
- •Кенже бөкенбаев Байбол Есембет шежіресі Ер Қосай
- •Автордан
- •Адамзат,... Алаш,... Алшындар
- •Болғанда әкем – Елтай, шешем – Анай!
- •Аруақты атам ер Адай Елтайұлы
- •Алашты ардақтаймыз!
- •Қолдап қолды қойған күн, қасиетті Қадір түн
- •Құрметті жамағат!
- •Ел біледі, ер Адай киелі!-деп.
- •Адамзаттан тегім бір
- •Байқожаұлы ер Елтай
- •Елтайұлы Ер Адай
- •Аға аманаты
- •Адай шежіресі. (таңбасы жебе).
- •Алты Қосай.
- •Пір Қосай, Би Қосай, Ер Қосай.
- •Бес Есенғұл туралы (≈1609≈1700.)
- •Байболдың Жұлдызы туралы.
- •Байболдың Мәмбетқұлұлы (“Шалбар”) туралы
- •Қосайұлы Бегей туралы
- •Төрт арыс Тіней туралы
- •Қос арыс Бәли туралы
- •Қос арыс Сүйіндік (“Жаманадай”) туралы
- •Байболұлы Есембет ұрпақтары
- •Балабай балалары
- •Ақмырза
- •Жанмырза
- •Рысбайдың екінші баласы- Төлей
- •Женалының екінші баласы Танабай (Төребай)
- •Женалының үшінші баласы- Бесім.
- •Женалының төртінші баласы -Додан (Досалы)
- •Есембеттің екінші баласы: Күсіл
- •Есембеттің үшінші баласы :Құрбан
- •Төлекенің екінші баласы: Сүйірбас
- •Төлекенің үшінші баласы: Шүрен.
- •Құрбанның Бәйбегінің балдары
- •Бәйбектің Кеншімбай, Келімбай ұрпақтары жөнінде мәлімет.
- •Бәйбектің Майлыбайының балалары
- •Бәйбектің Жаулыбайының балдары ең кенжесі.
- •Қожалар
- •Есембет қожасы
- •Бердібек батыр
- •Есембеттен шыққан батырлар
- •Есембеттен шыққан билер
- •Адайдың алпыс батыры
- •Қарқын батыр (1786-1856)
- •Мерген би
- •Тәжік жеріндегі Есембет ағайындар Ботабай, Ботағара, Жанжігіт батырлар
- •Әмудариядан өту
- •Ауғанда болған Есембеттер
- •Есембет Бәйменбет би ұрпақтары жайында
- •Есембет шежіре жыр толғаулары
- •Тарихи тұлғалар
- •Есембет жайсаңдары
- •Оспан ахун
- •Есениязұлы Сейліхан би Есембет-Құрбан-Бәйбек-Әбет-Қожамжар- Есениязұлы-Сейліхан би (1879-1960 жж.)
- •Баймолдаұлы Қали Есембет-Құрбан-Бәйбек-Майлыбай-Құлпейіс-Баймолдаұлы Қали (1880-1895 жж.)
- •Бөкенбай ақсақал
- •Қожалақ Аңшы
- •Ардақтауға лайықты тұлға
- •Кенжаев Әбдір Есембет – Құрбан – Бәйбек – Кемелбай – Әбет – Қожамжар – Кенжекұлы Әбдір (1900-1960 жж.)
- •Қуатбай Прокурор
- •Есембет – Құрбан – Төлеке – Сүйірбас – Жолшы – Сүйінбай – Дәулетұлы Қуатбай
- •Нұрғалиұлы Тобышбай Байбол – Есембет - Құрбан - Бәйбек - Кемелбай - Әнет - Көкей - Қолдас - Нұрғалиұлы Тобышбай (1922-1979 жж.)
