Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК 1 атестация.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
218.12 Кб
Скачать

2 Негізгі таратылатын материалдар мазмұны

2.1 Курстың тақырыптық жоспары.

Тақырып атауы

Академиялық сағат саны

Дәріс

Тәжірибелік/Семинар

СОӨЖ

СӨЖ

  1. Көлік экономикасы негіздері

2

1

3

3

  1. Қазақстанның ұлттық экономикасы жүйесіндегі көлік саласы

2

1

3

3

  1. Көліктік кәсіпорын шаруашылық жүргізу субъектісі ретінде

2

1

3

3

  1. Көлік қызметінің сапасы

2

1

3

3

  1. Көлік дамытуды жоспарлау әдістері және оны қалыптастыру

2

1

3

3

  1. Көліктік кәсіпорындардың негізгі құрал-жабдықтары

2

1

3

3

  1. Көліктік кәсіпорындардың материалдық емес активтері

2

1

3

3

  1. Көліктік кәсіпорындардың айналымдық құралдары

2

1

3

3

  1. Көліктік кәсіпорынның еңбек ресурстары

2

1

3

3

  1. Еңбек ақының формалары және көліктік кәсіпорынның қызметнің нәтижелеріне олардың әсері

2

1

3

3

  1. Көліктік кәсіпорынның шығндары

2

1

3

3

  1. Тасымалдаудың өзіндік құнын есепке алу және калькуляциялау

2

1

3

3

  1. Көліктік қызметтерге баға қоюдың ерекшеліктері

2

1

3

3

  1. Көліктік кәсіпорынның табысы мен рентабельдігі

2

1

3

3

  1. Көліктік кәсіпорынның қаржылық жағдайы

2

1

3

3

Барлығы (сағат)

30

15

45

45

2.2 Дәрістік сабақ конспектілері

1 -дәріс тақырыбы. Көлік экономикасы негіздері

«Көлік экономикасы» пәнін өтудің мақсаты болып, көліктің қазіргі замандағы маңызы, жүйелілігі, елдің экономикасы және тасымалдағы тұтынушылар үшін мәні жайлы кешенді түсінікті қамтамасыз ететін көліктік дүниетаным мен білімнің студентте қалыптастыуы саналады.

Курс тасымалдау затын қозғалту, көліктік процестердің құрылымы мен күтіп ұстауға кететін уақыт пен шығын, кеңістіктің өзара байланыс жүйесі ретіндегі көліктің қасиеті мен сипаттамасы жайлы негізді тудырады. Курсты оқып үйрену тұрғындарға көліктік қызмет ету және көліктің құраушысы, оның жұмыс істеуінің жағдайы жайлы ұғымды қалыптастырудың әділ түрде қажет екендігіне мүмкіндік береді.

