
- •«Медициналық психология» пәні бойынша
- •050503 «Психология» мамандықтарына Семей
- •1.Медициналық психология жалпы психология ғылымының саласы.
- •2.Медициналық психология пәні мен зерттеу обектісі.
- •Медициналық психологияның шығуы мен даму тарихы.
- •Ғылымилығы мен маңыздылығы.
- •1.Қазіргі заман медициналық психологиясы пәні, салалары. 2.Нейропсихология, патопсихология, психопатология
- •3.Емдеу және реабилитациясы.
- •1.Медициналық психология салаларына сипаттама.
- •2. Ғылыми – зерттеу әдістері.
- •3.Негізгі және қосымша психодиагностикалық әдістер
- •2. Қалыпты жағдайдағы психикалық дамудың ауытқулары.
- •3. Аномальды даму психологиясы
- •Дамудың «бірініші» дефектісіне сипаттама.
- •Дамудың «екінші» дефектісіне сиапттама
- •Психикалық дамудың сипаттамасы.
- •Органикалық зақымданулар.
- •Психикалық толық жетілмеу себептері
- •2. Жүре пайда болған зақымданулар.
- •1.Психикалық дамудың патологиялық көріністері.
- •2. Бұрмаланған психикалық дамудың көріністері мен ерекшеліктері
- •Психикалық ауруларға сипаттама.
- •Тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын .
- •Хромосомалық аурулар
- •Шизофрения психикалық ауру
- •Шизофренияның ағымдары
- •Шизофренияның клиникалық көріністері.
- •Невроздар туралы түсінік
- •Невроздардың шығу себептері, белгілері
- •Невротикалық бұзылулар
- •2. Анестезия, сенестопия.
- •3.Иллюзия және галлюцинация
- •1.Жүйкелік – психикалық аурулардың әртүрлі формаларындағы естің бұзылуы.
- •2.Клиникалық көріністері
- •2.Сана бұзылуының синдромдары: кома, ступор, онейроид, қарауыту, есеңгіреу,делирий
- •Ойлаудың бұзылуын зерттейтін әдістері
- •Дифференциалды – диагностикалық мағыналары
- •1.Нейропсихологтяның ғылыми зерттеу обьектісі
- •3.Лурия ілімі.
- •Жоғарғы психикалық процестердің зақымдануын болдырмау жолдары
- •Психотерапиялық шаралар
- •Психогигиена және психопрофилактика
- •Психосоматикалық аурулар сипаттамасы
- •Психосоматикалық бұзылулардың дамуы мен тұрақты болуы
- •Ауру туралы түсінік
- •Стресс ауруды тудырудың негізгі себептері
- •Стресстің түрлері, белгілері
- •4 Студенттің өздік жұмысы
- •Студенттердің өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер (нұсқаулар)
- •Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар.
Жоғарғы психикалық процестердің зақымдануын болдырмау жолдары
Психотерапиялық шаралар
Психогигиена және психопрофилактика
Жүйке жүйесі организмнің сыртқы ортамен байланысын жүзеге асырып
отырады, айналадан келетін тітіркендіргіштерге жауап қайтарады. Бұлармен қатар жүйке жүйесі түрлі дене мүшелерінің, ұлпалардың, клеткалардың қызметін, зат алмасу мен қан айналысын басқарып, сыртқы ортаның үнемі өзгеріп отыратын жағдайларына оларды бейімдеп, үйлестіріп отырады. Жүйке жүйесі мүшелердің жұмысын үйлесімді реттеп отырады және ағзаның біртұтастығын қамтамасыз етеді.
Организмнің сыртқы ортамен байланысы жүйке жүйесі арқылы жүзеге асады. Оны мынадан байқауға болады. Шөлді жерлерде тұратын адамдардың жүйке жүйесінің қызметі оларды дене қызуының шамадан тыс жоғарылауынан сақтандырады. Ал таулы жердегі адамдардың ағзасы жүйке жүйесі арқылы оттегін белгілі мөлшерде жұмсап, сол ортаға бейімделуге мүмкіндік алады.
Жүйке жүйесі арқылы адам өзінің айналасындағы ортаны танып, біліп, зерттеп және өзгертуге белсене араласып отырады.
Жүйке жүйесі адам денесіндегі мүшелердің және мүшелер жүйесінің бір қалыпты болуын қамтамасыз етеді. Жүйке жүйесі орталық және шеткі бөлімдер болып екге бөлінеді. Олар: орталық бөлік ми және жұлыннан құралады.