- •Сейліханұлы Өтеген
- •Есембет – Құрбан – Бәйбек – Кемелбай – Әбет – Қожамжар – Еснияз – Сейліхан – Өтеген
- •Әбілұлы Ораз
- •Қалиев Әжібай Есембет – Рысбай – Төлей – Женалы – Бесім – Жуабай – Қали – Әжібай
- •Баймолда Қалиұлы Қалмантай Есембет – Құрбан – Бәйбек – Майлыбай – Баймолда – Қалиұлы Қалмантай.
- •Кенжаев Базарбай Есембет – Құрбан – Бәйбек – Кемелбай – Әбет – Қожамжар – Кенжекұлы Базарбай.
- •Қосай – Байбол - Есембет – Құрбан – Бәйбек – Кемелбай - Әнет – Жусанбай – Төлеп – Жалғас.
- •Соцалистік Еңбек Ері Оразғали Әлдібаев
- •Ишанұлы Тұрман
- •Ақмамбетов Байқуан (1926-2008 жж.)
- •Жайбергенұлы Андрей
- •Ибрашев Өтеген Ибрашұлы
- •Реушенұлы Тағыберді
- •Тұрлыбаев Тоғай Алданбайұлы
- •Қарабаев Әби (1946 ж)
- •Қойланұлы Тоқтабай
- •Теміртас Тоқтабайұлы
- •Дәулет Ермекбайұлы( 1851-1931)
- •Даулетұлы Сарыбай (1901-1991)
- •Сарыбайұлы Сүндет (1935-2004 ж)
- •Сарыбайұлы Үмбет
- •Бек Мұхамедұлы
- •Бабакулов Аманкелді (1951 ж.)
- •Дүйсенов Нұр Қаражаұлы (1955 ж)
- •Қарттардан сәлем!
- •70 Сом пенсияның ең төмені
- •40 Жылдан «стаж» асар жиыстырсам
- •Омаров Наурызбайдың шығармасы
- •Армияға алған ағалардың жайынан бір әңгіме құрайын
- •Бердібек батыр
- •Жүндібайұлы Жайбергеннің, Шүренбайқызы Оңаштың, Жайбергенұлы Әндірейдің өмірден озғанын еске алып, ас беру рәсіміне жаңаөзендік жыршы Қармыстың арнауы
- •Алданбай ақсақалға арнау
- •Тоқбергенов Әдіш Алданбай ақсақал қайтыс болғанда балдарына келіп көңіл айтуы 1987 ж.
- •Ардақты әке, аяулы ана
- •Жаңа жылмен құттықтау
- •Өнегелі өрістер
- •Ардақты ана
- •Жалғас Төлеповтың жер-термелері Ер Қосай бабаға арналады
- •«Пір Бекетке арналған терме»
- •Молла Қош мүдәріске және ұрпақтары Базарбайға арналған терме
- •Азаматтар қазақ деген атқа кір келтірмейік
- •Түркістан қаласының он бес ғасырға толғанына арналады
- •Қазақ халқының бас қаласы Астанаға арнау
- •Әбішұлы Назарбаевқа арнау
- •Қосай бабаға зияраттап барғанда
- •Бабаларға арнаймын
- •Бестөбе
- •Бердібек батырдың бейіті қараусыз жатыр
- •«Аржағы асылдан екен ғой»
- •Көз бен шеге (баллада)
- •Маңғыстауда – пір Бекет Ата (поэма) Маңғыстау – пір Бекеттің туған жері...
- •2009 Жылдың 15 қаңтары «Маңғыстау газетінен» алынды. Сұхбаттасқан Бақтыбай Жайлау «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының сол кездегі тілшісі. Арнайылап келдік, Ата!
- •Тегіңді білу тектілік
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Есембеттің шежіреші ұрпақтары
- •Ақтау қаласының Есембеттері
- •Жаңаөзен қаласының Есембеттері
- •Алматы облысының Есембеттері
- •Ақтөбе облысының Есембеттері
- •Жетібайдағы Есембеттер
- •Бейнеудегі Есембеттер
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мазмұны
- •Тегіңді білу тектілік
Кенже бөкенбаев Байбол Есембет шежіресі Ер Қосай
Атаң Адай болғанда,
Құдайкеден Ер Қосай.