Көлік кешені – экономиканың инфрақұрылымын қалыптастыратын салалардың бірі. Археологиялық деректемелер неолит заманынан бастап көліктің шаруашылық салаларына ене бастағанын байқатады. Көне обалардан табылған әбзел қалдықтары малдың көлік ретінде ежелден-ақ пайдаланылғанын көрсетеді. Ежелгі заманнан келе жатқан көлікке негізінен жегін малы мен мініс малы: түйе, жылқы, қашыр, құлан, есек, сиыр, бұғы, ит, т.б. Жатады. Әрбір көлік малының тұрмыстық-шаруашылық жұмыстарда қолданылуы оның табиғи ерекшеліктеріне байланысты болды. Мініс малы көне замандардан бері шөл далалы, орманды, батпақты, таулы-қыратты жерлерде негізгі көлікке айналды. Жегін малы арба, күйме, шана сияқты көлік құралдарына жегіліп, жолаушы, жүк тасымалдауға, көшіп-қонуға пайдаланылды. Мұндай көлік түрлерінің біразы ежелгі Мысырда, Вавилонда, т.б. Жерлерде б.з.б. 3-мың жылдықта қолданылғанын тарихи-археологиялық деректер дәлелдейді. Әскери арбалар шығыстағы ежелгі мемлекеттерде соғыс кезінде кеңінен пайдаланылды. Әскери және жүк арбалардың тасқа қашап салынған суреттері Қаратау өңірінен де табылды. Қазақстан жеріндегі жергілікті халықтың ежелгі тұрмысын көрсететін петроглифтерде немесе басқа да археологиялық бұйымдарда, ескерткіштерде көлікке қатысты деректер көптеп кездеседі. Әсіресе көшпелі қазақтардың тұрмыс-тіршілігінде жылқы мен түйенің орны ерекше болған. Түйе шөлге және ұзақ жүріске шыдамды болғандықтан, ежелгі және орта ғасырларда Ұлы Жібек жолы бойындағы сауда керуендерінде, сондай-ақ мал қамымен көктеуге, жайлауға, күздеуге, қыстауға көшіп-қону кезінде негізгі көлік ретінде пайдаланылған. Жылқы да көшпенді қалықтың тұрмыс-салтына аса қолайлы көлік болды. Қазақтар «ат – ердің қанаты» деп есептеген. Бағзы бір замандарда «аттың жалында, түйенің қомында» жүрген кездер де болған. Адамзат қоғамының дамуы барысында ғасырлар қойнауынан келе жатқан дәстүрлі көлік түрі мен құрамы да өзгеріске ұшырап отырды. Ғылыми техникалық жетістіктерге орай көлік малын бірте-бірте автомобиль, поезд, ұшақтарға ығыстыра бастады. Сөйтіп техникалық көлік түрлері қоғамдық даму сатыларын айқындайтын көрсеткіштердің біріне айналды. Қазіргі кезде де мініс малы – автомобиль, трактор бара алмайтын жерлерде көлік ретінде пайдаланылады. Қазақстанда теміржол, автомобиль, әуе, ішкі су көлігін, құбыр желісін қамтитын және жеткілікті дәрежеде дамыған көлік жүйесі қалыптасқан. Қазақстан көлігі республика халық шаруашылығының салалық кешендерінің (аграрлық-өнеркәсіптік, отын-энергетикалық, кен-металлургиялық, құрылыс кешендері мен басқа да кешендердің) қалыптасуын ескере отырып дамытылған, ол экономика салалары мен өндіріс түрлерінің ғана емес, аумақтық кешендердің де өзара байланысын қамтамасыз етеді. Көліктің барлық түрлері республикада өткен ғасырдың 70-80 жылдары неғұрлым серпінді қарқынмен дамыды. 90-жылдары ТМД елдерінде басталған экономикалық құлдырау көліктің барлық түрлерінде тасымал көлемінің жалпы төмендеуіне соқтырды. Тасымал көлемінің тұрақталып, өсуі 1999 жылдың аяғынан басталды. 2000 ж. Көліктің барлық түрлері бойынша жүк айналымының үлесі теміржол көлігінде –63%, өзен көлігінде –0,02%, автомобиль көлігінде –12%, әуе көлігінде –0,02%, құбыр желісінде –25%. Су көлігі – көлік жүйесінің ажырамас бөлігі. Ол мұнай мен мұнай өнімдерін, ағаш пен құрылыс материалдарын жаппай тасымалдауға тиімді. Оның көліктің басқа түрлерімен, ең алдымен, теміржол көлігімен «тоғысатын» өзіндік ерекшелігі бар, яғни кемелерден вагондарға және керісінше вагондардан кемелерге тиеу мүмкіндігі зор. Бүгінгі таңда су көлігі Қазақстанда өзен және теңіз көліктеріне бөлінеді. Өзен көлігі кеме қатынайтын өзендерге (Жайық, Ертіс, Сырдария, Есіл, Іле, Қаратал өзендеріне, Балқаш көліне); теңіз көлігі Каспий теңізі алабына қызмет көрсетеді.

Темір жол көлігі – республиканың көлік кешеніндегі маңызды қатынас құралы, көлік инфрақұрылымындағы басты буын. Қазақстанның географиялық жағдайы (теңізге тікелей шығу мүмкіндігінің жоқтығы), оның ұлан-байтақ аумақты алып жатуы, өндірістің шикізаттық құрылымы, өндіргіш күштердің орналасуы, автожол инфрақұрылымының жеткілікті дамымағандығы себепті темір жол көлігінің ел экономикасындағы рөлі айрықша маңызды. Тасымалдауға ұсынылатын негізгі тауар өнімі – көмір, астық, мұнай, кентас, минералдық тыңайтқыш сияқты автомобиль көлігімен тасымалдауға тиімсіз сусымалы және сұйық жүктер.  КСРО ыдырағаннан кейінгі экономикалық дағдарысты елдің  темір жол көлігі саласы да бастан кешті. Тасымал көлемі соңғы 10 жыл бойы құлдырап, 1999 ж. Оның деңгейі 1991 жылғы деңгейдің 26%-ы болды. Тек осы жылдың аяғынан және 2000 жылдан бастап өрлеу жолына түсті. 2000 ж. Темір жол көлігімен тасылған өнім көлемі 34%-ға өсті (135 198 млн. Т-км). Автомобиль көлігі – жүктерді қысқа және орта қашықтыққа жедел жеткізетін тиімді көлік құралы. Ол Қазақстанда кезең-кезеңмен дамыды. Төңкеріске дейінгі кезеңде қатынас көлігі негізінен түйе мен ат болатын. Автомобиль сирек кездесетін. Мысалы, 1910 жылы Қазақстанда небәрі 20-дан сәл-ақ асатын жеңіл автомобиль болды, оның өзі де адам таситын автомобильдер еді. Өткен ғасырдың 20-жылдары Қарсақпай комбинаты мен Түрксіб құрылысында небәрі 81 жүк автомобилі пайдаланылды, ал 1928 жылдың аяғына қарай олардың саны 247-ге жетті. 