Жұлынның артқы және алдыңғы бөлігінде жоғары қарай созылған терең жүлке (борозда) жатады. Жұлынның ортасында сұйықтыққа толы жұлын өзегі болады. Бұл сұйықтық жүйке жасушаларының тіршілік – орталығы болып табылады. Өзекті қоршап тұрған сұр заттың пішіні көбелекке ұқсас, ал оның сыртында ақ зат орналасады. Жұлынның сұр затында алдыңғы артқы және бүйір түбірлері бар. Алдыңғы түбірде ендірме нейроны, артқы түбірде қондырмалы нейрондар(түйіндер) сезім және қимыл нейрондарының арасын байланыстырып тұрады. Алдыңғы түбір дегеніміз – қимыл нейрондарының аксондары. Артқы түбір – ол сезім нейрондарының аксондары. Қимыл және сезім түбірлері омыртқа аралық тесікте қосылып, жүйке түзеді.Одан соң олар алдыңғы және артқы тармақтарға тарайды. Бұлардың әрқайсысы сезім және қимыл жүйке талшықтарынан құралған. Сөйтіп, әр омыртқа тұсында жұлыннан екі жаққа қарай 31 жұп аралас жұлын жүйелері таралады. Бұл орталықтарда рецепторлардың белгілі түрлерінен келген хабарлар талдауға және қорытындылауға түседі.Одан қозу толқыны хабарға жауап қайтаратын мүшелерге(жүрек,қан тамыры,қанқабұлшықеттері жәнет.б)жеткізіледі.Келіп түскен қозу толқынының әсерінен мүшенің қызметі өзгереді,яғни рефлексті өзгеріс туады қайтарылатын жауап дәл болу үшін ми жүйесінің жоғары бөліктерінің қатысуы қажет.Жұлының қызметін ми реттеп отырады.
Жұлын зақымдалғанда (ісік пайда болады) өткізгіштік және рефлекстік қызметтері жойылып кетеді.Омыртқа жотасы сынғанда немесе қыйсайғанда жұлын мен ми арасындағы байланыстар үзіледі.Мұндай адамның миы әдеттегідей қызмет атқарады,бірақ зақымданған орталық арқылы жұлынның барлық әрекеті реттеу немесе өткізгіштік қызметін атқара алмайды.Дегенмен, зақымданған жұлыннан тыс жатқан орталықтардан келген қозу толқыны жүйелерге тарала алады. Ол басты бұру,шайнау қымылдарын жасай алады.
Жұлын негізінен рефлекстік және өткізгіштік қызмет атқарады.Жұлынның ақ заты оның өткізгіштік қызметін атқарып және оның әр бөліктерін өзара байланыстырады.Қызу жұлын арқылы жоғары және төмен қарай өтеді.Жоғары немесе сезімталдық өткізгіш арқылы қызу жұлыннан миға жетеді,ал ондағы толқындар төменгі немесе қыймыл өткізу жолы арқылы мидан жұлыннан қимылдың нейрондарына таралады да,соңынан жауап қайтаратын мүшеге жетеді.Жұлынның сезімтал жүйке талшықтары арқылы теріден,бұлшықеттен келген қозу оның жоғары өткізгіштік жолымен миға барады.Мидың қабатына бұл қозу толқындарынан әртүрлі сезімдер (ауырсыну,жылылық немесе суық сезімдер) туады.Жұлынның рефлекстік қызметі орталық жүйке жүйесінің тек белгілібөлігі,яғни жүйке орталығы арқылы ғана жүзеге асады.Жүйке орталығының-ми бөлігінде орналасқан және белгілі мүшенің немесе жүйенің қызметін реттейтін жүйке жасушаларының тобы.Мысалы,тізе рефлексінің орталығы-жұлынның бел бөлігінде,зәр бөлудің орталығы – жұлынның бел бөлігінде, зәр бөлудің орталығы – жұлынның сегізкөз бөлігінде, көз қарашығының орталығы – жұлынның арқа бөлігінде орналасады. Жүйке орталықтары көптеген қондырмалы нейрондардан тұрады. Жұлын біздің саналы әрекетіміздің орталығы емес, ол қарапайым қозғалыстарымыздың (аяқ-қолды бүгу, керіп созу т.б) жұмысын басқаратын орталық болып табылады. Мәселен, жаңа туған нәресте емуге әрекеттенеді, аузына сүт барғанда, ол сілекей бөледі. Мұның бәрі жұлынның шартсыз рефлекстері, олар организмге туысынан тән болады.
№ 27-28- дәріс
Тақырыбы: Сөйлеудің патологиясы
Сұрақтары:
1. Сөздік аппараттарға сипаттама.
2. Архитектоника ілімі.
3. Тілдік бұзылулардың себептері.
