- •«Медициналық психология» пәні бойынша
- •050503 «Психология» мамандықтарына Семей
- •1.Медициналық психология жалпы психология ғылымының саласы.
- •2.Медициналық психология пәні мен зерттеу обектісі.
- •Медициналық психологияның шығуы мен даму тарихы.
- •Ғылымилығы мен маңыздылығы.
- •1.Қазіргі заман медициналық психологиясы пәні, салалары. 2.Нейропсихология, патопсихология, психопатология
- •3.Емдеу және реабилитациясы.
- •1.Медициналық психология салаларына сипаттама.
- •2. Ғылыми – зерттеу әдістері.
- •3.Негізгі және қосымша психодиагностикалық әдістер
- •2. Қалыпты жағдайдағы психикалық дамудың ауытқулары.
- •3. Аномальды даму психологиясы
- •Дамудың «бірініші» дефектісіне сипаттама.
- •Дамудың «екінші» дефектісіне сиапттама
- •Психикалық дамудың сипаттамасы.
- •Органикалық зақымданулар.
- •Психикалық толық жетілмеу себептері
- •2. Жүре пайда болған зақымданулар.
- •1.Психикалық дамудың патологиялық көріністері.
- •2. Бұрмаланған психикалық дамудың көріністері мен ерекшеліктері
- •Психикалық ауруларға сипаттама.
- •Тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын .
- •Хромосомалық аурулар
- •Шизофрения психикалық ауру
- •Шизофренияның ағымдары
- •Шизофренияның клиникалық көріністері.
- •Невроздар туралы түсінік
- •Невроздардың шығу себептері, белгілері
- •Невротикалық бұзылулар
- •2. Анестезия, сенестопия.
- •3.Иллюзия және галлюцинация
- •1.Жүйкелік – психикалық аурулардың әртүрлі формаларындағы естің бұзылуы.
- •2.Клиникалық көріністері
- •2.Сана бұзылуының синдромдары: кома, ступор, онейроид, қарауыту, есеңгіреу,делирий
- •Ойлаудың бұзылуын зерттейтін әдістері
- •Дифференциалды – диагностикалық мағыналары
- •1.Нейропсихологтяның ғылыми зерттеу обьектісі
- •3.Лурия ілімі.
- •Жоғарғы психикалық процестердің зақымдануын болдырмау жолдары
- •Психотерапиялық шаралар
- •Психогигиена және психопрофилактика
- •Психосоматикалық аурулар сипаттамасы
- •Психосоматикалық бұзылулардың дамуы мен тұрақты болуы
- •Ауру туралы түсінік
- •Стресс ауруды тудырудың негізгі себептері
- •Стресстің түрлері, белгілері
- •4 Студенттің өздік жұмысы
- •Студенттердің өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер (нұсқаулар)
- •Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар.
1.Медициналық психология салаларына сипаттама.
2. Ғылыми – зерттеу әдістері.
3.Негізгі және қосымша психодиагностикалық әдістер
Медициналық психологияның салалары бір бірімен тығыз байланысты және адамның жан саулығы мен тән саулығына жағымды әсер етіп, денсаулыққа байланысты ауытқу (отклонение ), бұзылу (патология), кемістік (дефект) жағдайларды болдырмау мен қалыпқа келтіруге –реабилитациялауға бағытталған. Медициналық психологияда кең қолданылатын әдістерге бақылау мен әңгімелесу жатады. Қазіргі ғылыми техникалық прогресс кезінде науқас адамның денсаулығындағы ақауларды өте тез әрі сапалы зерттейтін құралдар бар: УЗИ, ЭКГ, кардиограмма, эхограмма, фоно- грамма, рентген, және т.б. Бұлардың барлығы сырқаттың жағдайын, дамуын, қолданылатын шараларды анықтауда- диагностикалауда алатын орны ерекше
Сондайақ, медициналық психологияда психологиялық диагностика әдісі психикалық аурудың шарттарын анықтауда өте маңызды. Психотерапия мен психокоррекциялық әдістемелік шаралар аурудан айықтыру мен сауықтыру жағдайларында тиімді қолданылады. Науқас адамның психикасы мен жүйке жүйесіне жағымды әсер етерде жас кезеңдердегі өзгерістердің психикаға әсері де ескеріледі.
Медициналық психология дәрігерлердің қызметі мен аурулардың мінез-құлқын зерттеу. Адам психикасы жайындағы ілім мистикалық діни көзқараста ықпалында болды.8-12 ғасырларда Шығыс елдерде философиялық ой- пікірлер өркен жайып, ғылым және адамның жан дүниесі жанындағы ілім жанданып, жаңа сипатқа не болды.Жаратылыстану, медицына,математика мен адамтану ғылымдары өркен жайып,ежелгі дүние ғұламалары Платон мен Аристотельдің ,Гален Архимедтің еңбектері араб тіліне аударылды.Аристотельдің және басқа да ғылымдардың идеялары,ашқан жаңалықтары,ой-пікірлері жаңа сипат алып Әбу-Насыр-әл-Фараби (870-950жж) Әби-Алу иби Сина (Авиценна) (980-1037жж),(1126-1198жж) сияқты орта ғасырлық ғұламалардың зерттеулері арқ.адамның жандүниесі жайындағы ілім өркендеді.
