
- •050702-Автоматтандыру және басқару мамандығы бойынша оқитын барлық
- •Мазмұны
- •1 Зертханалық жұмыс №1. Simatic Manager программасымен қамтамасыз ету және онымен танысу, мпж-ні конфигурациялау және параметрлеу. Логикалық функциялар
- •1.1 Зертханалық жұмысқа тапсырма
- •1.2 Жұмысты орындау реті
- •1.2.1 Жаңа жоба құру
- •1.1 Сурет – Жоба терезесінің мысалы
- •1 .9 Сурет - onlinе режіміндегі айнымалылар кестесі
- •1.3 Бақылау сұрақтары
- •2 Зертханалық жұмыс 2. Таймерлік функциялар, санағыштар және ауысулар
- •2.1 Логикалық функцияларды қолдану арқылы программалау.
- •2.2 Таймерді қолдану арқылы программалау
- •2.3 Санағыштарды қолдану арқылылы программалау.
- •2.3,А Сурет – Жинақтау зонасы.
- •2.4 Арифметикалық операцияларды программалау
- •2.4 Сурет - Арифметикалық өрнекті (1) шешудің lad-программасы
- •2.5 Жұмысты орындауға әдістемелік нұсқаулар
- •2.5 Сурет – Таймерлер түрі
- •9 Кесте
- •2.6 Бақылау сұрақтары
- •3 Зертханалық жұмыс 3. Аналогтық сигналдарды оқу және нормалау
- •3.1 Зертханалық жұмысқа тапсырма
- •3.2 Теориядан қысқаша түсініктеме
- •3.3 Жұмысты орындау тәртібі
- •3.4 Бақылау сұрақтары
- •4 Зертханалық жұмыс 4. Логикалық басқару және бақылау жүйесін программалау
- •4.1 Зертханалық жұмысқа тапсырма
- •4.2 Жұмысты орындау тәртібі
- •4.4 Бақылау сұрақтары
- •А Қосымшасы
- •Б Қосымшасы
- •В Қосымшасы
- •Г Қосымшасы
- •Әдебиеттер тізімі
1 .9 Сурет - onlinе режіміндегі айнымалылар кестесі
1.3 Бақылау сұрақтары
1. Жобаның құрамы неден тұрады?
2. Символдар кестесі неден тұрады?
3. Айнымалылар кестесінсіз және символдар кестесінің көмегінсіз айнымалыларды нақты масштаб уақытында бақылауға бола ма?
4. Жобаның программасы қандай элементтерден тұрады?
5. Конфигурациялық кестенің дұрыс құрылғанын қалай тексеруге болады?
6. Негізгі программада дискреттік кіріс-шығыстар қалай таңдалады және қалай белгіленеді?
7. Жобада аппараттық құралдарға қалай адрестер тағайындалады.
8. Дайын жобаны қалай активті қылуға болады?
9. Негізгі программаны бақылауышқа жүктеу қай терезеде жүреді?
10. Айнымалылар кестесі не үшін қажет?
11. Конфигурациялық кестеде орталық процессор қалай таңдалады?
12. Конфигурациялық кестеде қоректік блок қалай таңдалады және ол қай жерде орнатылады?
13. Жобада қандай типтер қолданылады?
14. Олардың қатысуынсыз программа орындалмайтын жобаның ішіндегі құрамын атаңыз.
15. Simatic-те орфографиялық қате, логикалық қате және конфигурациялық қате қалай көрсетіледі?
16. Ұйымдастыру блогының қызметі.
17. LAD тілінде программалағанда адрестеудің қандай түрлері жүреді?
18. Жобаның бақылауышқа жүктелетін негізгі құрамын атаңыз?
2 Зертханалық жұмыс 2. Таймерлік функциялар, санағыштар және ауысулар
Жұмыс мақсаты: Simatic Manager программасымен қамтамасыз етудің Step7 тіліндегі уақыт түрлендіруі, санау және ауысуларды ұйымдастыру командаларымен танысу, программалап, оларды жүктеу және тексеруге дағдылану.
Зертханалық жұмысқа тапсырма
2.1 Логикалық функцияларды қолдану арқылы программалау.
2.1.1 Каталогтан логикалық түрлендіру функцияларын (Bit Logic, Word Logic), салыстыру операцияларын (Compare, Status Bit), ауысу операцияларын (Jump) қарастырыңыздар, зерттеңіздер.