4.Жоғарғы жүйке жүйесінің органикалық және функционалдық өзгерістеріне байланысты тілдік бұзылулар.
Сөз, сөйлеу, тіл – бас ми қабығының ең жоғарғы функциясы, адамдарға ғана тән қарым-қатынас құралы. А.В.Петровский мен М.Г.Ярошевскийдің айтулары бойынша, тіл әрекет барысында қалыптасқан тарихи құбылыс. Сөздің, тілдің атқаратын функциялары: коммуникативті, интерактивті, перцептивті. Сөз – ойлаудың құралы: - сана мен естің, ақпараттың тасымалдаушысы; өзінің және басқа адамдардың қылықтарын реттеу мен басқару құралы.
Тіл мен ойлау ажырамас бірлікте. Ойлау процесін іске асыру үшін ең алдымен физиологиялық процестер анализаторлардың мидағы ұштарының арасындатуып жатқан уақытша жүйкелік байланыстардың ( шартты рефлекстердің) маңызы өте зор. Шартты рефлекстер екінші сигналдардың әсерінен туындайды. «Сөйлеу органдарынан ми қыртысына баратын кинестезиялық тітіркендіргіштер ( қозғалыс) екінші сигнал болып табылатын сигналдардың сигналы» (И.П.Павлов). Адам сөзінін түсініктілігі мен мағыналығ сөздік органдардағы қалыптасқан қозғалыстардың нақтылығы мен автоматтылығына (шапшандылығы мен жылдамдығы) байланысты.
Сөз бір-бірімен тығыз байланысқан тілдік аппараттардың: орталық тілдік аппарат пен перифериялық (орындаушы) тілдік аппараттар негіздерінде жүзеге асады. Орталық тілдік аппарат бас мида орналасқан. Оған бас ми қыртысы (сол жақ бөліктері), қабықасты түйіндері, өткізуші жолдар, ми бағанасы ядролары (сопақша мидағы) және жүйке жолдары (афферентті-эфферентті) жатады. Сөз жоғарғы жүйке жүйесінің басқа көріністері сияқты рефлекстер негізінде дамиды. Сөздік рефлекстер мидың барлық бөліктерімен тығыз байланысты. Перифериялық тілдік аппаратқа тыныс алу органдары, дауыс бөлімі, артикуляциялық органдар жатады. Сөз тыныс алумен тығыз байланысты, тыныс шығару фазасында сөз жүзеге асады.
Сөздің жасалуына бас ми қыртысының барлық бөліктері қатысады. Әсіресе доминанттық бөлікте орналасқан ми қабықасты аймақтары: көру, есту, қозғалыс. Сол жарты шардың самай тұсында дыбыстық тітіркендіргіштерді қабылдау (Вернике орталығы) мен дифференцияциялау аймағы бар. Самай аймағында өте күрделі процесс – сөзді түсіну жүзеге асады. Маңдай иірілімдерінің төменгі тұсында сөздің қозғалыс аймағы (Брока орталығы) орналасқан және сөздік айтылулардың бағдарламасы мен әр адамның ауызша сөзін жүзеге асыратын функциялар орналасқан. Ал бас мидың желке тұсы – көру аймақтары жазбаша сөзге қатысты графикалық бейнелеулерді тану мен қабылдау функцияларын атқарады. Сөздік әрекетте бас мидың төбе аймақтары өте маңызды: орталық жүйке жүйесінен келген сөздің қозғалыс импульстарын талдайды және қабылдайды. Орталық жүйке жүйесінен келген сөздің қозғалыс импульстары сөздік кинестезия деп аталады. Олар кері афферентті байланыстарды тудырады. Кері афферентті байланыстар – тілдік бұлшықеттердегі артикуляциялық органдардағы қозғалыс импульстарын жоғарғы жүйке жүйесіне тасымалдаушы функциясын атқарады. Осы кері байланыстарсыз тілдің дамуы мүмкін емес, себебі: тілдік бұлшықеттердің қозғалыстарын меңгеретін дағдылар мүмкіншіліктері – тілдік праксис қалыптасып дамымайды. Тілдік праксис дегеніміз – қалыптасқан тілдік қозғалыстардың автоматты орындалуы.
Сөздік әрекеттің қалыпты дамып жетілуі үшін бас мидың және жоғарғы жүйке жүйесінің барлық бөліктерінің өзара функционалды тығыз байланыстары болуы қажет. Жүйке жүйесі бөліктерінің зақымдалуы әр түрлі бұзылуларға әкеп соғады. Тілдік бұзылулар мен тілдік - сөйлеу патологиясының (бұзылу, жарақаттану) сипаты жарақаттың әсеріне, уақытына, мөлшеріне байланысты. Тілдік аппараттардың патологиясына қарай қарапайым және күрделі тілдік бұзылулар болып бөлінеді.