Араб ғылымы Ибын әл-хайсам(әлгазен)Иранның медик ғылымы Закария Рази (865-925жж)өз еңбектерінде адам жан жүйесі.жайлы сол замандардағы ғылым жетістіктеріне сүиеніп,әр алуан зерттеулер жүргізді.
ӘбуНасыр әл-Фараби адам жан дүниесінің қыр-сырын ашып көрсететін бірнеше шығармалар жазды «ізгі қала тұрғындары» «Азаматтық»Саясат» аристотельдің «Жан туралы шығармасын арал тіліне аударған. Фараби жан тәнімен бұрын өмір сүрді бір денеден екінші денеге барып орналаса да алмайды деген ғылыми пайда жасаған.Содан-ақ,ол дүниеге келісімен адамның бойында түрліше күш қуатпайда боладысол күш-қуат қабілетін негізгі түрлері мынандай деп көрсетті
-адамды қуаттандыратын күш (арабиа-«әл-қуат әл-газина»)
-түисіну қуаты
-қиялдану қуаты
-ақыл-ой не ойлану қуаты
-қозғаушы күш
-белгіні бір іс-әрекетке ұмтылу қуаты
Адам бойындағы күш-қуатын Әл-Фараби атаған түрлері жеке психологиялық пойестерді атауы мен мәніне дәл келеді. Ал «Екінші ұстаздың сөз (ақыл-ой)мағынасы туралы ой-толғамдары» дейтік еңбегіндегі психикалық процесстердің барлығына жуығын адамның белгілі мүшелерінің қатысуымен жасалып отыратын материалисттік құбылыстар деп анықтап, әсіресе адам жанының ақыл-ойға байланысты болатындығының ерекше маңызы бар деп көрсетеді. Адам қиялы оның түс көруіне де әсер етіп, іс-әрекетін ерекше жалғасы болып саналады. Түс көруді осы заманғы психологияда дәл осы мағынада қарастырады. Фарабидің психикалық жайындағы мұндай ой жүйесін адам жанының шынайы болмысын және табиғат негізін ғылыми тұрғыдан шешкен көзқарас деуге болады.
Орта ғасырларда жан туралы ілімді аристотельдік идеялар тұрғысынан іздестірген арб тілді елдердегі көрнекті ойшылдар шығыста Ибн Сина, ал батыста Ибн Рошд болды. Ибн Синаның мед қағидасы деп аталатын еңбегі бес жүз жыл бойы жұмыстар дүниенің әр тарабына таралып, барлық деңгейдегі медициналық мектептердегі бірден бір құрал болды. Оның көзқарастарындағы маңызды мәселе – жан туралы философиялық және медициналық тұрғыдан қарастырған бір-біріне қайшы пікірі. Оның анықтауынша жан туралы түсінік ғылым мен дін арасындағы аралық қабат сияқты. Адам психикасының ми қызметіне тәуелді болып отыратындығы материал тұрғыдан қарастырылады.
№ 5- дәріс
Тақырыбы: «Норма» және «патология» мәселелері
Сұрақтары:
1. Адамның қалыпты жағдайдағы даму көрсеткіштері
2. Патологиялық жағдайлардың көрінісі.
Медициналық психология ғылымы салаларында адамның ағзалық, тән және психикалық жағдайын қалыпты және патологиялық деп екіге бөледі. Қалыпты жағдайдың көрсеткіштері: дене қызуының, қан қысымының, көңіл- күйінің, шашының, тырнағының, тері қабаттарының жағымды бірқалыпты мөлшер деңгейіне сай келуі. Аталған көрсеткіштерден ауытқушылықтар адам организміндегі өзгерістерді көрсетеді. Эндогенді және экзогенді себептердің ықпалынан адамның денсаулығында және психикасында әртүрлі өзгерістер туындайды. Психикалық жағдайлардағы өзгерістер жаскезеңдік дағдарыс кезеңдерінде ерекше айқындалады. Әсіресе жасөспірімдік өтпелі кезеңдерде психиканың патологиясы және патологиялық жағдайлардың бірнеше формалары байқалады. Психолог ғалымдар жеткіншек кезеңдегі психопатияның бірнеше формаларын анықтаған.
