Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Коммерциялы емес акционерлік оам-1.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
741.42 Кб
Скачать

2.6 Бақылау сұрақтары

1.     2.2 суреттегі программаны 50 импульстен кейін 5 шығыстағы лампа жанатындай етіп қалай түрлендіреді?

2.     2.3,б суретіндегі программаны “Қалыпты режім” деген лампа жанатындай етіп түрлендіріңіз (детальдар саны 10<N<100, мұнда N - детальдар саны).

3.     2.2 суреттегі программаның айқындық кестесін салыңыз.

4.     2.4 суреттегі программаны ұзындығы бірлік сөз - 16 бит сандардың қосындысының нәтижесі екілік сөз болатындай етіп өзгертіңіздер.

5.      “ҚОСУ” және “ӨШІРУ” кнопкасы бір болса конвейерді басқару программасы қалай өзгереді?

6.     Сигналдық лампа 5 секундқа кешігіп өшетін программа жазыңыз.

7.     Биттік логиканың негізгі командаларын атаңыз.

8.     А=(B*D-C)/7 өрнегін іске асыратын программаны жазыңыз. Нәтижесін бөлшек сан ретінде көрсетіңіз.

9.     LAD және STL тілдерінде қарапайым логикалық функциялар қалай іске асады?

10.  STEP7-дегі негізгі командалар тобын атаңыз.

11.  STEP7 каталогынан алынатын таймерлерді атаңыздар.

12.  Триггерлер түрін атаңыздар және әрбіреуінің айқындық кестесін толтырыңыздар.

13.  2.1  суретінің айқындық кестесін құрыңыздар.

14.  А=(B+D*C)/15 өрнегін іске асыратын программаны жазыңыз. Нәтижесін бөлшек сан ретінде көрсетіңіз.

15.  90<N<100 шарты бойынша 2.2,г суретіндегі программаны  “Жинақтау зонасы толды” лампасының жануымен толықтырыңыздар.

16.  Егер авариялық жағдайда конвейерді өшіруді қарастырсақ,  конвейерді басқару программасы қалай өзгереді?

 

 

3 Зертханалық жұмыс 3. Аналогтық сигналдарды оқу және нормалау

 

Жұмыс мақсаты: аналогтық сигналдарды нормалауды үйрену, аналогтық сигналдарды оқу, жазу және өңдеу программасын жазуға дағдылану.

Қондырғы және программалық қамтамасыз ету: Siemens фирмасының Simatic 313 бақылауыштары және Simatic Manager программасымен қамтамасыз ету.

 

3.1 Зертханалық жұмысқа тапсырма

1-бөлім

1.     Жүйені ішкі жүйелерге бөлу керек.

2.     Әрбір блок үшін кіріс және шығыс адрестері тағайындалған символдар кестесін құру керек.

3.     Әртүрлі датчиктер сигналын нормалау алгоритмін құру керек.

4.     Ішкі жүйелерді LAD тілінде Step7-нің FС функциялары ретінде программалау.

 

2-бөлім

5.     Simatic Manager программасымен қамтамасыз етуде символдар және айнымалылар кестелерін толтырыңыздар.

6.     Оқу функциясы FC1-ді, нормалау функциясы FC2-ні, аналогты сигналды шығару функциясы FC3-ті программалау.

7.     ОВ1 ұйымдастыру блогында негізгі программаны  дайындау.

8.     Қорытынды жазып, есептеме толтыру.

 

3.2 Теориядан қысқаша түсініктеме

 Деңгей датчигінің мәнін оқу мысалын қарастырайық. Деңгейді өлшеу шектері 100 м-ден 300 мм-ге дейін деп алайық. Мұндайда датчик өлшенген деңгейдің мәнін 0-ден 10 вольтқа дейін көрсетеді. Нормалау процесі – ол кез келген өлшенген мәнді Хизм нақты мәнге Хфак келтіру болып табылады, келесі формула бойынша келтіріледі

   (2)

Деңгей датчигі 6 вольттық сигналды берді дейік. Бұл көрсеткіш қандай деңгей мәніне сәйкес екенін білу қажет. (2) формуланы қолданып алатынымыз

            (3)

Simatic Manager программасымен қамтамасыз етуде дайын стандартты функциялар библиотекасы бар. Аналогты сигналды оқу үшін  FC105 (SCALE)   және аналогты сигналды шығару үшін FC106 (UNSCALE) функциялары қолданылады.

 

Кіріс сигналын сызықты масштаптау функциясы SCALE 

Сызықты масштаптау функциясы SCALE  әрбір аналогты кіріс сигнал үшін қандай да бір шығыс мәнін береді, яғни ол сигналды нормалайды.

Функция сигналдары:

IN – өлшем бірліксіз кіріс айнымалы;

HI_LIM – тоқ бойынша немесе кернеу бойынша өлшенген максимал мән;

LO_LIM– тоқ бойынша немесе кернеу бойынша өлшенген минимал мән;

BIPOLAR- биполярлы (TRUE) және униполярлы (FALSE) сигналын орнататын  дискретті сигнал;

OUT- тоқ бойынша (ампермен) немесе кернеу бойынша (вольтпен) берілетін  шығыс айнымалы.

Шығыс мәнді бақылауыш келесі формула бойынша санайды

OUT=[((FLOAT(IN) – K1)/(K2-K1))*(HI_LIM-LO_LIM)]+LO_LIM.      (4)

 

Шығыс сигналын сызықты масштаптау функциясы UNSCALE

Сызықты масштаптау функциясы UNSCALE әрбір аналогты кіріс сигнал үшін қандай да бір аналогты шығыс мәнін береді, яғни ол шығыс сигналды нормалайды.

Функция сигналдары:

IN – өлшем бірліксіз кіріс айнымалы;

HI_LIM – тоқ бойынша немесе кернеу бойынша максималды шығыс мән;

LO_LIM– тоқ бойынша немесе кернеу бойынша минималды шығыс мән;

BIPOLAR- биполярлы (TRUE) және униполярлы (FALSE) сигналын орнататын  дискретті сигнал;

OUT- тоқ бойынша (ампермен) немесе кернеу бойынша (вольтпен) берілетін  шығыс айнымалы.

Шығыс мәнді бақылауыш келесі формула бойынша санайды

OUT=[((IN – LO_LIM)/( HI_LIM-LO_LIM))*( K2-K1)]+ K1.                 (5)

         (4) және (5) формулалары (2) формулаға ұқсас. Ал К1 және К2 коэффициенттері бақылауыштағы санды көрсететін формат бойынша анықталады.

Студент (4) және (5) формулалар әсерін зерттеуі керек және қандай да бір физикалық өлшемді (2) нормалау программасын құруы керек.