- •050702-Автоматтандыру және басқару мамандығы бойынша оқитын барлық
- •Мазмұны
- •1 Зертханалық жұмыс №1. Simatic Manager программасымен қамтамасыз ету және онымен танысу, мпж-ні конфигурациялау және параметрлеу. Логикалық функциялар
- •1.1 Зертханалық жұмысқа тапсырма
- •1.2 Жұмысты орындау реті
- •1.2.1 Жаңа жоба құру
- •1.1 Сурет – Жоба терезесінің мысалы
- •1 .9 Сурет - onlinе режіміндегі айнымалылар кестесі
- •1.3 Бақылау сұрақтары
- •2 Зертханалық жұмыс 2. Таймерлік функциялар, санағыштар және ауысулар
- •2.1 Логикалық функцияларды қолдану арқылы программалау.
- •2.2 Таймерді қолдану арқылы программалау
- •2.3 Санағыштарды қолдану арқылылы программалау.
- •2.3,А Сурет – Жинақтау зонасы.
- •2.4 Арифметикалық операцияларды программалау
- •2.4 Сурет - Арифметикалық өрнекті (1) шешудің lad-программасы
- •2.5 Жұмысты орындауға әдістемелік нұсқаулар
- •2.5 Сурет – Таймерлер түрі
- •9 Кесте
- •2.6 Бақылау сұрақтары
- •3 Зертханалық жұмыс 3. Аналогтық сигналдарды оқу және нормалау
- •3.1 Зертханалық жұмысқа тапсырма
- •3.2 Теориядан қысқаша түсініктеме
- •3.3 Жұмысты орындау тәртібі
- •3.4 Бақылау сұрақтары
- •4 Зертханалық жұмыс 4. Логикалық басқару және бақылау жүйесін программалау
- •4.1 Зертханалық жұмысқа тапсырма
- •4.2 Жұмысты орындау тәртібі
- •4.4 Бақылау сұрақтары
- •А Қосымшасы
- •Б Қосымшасы
- •В Қосымшасы
- •Г Қосымшасы
- •Әдебиеттер тізімі
3.4 Бақылау сұрақтары
1. Функциялар қалай құрылады?
2. Негізгі программа және функциялар арасындағы ақпарат алмасу қалай жүреді?
3. Неге функцияларды параметрсіз блок деп атайды?
4. Функцияларда формалды және нақты параметрлер қалай белгіленген?
5. Функцияда қанша кіріс және қанша шығыс параметрлері бола алады?
6. Формалды және нақты параметрлер арасында қандай сәйкестіктер болуы қажет?
7. Программада қолданылған мәліметтер типтерін тізіп шығыңыздар.
8. Функцияның жұмысы дискретті сигналдың бесіншісінен кейін ғана қосылатындай етіп қалай түрлендіруге болады?
9. (4) және (5) формулалардағы К1 және К2 нені көрсетеді?
10. Егер кернеуге сәйкес диапазонды өзгертпей, өлшеу диапазонын өзгертсе, нормалау коэффициенті өзгере ме?
4 Зертханалық жұмыс 4. Логикалық басқару және бақылау жүйесін программалау
Жұмыс мақсаты: логикалық басқару, бақылау жүйесін программалау және алгоритмін құруды оқыту, Логикалық басқару жүйесінің жұмысының режімдерін зерттеу.
4.1 Зертханалық жұмысқа тапсырма
1-бөлім
1. Жүйені ішкі жүйелерге бөлу керек.
2. Әрбір блок үшін кіріс және шығыс адрестері тағайындалған символдар кестесін құру керек.
3. Д1 және Д2 қозғалтқыштарының ішкі жүйелеріне арналған логикалық басқару және бақылау алгоритмін құру.
4. Ішкі жүйелерді LAD тілінде Step7-нің FВ функциялық блоктары ретінде программалау.
2-бөлім
5. Вентилятор жұмысын FC блогы ретінде программалау және ОВ1 ұйымдастыру блогын программалау.