Тілдік бұзылулар әсер етуші себептердің шығуына байланысты былайшы жіктеледі:
Орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдануымен байланысты тілдік бұзылулар. Тілдік жүйелердің зақымдану деңгейіне байланысты:
а) афазия – ми қабығындағы сөз аймақтарының зақымдануынан сөздің барлық құрылымы ыдырайды;
б) алалия – сөзге дейінгі кезеңде ми қабығындағы сөз аймақтарының зақымдануынан сөздің жүйелі дамымауы;
в) дизартрия – сөз бұлшықеттері иннервациясының бұзылуынан сөздің дыбысталуы бұзылады. (Иннервация – белгілі бір органдардың немесе ұлпалардың жүйке жүйесімен қамтылуы).
II. Орталық жүйке жүйесінің функционалдық өзгерістерімен байланысты тілдік бұзылулар:
а) тұтығу;
б) мутизм және сурдомутизм.
III. Артикуляцияның органикалық-құрылымдық кемістіктерімен байлансыты тілдік бұзылулар:
а) механикалық дислалия;
б) ринолалия.
IY. Әр түрлі себептерге байланысты болатын тілдік дамудағы артта қалушылық:
а) шала туғанда;
б) ішкі органдардың асқынуына байланысты ауру жағдайларында;
в) педагогикалық немқұрайлылық.
Афазия – ми қабығындағы сөз аймақтарының - маңдай тұсының төменгі иірімдері немесе төбе, самай, желке тұстары зақымдануынан пайда болады. Үлкен адамдарда орталық жүйке жүйесінің қан айналымы бұзылуы нәтижесінде мидағы тілдік аймақтарға қан құйылудан (инсульт) болады. Ал балаларда бас ми жарақатынан, бас ми қысымынан, ми қан тамырларының құрылымдық бұзылуларынан, қан ауруынан (гемофилия), нейроинфекциялардан (менингит, энцефалит, полиомиелит), ми ауруларынан пайда болады. Афазияның мынандай түрлері бар: моторлы - өз сөзіе емін-еркін қолдана алмау, сөздік қозғалыстардың шектелуі; сенсорлы - айтылған сөзді түсінбеу, қабылдай алмау, амнестикалық – жекеленген сөздер мен олардың мағынасын ұмыту; тотальдық – сөзді айта алмау және түсінбеу.
Алалия – тілдік бұзылулардың ішіндегі күрделі түрі, сөзді меңгергенге дейінгі кезеңде – балалық шақта 2,5 – 3 жаста (сөздік дағдылар меңгеріленге дейін) болады. Себептері бірнеше: өмірге келу кезінде мидың жарақаттануы , миға қан кетуі, ми аурулары (нейроинфекциялық) мен жарақаттары (интоксикациялық, инфекциялық жағдайлар), көптеген аурулардың салдарынан: рахит, тыныс алу жүйелерінің асқынуы, тамақ пен ұйқының бұзылу нәтижесінде, иммундық әлсіреу жағдайларында пайда болады. Алалияның екі түрі бар: моторлы - өз сөзіе емін-еркін қолдана алмау, сөздік қозғалыстардың шектелуі; сенсорлы - айтылған сөзді түсінбеу, қабылдай алмау.
Дизартрия – сөз бұлшық еттері иннервациясының бұзылуынан сөздің жылдамдығы, мәнерлігі, құрылымы немесе сөздің дыбысталуының бұзылуы. Дизартрия орталық жүйке жүйесінің күрделі зақымдану нәтижесінде пайда болады. Эмбриондық кезеңдегі мидың зақымдануымен және ми бөліктеріне ауа жетіспеу (гипоксия), қатерлі жұқпалы аурулардан зақымдануына байлынысты бес түрі бар: бульварлы, псевдобульварлы, ми қабықасты, мишықтық, ми қыртысты. Аталған зақымдану нәтижелерінде сөз мүлде түсініксіз, себебі сөздік артикуляциялық бұлшықет қозғалыстары шектелген, параличке - парезге ұшырайды немесе анартрия деп аталады.
Артикуляциялық органдардың бұлшықеттерінің зақымдауына байланысты дизартриялық белгілер тілдің дыбысталуында білінеді. Мысалы, жұмсақ таңдай бүлшықеттерінің зақымдануында дыбыс мұрынмен шығады; көмей бұлшықеттері зақымданғанды дауыс қырылдап шығады. Бұндай құбылысты афония деп атайды. Сондай-ақ гиперкинез -ырықсыз қозғалыстар байқалады. Орталық жүйке жүйесінің функционалды өзгерістерімен байланысты туындайтын тілдік бұзылулар сыртқы ықпал етуші себептерден болады.
