Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Коммерциялы емес акционерлік оам-1.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
741.42 Кб
Скачать

Коммерциялық емес акционерлік қоғам

 

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫ

 

Инженерлік кибернетика кафедрасы

  

БАСҚАРУ  ЖҮЙЕЛЕРІНДЕГІ

МИКРОПРОЦЕССОРЛЫҚ  ҚҰРАЛДАР

 

050702-Автоматтандыру және басқару мамандығы бойынша оқитын барлық

оқу түрінің студенттері үшін зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар

 

Алматы 2008

 

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: Көпесбаева А.Ә., Ибрашева Ә.Т. Басқару жүйелеріндегі микропроцессорлық құралдар. 050702-Автоматтандыру және басқару мамандығы бойынша оқитын барлық оқу түрінің студенттері үшін зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар.- Алматы: АЭжБИ, 2008. - 45б.

Мұнда “Басқару жүйелеріндегі микропроцессорлық құралдар” пәні бойынша зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар бар.

  

Мазмұны

1 Зертханалық жұмыс 1. Simatic Manager программалық қамтамасымен танысу, МПЖ-ні конфигурациялау және параметрлеу. Логикалық функциялар ......................... 4

2 Зертханалық жұмыс 2. Таймерлік функциялар, санағыштар және өтулер.... 10

3 Зертханалық жұмыс 3. Аналогты сигналдарды оқу және нормалау............. 21

4 Зертханалық жұмыс 4. Функциялар және функционалдық блоктар. Логикалық басқару және бақылау жүйесін құру.............................................................................. 27

А Қосымшасы................................................................................................... 34

Б Қосымшасы................................................................................................... 36

В Қосымшасы................................................................................................... 41

Г Қосымшасы................................................................................................... 42

Әдебиеттер тізімі............................................................................................... 44

 

 

1 Зертханалық жұмыс №1. Simatic Manager программасымен қамтамасыз ету және онымен танысу, мпж-ні конфигурациялау және параметрлеу. Логикалық функциялар

 Жұмыс мақсаты: Simatic Manager программасының  құрамымен танысу, қолданбалы программамен жұмыс істеп үйрену,  Step7 тілінің командалар құрамымен танысу,  микропроцессорлық жүйені конфигурациялау және параметрлеу әдістерімен танысу, online  режімінде жұмыс істеп дағдылану.

Қондырғы және программалық қамтамасыз ету: Siemens фирмасының Simatic 313 бақылауыштары және Simatic Manager программаcымен қамтамасыз ету.

 

1.1 Зертханалық жұмысқа тапсырма

1.     Жобаны құру.

2.     Микропроцессорлық жүйені конфигурациялау.

3.     Модульдерді параметрлеу.

4.     Оқытушы нұсқасына сәйкес ОВ1 ұйымдастыру блогына арналған программаны жазыңыз.

5.     Процестерді online режімінде бақылаңыз.

6.     Қорытынды жасаңыз. Есептеме толтырыңыз.

 

1.2 Жұмысты орындау реті

1.2.1 Жаңа жоба құру

Жобаны құру  Simatic Manager терезесінде New-Project  командасы арқылы жүреді. Жоба терезесі 1.1 суретте көрсетілген.

  Диалогтық терезеде үш программалау тілінің біреуін таңдаңыз (LAD, STL, FBL). Нәтижесінде MPI көпнүктелі интерфейстер шинасы орнатылған оба түзіледі. Ол шинаға жеке компьютер (программалу құрылғысы), автоматтандырырылатын жүйе және қадағалау (қажет болса) жүйелері қосылады. Зертханалық құрылғыда MPI шинаға жеке компьютер қосылған.