Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабус каз 2014 - 15 уч. год.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
790.53 Кб
Скачать

«Астана медицина университеті» АҚ

C- 07.1.11

Жалпы және клиникалық фармакология кафедрасы

24 бет 24

Силлабус

«Фармакология – 1» пәні бойынша

5В130100 « Жалпы медицина» мамандығы бойынша

Дәрістер: 18 сағат

Тәжірибелік сабақтар: 54 сағат

СӨЖ: 36 сағ

Емтихан: IV семестр

Барлығы: 108 сағат

Курс: 2

Семестр: IV

Астана, 2014 ж

Силлабус Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандартына сәйкес құрастырылған. (Астана, 2006). 5В130100 «Жалпы медицина» мамандығы үшін «Фармакология-1 » пәнінен оқу бағдарламасы негізінде жасалған

Құрастырушылар: Мухамбетов Д.Д.

Таржанова Д.Ш.

Буркитбаева С.С.

Силлабус «Астана медицина унивеситеті» АҚ 5В130100 «Жалпы медицина» мамандығы бойынша оқытылатын студенттерге арналған

Кафедра мәжілісінде талқыланды және бекітілді.

«___» _____________201___ жыл №___ хаттама

Кафедра меңгерушісі ______________ ___________________

(қолы) (А.Ж.Ә)

Оқытушылар туралы мәлімет

Кафедра меңгерушісі: Мухамбетов Дамир Даулеткалиевич - фармакология және клиникалық фармакология –14.00.25 мамандығы бойынша медицина ғылымдарының докторы

Кафедра доценттері:

Таржанова Динар Шакеновна - 14.00.16- патологиялық физиология мамандығы бойынша медицина ғылымдарының кандидаты

Кафедра оқытушылары:

Стикеева Райхан Куандыковна - 14.00.16- патологиялық физиология мамандығы бойынша медицина ғылымдарының докторы.

Уайсова Дана Сагитбековна, Тасбалтаева Ажар Мукановна

Байланысатын ақпарат:

Жалпы фармакология кафедрасы Астана каласы, Сарыарка көшесі 33, АҚ «АМУ» оқу корпусының 8 қабатында орналасқан. Тел: 44 – 41 – 60

Пәннің саясаты:

Студенттер міндетті:

  • Тәжірибелік сабақтарға тақырып бойынша дайындалып келуге

  • Себепсіз дәріс пен тәжірибелік сабақты босатпауға және кешікпеуге

  • Жалпы медициналық ЖОО қабылданған формасы ( таза, ақ халат) болуға

  • Уақытылы қортынды сабақтарды тапсыруы керек (күнтізбелік жоспарға сәйкес немесе бір жұма ішінде)

  • Оқытушылармен сыпайы сөйлесу керек

Студенттер құқылы:

  • Дәрісті оқитын оқытушыға немесе оқытушыға фармакология мәселелерін қамтитын сұрақтар қоюға;

  • Егер дәріс оқитын оқытушымен немесе оқытушының көз қарасымен сәйкес келмейтін тақырып бойынша туындаған ойларды ғылыми негіздеп, дәлелдеуге;

  • Егер тақырып бойынша кейбір сұрақтар толық қамтылмаса, оқытушыдан қосымша түсініктеме сұрауға;

  • Өздерін қызықтыратын тақырыптар бойынша кафедраның СҒҚ кружоктарына қатысуға;

  • Егер бағасына келіспесе сынақтар мен эмтихандарын комиссиялық қайта тапсыруға.

Айыптау шаралары:

  • Тәжірибелік сабақтар мен дәрістерге студенттер формасыз (ақ халат) кіргізілмейді.

  • Тәжірибелік сабақтар мен дәрістерде ұялы телефондарын сөндірмеген студенттер сабақтан шығарылады және сабаққа қатыспайды деп есептелінеді және сол сабақты қайта өтеуі тиіс.

  • Коллоквиумды уақытылы тапсырамаған студент 1 жұма арасында өзінің мұғаліміне немесе басқа мұғалімге өтеу сағатында тапсыруға қақысы бар.

  • Cебеппен босатылған сабақтар өтеу кестесі бойынша сабаққа рұқсат қағазын көрсеткеннен кейін өтеу уақытында өтеледі.

  • Cебеппен босатылған дәріс оқытушыға жазған конспектісін көрсету арқылы өтеледі.

  • 50% төмен алған студенттер қорытынды бақылауға жіберілмейді;