Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дент импл силлабус каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
156.41 Кб
Скачать

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

ХИРУРГИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯ МОДУЛІ

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Кафедра- стоматология интернатурасы

Мамандық 5В130200 – Стоматология «Жалпы тәжірибелік дәрігер стоматолог»

Пән –Ауыз қуысын протездеуге хирургиялық дайындау.Тіс имплантациясы.

«АУЫЗ ҚУЫСЫН ПРОТЕЗДЕУГЕ ХИРУУРГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДАУ. ТІС ИМПЛАНТАЦИЯСЫ» пәні бойынша интернатура

СИЛЛАБУСЫ

(элективтік курс)

2014-2015 оқу жылы

Оқу сағаттарының көлемі – 45 сағат.

Дәрістер – қарастырылмаған.

Тәжірибелік сабақтар – 30 сағат.

Интерннің өзіндік жұмысы (ИӨЖ) – 15 сағат.

Алматы-2014

Құрастырған м.ғ.д., профессор Ибрагимова Р.С.

Мемлекеттік тілге аударған м.ғ.к., доцент Айтбаев Ж.Ж.

Жұмыс бағдарламасы Типтік оқу бағдарламасының негізінде құрастырылған (Астана, 2012)

Жұмыс бағдарламасы стоматология интернатурасы кафедрасының мәжілісінде талқыланған

_____хаттама «_____»_________________2014 ж.,

Кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор__________________ Жартыбаев Р.Н.

1. Жалпы мәлімет:

1.1 ЖОО атауы: С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті.

1.2 Кафедра - стоматология интернатурасы.

1.4 Мамандық - Жалпы тәжірибелік дәрігер стоматолог

1.3 Пән – Ауыз қуысын протездеуге хирургиялық дайындау.Тіс имплантациясы.

1.5 Оқу сағатының көлемі – 45 сағат.

1.6 Оқытушылар жайлы мәліметтер:

Аты жөні

Қызыметі

Ғылыми дәрежесі

1.

Жартыбаев Рахмет Нокеевич

Профессор

Медицина ғылымының докторы

2.

Ибрагимова Роза Сафиулловна

профессор

Медицина ғылымының докторы

3.

Айтбаев Жанабай Жумабекович

Доцент

Медицина ғылымының кандидаты

4.

Койбаров Мурад Ендалович

Ассистент

Медицина ғылымының кандидаты

5.

Аханов Серик Абдуахметович

Ассистент

Медицина ғылымының кандидаты

1.7 Байланыс мәліметі:

Кафедраның орналасқан жері: Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы, 543

Телефон: 264-75-36 Ж.Ж.! Узнайте № и введите. Спасибо!

Кафедраның электрондық адресі internstom@mail.ru

Пәнді оқыту мақсаты: Жалпы тәжірибелік дәрігер стоматолог дайындау. Стоматологиялық имплантация түрлері, дентальды имплантация операциясының әдістемесі, науқастарды тексеру дағдыларын, операцияға көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштерді анықтау, операцияны жоспарлау, операция алдында науқасты дайындау бойынша білім қалыптастыру, науқастарды зерттеу және емдеу кезінде коммуникативті дағдыларды меңгеру, операцияны жоспарлау, операция және операциядан кейінгі кезеңде асқынулардың алдын алу шараларын меңгеру. Компетентті, білімді, дентальды имплантациядан тереңдетілген білімі бар және қолынан іс келетін, заманауи емдік диагностикалық технологияларды қолдана алатын, әрдайым өз мамандығын жетілдіріп отыратын дәрігерді дайындау.

Тапсырмалар:

Білімін тереңдету

- тіс протездерінің ауыз қуысында жайлы орнығуына кедергі келтіретін жақсүйектері мен жұмсақ тіндердегі өзгерістерді хирургиялық жолдармен жою

  • стоматологиялық имплантологияның тарихы және заманауи кезеңдегі дамуы;

  • дентальді имплантацияның диагностикалық алгоритмі, көрсеткіші, кері көрсеткіштері, жоспарлау және нәтижесін болжау;

  • дентальді имплантаттың түрлері және хирургиялық тәсілі, асқынулары, оны алдын алу;

  • дентальді имплантацияда қолданылатын остеопластикалық материалдар мен тіндік регенерацияны бағыттау тәсілдері және реконструктивті операцияларға көсеткіштер;