6. Simatic Manager программалық қамтамасыз етуіндегі символдар кестесін және айнымалылар кестесін толтырыңыздар.
7. Қорытынды жазып, есептеме толтыру.
4.2 Жұмысты орындау тәртібі
Жұмысты орындау тәртібін келесі мысал негізінде қарастырайық. Технологиялық процестерде логикалық басқару есептері көбінесе орындаушы механизмдерді қосу және өшіруді басқарумен байланысты. Д1 және Д2 орындаушы механизмдері қатысатын технологиялық процесс берілген (принципиалды электрлік сұлбалары 4.1, 4.2, 4.3 суреттерде). Агрегат «Пуск» кнопкасымен қосылады да, «Стоп» кнопкасымен тоқтатылады. Жұмысының екі режимі қарастырылған: автоматты («Авт») және қол режимі («Руч»). Әрбір қозғалтқышта вентилятор бар, ол сәйкес қозғалтқыш өшкеннен кейін 7 минуттан кейін өшеді. Бұл үлкен жүйеде әрбір қозғалтқыштың қажетті жылдамдыққа жетуі бақыланады.
1. Сипатталған жүйені функционалдық ішкі жүйелерге бөлеміз:
• агрегаттың қосылуын бақылау;
• бірінші қозғалтқыш (Д1);
• екінші қозғалтқыш (Д2);
• бірінші қозғалтқыштың вентиляторы (В1);
• екінші қозғалтқыштың вентиляторы (В2).
Негізгі агрегатты қолмен іске қосу |
|
D1 және D2-нің авариялық өшуі жайлы сигнал беру |
|
Режим таңдау |
|
Авт. қосылу |
Д1 эл.қозғ. басқару тізбегі |
Қолмен қосу |
|
Қол. немесе авт.өшу |
|
“Қосылу” |
Д1 күйі жайлы сигнал беру
|
“Өшу” |
|
Вентилятордың қосылуы |
Д1 вентиляторының эл.қозғ. басқару тізбегі |
7с кейін өшу |
|
4.1 Сурет– Д1(Д2) электрлік қозғалтқышын және суыту вентиляторын логикалық басқарудың принципиалды электрлік сұлбасы
4.2 Сурет - Д1(Д2) қозғалтқышын басқарудың қуаттық бөлігінің принципиалды электрлік сұлбасы
4.3 Сурет - Д1(Д2) қозғалтқышындағы жылдамдықты бақылау сұлбасы
2. Әрбір блок үшін кіріс және шығыс адрестері тағайындалған символдар кестесін құрайық.
16 Кесте
ПЭС-ғы белгіле- нулер |
Прог- рамма-дағы адрес |
Пара- метрдің статусы |
Айнымал-р кестесінің символы |
Айны- малы типі |
Комментарилер |
||
Агрегаттың іске қосылуын бақылау |
|||||||
Пуск |
I0.0 |
Кіріс |
«Пуск» |
BOOL |
Бұл сигнал 1-ге тең болса, Л1 лампасы жанады |
||
Стоп |
I0.1 |
Кіріс |
«Стоп» |
BOOL |
Бұл сигнал 1-ге тең болса Л2 лампасы жанады |
||
Авт. |
I0.3 |
Кіріс |
«Авт.» |
BOOL |
Бұл сигнал «Автоматты режим» триггерін іске қосады; егер сигнал 0 болса, Д1 және Д2 қозғалтқыштарының режімдерін басқару триггерлері қосылады |
||
Руч |
I0.4 |
Кіріс |
«Руч» |
BOOL |
Бұл сигнал «Автоматты режим» триггерін өшіреді |
||
Л1 |
Q 0.0 |
Шығыс |
«Лапма1» |
BOOL |
Егер «Пуск»-1 болса, шығыс сигнал орнатылады |