Невроздық жағдайларда тілідік невроздар немесе логоневроздар пайда болады. Оларға тұтығу, мутизм және сурдомутизм жатады. Невротикалық тұтығулардың негізгі себерптері: ағымды және күрделі психикалық жарақаттар – қорқу, қалыпты тіршілік стереотипінің аяқасты өзгеруі (жақын адамынан айырылу, больницаға түсу және т.б.) жатады. Тұтығудың туындауына жақын себептер де бар және оларға жүйке – психикалық дамуының туа біткен ерекшеліктері, әртүрлі ауруларға байланысты организимнің әлсіреуі, тәрбиелік қателіктер, тілдік аппараттарға артық салмақ түсіру, тілдік дағдылармен олардың дамуына көңіл бөліну жатады. Невротикалық түтығудың шығуына еліктеу факторы маңызды орын алады және жағымсыз шартты рефлекске тез айналады. Бала тұтығу белгілерін бірден сезінеді, бұл реакция баланың жас және жүйке жүйесі ерекшеліктеріне байланысты. Тұтығатын бала қарым – қатынастан қаша бастайды. Сөйлеу барысында вегататитвті тамырлары мен оған қатысты қозғалыстардағы бұзылулар байқалады. Невротикалқы тұтығудың негізгі белгісі логофобия – сөзден қорқу. Логофобияның пайда болуы невротикалық тұтығуды асқындырады, қозудың артуы, ұйқының бұзылуы, кей жағдайларда түңгі уақытта кіші дәретін, ықылықты ұстай алмау және т.б. байқалады.
Тұтығу-тыныс алу мен дауыс бұлшықеттеріндегі тоникалық тырысқақтардын басталады. Тұтығудың физиологиялық механизмі сөйлеу барысындағы тыныс шығарудың бұзылуымен байланысты. Тырысқақтар біртіндеп артикуляциялық аппараттардағы бүлшықеттерге ауысады. Сөйлеу барысында тұтығатын адамның тыныс алуы бұзылып, бұлшықет тонусының артуы байқалады. Тұтығудың мынандай түрлері бар: тоникалық тұтығу – бала аузын ашып, сөйлей алмай, алғашқы буында тұтығады (к-к-к-кітап); клоникалық тұтығу – соңғы буында тұтығады (кіта-а-а-а-ап).
Тілдік бұзылудың невротикалық формасына мутизм мен сурдомутизм жатады. Мутизм (мылқаулық) өте ауыр психиклық жарақаттардан кейін пайда болуы мүмкін. Сондай – ақ басқа да невротикалық бұзылулармен көрініс табады. Аталған көріністерге сурдомутизм – естіметің мылқаулық жатады. Мутизм көп жағдайда қоршаған жағымсыз ықпалдарға пассивті реакциясы ретінде де болады. Бұл жағдайда элективті – таңдамалы сипатқа ие болады. Мысалы: белгілі бір адаммен өкпе немесе кек қайтару мақсатында сөйлемеу; кейбір жағдайларда бала тек үлкен адамдармен ғана сөйлеспейді. Мутизмнің негізінде баланың қалыптасқан күрделі жағдайлардан құтылу реакциясы жатыр.
Дислалия – дыбыстық бұзылу. Механикалық және функционалдық түрлері бар. Механикалық дислалия перифериялық тілдік аппараттардың органикалық кемістіктеріне байланысты мынандай түрлері бар: тіл асты (уздечка) қысқа болуы; жақтың кемістігінен аномалиялық жағдайлар - прогнатия үстіңгі жақтың шығыңқы болуы, прогения – астынғы жақтың шығынқы болуы.
Ринолалия – сөз аппаратарының анатомиялық физиологиялық кемістіктерінен сөздің дыбысталуы бұзылады. Мұрың және ауыз жұтқыншақ, таңдай резонаторларының бұзылуынан болады. Аденомалық өсінділер, мұрын полиптері, фибриома немесе т.б. ісіктерден, мұрын жарақаттарынан, іштей туа біткен жырық ерін, ерін мен таңдай кемістіктері де жатады. Мұндай балалар еме не сора алмайды, иммунитеті біртіндеп төмендейді, тыныс алу (бронхит, пневмания), рахит, анемия, есту органдары ауруларына (отит) жиі ұшырайды.
№29- Дәріс
Тақырыбы: Психосоматикалық бұзылулар
Сұрақтары: