Кәрімберді (“Келінберді”) → Мұңал→ Шоғы(“Қырықмылтық”)→ Жолай→ Жолмамбет→ Жарылғап→ Қарабастың немере ұрпақтары, арқа аймақтарда. Адай→ Кәрімберді (“Келінберді”) → Мұңал→ Шоғы(“Қырықмылтық”)→ Жолай→ Жолмамбет→ Тілегеннің екінші Қырғыз әйелінен туылған Орақ батырының екінші әйелінің ұрпақтары, “Қырғыз”лақабымен , өмір сүруде. Кездесіп, сұрассақ, тек Қазақтығын біледі. Өздері де, Адай ұрпақтарына туыстығын сезеді. Хиуа хандығында- Хорезімде, Қарақалпақстанда. Тағы басқа Адай тектес туыстар бізден бөлек өсіп, алшақ жүр. Жаратқан Иеміз сәтін салғанда қосылар... “Ізденген жетер мұратқа!”-дегендей, іздеу сіздерге аманат! Алла бұыртса, талапты ерге нұр жауар!-дегендей, мақсат етіп, іздеңдер. Тіл табысыңдар. Жүреіне жол тауып, бауырластығын білдіріңдер!... Қосылар... Алла Тағала сәтін салғай! Пірлеріміз Қосай, Бекет қолдағай!...
* * *
Шалбар Өмірзақ Қалбайұлы:
...Адайларға әртүрлі тағдыр-жазмышымен паналап келген, құны төленіп, қалыңмалын төлеп, қызылдасқан, жылуласқан; Құран ұстатып, анттасып, мәңгілікке киімді ұл, қыз болып, бауырласқан туыстарымыз, елімізден бөлінуге хақы жоқ. Ал, біз іздесек, бөлінген аталастарымыздың басқаға мұқтаж емес, сол еншілес аталастарына қамқор- қорған болып, ел-жерін қорғасқан абыройлы ұрпақтар. Жіпсіз байланбағандарын іздейміз, табысамыз. Мысалы, Мұңалдың Алақұнаны, Алтындар, Сунақ Қадірлер, Байболат пен Тоғайболаттар (“Түгейболат”аталып кеткен,-деп естіп жүрміз), Мәмбет, т.б. туыстарымыз, сәті түскенде, тектестігін мойындап, қосылады.
...Піріміз, Биіміз Ер Қосай Құдайкеұлының аманатын орындаған аталастары, шамамен 1600-жылы, көктемде, Ақпан батыр Кәрімбердіұлының басшылығымен соңғылықты ұрпақтың аман өсуі үшін, Хорезім ойынан, қырға көшеді. Ақпан батыр Кәрімбердіұлының ұлт азаттығы үшін күрескен ерлердің бірі екендігін Бәли Қашаған ақын Күржіманұлының 150 жолды қамтитын тарихи дастаны “Атамекенде” жақсы жырланған. Ақындардың жыр-толғауларында Ақпан батыр Келінбердіұлының аты ретті жерінде аталған.
Қаржаубай інім, өз шежіре жырларыңда да, толық деректермен қамтылған.
Мұңалжар, Жем, Сағыз, Елек, Қобда, Ор, Еділ, Жайық- арасындағы атамекенді азат ету үшін, аз Алшын-Кеншіннің басын біріктіріп, басшылық еткен Ақпан батыр Келінбердіұлы.
Ұлт Азаттығы үшін күресте, Келінберді ұлдары – Құнанырыс, Ақпан батырлар, шамамен 1605-жылы күз айларында, Қобда бойында, ауыр жарақаттан шаһид өткен. Құнанырыстан бір айдай кейін Ақпан қайтыс болған. “Қос мазарды көрдік”-деп, аталарымыз айтқан әңгіме бізге жалғасқан.