Ал патологиялық жағдайдың көрсеткіштеріне қалыпты жағдайдың қарама- қайшы көріністері жатады. Патология гректің «патос»- уайым, қайғы, ауру, бақытсыздық жайлы ілім. Психология ғылымында патологиялық жағдайдың көріністеріне психикалық ауытқу, бұзылу, тежелу, күйзелу, тоқырау жатады. Адам психикасына әсер ететін факторлар әртүрлі және нәтижелері бір- біріне ұқсамауы да мүмкін. Әсіресе психикалық дамудың дағдарыс кезіндегі, балалық шақтағы әсерлер дизонтогенездік және дисгармониялық жағдайларға ұшырататын дамуды патологиясын тудырады. Тұлғаның қалыптасуы туғаннан бастап, өмір бойы созылатын ұзақ және күрделі процесс. Даму жолында көптеген қарама- қайшылықтар адамның рухани жан дүниесінде өзгерістер (дисгармония- үйлесімділіктің бұзылуы) тудыратын құбылыстар кездеседі. Тұлғалық деңгей психикалық жағынан тұрақты болғанымен, дисгармониялық жағдайлар кедергі келтіреді. Организмнің барлық жүйелері сияқты адамның психикалық жүйесі де тұрақты күйде болуы керек.
Диссонанс, келіспеушілік, мотивтердің созылмалы күресі тұлғаның дисгармониясын тудырады. Психикалық дисгармония- тұлға қасиеттерінің бірі дамымай, ал екіншілері шамадан тыс дамып кетуі. Тұлға дисгармониясы қоршаған ортадан бөлектену, эгоцентризм, рефлексия, интроверттілік, эмоционалдылықтың жұтаңдауы, эмоционалды резонанстың жоғалтылуы, қоршаған ортадағы құбылыстарға адекватты жауап бермеу, ойлаудың шындықтан алшақтауы арқылы көрінетін шизоидизация түрінде байқалуы мүмкін. Мұндай жағдайда мінез- құлықтың біркелкі болуы, педанттылық, икемділіктің жойылуы, белсенділіктің төмендеуі және пассивтілік байқалады. Кейде әрекетсіздік пен пассивтіліктің әрекеттің белгілі бір аумақтарында үлкен жетістіктерге жетумен үйлесіп отырады.
Қоршаған ортаға үнемі көңілі толмау сезімі, қозғыштық, жұтаңдық, ойлау жемістілігінің төмендеуі, эгоцентризм, қызығушылықтардың тарылуы бұл тұлға дисгармониясының көрінісі болып табылады. Сәл ғана өмірлік қиындықтар мұндай адамдарда қобалжу, дәрменсіздік сезімдерін тудырады.
Дисгармония көңіл- күйі тұрақты көтеріңкі адамдардағы психопатологиялық өзгерістер, эйфория, әрекетсіздік, ашуланшақтық, шамадан тыс қарым- қатынасқа түсушілік, қашықтық сезімдердің жоғалуы, өз мінез- құлқының адекватты еместігін түсінбеу түрінде көрінуі мүмкін.
Психопатияның психогениясына психикалық жарақаттар себепші болады. Бірақ психогенияға қандай психикалық жарақат, қандай механизм соқтырып, аурулы күйге келтіретіндігінің басын ашып алу керек. Бұл мәселенің шешімін табу И. П. Павлов пен оның ізбасарларының жұмыстарына, жоғары жүйке қызметіндегі физиология мен патофизиологияның табыстарына байланысты болды.
Психикалық жарақаттың ықпал етуінің негізгі үш жолы, психогения пайда болуының үш механизмі бар: а) тітіркенгіш процеске шектен тыс күш түсуі; ә) тежелу процесіне шектен тыс күш түсуі; б) қимылдық жүйке процестеріне шектен тыс күш түсуі. Осы механизмдердің бәрін И. П. Павлов пен оның шәкірттері иттерге тәжірибе жасау жолымен алды. Яғни, адамзат тарихында алғаш рет психогенияның моделі – байқау невроздары табылды. Жануарлардан алынған деректерді оның әлеуметтік ортасы бар адам мен тек оған ғана тән екінші сигналдық жүйеге бүтіндей қолдануға болмайтындығы табиғи жайт
Мектепке дейінгі жаста өз құрдастарынан тасаланып, бірге ойнаудан қашады. Бұл жаста үйлесімдік болмағандықтан мидың дамуы жылдамдап қозғалыс қызметі нашар жетіледі. Үлкендердің көмегінсіз оқуды ерте үйренеді, бірақ бәтеңкесінің бауын байлай алмайды.Сөйлескен кезде олардың бідімінің жасына сәйкес емес екендігі, білуге құмарлығын көрсетеді. Ол дерексіздікке жоғарғы ынта танытып, әлемнің пайда болуы табиғат пен өлім туралы сұрайды.М.жасында белгілі бір пәнге қызығып, жақсы оқиды (мысалы,математика, астрономия, психология,философия). Ақыл-ой дарындылығы бола тұра, икемсіз, өздерін-өздері күте алмайды,киім кигенде не тамақ ішкенде икемсіздік, салақтылық білдіреді.Олар аз қимылдайды, шулы ойындарды жаратпай, ортаға тез бейімделе алмайды. Жыныстық жетілу кезінде барлық белгілері айқын білінеді.Мысалы,кейбірінде тұйықтық, өкпешілдік,ренжігіштік сезім- «сензитивтік», «стеникалық» - айқындалса, екіншілерінде табандылық, қажырлылық – «экспансивті»- сезім байқалады. Қолайсыз жағдайлар әсер еткенде шизондэтарда ерекше психогенді (психологиялық зақымның әсерінен) әректтер байқалады. Б-р шизофрениямен ауырғанда делирийдің кейбір белгілері көру,елестетушілігі ретінде кездеседі.
