Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
_Философия_ п_н нен д_р стер жина_ы[1].doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
167.94 Кб
Скачать

Әдебиеттер:

  1. Бруно Д. Диалоги. – М., 1949.

  2. Бруно Д. О героическом энтузиазме. – М., 1953.

  3. Виндельбанд В. История древней философии. Киев. 1995.

  4. Винчи Л. Избранные естественнонаучные труды. – М., 1980.

  5. Горфункель А.Х. Философия эпохи Возрождения. – М., 1980.

  6. Данте А. Божественная камедия. – М., 1967.

  7. Кампанелла Т. Город Солнца. – М., 1954.

  8. Кузанский Н. Соч. в 2-х т. – М., 1979.

  9. Макиавелли Н. Государь. – Спб., 1869.

  10. Монтень М. Опыты. – М., 1957.

  11. Мор Т. Утопия. – М., 1978.

6 Тақырып. Жаңа заман философиясы Дәріс жоспары:

  1. Жаңа заман философиясындағы рационалистік және эмпиристік бағыттар.

  2. Спиноза философиясындағы түп негіз субстанция идеясы.

  3. Дж. Локктың таным туралы ілімі. Г. Лейбництің монодологиясы.

  4. Д. Беркли мен Д. Юмның субъективтік идеализмі.

Дәріс мазмұны:

XV-XVIII ғ. батыс Европе елдерінде феодалдық өндіріс әдісі төңірегінде жаңа капиталистік өндіріс әдісі қалыптаса бастады. Сол жаңа дәуір философиясы өкілдерінің бірі Фрэнсис Бэкон (1561-1626) еді. Бірақ өмірінің қалған уақытын бүтіндей ғылымға жұмсады. Әлемді қамтитын 6 кітаптан тұратын еңбек жазбақ болып жоспарлады. Бірақ, оның тек екеуін ғана жазып үлгерді. Бірі – “Ғылымдардың байсалдылығы мен дамуы”, екіншісі – “Жаңа Органон”. Ф. Бэкон – материалист, сондай-ақ ол эксперименттік ғылымдардың негізін салушы. Оның қолданған әдістері: индукция, талдау, салыстыру, бақылау, эксперимент жасау. Оның философиясы жаратылыстану ғылымдарына сүйенді, схоластикаға, діни, идеалистік көзқарастарға қарсы болды. “Білім – Күш”, “Күш – білімде” деген қағидаларды насихаттады. Ол материя қозғалыспен ажырамас бірлікте болады, деді.

Рене Декарт (1596-1650). Ол француздардың атақты философы, материалист. “Мен ойлай аламын олай болса өмір сүремін” (Cogito, ergo sum) деген қағиданы айтты. “Мен ешнәрсеге сенбеуім мүмкін, бірақ сол сенбестікті ойлай алатыныма сенбеуім мүмкін емес. Ойлай білу – тірлік кепілі”, – деді. Бірақ айналып келгенде ол материалист екенін анық танытты. Декарт – рационалист. Таным процесінде сезімнен гөрі ойлауды жоғары қойды. Ол жаратылыстану ғылымдарының дамуына үлкен ықпал жасады. Томас Гоббс (1588-1679) Оксфорд университетін бітірген, Аристотельдің логикасын, номиналистер ілімін қуаттады. Біраз уақыт Ф. Бэконге хатшылық қызмет атқарды. Басты еңбегі “Левиафан” (1651). Ол еңбегінде Т. Гоббс мемлекеттің пайда болуын зерттеді. Т. Гоббстың пікірінше, адам қоғам өмірінің екі дәуірін: а) табиғи; б) азаматтық дәуірлерін басынан өткізген. Табиғи кезеңде адам – адамға қасқыр, біреуге біреу қас деп уағыздады.

Бенедикт Спиноза (1632-1677) Голландияның көрнекті материалисті. Ол екі кітап қана жазып үлгерді. Бірі – “Діни саяси трактат” (1670), екіншісі – “Этика” (1675). Спиноза бір ғана субстанция бар, ол – табиғат, деді. Табиғат, бір жағынан, жаратушы күш, екінші жағынан – жаратылған құбылыс деп уағыздады. Жаратылыстан жоғары ешнәрсе жоқ. Табиғаттың өмір сүруі үшін ешнәрсенің керегі жоқ. Өйткені табиғаттың өзі Құдай деп түсінді. Бұл пантеистік пікір болатын. Табиғат мәңгі шексіз. Ол өзіне-өзі себеп және салдар, мән және мағына, ол санадан тыс өмір сүреді. Сана оның атрибуты (қасиеті), деді. Джон Локк (1632-1704). Оның өмірі ағылшын революциясынан кейінгі кезеңге жатады. Ол Оксфорд университетінен бітірген. Дж. Локктың басты еңбегі “Адам санасы жайлы тәжірибе” (1690). Ол Т. Гоббс сияқты Р. Декарттың “Ой іштен туады” деген пікірін сынады. Адам жаны таза тақта (fobula rasa). Адамның көрген, білгендері сол таза тақтаға жазылады.

XVIII ғасыр өзінің ағартушыларын да туғызды. Олар П. Гассенди (1592-1655), Вольтер (1694-1778), Жан Жак Руссо (1712-1778), Г.Э. Лессинг (1729-1781), И.В. Гете (1749-1832), т.б. Олардың пайда болуына ең алдымен капиталистік қоғамның қалыптасуы, соған сәйкес жаратылыстану ғылымдарының, математиканың, физиканың, механиканың, физиологияның, медицинаның, т.б. адам санасына материалистік ұғымдарды ұялату себепші болды. Бірақ оған үстемдік құрған діни идеология қарсы шықты. Бұл философия өкілдерінің бірі Жюльен Офре де Ламетри (1709-1751) болды. Мамандығы жағынан дәрігер, Р. Декарт физикасын қолдаушы болған ол өзінің “Адам – машина” деген еңбегінде тіршілік процестерін тәжірибе арқылы зерттеуді талап етті. Әрбір материяда өзінің созылымдығымен қатар сезімдік сезіну сияқты қасиеттер бар, деді.

