Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
казак группа.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
146.94 Кб
Скачать

Есепті рәсімдеу ережелері

Диплом алдындағы тәжірибе бойынша есебі әр студенттің тәжірибеден өту сапасын бағалауға арналған негізгі құжат болып табылады. Есеп мазмұны диплом алдындағы тәжірибенің бағдарламасына сай келуі керек.

Есеп техникалық түрде сауатты өңделу қажет және тігіліп өткізіледі.

Есепке студенттің диплом алдындағы тәжірибеде жинаған барлық материалдары және күнделігі қоса өткізіледі.

Есепті құру барысында:

  1. мәтінді қысқа, техникалық түрде сауатты баяндау;

  2. үрдістердің сипатталуын мүмкіндігінше программалық өнім ретінде беру;

  3. соңғы нәтижелер көрініп тұру үшін цифрлық кестелерді жүйеленген түрде көрсету қажет.

Ұсынылатын есеп құрылымы

  1. Титулдық бет

  2. Жұмыс жоспар-кестесі

  3. Тәжірибе күнделігі

  4. Жеке тапсырма

  5. Мазмұны

  6. Тәжірибе бойынша есеп

  7. Қорытынды

  8. Қолданылған әдебиеттер (деректер көзі)

  9. Қосымшалар

Есепті рәсімдеуге қойылатын талаптар

Есеп А4 форматындағы ақ қағаздың бір жағына 1 интервалымен орындалуы керек. Шрифт: түрі – Times New Roman, сұлбасы – әдеттегі (обычный), кегль 14.

Есеп мәтінін өрістердің келесі өлшемдерін сақтап отырып теру керек: сол жағы – 30мм, жоғарғы жағы – 20мм, оң жағы – 10мм және төменгі жағы –25мм.

Кейбір анықталған терминдерге, формулаларға, теоремаларға назар аударту үшін компьютерлік мүмкіндіктер мен шрифттердің әртүрлі гарнитураларын қолдануға болады.

Есепті қорғау

  • Есепті қорғау ұзақтығы, әдетте, бір студентке 20 минуттан аспауы керек.

  • Есепті қорғау үшін студент баяндама (10-15 минутқа) дайындауы керек, онда жұмыстың негізгі мазмұны мен көркемдік материалдар көрсетілуі керек.

Баяндамада анық көрінуі керек:

  • тақырып атауы;

  • алғашқы мәліметтер, жұмыстың мақсаты мен есептері;

  • оларды шешудің мүмкін нұсқалары;

  • зерттеу бөлімінің әдістемесі мен нәтижелері;

  • алынған шешімдердің тәжірибелік бағасы мен қолдану мүмкін туралы қорытындылары.

  • Баяндау үрдісінде студент көркемдік материалдарды қолданып, және орнатылған уақыт регламентін ескеруі керек.

  • Есепті қорғау реті келесідей:

  • Есеп жазушы (қорғаушы) (ФИО), жұмыс тақырыбы, жетекшісі туралы ақпарат;

  • Есепті қорғауы;

  • Есепті қабылдау комиссиясынан қойылған сұрақтар, және оған берілген жауаптар;

  • тәжірибе жетекшінің сөзі (немесе оның пікірі оқылады);

Есепті бағалау кезінде комиссия мүшелері келесі критерийлерді ескереді:

  • орындалған жұмыс тақырыбының актульдылығы;

  • жұмыста шығармашылық элементтер мен автордың ерекше шешімдерінің бар болуын (рационализаторлық ұсыныстар, патенттік жобалар, т.б.);

  • ғылыми-зеттеу бөлімінің тереңдігі және әдістемелік деңгейі;

  • жаңа заманғы әдебиеттерді пайдалану дәрежесі;

  • күрделі есептеулерді экономикалық және математикалық әдістерді қолдану;

  • түсіндіру жазбалары мен көркемдік материалдарды безендіру сапасы;

  • баяндама (есеп) сапасы;

  • Комиссия мүшелерінің қойған сұрақтарына жауабы;

  • жетекшінің пікірі.

Қосымша № 1

КЕЛІСІЛДІ

Ұйымнан кәсіптік тәжірибенің

жетекшісі ___________________________________

(қолы) (аты-жөні)

“__”_________________2015 жыл

БЕКІТІЛДІ

Кәсіптік тәжірибенің жетекшісі

_________________ А.К. Орманов

(қолы)

«_____»__________ 2015жыл

«Рымбек Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» РМҚК

(білім беру орнынның атауы)

«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру» мамандығы бойынша