Әуелі Алла оңда!-деп,
Жол бастаған Ер Қосай.
Бабам Қыдыр қолда!-деп,
Қол бастаған Ер Қосай.
Кірісті садақ,сұр жебе,
Толғай тартқан Ер Қосай.
Сарыша аты сауырлы,
Орғытқан ордан Ер Қосай.
Ата жауы кектіден,
Кегін алған Ер Қосай.
Ару-сұлу тектіден,
Тегін алған Ер Қосай.
Жауға шапса Қосайлап,
Ұран болған Ер Қосай.
Жалғастырған Пір Бекет,
Пірлігіңді Ер Қосай.
Дауласқанға жүйелі,
Билік айтқан Ер Қосай.
Асыл текті сүйегі,
Алты арыс Ер Қосай.
Әулие боп бұл күнде,
Ел сыйынған Ер Қосай.
Рухына бас иіп,
Жұрт жиналған Ер Қосай.
Фәнилік те,Бақилық,
Абыройлы Ер Қосай.
Әулиесің абызсың,
Бізге жеткен сөз солай.
Қолда, қорға бәрінде,
Аруақты Ер Қосай.
Қазақ халық шежіреші ақыны
Өмірзақ Қалбайұлы
Автордан
Мені Байболұлы Есембет ұрпақтары жөнінде жазуға итермелеген себеп-салдар болды. Маңғыстау өңірі туралы деректерді жан-жақты қамтитын аймақтық Маңғыстау энциклопедиясында Адай шежіресі туралы деректерді оқып қолыма қалам ұстауға мәжбүр болдым. Адай шежіресінде Құдайке ұрпақтарын тарата келіп, Қосайдың алты баласы жөнінде таратылып жазылып, Байболдың Есембет ұрпақтары туралы деректер келтірілмеген. Содан кейін шежіре жазуға бастап деректер іздестіре бастадым.
Алшын Меңдалыұлының шежіресінде Есембеттің таралуы жоқ. Сәрсенұлы Бүркітбай жазбасында «Есембеттен Рысбай, Күсіл, Құрбан» деп одан ары таратылмайды. Түмен ақын Баслтабасұлының жаздырған дерегінде Есембеттен Бәйбіше, Тоқал деп талданбайды. Қуаныш Ыдырысұлының жазбасында «Есембеттен: Бәйбіше, Тоқал, Өтеміс, Қоныс. Бәйбішеден: Күсіл, Өтемістен: Тойғұл, Жыныс, Бекембай, Төртеулі, Қаракесек. Қоныстан; Есембет, Жаулыбай» делінеді. Ізтұрған Сариев шежіресінде «Есембеттен: Бәйбіше, Тоқал» деп одан әрі таратылмайды. Хисмет Табылдиев шежіресінде «Есембеттен: Рысбай, Күшік, Құрбан, Төлеке, Есенқұл» деп көрсетеді. Тынымбай Қарамбетұлының жазбасында Есембеттен бәйбішесінен Рысбай, Күсіл, тоқалынан Құрман деп көрсетеді, одан әрі таратылмады. «Маңғыстау» энциклопедиясындағы шежірелік деректе Есембет ұрпағы туралы дерек жазылмаған.
Есембет ұрпақтарының аталық таралуы шежіресі Өмірзақ Қалбаевтың баяндауы. «Есембет аталық жолы бойынша «Төрт Байболдың» үлкені деп аталады. Ол кісі 2 әйел алған адам екен. Кейіннен бұл ауыл екі арысқа бөлініп, екі Есембет деп аталады.
