Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қонақ үй шаруашылығының негізгі қорларға деген...docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
93.37 Кб
Скачать

3.2. «Риджент Алматы» қонақ үйінің қызмет көрсету сапасы.

Риджент Алматы отелі іскерлік мейманхана дәрежесіне сай, нөмерлердің ішінде жұмыс столының бар болуы дәлел, сонымен бірге орташа көлемді дивандар нөмерлерде қосмша демалыс орнын ұсынады. Қонақ үйдің букіл нөмерлері жеке бармен, теледидармен, IDD телефонымен қамтамасызданлырылған, ал қонақтардың қауіпсіздігі үшін, түтін дете- кторымен автоматты өрт сөңдіру жүйесімен жабдықталынған. Нөмерлердің әр қайсысында сейфтер орналастырылған, ал нөмерлердің есіктері электронды құлп жүйесімен басқарылады. Темекі шекпейтін тұтынушыларға арнайы пәтерді бөліп ұсынылуда.

"Паша" және "Сұлтан"атты екі таңдаулы Презиент нөмерлері Бал залына түсетін жеке лифттерімен қамсыздандырылған. Осы нөмерлерді және VIP-нөмерлерді пайдаланушылар автоматты түрде Риджент Клуб мүшелері болып саналады.

Риджент Клуб – қонақ үйдің төбесінде орналасқан бірегей коцепциясы. Ол арнайы іскер элита, білгір саяхатшылары үшін жасалынып , жан-жақты қызмет көрсетуді қонақтардың алдын-ала келгеніне дейін басталып, қара стрылып, ұсынылады. Бұл Клуб жетісіне 7 күн, тәулігіне 24 сағат үзілмей жұмысын атқарады, ал арнайы үйретілген консьерж күніне 24сағат Клуб мүшелеріне қызметін ұсынып қонақтардың талғамдарын қанағаттандыру мақсатымен қызметін жасайды.

Клуб қызметіне жеке тіркеу уақытымен есептесу уақыты, азаңғы шведтік стол,күн бойы жеңіл тамақтану, кешкі коктейлдер, күн сайынғыгазет журналдар, жұмысқа арналған А4 қағаздары, ақысыз киім өтектеу сияқты қызметтер кіреді.

Риджент Алматы мейманхананың негізгі ерекшеліктерінің бірі – Бизнес орталығының бар болуы. Бұл орталық қонақ үйдің Лобби пәтерінде орналасып, табысты бизнесті жүргізу мүмкіндігін беріп, мамандандырылған қызмет ассортименттері арқылы ұсынады. Бұл орталық келесі қызметтерді біріктіреді:

  • жалға берілетін компютер;

  • интернет байланысы;

  • факсимиле;

  • аудармашылар қызметі;

  • аударымдар;

  • сканерлеу;

  • ламинерлеу;

  • переплет;

  • көшіртпе;

  • тексті басу;

  • кездесу бөлмесі;

Денсаулық клубы – «Риджент Спа» таңғы сағат 6:00 түнгі сағат 24:00 дейін қонақтардың денсаулығын, көңіл-күйлерін көтеріп, сауықтырады. Сауна, монша және түрлі массаж арқылы релаксациялау қызметін ұсынады, сонымен бірге осы денсаулық клубына ішкі бассейн, балаларға арналған кішігірім бассейн, тренажермен қамсыздандырылған зал, теннис корты және витаминдер жинақталған бар кіреді.

«Риджент Алматы» қонақ үйінің тағы бір ерекшеліктеріне – музыкалық, би кеші залы жатады. Алматы қаласы бойынша бұл залға бәсекелес қонақжай орындары жоқ.

Өте үлкен (5,285кв фут), биік керегелі (4,7м), ауқымды әшекейленген фойе әр түрлі мейрам, салтанатты жиындарды өткізуге қызметін ұсынады. Музыкалық би кеші залы 250 адамға дейін банкетте және 700 адамды театрлық стилде құшағын жая орналастыра алады.

Бұл залдың қалған екі бөлмелері «Абылай Хан» (1,284кв фут) және «Абай» (925кв фут) өз алдарына 44 және 34 адамды конференц стилінде және сәйкесінше 120 және 90 адамды театрлық стилінде, орташа және кішігірім салтанат жиналысын өткізуге әр уақытта дайын.

Мейманхананың қызмет көрсететін қызметшілер құрылымы, ғимарат құрылымына сәйкес жасалынған.

Жалпы қонақ үйдің ғимарат-бөлмелерінің келесідей түрде құрылған:

  • вестибюл бөлмесі;

  • тұрғын бөлігі;

  • тамақтандыру бөлмелері;

  • қызмет және тұрмыс бөлмелері;

  • техникалық бөлмелері.

Орналастыру қызметінің негізгі орындалатын жұмыстары:

  1. Қонақтардың уақытша тұруына іс-қағаздарды дайындау. Қонақтарды қабылдау, қонақтардың жеке куәліктері негізінде жүзеге асырылады.

  2. Қонақтармен тұру орны туралы,көрсетілетін қызмет, тұру мерзімі туралы келісімге келу.

  3. Уақытша тұруы үшін төлем ақыны алу, нөмер кілтін беру.

  4. Тұру ұзақтығын ұзарту.

  5. Қанақты бір нөмерден екінші нөмерге аудару.

  6. Қосымша кызметтерді ұсыну.

Осындай түрмен, қонақ үйдің бүкіл құрылымын үш бұтаққа бөлуге болады: қаржылық, қызмет көрсетуші, шаруашылық.

Қонақ үйдің қаржылық бөлімі бас-экономисттен бас-бухгалтерден сонымен бірге қаржылық және талдау бөлімдерінен тұрады. Негізгі қызметі

бүкіл қонақ үй комплексі қызметтерін басқаруды ұйымдастырудан және қаржы қызметі мен қонақ үйдің ішкі есебінде пайда болған сұрақтарға жауап беруден, оларды шешуден тұрады.