Көлік, экономика инфрақұрылымын қалыптастыратын салалардың бірі болып табылады.  Қазақстан көлік жүйесі,  яғни теміржол, автомобиль, әуе, ішкі су және құбыр жол көлігі белгілі бір деңгейде дамыған деп айтса да болады. Қазақстан көлігінің  дамуы республиканың халық шаруашылық кешені (агроөнеркәсіптік, отын-энергетикалық, тау-металлургиялық, құрылыс және т.б.) Салалардың қалыптасуымен, өндіріс пен экономика салаларын ғана емес, сонымен қатар территориялық кешендерді де өзара байланыспен қамтамасыз етумен сипатталады. 

Қазақстанның географиялық жағдайлары (теңізге тікелей шығу жолының, кеме жүзетін өзендердің жоқ болуы), территорияның үлкендігі, өндіруші күштерді орналастыру мен өндірістің шикізатты құрылымы, автожол инфрақұрылымының дамымауы теміржол көлігінің мемлекет экономикасындағы ролін өте жоғары орынға апарады. Оның маңызы болашақта да өзгермейді

Көлік-экономиканың қалыпты жұмыс істеуінің негізі. Ол өндіріс процесін қамтамасыз етіп, кәсіпорындарды, салалар мен аймақтарды байланыстырады, сыртқы сауда жүктерін тасымалдап, халыққа қызмет көрсетеді. Көлікті онсыз өмір сүре алмайтын «шаруашылық ағзасының қан тамыр жүйесі» деп те атайды. Сондықтан жоғары дамыған, тұрақты жұмыс істейтін көлік жүйесін қалыптастыру - елдің өсіп-өркендеуінің негізгі жағдайларының бірі. Көлік 4 құрамдас бөліктен тұрады. Ол - көлік құралдары (автомобильдер, кемелер, ұшақтар), жолдар (темір, автомобиль жолдары, құбырлар, әуе, теңіз), ұйымдар (авиациялық теңіздік, темір жол компаниялары) және тиеу-тусіру пункттері (теңіз және «әуе» порттары, темір жол стансалары. Сол себепті ол күрделі кешен болып есептеледі. Біздің оны кешен деп атауымыз - адамдардың әр түрлі көлік құралдары мен жолдарын (құрлық, су, әуе) пайдалануына байланысты. Осыған байланысты жеке салаларға немесе көлік турлеріне бөлінеді.

Көлік материалдық игілік өндірмейді. Бірақ кәсіпорындар мен ұйымдардың өнімдерінің өзіндік құнына тасымалдау құны кіреді. Сондықтан кейде оны материалдық өндіріске жатқызады. Көліктің өзінің жұмысын екі көрсеткішпен өлшейді. Бірінші көрсеткіш - тасымалданған жүктер және жолаушы. Ол тоннамен немесе адам санымен өлшенеді. Бұл көрсеткіш істелген жұмысты толық көрсетпейді. Оны түсіну үшін есеп шығару керек.