Рысбайдан: Құлатөй, Төлей деген екі бала. Құлатөйден Баймырза, Ақмырза, Жанмырза туады. Баймырзадан 5 бала: Байтөле, Жантөле, Мерген, Қосан, Қосдәулет. Мұндағы Мерген деп отырғанымыз көне әңгімелерде көбірек айтылатын Есембет Мерген би. Айтқұл Атағозы батырдың ұсынысы бойынша Маңғыстауда қоныс бөлісуде Мерген би түрікпен билерімен айтысқа да түседі, дер шағында 37 жасында қайтыс болыпты, артында Мұстапа деген бір бала қалады.
Құлатөйдің Ақмырза мен Жанмырзасынан да орын баршылық, бірақ жазбамыз майдаланып кететін болған-дықтан (Өмірзақ ағаның сөзі) оларды бас-басына атап көрсетпедік, ал Баймырза балаларын жіктеп көрсеткеніміз тарихымыздағы белгілі тұлғаларымыздың бірі болған Мерген биді еске салып өту еді. Рысбайдың Төлейінен бір бала Женалы туылып, одан Әуез, Жарқын болып таратқан.
Есембеттің екінші баласы Күсілден; Кете, Кішкене. Кетеден 4 бала: Ералы, Нұралы, Бәкет, Шәкет. Нұралының бәйбішесінен Күшікбай, тоқалынан Мысықбай. Күшікбай ұрпақтары Күсіл балалары ішінде көбірек өскен жері деп айтылады.
Есембеттің тоқалынан туған Құрманнан: Төлеке, Бәйбек. Сонысына қарай қазір Тоқал есембеттер өздерін «Төлеке», «Бәйбекпіз» деп екіге бөліп айтады. Төлекеден 3 бала: Қалдыбек, Сүйірбас, Шүрен, Қалдыбектен: Жүзбай, Серікбай, Жолдыбай, Кенжебай, Бұланбай, Көмек, Қарасау. Сүйірбастан: Донғара, Жаңай, Құлман, Бижан. Шүреннен белгілі батырлар Бердібек пен Қоныс туған. Бердібектен Ботабай мен Ботағара туады. Ботабайдан: Балжігіт, Жанжігіт, ал Ботағарадан: Бермағамбет, Төлеген, Астанқұл, Мұстапағұл туған. Қонысбай Батырдан Қожантай туып, одан 3 бала: Қарсақбай, Ниет, Тойғұлы болып тарайды. Бердібек пен Қонысбай тарихи белгілі тұлғаларымыз.
Бәйбектен: Кемелбай, Кеншімбай, Майлыбай, Жаулы-бай. Кемелбайдан: Әбет, Әнет, Бәйет, Жәнет. Жәнеттен басқасының бәрінен де орын бар. Кеншімбай ұрпақтары өспей аз ауыл болып қалған. Майлыбайдан: Құлпейіс, Пейіс. Жаулыбайдан: Майша, Науша, Мұса туған. «Тоқал Есембеттердің» іргесі ертеректе Тәжікстан жеріне қарай қоныс аударып кеткен, сонда да біз олардың ішкі бөлініс-терін хатқа түсіру үшін көбірек ізденістер жасап анықтай түсуде ерінбедік. Олардың шежіресін хатқа түсіруде Мұқат деген қартымыз жәрдемдесті дейді Өмірзақ ағамыз. Біз Есембет ұрпақтары туралы сол Өмірзақ ағамыздың жазбасынан келтіріп отырмыз.
Адай Құдайке шежіресі 1 кітап, Қартбаев Андрей. 53-54 бет.
Мен жоғарыда айтқанмын бұл дүниелерді жазуға итермелеген себеп-салдарлар болды деп. Өмірзақ Қалбаев өзінің «Қосай ата» кітабында ондағы ұрпақтар жайлы деректерді толықтыру керектігін ескертті. Ойланып қарасақ, шынында Есембеттер жайында деректер шамалы, толықтырайық десек, білетініміз аз. Ендігі толықтыру жолы: ел аралап деректер жинау. Осылайша қасыма Есембет ағайын Қарабайұлы Әбиді (ақтаулық) алып ел аралап деректер жинадық. Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара, Жетісай мекендерінде болдық. Сөз білер қариялармен кездестік. Марқұм шежіреші Жалғас Төлепұлы, Есембет, жасы сексенді алқымдаған ел ақсақалдарының бірі. Мекені Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы, Қазақстан елді мекені.