- дентальді имплантацияға көрсеткіштер мен кері корсеткіштерді пациенттерде анықтауды және тексеруді жетілдіру;

  • дентальді имплантация тәсілін қолдануды жетілдіру, оны жоспарлау, нәтижесін болжау;

  • дентальді имплпнтацияның хирургиялық кезеңдерін және жақ сүйектерінің альвеолды өсіндісін реконструкциялау тәсілдерін мұғаліммен бірге көмек көрсету дағдыларын жетілдіру;

  • дентальді имплантациядан кейін науқастарды қадағалау және жүргізу дағдыларын жетілдіру;

- «дәрігер-пациент» жүйесінде сенім, қарым-қатынасын орнату дағдыларын жетілдіру;

- дәлелдеу медицина негізін қолдана отырып, науқасқа сабырлы, сенімді етіп жасалынатын тексеріс пен операциялардың көлемі, нәтижесі жайлы ақпарат жүргізу;

- топта бірге жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру.

- хирургиялық стоматология кабинетінде және бөлімінде жұмыс істеу барысында санитарлы-гигиеналық талаптарды сақтау дағдыларын жетілдіру;

- тәжірибиеде медико-экономикалық хаттаманы қолдану дағдыларын жетілдіру;

- есеп-қисап медициналық құжаттарды жүргізу дағдыларын жетілдіру;

- науқастарды тексеру, ем жүргізу шараларына келісімін алу ережелерін жетілдіру.

- әдебиетпен және электрондық ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру;

- ЖОО-да алған білімдерін дәлелді медицина негізін қолдана отырып жетілдіру;

- презентация жасау, ғылыми-тәжірибелік конференцияларда баяндама жасау, аудиториямен жұмыс жүргізу дағдыларын жетілдіру.

Сабақ жүргізу методологиясы:

Жанаспалы сағаттар тестілеу, блиц сұрау, кіші топтарда жұмыс жасау, жұппен жұмыс жасау, іскерлік ойын, кейс-стади, дискуссия, науқастарды теориялық және клиникалық талдау.

ОИӨЖ- хирургиялық кабинетте науқастарды амбулаторлы қабылдау, дентальді имплантацияға көрсеткіштер мен кері көсеткіштерді анықтау, имплантацияны жүргізудің кезеңдерін жоспарлау және жасауға қатысу, операциядан кейінгі науқастарды курациялау, қабылдау бөлімінде, жара таңу кабинетінде жұмыс жасау, ауыр науқастардың косилиуміне, консультацияларға қатысу, амбулаторлы медициналық карталарды толтыру, ауру тарихын жазу, клиникалық жағдайларды талдау, конспектілеу, презентациялау, ИӨЖ, және т.б.

Дәрігер-интерннің міндетті

Білу:

  • Стоматологиядағы менджмент және маркетинг сұрақтары;

  • Стоматологиядағы заңды құқығы, этикалық және құқықтық қалыптар;

  • Жақ-бет аймағының анатомиясы, тістердің, жақсүйектерінің, жұмсақ тіндерінің, лимфа түйіндерінің, сілекей бездерінің және самай-төменгі жақсүйегі буынының морфо-функциональді және анатомиялық ерекшелігі;

  • Жақ-бет хирургиясындағы жалпы және жергілікті жансыздандыру ерекшеліктері;

  • Стоматологиялық тәжірибедегі, соның ішінде дентальді имплантациядағы дәлелді медицина;

  • Жедел жағдай кезінде, нақтамалау және жедел көмек көрсету негізігі;

  • Ауыз қуысындағы сүйек және жұмсақ тіндердегі реконструктивтік операциялар кезінде онық ішінде тіс имплантация кезіндегі кездесетін асқынулардың алдын алу әдістері;

  • Амбулаториялық операциялардан кейінгі және тіс имплантациядан кейін науқастарды реабилитациялау қағидалары;

Меңгеру:

  • Есеп-тірекеу құжаттарын жүргізу;

  • Дәлелді медицина негізінде дентальді имплантацияны жүргізуді жоспарлау;

  • Дентальді имплантацияны жоспарлаған кезде, науқастардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып (тіс қатары ақауының сипаты, альвеолды өсіндісінің биіктігі мен ұзындығы, төменгі альвеолды нервісінің және жоғарғы жақсүйегі өсіндісінің орналасуы), адекватты зерттеулер жүргізу;

