Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Коммерциялы емес акционерлік оам-1.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
741.42 Кб
Скачать

1.1 Сурет – Жоба терезесінің мысалы

        

1.2.2 Жүйені конфигурациялау

Терминдерге түсінік: «Конфигурация» сөзін конфигурациялық кестеде модуль тасымалдағышты, модульдерді және интерфейстік модульдерді орнату деп түсінеміз (1.3 сурет).  

CPU-ды конфигурациялау келесі жұмыстардан тұрады:

-       жобада станция құрыңыз;

-       жоба терезесінде станцияны ашыңыз;

-       конфигурациялық кестені ашыңыз;

-       конфигурациялық кестеде каталогты орнатыңыз;

-       конфигурациялық кестені толтырыңыз.

С танцияны құру: жобаның атын ерекшелеп Insert - Station - Simatic-300 Station командасын таңдаңыз. Станцияны ашсаңыз, оның ішінде конфигурация терезесі – Hardware орналасқанын көресіз.

 

 

 

Конфигурациялық кестені құрғанда студент келесі жұмыстарды орындауы керек:

-       CPU орталық процесорын конфигурациялау және параметрлеу;

-       конфигурациялық кестені сақтау;

-       конфигурацияны  CPU орталық процесорына жүктеу.

А ппараттық қамтамасыз ету модульдері слоттарға қатаң ретпен орнатылады. Модульдің нақты орналасу орнына байланысты конфигурациялық кесте құрылады, ол 1.4-суретте көрсетілген.

 

 

 

 

 

  

1.3 Сурет - Конфигурация терезесі – Hardware

  

Конфигурацияларды орындау реті: жоба терезесінің оң жағын басып, жобаға  Insert-New Object - Simatic-300 Station  командасымен станция орнатыңыз. Оның ішінен Hardware атты конфигурациялық кесте шығады.  Кестені ашып, онда View-Catalog командасымен каталогты орнатыңыз. Енді  ең алдымен біз Rack  (модуль тасығыш) профильдік шинаны орнатуымыз қажет, оған нөлдік адрес беріледі. Конфигурациялық кестенің қалған элементтерін нақты құрылғыда орнатылған элементтерге сәйкес толтыру керек. Конфигурациялық кестеде бірінші орында қоректік блок, келесі екі орынды CPU алып жатады, содан кейін ғана қалған модульдер орнатылады. Әрбір модульге берілген адрестерді жазып алыңыздар.

1 .4 Сурет - Модульдердің тасымалдағышта орналасуы және оның конфигурациялық кестеге сәйкестігі

             

          1.2.3 Модульдерді параметрлеу

 

Параметрлейтін модульді таңдап алу қажет, диалогтық терезеде параметрлері орнатылады. Мысалы, CPU-дың цикл уақытын өзгертуге болады.      Оны конфигурация терезесінде «CPU – Proprties  - Cicle Time» немесе «PLC- Modul Information – Cicle Time» командасымен жасауға болады. Параметрлеу терезесін жауып құрылған конфигурациялық кестені сақтаңыздар. Нәтижесінде осы конфигурация компьютердің қатты дискісінде сақталады.

Конфигурациялық кестені PLC-Download командасымен жүктеңіз. Осы команда орындалуының нәтижесінде барлық орнатылған параметрлер жұмыс істейді. Қателіктер болса, CPU-да SF-қателік сигналы жанады. Қателікті жою үшін PLC-Clear/Reset командасының көмегімен өшіру жүреді. Конфигурациялық кестені ашып, оны қайтадан жөндеу, жүктеу керек.

Егер жүктеу сәтті болса диалогтық терезеде “CPU-ды STOP режімінен  RUN режіміне өткізейін бе?” деген сұрақ түседі. Енді программаны орындау үшін бақылауышты RUN режіне өткізіп, конфигурациялау терезесін жабыңыз.

 

1.2.3 ОВ1 ұйымдастыру блогында негізгі программаны жазу

 

Құрылған конфигурация нәтижесінде жоба терезесінде конфигурациялық кестемен қатар СPU пайда болады (1.6 сурет). CPU  ішінде: программалық модулдер және байланыстар  болады. Программалық модульдерді ашыңыздар, ол тізбектер көзінен және символдық редактордан тұрады.

S 7 Программалық модульдің Blocks бөлігін ашыңыздар (1.5 сурет). Мұнда әзірше ОВ1 ұйымдастыру блогы ғана бар, оны ашып диалогтық терезеден LAD контактілік пландар тілін таңдап, қарапайым программа жазып көріңіз.

Контактілік пландар тілі тізбек бойымен тоқ жүру жолына негізделген, ол планның сол жақ шинасына қосылған, ал оң жағы катушка немесе блокпен аяқталуы керек. 

К онтактілер және катушкалар адрестері А қосымшасына сәйкес тағайындалуы керек. Ол адрестерге символдар кестесінің көмегімен ат беруге болады (1.6 сурет), толтырылған кестені сақтау керек.

1.7 суретте LAD тілінде жазылған программа көрсетілген.

LAD тілінде жазылған программа коммутациялық сұлбаларға ұқсас. Сұлба элементтері желіге топтастырылады. Программа желілер тізбегінен тұруы мүмкін.

 

 

Программада кем дегенде бір контакт және бір катушка болуы қажет. Программаны сақтап, жабыңыз.

 

 

 

 

 

  

1.7 Сурет - LAD тілінде жазылған программа

  

1.2.4  Процестерді online режімінде бақылау

 

П рограмманы online режімінде бақылау  үшін айнымалылар кестесін құру қажет (Blocks объктісінің контекстік менюінен Insert New Object-Variable table командасын таңдаңыздар). Диалогтық терезеде  айнымалылар кестесіне ат беріңіз немесе Simatic Manager ұсынған атты қабылдаңыз. Онда бақылайтын айнымалылар тізбегін құрыңыз. Бұл жұмыста барлық айнымалыларды бақылау қажет. Енді өзіңіз білетін жолмен жүресіз:  сақтаңыз, LAD редакторының терезесін жабыңыз, программаны CPU-ға жүктеңіз. Қолданбалы программаны тексеру үшін online режіміне өтіңіз. Ол үшін ОВ1-ді ашып, «көзілдірікті киіңіз». Редактор терезесі бұл кезде өзгереді, ал CPU-дың жұмыс процесі күй жолында өшіп-жанып тұратын сигнал түрінде болады. Дискреттік сигнал имитаторындағы кілттер көмегімен кіріс дискретті сигналдың «болған» немесе «болмаған» кезінің көрінісін беріңіз де, шығыс сигналды бақылап отырыңыз.

Енді бақылау үшін айнымалылар кестесін қолданыңыз. Оны ашып,  PLC менюінің  Connect To - Configured CPU командасының көмегімен CPU  екеуінің арасындағы байланысты орнатыңыз (1.9-сурет, айнымалылар кестесінінің аты жазылған жолдың түсі өзгереді), online режіміне өтіңіз де, осында кірісті өзгерте отырып, шығыс айнымалылардың өзгерісін  бақылаңыз.