||
Л2 |
Q 0.1 |
Шығыс |
«Лампа2» |
BOOL |
Егер «Стоп»-1 болса, шығыс сигнал орнатылады |
||
Авт. режим |
М1.0 |
Шығыс – Кіріс |
«Авт. режим» |
BOOL |
Режім орнату триггері |
||
Д1 және Д2 қозғалтқыштары |
|||||||
ВклД1
|
I0.5 |
Кіріс
|
«ВклД1»
|
BOOL
|
Д1 қозғалтқышын қосу кнопкасы. Егер бұл сигнал 1 болса, ЛЗ лампасы жанады, ТГ1 триггері іске қосылады |
||
Выкл Д1 |
I0.6 |
Кіріс |
«ВыклД1» |
BOOL |
Д1 қозғалтқышын өшіру кнопкасы. Егер бұл сигнал 1 болса, Л4 лампасы жанады, ТГ1 триггері өшеді |
||
АвД1 |
М10.0 |
Кіріс |
«АвД1» |
BOOL |
Егер бұл сигнал 1-болса, Л2 жанады, ал 0 болса, ТГ1 өшеді |
||
W1 |
MW20 |
Кіріс |
«W1» |
WORD |
Д1 қозғалтқышының жылдамдығының нақты мәні. Клавиатура көмегімен айнымалылар кестесіне енгізіледі |
||
|
|
|
|
|
|
|
|
16 кестенің жалғасы
Wжел1 |
L6.0 (#Реset Speed) |
Кіріс |
« Wжел1» |
WORD |
Д1 қозғалтқышының жылдамдығының қажетті мәні. FB1-дің сипаттау кестесіне алғашқы мән ретінде орнатылады |
ЛЗ |
Q0.2 |
Шығыс |
«Л3» |
BOOL |
«ВклД1»=1 болса жанады |
TГl |
М10.2 |
Шығыс |
«TГl» |
BOOL |
Егер «Авт.режим»=1 и «ВклД1=1» орнатылады. «ВыклД1=1» или «АвД1»=1 өшіріледі |
Л4 |
Q0.3 |
Шығыс |
«Л4» |
BOOL |
«ВыклД1»=1 болса жанады |
Л5 |
Q0.4 |
Шығыс |
«Л5» |
BOOL |
Д1-ің қажетті жылдамдыққа жеткені жайлы сигнал береді |
Вкл Д2 |
I0.7 |
Кіріс |
«ВклД2» |
BOOL |
Бұл сигнал 1-болса, Л6 лампасы жанады |
Выкл Д2 |
I0.2 |
Кіріс |
«ВыклД1» |
BOOL |
Бұл сигнал 0 болса, Л7 лампасы жанады, TГl өшеді |
АвД2
|
М10.4
|
Кіріс |
«АвД2» |
BOOL
|
Бұл сигнал 1 болса, Л2 лампасы жанады, 0 болса, ТГ2 өшеді |
W2 |
MW 30 |
Кіріс |
«W2» |
WORD |
Д2 қозғалтқышының жылдамдығының нақты мәні. |
Wжел2 |
L6.0 (#Рreset_Speed) |
Кіріс |
«Wжел2» |
WORD
|
Д2 қозғалтқышының жылдамдығының қажетті мәні. FB1-дің сипаттау кестесіне алғашқы мән ретінде орнатылады |
Л6 |
Q0.5 |
Шығыс |
«Д2 - вкл» |
BOOL |
«ВклД2»=1 болса жанады |
ТГ2 |
Ml 0.6 |
Шығыс |
«ТГ2» |
BOOL |
Егер «Авт.режим»=1 и «ВклД2=1» орнатылады. «ВыклД2=1» немесе «АвД2»=1 өшіріледі |
Л7 |
Q0.6 |
Шығыс |
«Д2-выкл» |
BOOL |
«ВыклД2»=1 болса жанады |
Л8 |
Q0.7 |
Шығыс |
«Керек жылд.жету» |
BOOL |
Д2-ің қажетті жылдамдыққа жеткені жайлы сигнал береді |
Вентиляторлар В1 және В2 |
|||||
В1 |
FC1 |
Функция |
«Вентиля- тор» |
Жоқ |
Параметрсіз функция ретінде негізгі програмада шақыру. Егер «ВклД1»=1 болса, кешігіп өшу таймері іске қосылады |
В2 |
FC1 |
Функция |
«В2» |
Жоқ |
Параметрсіз функция ретінде негізгі программада шақыру. «ВклД2»=1 болса, кешігіп өшу таймері іске қосылады |