  • Зертханалық, функциональді, көмекші, визуальді және басқа да зерттеу әдістерін дұрыс тағайындау және оларды адекватты талдау;

  • Жақ-бет аймағында жергілікті жансыздандырудың барлық түрлерін жүргізу;

  • Анафилактикалық шок, коллапс, тыныс жолдарының жедел бұзылуы кезінде (асфиксия), гипертониялық криз, қан кету кезінде жедел көмек көрсету;

Машықтарын меңгеру:

  • Міскінде, тіс имплантацияның хирургиялық кезеңдері мен ауыз қуысындағы сүйек пен жұмсақ тіндерде жүргізілетін реконструуктивтік операцияларды орындау;

  • Тіс имплантацияның хирургиялық кезеңдері мен ауыз қуысындағы сүйек пен жұмсақ тіндерде жүргізілетін реконструуктивтік операциялар кезіндегі барлық жансыздандыру түрлерін орындай білу;

  • Тіс имплантацияның хирургиялық кезеңдері мен ауыз қуысындағы сүйек пен жұмсақ тіндерде жүргізілетін реконструуктивтік операцияларға көмек көрсету немесе өзінше орындау;

Коммуникативті машықтарын меңгеру:

  • ем қорытындысы нәтижелі болуы үшін, науқаспен/туыстарымен алғашқы байланысты және кейінгі қарым қатынасты қалыптастыру;

  • науқасты дентальді имплантация үрдісін жоспарлауға қатыстыру, науқастың компетенциясын құру;

  • қарап тексеру және емдеу шараларымен байланысты, науқастардың көзқарасы, науқастың агрессиялық көңіл күйін бақылау, конфликтті жағдайды басқару;

  • жоспарланған зерттеулер немесе хирургиялық араласулардың сипатын, көлемін, науқасқа сенімді, байыппен түсінікті ақпараттандыру;

  • қызметтестерімен және медициналық қызметкерлермен, кәсіби қарым қатынастар;

  • қызметтестерімен, оң моральді-психологиялық қарым қатынасын қалыптастыру;

  • кәсіби тәртібі – сенімділік, жауапкершілік, өз-өзін бағалау, пікірлерге адекватты жауап беру;

  • стресттік жағдайларда, кәсіби тәртібі

Құқықтық компетенциясы:

Арнайы машықтарын қалыптастыру:

  • хирургиялық стоматологиялық бөлменің, бөлімшенің, ұйымның және жұмыс кестесіне қойылатын санитарлы-гигиеналық талаптар;

  • аппараттармен жұмыс кезіндегі техника қауіпсіздік ережесі және ержелері;

  • хирургиялық стоматологиялық бөлімшедегі, дәрігерлер мен медициналық қызметкерлердің іс әрекеттерін, олардың құқықтарын, міндеттерін ҚР заңдарына, нормалық құқықтық және реттеуші құжаттарына сай жүргізу;

  • хирургиялық стоматологиялық және жақ бет хирургиясы іс әрекетін қалыптастырудың құқықтық негіздерін тәжірибеде қолдану;

  • тәжірибеде медико-экономикалық хаттамаларын қолдану;

  • медициналық есептік тіркеу құжаттарын толтыру;

  • Ақпараттық келісім шарттың негізінде науқастың құқығын қорғау ;

  • кәсіби этканың қағидалары мен қалыптарын, дәрігерлік этика мен деонтологиясы;

Өз бетінше білім алу, өз-өзін жетілдіру

Машықтарын жетілдіру

  • өз бетінше кәсіби әдебиет көзімен, электронды ақпарат көзімен жұмыс;

  • ЖОО оқуы кезінде алынған, негізгі және кәсіби білімін, қолдана отырып, алынған ақпараттарды сараптау;

  • Дәлелді медицина көзқарасынан, ақпаратты талдау;

  • хирургиялық стоматология аймағында, ғылыми зерттеулерді жоспарлау және жүргізу

  • творчестволық презентацияларды дайындау, семинарларда, конференцияларда сөйлеу, аудиториямен жұмыс істеу машықтарын қалыптастыру;

  • креативті ойлау қабілетін қалыптастыру;

  • жалпы интеллектуальді деңгейін, кәсіби сөйлесу, этикалық қалыптар мәдениетін жетілдіру