Заманның аумалы-төкпелі кезінде, ел басына күн туып от ауыздығымен су ішкен замандарда ата қоныс Маңғыстау өңірін мекендеген адай руларымен көршілес Тәжікстан елдеріне қоныс аударған. 1950-1970 жылдар аралығында, елде жағдай түзелген соң елге оралған. Жалғас ақсақалмен замандас, қатар өскен, жырда айтылатын ақиық ақын, жауынгер жыршы Шалбар Қалнияздың ұлы Кортан дастархандас дәмдес болған. Жалғас Төлепұлы ағамыз бірнеше жыр-термелердің авторы. Байбол Есембет ұрпақтарының таралуын, әсіресе Төлеке, Бәйбек ұрпақтарының таралу деректерін жазып алдым. Сондай ақсақалдардың бірі шежіреші ақсақал Есембет ұрпақтарының Жанмырза таралымын берген Қарақожаұлы Әзи ағамыздан Есембет қожалары жөніндегі деректерді, Баймырзадан тарайтын, Қосаннан: Тастемір – әнші болған, соның ұрпақтарының таралымын жазып берді.
Сондай-ақ, Қарақалпақстанда Шоманай ауданындағы ағайындардан алдым. Ақтау қаласында тұратын Қарасай ұлы Болаш Жантөленің үшінші баласы Байменбет батырдың ұрпақтарының таралымы жөнінде деректер берді. Бейнеулік Қармысұлы Әбубәкір, ақтаулық Қашқын немересі Орынбайұлы Шәкір, шардаралық Қоянбайұлы Сәндібай, Сүлейменұлы Жолан, ақтөбелік Бекболұлы Сергей, жаңаөзендік Сүйінбекұлы Әбілқазы, Бақытжан Мырзабай-ұлынан және де Андрейұлы Көбейден деректер алынды. Ақтаулық Бабакулов Аман ініміз өз білетіндері жөнінде деректер берді.
Есембет ұрпақтары жөнінде кітап жазу мені көп ой-лантты. Кем-кетіксіз ету былай тұрсын ондағы көріп, біліп тұрған оғаш тұстарын өңдеп жіберуге де зауқым кемдеу болды. Қаншама талпынсам да шабыт жоқ, денсаулық кө-термейді. Еріншектік ыңқыл-сыңқыл көбейіп, денеме ауыр-лық, шаршап қалатындығым. Мұның бәрі үлкендіктің әсерінен дегім келеді. Оның үстіне кейінгі кезде денсаулығым нашарлап, 3-4 жыл жатып қалдым. Қазіргі кезде құдайға шүкір Ата-баба рухтары қолдап, қайта қолға ала бастадым.
Отпан таудың басында кемеңгер жазушы Әбіш Кекілбаев Өмірзақ ағамызды «Маңғыстаудың Гомері» деп таныстырған.
Өмірзақ ағамыздың:
«Шау тартса, қыран құс та аң алмайды,
Жүйрік те тісін шалса, шаба алмайды.
Сұңғыла, сөзге шешен білгіштер де,
Үлкейсе сөз қисынын таба алмайды, - дегендей осындай күйде бола тұра бір Аллаға сыйынып, ата аруақтарына тәу етіп, қолда бар деректерге сүйене отырып кітап желісін біршама аяқтағандай болдым.
«Біткен іске сыншы көп» - дейді ғой қазақ, енді кем тұстары да болуы мүмкін. Түгел елді аралап шығу оңай соқпағандықтан кейбір отбасылар қалыс қалып қоюы мүмкін.