Екінші автомобиль жүкпен үлкен жол жүріп өткендіктен, көп мөлшерде жанар-жағармай жұмсады, оның ақшамен есептегендегі жұмысы да, жүкпен жүрген жолы да көп. Сондықтан көлік жұмысының екінші көрсеткіші - жүк айналымы, ал жолаушы тасымалдауда - жолаушы айналымы. Жүк айналымы - уақыт бірлігі ішінде (күн, ай, жыл) белгілі бір қашықтыққа тасымалданған жүк мөлшері. Біздегі мысал бойынша, бірінші автомобиль 50 тонна-километр (т км), ал екіншісі - 500 т км жүк тасымалдады. Қазақстанның ірі көлік кешені бар. Бірақ оның шешілмеген мәселелері де көп. Қатынас жолдары жеткіліксіз. Олардың сапасы да жоғарғы дәрежеде емес (әсіресе, автомобиль жолдары). Бұнымен қозғалыс жылдамдығының темен болуы, яғни көлік «артерияларының» өткізу қабілетіне де байланысты. Ескірген көлік құралдары әлі қолданылады. Осыған байланысты жылдам дамып келе жатқан экономика мен оған «үлгіре алмай» келе жатқан көлік кешенінің арасында диспропорция (сәйкессіздік) пайда болды.

Оның жұмысын жақсарту үшін, жасалған қатынас жолдарын жақсартып, жаңаларын салу, жүк көтергіштік пен жүктерді жеткізу жылдамдығын арттыру қажет. Бұған контейнерлік тасымалдаудың ықпалы бар. Ол артық тиеу-түсіру жұмыстарын қысқартып, тауар жеткізуді жылдамдатады.

Көлікте өзіндік еңбек бөлінісі қалыптасқан. Мысалы, авиация толығымен халыққа, ал құбыр желілері - тұтастай өндіріске жұмыс істейді. Кешеннің әр саласының еңбек көрсеткіштерінде де айырмашылық бар. Құрлық көлігі - біздің елімізде негізгі көлік түрі болып саналады. Онда темір жол маңызды орын алады. Темір жолдар - Қазақстанның бүкіл жол жүйесінің «қаңқасы» іспеттес. Олар еліміздің аймақтарын біртұтас жүйеге біріктіріп, климат пен жыл маусымдарына қарамастан тұрақты түрде жұмыс істейді. Қозғалыс жылдамдықтары да едәуір, сонымен бірге тасымалдау құны да көп емес. Темір жолдар - алыс қашықтықтардың ең қолайлы, әмбебап көлігі. Ол барлық жүк түрлерін тасымалдауға жарамды, ал «болат» артерияларды кез келген бағытта жүргізуге болады.

Темір жолдар Қазақстанда XIX ғасыр аяғында пайда болды. Оның аумағынан тұңғыш ірі жол - Орынбор-Ташкент жолы өтті. Ал негізгі жол желісі кеңес кезеңінде қалыптасты. Оның негізін елдің бірнеше бөліктерін қосатын ірі магистральдар құрайды. Қазақстан темір жолының «келбетін» меридиан бойымен бағытталған 3 магистраль: Орынбор-Ташкент, Түркістан-Сібір, Трансқазақстан және ендік бойымен өтетін 2 магистраль: Орта Сібір мен Оңтүстік Сібір бейнелейді. Олар қосылып, Қазақстанның «үлкен темір жол сақинасын» құрайды. Оған басқа да «болат артериялар» келіп тоғысады. Темір жол көлігі тасымалдайтын жүктің 3/4 бөлігін көмір, кен, мұнай және құрылыс материалдары құрайды. Бұл жүк ағынының географиясында көрінеді. Бәрінен де Оңтүстік Сібір және Трансқазақстан магистральдарының жұмыстары өте қауырт. Жолаушы тасымалының жартысынан астамы салалардың үлесіне тиеді. Темір жол көлігінің дамуы:

1)жаңа жолдар салуды;

2) өткізу қабілетін екі есе арттыру үшін оларды электрлендіруді;

3) жоғары жылдамдықты магистральдар салуды;

4) контейнерлік жүк тасымалын қалыптастыруды қарастырады.

Егер темір жол көлігі - көлік жүйесінің «қаңқасы» тәрізді болса, автомобиль жолдары оларды байланыстыратын негізгі буын болып табылады. Автомобильдер аралық кідіріссіз тауарды «есіктен есікке» дейін жеткізеді. Олардың, әсіресе, қалаларда, қала маңы мен таулы аудандарда рөлі зор. Алыс магистралдік жүк тасымалын қуатты, жылдамдығы жоғары жүк машиналары атқарады. Бірақ автокөлік қымбат әрі экологиялық жағынан «лас» көлік түрі.

Автомобиль көлігінің жұмыс тиімділігі жолдардың жиілігі мен сапасына байланысты. Автомагистральдардың жалпы ұзындығы 93 мың километрдей. Елдегі жол желісі әр түрлі. Ол негізінен темір жолдар географиясын қайталайды. Автомобиль жолдары өте жиі болып келетін аймақ - Солтүстік Қазақстан. Батыс пен Орталықта жолдар саны одан екі еседей аз.