Психикалық процестердің тұтастығы бұзылуы аурудың ойлауынан, сөйлесуінен айқын білінеді. Логикалық байланыс жоғалып, үзілді-кесілді болып,оның сөйлемі тек жекеленген сөздерден құралады. Психикалық қызмет тұтастығының және оның айналамен байланысының бұзылудың аурудың эмоциясынан айқын көруге болады. Мысалы, жас әйел өзінің сәбиіне мейрімсіз болып,оны тамақтандырмауы да мүмкін.
Ауру адамға символдық ойлау өте тән. Мысалы, ауру өзіе бір шеңбердің ішіне сурет қылып салып; «өзі жасаған шеңбер ішінде қауіп мүлде жоқ» -деп түсіндіреді.Өз ойларын кәдімгі сөздермен жеткізе алмай, жаңа сөздерді ойлап табады. Шизофрения ауруы 4 топқа бөлінеді: қарапайым, гебефрениялық, кататониялық, параноидтық.
Жасөспірім кезінде басталатын аурудың қарапайым түрінде алдыңғы қатарға эмоциялардың кедейленуі, ынта жоғалып, әлсіреу мен интеллектуалды өнімсіздік байқалады. Гебефрениялық түрінде – баланың мінез – құлқында есерлік, мәнерлік бет аузын тыжырайту, қылымсу басым болады. Кататониялық түрінде кататониялық ступор мен қозуы бар кататониялық синдром басым болады. Параноидтық түрінде елестетуші белгілер 2-4 жас арасында (1 жастық дағдарыс) білінеді.
Психиканың ауытқушылығы немесе психопатияның кейбір ерекшеліктеріне ұқсас қояншықпен ауырған адамда болатын эпилептондты тип жатады (қояншық ауруы бар отбасыларында кездесетіндіктен, генетикалық жақындығы бар деп есептелінеді). Психопатияның қызу қанды тобына гипертимдік типті жатқызамыз. Гипертимдік белгісі бар адамдардың көңілі ылғи да көтеріңкі, денсаулығы жақсы, сергек, тәбеті мен ұйқысы жақсы, қимыл – қозғалыс жасауға бейім, көп сөйлегіш, көңілді, мінезі аяқ асты өзгергіш.
Тұрақсыз тип 11-12 жаста білінеді. Негізгі белгісі – бір қалыпты психикасы ретінде білінетін эмоциялық тұрақсыз ерік. Жоғарғы ерікті қызметі жетілмегендіктен, өзінің сол сәттегі тілегі мен әуестігін тежей алмайды, Тұрақсыз п\п. белгілері көбінесе жыныс жетілгенге дейін не ол жетілген кезде, кейде баланың шағында б. мүмкін. Истериялық тип – айқын дарашылдық қайткен күнде де айналасындағылардан ерекшелену, біріншілікке ұмтылу. Истериялық психопатияға барлық жұртты мойындатуды тойымсыздықпен көксеу тән.
Психастеникалық тип – ересек адамдарда жиі кездеседі, бірақ кейбір белгілері балаларда да білінеді. Мұндай белгілер секемшіл,көңілшек, барлық жаңалықтан қорқатын, сезімі нәзәк келеді. Мектеп жасындағы балалар өте мазасыз, тек өзі туралы емес, жақындары, әсіресе шешесі туралы күмәнданады ( бір жаманшылық болама деп қорқады, ырым-саят, жөн жоба жасайды) Мұндай балалардың интеллектісі жоғары.Психастениялық типке ұқсас астениялық түрі болады – сужүрек, қорқақ,ұялшақ, қараңғыдан, жалғыздықтан қорқу, өзінен кішілермен ойнау, тыныш ойындар, сурет салу, айтқанды тыңдау – айқын белгілері.
№ 6- дәріс
Тақырыбы: Клиникалық психологиядағы негізгі түсініктік парадигмалары
Сұрақтары:
1.Клиникалық психологиядағы себеп-салдарлық байланыстар