Міне оқырман қауым Есембет ұрпақтары туралы жазылған кітабымның жазылуы жайлы жайттарды естеріңе сала отырып, менің сіздерден тілегім: кеміс-кетігін кешіріп, менің еңбегіме ризашылығыңызды білдірсеңіз мен үшін сол мәртебе дегім келеді.
Ата-баба әруағы жар болып Жаратушы Алла тағала рахим етіп, әрбіреуіміздің жанұяңызға аманшылық, бірлік, бақыт орнасын. Аспан ашық, тәуелсіздігіміз құтты болып, заманымыз тыныш болсын.
«Ана сүтінің қарызын, ата сөзінің парызын өтеу жал-ғанда қиын, тіпті ол өтелмейтін де шығар. Сонда да болса мына қолдарыңыздағы кітап ілгері буын алдындағы сол борышты өтеудің бір қадамы болсын».
Автор.
Шежірелі ұрпақ
Оқырман қауымның назарына ұсынылып отырған бұл кітап туған жердің тарихын дәріптейтін,елін шынайы сүйетін барша қауымға,әсіресе патриоттық сезімі жалындаған жас толқынға арналады.Жинақ жеңіл оқылады.Кітаптың негізгі тақырыбы бүгінгі өскелең ұрпақтың ұлы ата-бабаларының туған халқы үшін атқарған ерлік істерін паш етіп қана қоймай,олардың шығу тегінен көптеген мағлұматтар береді. Кітап авторы Кенже Бөкенбаев ақсақал биыл 77 жасқа толып отыр.Бұл мерзім өткен өмірге тереңнен ойлана көз тастап кейінгі буын ұрпақтың санасына сәуле ұялататындай не қалдырдым деп ой топшылайтын кез.Кенжекең бар саналы ғұмырының 52 жылын ұрпақ тәрбиесіне арнап,балаларды білім нәрімен сусындатудан әсте жалықпаған ардагер ұстаз.Тәжірибесі мол,шежірелі білім озаты.Жас кезінен ата-баба тарихын мұқият зерделеп,көнекөз қариялар мен сұңғыла сұңқар ағалардың жанында жүріп,жақсының шарапатынан нәр алып,олардың аузынан естігендерін қойын дәптеріне түртіп алып жүретін.
Кенжекең ата-тек жүйесін тізбелеген шежірелік деректермен шектеліп қалмай,Есембет тайпасының тарихы тұлғалы батырларын,билерін елге есімі мәлім ұрпақтары туралы мәліметтерді ,соған қатысты ақын-жыраулар шығармаларын барынша мол қамтыған.
Өткен ғасырларда 1820 жылдары көрші Ресей патшалығының қысымына шыдамай ата-қонысымыздан көшіп қазіргі Тәжікстан-Ауғанстан жерлеріне барып қоныс тепкен шешендік қасиетімен тапқыр сөздері ерліктерімен көзге түскен Балжігіт,Жанжігіт Баймолда Қали бабаларымыздың бастан кешіргендері кітапта поэзия үлгісімен жырланғандары келтірілген.Сол зұлмат жылдары көптеген отандастарымыз болып тәжік жеріне барып он екі колхоз ұйымдастырған екен.Қазақтың білімді де марқасқа азаматтары облыс,аудан ,қала көлемінде басшы орнықтарды иемденіп қолдарынан келген көмектерін аямай қандастарын баурына алып қамқорлық жасаған екен.Осындай тербеністі кезеңдерді автор кітабына арқау етіпті.Тағыдабір айтакетерлік тұсы Маңғыстау түбегіндегі аты шулы батырлардың бірі Бердібек жайлы оқырман шұрайлы ақпарат ала алады. Туған елін баба –мекенін жан-жақтан қыспақтаған жаудан азат етуде қайсарлық танытқан Бердібектің ерлік істері,оның денесінің Оймауыт жерінде атақты Дәуімшар батырдың маңында жерленгені жайлы да әңгіме қозғайды.Қасиетті бабаға тағзым ретінде бүгінгі ұрпақтың кесене тұрғызып жатқаны жайлы да ақпарат қамтылған. Сонымен қатар, артында сөз қалдырған Мерген би де ,басқа да есембеттен шыққан билер туралы бабалардың қатарынан лайықты орын алған.Сондай-ақ,киелі Маңғыстауды сырт жаулардан азат ету жолында жан аямай күрескендердің өлмес ерлігін,қайраткер азаматтардың өнегелі істерін дәріптеу атадан мирас,салт-сана ,үлгі-өсиетті ұмытпау қастерлеу үлгісінде жарық көрген кітап жалпы көпшілік оқырманға арналады.