Т1 |
Т1 |
Таймер |
«Т1» |
TIMER |
Операнд ретінде таймер блогында орнатылады |
Т2 |
Т2 |
Таймер |
«Т2» |
TIMER |
Операнд ретінде таймер блогында орнатылады (екі вентилятор үшін де бірдей) |
КТ1 |
Q2.0 |
Шығыс |
«КТ1» |
BOOL |
В1-дің қосылып тұрғаны жайлы сигнал береді |
КТ2 |
Q4.0 |
Шығыс |
«КТ2» |
BOOL |
В2-нің қосылып тұрғаны жайлы сигнал береді |
3. Д1 және Д2 қозғалтқыштарының ішкі жүйелеріне арналған логикалық басқару және бақылау алгоритмін құрайық.
Алгоритмдік сұлбаны (4.4-4.7 суреттер) /1/ әдебиетті қолданып құру керек.
3.1 Негізгі программа.
4.4 Сурет
3.2 Функционалдық блоктар – Д1 және Д2.
4.5 Сурет
3.3 В1 және В2 вентиляторларының функциялары.
4.6 Сурет
3.4 Д1 және Д2-нің қажетті жылдамдыққа жетуін бақылау
4.7 Сурет
4. Функционалдық ішкі жүйелерді программалау
Д1 және Д2 қозғалтқыштардың ішкі жүйелерін программалау кезінде функционалдық блок FB1 қолданылады, ал вентиляторлар функциялары FC1 функциялары ретінде орындалады. Программалау алгоритмдік сұлбаға сәйкес жүргізілсін. Қажетті жылдамдыққа жетуді бақылау FB1 блогының ішінде жүреді.
Мұндай программаларды құрғанда келесі ретті сақтаған жөн:
· блокты сипаттау кестесінен бастап функцияларды программалау;
· функцияларды программалау;
· ОВ1 ұйымдастыру блогын программалау;
· символдар кестесін құру;
· айнымалылар кестесін құру.
5. Ұйымдастыру блогын программалау
Негізгі программа келтірілген алгоритмдік сұлбаға сәйкес ОВ1 ұйымдастыру блогы түрінде жазылады. Ол агрегаттың жұмысын бақылауға, функционалдық блоктың вентилятор функциясының нақты мәндерін беріп-шақыруға арналған.
6. Символдар және айнымалылар кестесін құру
Символдар кестесі Г қосымшасында келтірілген. Онда айнымалылардың салыстырмалы және оларға сәйкес абсолютті адрестері келтірілген. Кестеде 2 тармақ ескерілген, ол программаны оқуды жеңілдетеді, айнымалылар аттары принципиалды электрлік сұлбадағы аттарға сәйкес толтырылған. Айнымалылар кестесі кіріс айнымалыларды басқару және шығыс айнымалыларды бақылау үшін арналған. Кестені толтырғанда қажетті кіріс және шығыс адрестерді толтырудан бастау керек. Егер символдар кестесі толтырылған болса, онда аттары,типтері автоматты түрде пайда болады.
7. Есептемені құру
Жұмыс есептемесінде келесілер болуы керек:
- зертханалық жұмысқа тапсырма;
- функционалдық ішкі жүйелерді сипаттау;
- 16-кесте;
- ішкі жүйелердің алгоритмдік сұлбалары;
- Simatic Manager -дегі программа, символ және айнымалылар кестесі;
- кіріс және шығыс сигналдарының айқындық кестесі.
