- •Қазақ тілінен эссе жазудың құрылымына арналған жинағы (қазақ тіліне қосымша оқу құралы) Қазақ тілі пәнінен оқушыларға эссе жазудың талаптары мен құрылымы
- •1. Эссенің жазылу жоспары:
- •2. Эссе жазуда ұстанатын қадамдар:
- •1 Қадам. Контексті анықтаңыз.
- •2 Қадам. Тақырыпты таңдаңыз.
- •3 Қадам. Ақпаратты жинаңыз.
- •4 Қадам. Эссені жоспарлаңыз.
- •5 Қадам. Алдымен негізгі бөлімді жазыңыз.
- •6 Қадам. Қорытынды жазыңыз.
- •7 Қадам. Кіріспені жазыңыз.
- •8 Қадам. Жазғаныңызды оқыңыз.
- •9 Қадам. Қателерді тексеріңіз.
- •6. Қорқыныштан айықсаң...
- •7.Ештеңе істемеген адам ғана қателеспейді...
- •8.Марк Твеннің насихаты
- •9.Цицеронның қанатты сөздері
- •10.Авраам Линкольннің қанатты сөздері
- •11.Жалғыздық туралы оймақтай ойлар
- •13. Бұл дүниеде не артық?
- •14.Жігіттің қыздан әлсіз ете түсетін факторлар
- •15.Бақытты болмауыңа не себеп?
- •17.Бір ауыз сөз жазады, мың көңілдің жарасын
- •18.Жақсы қыздың бір күні..
- •20.Табысқа жақын адамдар
- •22.Ақылды болсаң, неге кедейсің?
- •23.Үйде кім басшы?
- •24.Бақыттың құны және өмір
- •25.Дұшпанға қайтарылған ең жақсы қарымта
- •26. Жақсы ма, жаман ба – кім біледі?
24.Бақыттың құны және өмір
Өмір – түсінсең комедия, түсінбесең – трагедия. Дүниеде өзінің ақымақ екенін білетін адамды ақымақ деуге болмайды. Өмірдің заңы: біреу арманына жетеді, біреу жанбай жатып сөнеді. Үмітінің шамы сөнеді. Ол кей сәттерде сізге бақыт әкелсе, кей сәттерде сізді қайғы теңізіне белшеңізден батырады. Сіз сол бір сәтте мына сөзді есіңізге алыңыз: «Уақыттық қуаныш сізге өмірлік көңілділік әкеле алмайтыны сияқты, уақыттық қайғы да сізге өмірлік көңілсіздік сыйламайды». Сіз қуанған кезде өзіңізді мәңгі бақытты екенмін деп, жұбанған кезде өзіңізді мәңгі бақытсыз екенмін деп ойламаңыз. Қуаныш артында жұбаныш, жұбаныш артында қуаныш жасырынар болар.
Ең зор ләззат – іздену мен шығармашылық;
Ең зор бақыт – басқаларға көмектесудің қуанышы;
Ең зор байлық – денсаулық, білім мен уақыт;
Ең зор азап – надандық пен білуге құлшынбау;
Ең зор қуаныш – достық пен сенім;
Ең зор табыс – тәжірибе мен сабақ;
Ең зор сезім – пәктік пен адалдық;
Ең зор ақымақтық – басқаларды алдау;
Ең зор арсыздық – намысын сату.
Ең бастысы өмір сіз болғаннан кейін, сіз жарық дүниеде жер басып жүргеннен кейін ғана өмір болып тұр. Сондықтан да, сіз бақыттысыз.
25.Дұшпанға қайтарылған ең жақсы қарымта
Психолог маман «Дұшпаныңды кешір» деген тақырыпта алқалы жиынға ұзақ сөз сөйледі. Лекция аяқтағаннан кейін залдағы халықтан «Кәне, қанша адам өз дұшпанын кешіре алады?» деп сұрады. Қауымның тең жартысы ғана қолдарын көтерді. Психолог маман бұған разы болмай тағы жарты сағат көлемінде түсінік жасады. Отырғандардың 80%-ы қолдады. Ол бұған да мойынсал болмай сөзін 15 минутқа тағы жалғады. Ең соңында жиналған адамдардың бәрі оның сөзін дұрыс деп есептеп қолдарын көтерісті. Өйткені, оның сөзінен әбден шаршап, қарындары ашып кеткен еді. Бірақ, адамдардың соңын ала отырған бір әжей ғана қолын көтерген жоқ. Психолог таңдана:
- Сіз әлі де дұшпаныңызды кешірмейсіз бе? – деп сұрады.
- Өйткені менде дұшпан жоқ, - деді әжей сабырлы бейнеде.