Дени Дидро (1713-1784) – француз материализмінің басты өкілі. Дидроның басты еңбектері – “Табиғатты түсіндіру туралы ойлар” (1754), “Соқырлар туралы көзі көретіндерге өсиет хат”, “Даламбер мен Дидро әңгімесі” (1769), “Философиялық принциптер”, “Материя және қозғалыс туралы”, т.б. Дүниенің барлық негізі материяда деп білді Дидро. Франция материалистерінің тағы бір өкілі – Клод Адриан Гельвеций (1715-1771). Ол Парижде дүниеге келіп, иезуиттік (христиандағы монахтық орден) колледжде оқыды. Оның басқа еңбектері: “Ақыл туралы” (1758), “Адам, оның ойлау қабілеті мен тәрбиесі жөнінде” (1773). Гельвеций материалистік көзқарасты жақтап, ойлау, ақыл қабілеті физикалық сезімталдық пен естен туындайды деп жазды. Француз материализмінің тағы бір көрнекті өкілі – Поль Анри Дитрих Гольбах (1723-1789). Ұлты неміс болғанымен бүкіл өмірін Францияда өткізген ол француз энциклопедиясының белсенді мүшесі болған. Ол да адам табиғаты жағынан не кеңпейілді, не іші тар болып тумайды, оны солай ететін объективтік дүние, дейді.

Әдебиеттер:

  1. Әбішев Қ., Әбжанов Т. Философия тарихындағы таным теориясы және метод проблемасы. – А., 1990.

  2. Асмус В.Ф. Декарт. – М., 1956.

  3. Бэкон Ф. Сочинения. в 2 т. – М., 1977.

  4. Кішібеков Д., Сыздықов Ұ. Философия. – А., 1994.

  5. Спиноза Б. Этика. – Спб., 1993.

  6. Беркли Дж. Сочинения. – М., 1978.

  7. Соколов В.В. Европейская философия 15-18 вв. – М., 1996.

7 тақырып. ХVІІІ-ХІХ ғасырдағы Неміс классикалық философиясы

Дәріс жоспары:

  1. И. Кант – Неміс классикалық философиясының негізін салушы.

  2. Гегельдің диалектикалық әдісі және философиялық жүйесі.

  3. Шеллингтің натурфилософиясы.

  4. Л. Фейербахтың антропологиялық философиясы.

Дәріс мазмұны:

XVII ғасырды аяғы – ХІХ ғасырдың бірінші жартысы Неміс топырағында да философия кеңінен дамыған ерекше кезең болды. Ол кезеңді бастап берген И. Кант (1724-1804) болса, оны Л. Фейербах (1804-1872) философиясы аяқтады, ал шырқау шегі Г. Гегель (1770-1831) философиясы еді. Ол кезеңнің өкілдері болғандар: И. Фихте (1762-1814), Ф. Шеллинг (1775-1854). Байқап отырғанымыздай, философтар да ғалымдар сияқты, басқа да мәдениет өкілдері секілді тарихта жоғарыда айтылғандай топтанып, шоғырланып кездеседі. Ол тегін емес. Әрине, себепкер – объективтік жағдай. Философтар да тарихи қажеттіліктен дүниеге келеді. Соның бір дәлелі – классикалық неміс философиясы. XVII-XVIII ғасырлардағы ағылшын, француз жағдайларымен салыстырғанда, ХІХ ғасырдағы Германия әлі нағыз орта ғасырлық, феодалдық ел болатын. Революциялық жағдай бұл кезде әлі туындамаған еді. Сондықтан неміс философтары жалпы философиялық мәселелермен айналысты. Олар дворяндар емес, жай қала халқынан (бюргер) шықты. Олар өз заманының білімді адамдары қатарында болды. Олардың бәрі де (Фейербахтан басқалары) университеттерде профессорлық қызмет атқарды. Кант Кеннигсберг, Гегель Берлин университеттерінің ректорлары болды. Шеллинг король ІV Фридрих-Вильгельмге құпия кеңесші, әрі оның досы болған. Фихте де профессорлық қызмет атқарған. Сөйтіп неміс философтары аристократиялық таптарға қызмет етті. Германияның пруссиялық – юнкерлік жолмен дамуына себепкер болды. Тарих, олардың пікірінше, абсолюттік рухтың өзін-өзі табуы болып табылады. Германияда үстемдік құрған феодалдық-абсолюттік құрылысты, олар ең жоғары рухани күш – жаратушының құдыреті деп түсінді. Мемлекет дегеніміз – Гегельдің пікірінше, құдайдың дүниені кезіп жүруі. Тек Фейербах олардан оқшау тұрды. Иммануил Канттың өмірі екі кезеңге: сынға дейінгі кезең (1770) мен сын кезеңіне бөлінді. Сынға дейінгі Кант дүние өзінен-өзі табиғи пайда болды деген пікірге тоқтады. Сын кезеңінде ол “Таза ақылға сын” (1781), “Практикалық ақылға сын” (1788) деген еңбектерін жазды. Кант дүниені өздігінен, біздің санамыздан тыс өмір сүретін “өзіндік зат” (вещь в себе) және “біздік зат” (вещь для нас) деп екіге бөлді. Ол дүниенің танымдылығын мойындамай жоққа шығарды. Дүниені тануға болмайды деген агностиктік ұйғарымға келді.