2.1.2 Тапсырмаға сәйкес (2.1а сурет - конвейерді басқарудың логикалық сұлбасы) LAD тілінде программа құрыңыз, программа құру ережелерін қадағалаңыз және осы тілдің операцияларын қолданыңыз (Б қосымшасы).
Тапсырма: 2.1,а суретінде конвейер көрсетілген, ол электрлік қозғалтқыш көмегімен іске қосылады. Лента басында екі кнопка бар: S1 ҚОСУ және S2 ӨШІРУ. Лента соңында да екі кнопка бар: S3 ҚОСУ және S4 ӨШІРУ. Лента екі жағынан да өшіріліп-қосыла алады. Сонымен қатар егер лентадағы зат аяғына дейін жетсе, S5 датчигі лентаны тоқтатады.
2.1 Сурет - Конвейерді басқару
2.1.3 Simatic Manager жобасынан Programm - Simbol Table бөлімін таңдап, символдар кестесін 1-кестеге сәйкес CPU-дың адрестерін тағайындап, толтырыңыз.
1 Кесте
-
Жүйе құрамы
Абсолюттік белгіленуі
Қосу кнопкасы 1
I 0.0
Өшіру кнопкасы 1
I 0.1
Қосу кнопкасы 2
I 0.2
Өшіру кнопкасы 2
I 0.3
Датчик
I 0.4
Қозғалтқыш
Q 0.0
Программаны LAD тілінде жазып, оны бақылауышқа PLC-Download көмегімен жүктеңіз. Программа орындалу процесін оnline режімінде бақылаңыз.
2.1.4 Программа жазылуын тексеріңіз: дискреттік сигналдар блогынан кіріс-шығыс сигналдарын орнатыңыз.
2.1.5 View- STL менюінің көмегімен STL программалау тіліне көшіңіз. Программаны жаңа терезеде әртүрлі жағдайларды жасап бақылаңыз: лентаны бас жағынан қосыңыз, аяқ жағынан өшіріңіз; лентаны бас жағынан қосыңыз, датчик арқылы өшіріңіз және т.б.
2.1.6 Логикалық сұлба нәтижесін 2-кестеге толтырыңыз.
2 Кесте
Кіріс сигналдар |
Шығыс сигнал |
|||||
I 0.0 |
I 0.1 |
I0.2 |
I0.3 |
I0.4 |
Q 0.0 |
|
|
|
|
|
|
|
2.1.7 Оқытушы тапсырмасы бойынша және өзіңізді тексеру үшін келесі тапсырмаларды орындаңыздар:
Есеп Л-1: Детальды бір транспортердан екінші транспортерға пневмоцилиндр көмегімен орын ауыстырады. Штоктың шектік орындары В1 және В2 датчиктерімен бақыланады. Бір рет қана басылатын “ҚОСУ” кнопкасымен цилиндрді іске қосамыз. Цилиндр кездейсоқ алдыға жылжып кетпес үшін оның бастапқы шектік күйін В1 датчигімен бақылаймыз. Цилиндрді алдыға жүргізу үшін бақылауыштың дискреттік шығысына сигнал беру қажет. Цилиндр соңғы шектік күйіне жеткенде, В2 датчигінің көмегімен оны артқа қайтарамыз.
Есеп Л-2: Пневмоцилиндр көмегімен детальдары штамповка жасайды. Штамповка деталінің бар болуы В1 датчигімен бақыланады. Штамп басылуы В2 датчигімен бақыланады. Штамповканы «Қосу» кнопкасымен жібереді де, «ӨШІРУ» кнопкасымен оны тоқтатады. Егер деталь бар болса және «Қосу» кнопкасы басылып тұрса, штамповка басталады. Цилиндрді алдыға жүргізу бақылауыштың дискреттік шығысына сигнал беру арқылы іске асады. Цилиндр шеткі күйіне жеткенде, В2 датчигі сигнал береді және «ӨШІРУ» кнопкасы басылса, ол қайтадан артқа кетеді.
Есеп Л-3: Қуаттылығы аз насос қозғалтқышын басқаруды орындаймыз. Насосты «Қосу» кнопкасымен қосамыз. Егер ыдыстағы су максималды деңгейге жеткенде, В1 деңгейлік дискретті датчик сигнал береді. Осы сигнал немесе «ӨШІРУ» синалы бойынша насосты өшіру керек. Егер деңгей минималды болса, В2 деңгейлік датчик сигнал береді, оның сигналы бойынша автоматты түрде насос қосылады.