Селт еткен маман:
- Бұл қалыпсыздық қой, биыл қанша жасқа келдіңіз?
- 93 жасқа.
Таң қалды.
- Онда көпшілікке осынша жасқа келгенше қалайша бірде-бір дұшпаныңыздың болмағанын айтып бересіз бе? – деді психолог.
Әжей:
- Бұл өте қарапайым. Мен үнемі өзіме дұшпаныңнан артық жаса, олардан жақсы өмір сүр деп ескертіп отырамын. – деді күлімсіреп.
Өмірде адамдар дұшпан кегін жүрегіне сақтап қалады. Кешіргісі келмейді. Тіпті орайы болып жатса қарымтысын да алғысы келеді. Ойлаңыз, оның қажеті бар ма? Өшпендішік екі басты семсер сияқты. Басқаларды арандатумен бірге өзің де арандайсың. Бар зейініңді тайталасу мен айлаға жұмсайсың. Дұшпаныңнан да жақсы өмір сүруге, одан да бақытты болуға бел байлап, дұшпаныңнан көңілді өтсең – соның өзі дұшпаныңнан қайтарған ең жақсы қарымта болмақ.
26. Жақсы ма, жаман ба – кім біледі?
Тағдыр дейміз ғой, ал біз тағдырымызды өзгерте аламыз ба? Мына әңгіме-мысалдан соң түсінерсіз?
Әкесі мен баласы ферма ашты. Жануарлар аз еді, бір-ақ жылқы болды. Кейінде ол да жоқ болды.
- Ойбуй, жаман болды ғой!-десті көршілер.
- Жаман ба, жақсы ма – кім біледі?-деді әкесі.
Аттың жоғалған ізі суып, ұмытыла бастаған. Бір күні ат қайтып келіпті. Соңынан бір топ еріп келген екен.
- О! Жақсы болды ғой!-десті көршілер.
- Жақсы ма, жаман ба – кім біледі?-депті әкесі.
Бірде баласы бұл аттарға мініп көре бастайды. Кенет асау ат тулап, баланы жығып кетеді. Оның аяғы сынғаны белгілі болады.
- Ақыры жаман болды-ау!-десті көршілер.
- Жақсы ма, жаман ба – кім біледі?-деді әкесі.
Тура бір аптадан соң әскери адамдар келді де, ауыл-аймақтың жас жігіттерін соғысқа әкетіп жатты. Баланы аяғы сынғанына байланысты қалдыруға тура келді.
Енді айтыңызшы, жаман ба, жақсы ма?
Жылдық эссе тақырыптары:
1-тақырып: Адамның табиғаты сол - ұлылыққа, әдемілікке, жақсылыққа ұмтылып тұрады. Осының себебінен әркімнің жүрегінде бір-бір арман, мақсат жататындығы рас.Бірақ сол арманға жетудің жолы не? Яки, армандаудың адамға пайдасы, не зияны бар ма?
2-тақырып:Сіздің көптеген ірі істерді жасауға қабілетіңіз бар. Бірақ, кей шақтарда пендемін ғой деп өз-өзіңізді тастай саласыз. Елде жоқ талант сізде бар ғой, оны мойындайсыз. Онда сізге не кедергі?
Эссе - 180-200 сөзден тұрады.
Кіріспе – 40 сөз
Негізгі бөлім – 90-100 сөз
Қорытынды - 50-60 сөз
Критерийлер |
Дескриптор |
Ұпай (мах 24) |
А (мак 6) Білім және түсіну |
көтерілген мәселенің теориялық мәнін ашу. |
1 |
көтерілген мәселеден ауытқымау. |
1 |
|
суретті-бейнелі сөздер қолдану. |
2 |
|
қолданылған дәлелдердің тақырыпқа сәйкестiгі. |
2 |
|
В (мак 6 ) Қолдану |
Әдеби норманы сақтауы. |
1 |
Стильдік қатенің жіберілмеуі. |
1 |
|
Емлелік және тыныс белгiлерінен қателер жібермеу. |
2 |
|
Терминдерді, атауларды, есімдерді дұрыс жазу. |
1 |
|
Жұмыстың кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтау. |
1 |
|
С ( мак 6 ) Анализ және синтез |
Көтерілген мәселені талдап, дәлел айта алуы. |
2 |
Көтерілген мәселені салыстыра алуы. |
2 |
|
Дәлелдерге сүйеніп өзіндік тұжырым жасайды. |
2 |
|
Д (мак 6 ) Коммуникация |
Мәселеге өзіндік баға бере білуі. |
2 |
Мәселеге қатысты шешім шығаруы. |
2 |
|
Ой қорыта білуі. |
2 |
|
Жалпы ұпайы |
|
|
Бағасы |
|
|