...Қазақ→Елеу→ Алаш→ Бекарыс→ Мөңке→ Алшын→ Алау→ Құдияр→ Қадірқожа(“БАЙ”)→ Байқожа→ Елтайұлы ер Адай атамыз ≈1380≈1470жылдары өмір сүріп, Алтын Орда мемлекетінің бірлігі үшін, Қарақыпышақ Қобыланды батырға, Алтын Орда хандығының бас сардарына тілектес ниеттес дос болып, қолдап-қорғасқан. Адай атамыз, “Байұлы” туыстарымен, Маңғыстаудың ойын қыстаған жылдары, Қазақ жабысының құла биесі, Қасби теңізінен шыққан көк суын тұлпарымен жақындасып, туылған көк құлынды, бағып, “Адай” жылқысының сұрыпталып, қалыптастырған. Адай атамыздың еңбегі сіңген, ертегі-аңызға айналған хикаяларын бұрын өзіңе баяндағанмын. Адай атамыз Сібір жерінде, Тобыл-Есіл өзендері өңірінде, ел шетінде қорғасып жүріп, қыстаған жері Адай қыстағы аталған. Адайдың екі ұлы Құдайберді, Кәрімбердіде қажет кезінде, Адай қыстағын қыстаған.Адайдың сегіз немересі, жиырма үш шөбересі, елу үш шөпшегі де сол Адай қыстағын қыстаған мезгілдері болыпты. Тәуке ханның тұсында, үш жүздің таңдаулы әскерін басқарған бас сардары Есекмерген батыр Есенғұлұлы да, түп атасы- Адай қыстағында бес жыл қыстап, ≈1692≈1696жылдары қыстап, Қазақ хандығының арқадағы жауларынан ел-жерін қорғаған.
Есенғұлұлы Есекмерген батыр атамыз, түп нағашысы Түрікмендермен достық байланыста болған. Тәуке ханның ұсынысымен, Хиуа хандығының өтінішімен, Маңғыстаулық Түрікмендерді Қалмақтардан азат етісіп, Еділден асыра қуысқан. 1723-жылы, жылдағыдан 1 ай бұрын, Сыр бойынан, 60 үй аталасын бастап келіп, Маңғыстауды соңғылықты иеленуге бас болған батырымыз.
Адайдың екі ұлынан сегіз немере, жиырма алты шөбере, елу үш шөпшек өскен өркені,... ұрпақтарын ауызбірлікке, тегін тануға талаптан!-деп, шәкіртім Қаржаубай Рейімбайұлына аманат тапсырдым.
Ақ батамды алған шәкіртім, мұнайшы, шежіреші ақын Қаржаубай Рейімбайұлы! Қазақ ұлтын үлгімен ұйыстырысып, Ел бірлігіне шақыртып, Атамекен жерімізді ардақтап, отбасымыздан бастап-Отаншылдыққа тәрбиелейтін; осы айтқан тарихи танымдық шындықпен ширатылған шежірелік деректі әңгімелерімді айтып, жазып қалдыр. Қосай, Тәзіке, Құнанырыс, Ақпан, Шыбынтай, Әлнияз, Тобыш, Мұңалдардан тараған тектілерімізді танытарсың. Оған қайрат жігерің,білімің мен сезімді сенімің жеткізеді. Орындасаң, оқырман қауымға ұлы сый болар еді.
- Айтқан тарихи – шежірелік деректі әңгімелеріңе өте ризамын. Сөзімді ұстар інім Қаржаубай, әр сөзің – орнын тауып қаланған, сәтті, сәнді сарайдай шежірені шебер баяндадың. Тарихи-шежірелік аңыз-хикаялардың болған замандарын, шамамен белгілеп айтқандарың жобаға келеді. Бір-біріміздің кемімізді толтырып, ұрпағымыз айыптамайтындай, абыройлы болғанымызды қалаймыз. Ең бастысы, Жаратушы Иеміз-Алла тағаланың алдында күнәһар болмағаймыз. Тарауих намаздан соң, Адай атамыздың Отман тауда салынатын кесенесінің мәнін көпшілікке нақты, қысқа айтарсың, - деп, дәретін жаңалауға шығып кетті.
Қазақ халық шежіреші ақыны Өмірзақ Қалбайұлының аманатын орындап, Алла Тағаланың ерекше мейірімімен жаралған Адам Ата-Хауа Анамыздан түп-тегіміздің бірлігін, өзімізге дейін білу, әрбір ар-иманды оқырманның махсат-мүддесі!-деп, білемін...
Қазағымның тегінің бірлігін, замандастарым насихаттасып, ел бірлігін сақтағаймыз!
