
- •Әдебиеттер:
- •2 Тақырып. Ежелгі Шығыс философиясы Дәріс жоспары:
- •Дәріс мазмұны:
- •Әдебиеттер:
- •3 Тақырып. Антика философиясы Дәріс жоспары:
- •Дәріс мазмұны:
- •Әдебиеттер:
- •4 Тақырып. Ортағасыр Батыс Еуропа және Шығыс мұсылман философиясы Дәріс жоспары:
- •Дәріс мазмұны:
- •Әдебиеттер:
- •5 Тақырып. Қайта өрлеу философиясы Дәріс жоспары:
- •Дәріс мазмұны:
- •Әдебиеттер:
- •6 Тақырып. Жаңа заман философиясы Дәріс жоспары:
- •Дәріс мазмұны:
- •Әдебиеттер:
- •9 Тақырып. Орыс философиясы Дәріс жоспары:
- •Дәріс мазмұны:
- •Әдебиеттер:
- •10 Тақырып. Хх ғасыр философиясы Дәріс жоспары :
- •Дәріс мазмұны:
- •Әдебиеттер:
- •11 Тақырып. Отандық философиясы Дәріс жоспары:
- •Дәріс мазмұны:
- •Әдебиеттер:
- •12 Тақырып. Онтология: негізгі ұғымдары және принциптері Дәріс жоспары:
- •Дәріс мазмұны:
- •Әдебиеттер:
- •13 Тақырып. Гносеология: жалпы мәселелері Дәріс жоспары :
- •Дәріс мазмұны:
- •Әдебиеттер:
- •14 Тақырып. Адамның рухани әлемі Дәріс жоспары :
- •Дәріс мазмұны:
- •Әдебиеттер:
Әдебиеттер:
Платон. Собр. Соч. в 4 ч. Т. 1. – М., 1990.
Аристотель. Метафизика. Соч. в 4 томах. Т. 1. – М., 1976.
Асмус В.Ф. Античная философия. – М., 1976.
Богомолов А.С. Античная философия. – М., 1985.
Кішібеков Д., Сыздықов Ұ. Философия. – А., 1994.
Жмудь А.Я. Пифагор и его школа. – М., 1990.
Материалисты Древней Греции: Сборник текстов Гераклита, Демокрита и Эпикура, – М., 1955.
Реале Д., Антисери Д. Западная философия от истоков до нашей дней. Т. 1. Античность. – М., 1993.
Ғарифолла Есім. Платонның түсі. Сана болмысы. Философиялық проза. 4 – кітап. – А., 1998.
Чанышев А.Н. Аристотель. – М., 1981.
4 Тақырып. Ортағасыр Батыс Еуропа және Шығыс мұсылман философиясы Дәріс жоспары:
Орта ғасыр философияның өзіндік ерекшеліктері және теологиялық сипаты.
Ортағасырлық схолостиканың ерекшеліктері.
Араб тілді философияның ортағасырлық батыс философиясына тигізген әсері.
Араб тілді философиянсының бастауы және теологиялық дамуы.
Дәріс мазмұны:
Құлдық қоғам арасында мың жылдай үстемдік құрған феодалдық құрылыс жатыр. Бұл дәуірдің де өзіндік философиясы болды. Оны схоластика (лат. тілінде Schola – мектеп) деп атаған. Қазір схоластика деген ұғым өмірден алшақ, практикалық жағынан пайдасыз, құрғақ, жел сөзге үйір дегеннің синонимі. Схоластар білімнің дінге қатынасы төңірегінде қалыптасты. Схоластар ақылдан діни сенімді жоғары қойды. Олардың талас пікірі жалпылық пен жекелік қатынасы. Философия тарихында бұл таласты әмбебаптар, яғни универсалдар (лат. Universalia – жалпылық), яғни жалпылық ұғымның табиғаты жайлы айтыс деп атайды.
Реализм өкілдері – Альберт Больштетский, Фома Аквинский, Дунс Скотт, Раймуид Луллий, т.б. мәселен, Альберттің пікірінші жалпы ұғым (әмбебаптар) үш түрлі өмір сүреді. Олар: 1) заттардан бұрын құдай санасында пайда болып, сол арқылы барлық заттар, тіпті бүкіл әлем жаратылды; 2) заттардың өзінде көптің бірі ретінде; 3) заттардан соң адам санасында бұрынғының белгісі ретінде өмір сүреді. Реалистерге кері бағыт ұстанған номиналистер материалистік ұғымды таратты. Оның өкілдері: Роджер Бэкон (1214-1294), Ульям Оккам (1300-1350), Николай Оразмский (1313-382), т.б. Олар нақты заттарды зерттеуге шақырады. Жалпы тек қабылдайтын субъектінің басында пайда болады. Санадан тыс өмір сүретін жалпылық жоқ, тек нақты заттар бар деп түсіндірді. Бұл кезеңде схоластика мен дін қағидаларын сынаған ғалым әрі ақын Омар Хайям (1040-1123) өмір сүрді. Ол рубаилармен қатар математика, астрономия ғылымдарында үлкен із қалдырды. Ол кездегі атақты ғалымдардың бірі – әл-Хорезми (ІХ ғ.). Ол математика, астрономия, жағрапия ғылымдарының көрнекті өкілі болды. Орта Азия мен Таяу Шығыс елдерінен шыққан ірі ғалымдардың ішінде әл-Фараби, әл-Бируни, ибн-Сина (Авиценна) ерекше орын алады.
Шығыс елдерінде дамыған ғылымдар ислам елдері арқылы Батыс елдеріне жетіп жатты. Таяу Шығыстағы араб елдерінде философия мынадай төрт бағытта болды; 1) “таза ағайындар” ілімі; 2) перипатетизм немесе материалистік бағыт. Өкілдері: Закария Рази (864-925), әл-Кинда (800 - 870), ибн-Рушд (1126- 1198) А в е р р о э с.