Сөзімізді қорыта келе Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың жас ұрпақтың санасына тарихи тағылымды қалыптастырудың маңыздылығы жайлы мәселе көтеріп жатқан тұста,Мемлекет хатшысы М.Тәжиннің еліміздегі барлық деңгейдегі оқу орындарына тарихты тереңдетіп оқыту міндетін қойып, тарихшы ғалымдардың алдына ғылыми-зерттеу жұмыстарының аясын кеңейтіп өрістетудің басымдылығына ерекше мән беріліп жатқан тұста қолдарыңызға тиіп отырған кітап замана талабына белгілі дәрежеде жауап береді.Жастардың ата-бабалары,тарихы жайлы мол мағлұмат алып,Тәуелсіз Қазақстанның ұланы екенін сезіне білуі аса маңызды болмақ.Сондықтан бұл кітап өз оқырмандарын тауып,көпшіліктің көңілінен шығатынына сенімдімін.
Өмірзақ Озғанбаев,академик,тарих ғылымдарының докторы
Інілік ізет, игілікті пікір
Құрметті Кенже аға Бөкенбаев! Қазақ Еліне еңбегі сіңген ұлағатты ұстаз, абыройлы ардагер, зейнеткер, Адайдың асыл ұрпақтарының бірі Сіз!
Қазақ халық шежірешілерінен үлгі алып, ұрпаққа ұлағат, ұлы іспен айналысыпсыз. Қазақ→ Елеу→ Алаш→ Бекарыс(“кіші жүз”)→ Мөңке→ Алшын→ Алау→ Құдияр(“”Тентек) → Қадірқожа(“БАЙ”)→ Байқожа → Елтай→ Адай→ Құдайке→ Қосай(≈1490≈1600ж) → Байбол (≈1570≈1660ж)→ Есембет (≈1607≈1692ж) шежіресін жазыпсыз.
Өмірімізге өнеге, өрісімізді кеңейтер, туыстық байланысымызды біліп бірлікпен берекелі өмір сүруімізге дәнекерсіз. Дарынды дана ағамыз!-деп, бағалаймыз.
Орта Азияға белгілі, әуелгі Піріміз, Биіміз, Ер Қосай Құдайкеұлының екі дүниелік абыройға ие болғанындай; асыл ұрпағы Сізге де жұғыстырып, Алла бұйыртқай. Әулие пір Қосай атамның үлкен үйі Байболдың, үлкен үйі Есембет ұрпағының елеулі азаматы!-деп, бас иемін. Інілік іззетпен, игілікті пікірімді қабыл алғайсыз.
Қазақ халық шежіреші ақыны Қаржаубай хажы Рейімбайұлы. Жаңаөзен қаласы. Теңге ауылы. Жалау Мыңбаев көшесі №10-үй. Тел: +7 777 528 70 28. 8(72934) 21 6 13.
Есембет шежіресін бастамас бұрын, жалпы адамзаттан тегіміз бір туыстығымыз жөнінде, Қазақ халық шежірешілерінің үлгісімен жазған, Қазақ халық шежіреші ақыны Қаржаубай хажы Рейімбайұлының, Адамзаттан тегім бір атты қолжазба шежіре, жинақтарынан, мәліметті өз рұқсатымен, баяндауды жөн көрдім.
Ұлағатты ұстаз, Есембет шежірешісі Кенже Бөкенбаев.