Біздің елімізде автомобиль бұрыннан бері ең жаппай қолданылатын көлік құралына айналды (2008 ж. - 3,2 млн астам бірлік) ал автокөлік жүк (3/4) және жолаушы (99%) тасымалының талассыз көшбасшысы болып табылады.

Өндірістік көліктің рөлі басым болып саналатын тау-кен және металлургиялық облыстар (Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Қостанай) тасымалданатын жүк массасы жөнінен ерекшеленеді.

Құрлық жолдары көлігінің арнайы маманданған түрлері - құбыр және электрондық көліктер. Құбыр жүйелері мұнай мен газ айдап, мұнай-газ және мұнай өңдеу өнеркәсіптерімен бірлесіп жұмыс істейді. Оларды да кез келген бағытта жүргізуге болады, әрі темір жолдан қысқа болып келеді, ал құрылысы кеп арзанға түседі. Бір бағытта, тұрақты жерде кеп мөлшерде жүк «жіберіледі». Сондықтан құбыр жүйесі ең арзан көлік түрі болып саналады.

Қазақстандағы құбыр жүйесі дамыған аймақ - Батыс, одан мұнай мен газдың қуатты ағындары таралады. Орталық облыстарды солтүстіктен оңтүстікке қарай «Омбы-Павлодар-Шымкент- Түркіменабад» газ құбыры желісі басып өтеді. Батыстан оған Құмкөл «бұтақшасы» келіп қосылады да, ал одан шығысқа, Қытайға қарай «құбыр» кетеді. Электрондық көлік әлектр қуатын электр жеткізу желілері (ЭЖЖ) арқылы тасымалдайды. Олар елдің ірі өнеркәсіпті орталықтарын байланыстырып, ауылдық жерлерді электр қуатымен қамтамасыз етеді.

Ірі қалаларда жолаушыларды экологиялық жағынан таза электр көліктері троллейбустар (Алматы, Петропавл, Астана, Тараз және т.б.) Мен трамвайлар (Павлодар, Алматы, Өскемен, Қарағанды) тасымалдайды. Құрлық көлік түрлері су көлігімен тығыз байланысты.

Су көліктері негізінен құрал-жабдықты көп қажет етпейтін табиғи жолдарда жұмыс істейді. Оларға отын аз жұмсалады (1 т жүкке есептегенде), әрі көлемді тауарларды тасымалдаудың өзіндік құны да темен. Бірақ оның қозғалыс жылдамдығы темен, көбінесе маусымдық жұмысқа ғана жарамды, оның үстіне кеме жүретін жолдар қажетті бағыттарға үнемі сәйкес келе бермейді. Су көлігі теңіздік және өзендік болып бөлінеді. Теңіздік кеме қатынасы бар жалғыз аудан - Каспий теңізінің шеткі ЭГЖ теңіз көлігінің негізгі міндетін - сыртқы сауда байланысын жүргізуді анықтап берді. Сондықтан негізгі жүк тасымалы шетелдік болып табылады. Каботаждық тасымал (еліміздің порттарының арасында) аздау, дегенмен, онда да есу байқалады.

Теңіз көлігі - ең жас әрі жылдам дамып келе жатқан көлік түрі. Еліміз өз флотын жаңадан құрды. Қазірдің езінде онда казіргі заманғы танкерлер («Астана», «Алматы», «Абай»), ездігінен жүретін баржалар, мұзжарғыш буксирлер бар. Елдің басты теңіз «қақпасы» - қатпайтын Ақтау сауда порты. Жүк тасымалы бойынша (жылына 10 млн т) - ол Каспий бойындағы ірі порттардың бірі болып саналады. Жүктің басым бөлігін мұнай (85%), прокат және астық құрайды. Паром өткелдері Ақтау қаласын Ресей мен Әзірбайжанның порттарымен байланыстырады. Құрық қойнауында жаңа порт салынып жатыр. Ол теңізде таяу уақыттарда пайда болатын (30-60 мың т) ірі танкерлерді қабылдайтын болады. Үшінші, Баутино порты теңіздің мұнай байлығын игерудің тірек базасы ретінде дамып келеді.

Өзен көлігі табиғат жағдайларына көбірек тәуелді. Онымен асықпай жеткізілетін, жаппай тасымалданатын жүктер кемір, мұнай өнімдері, ағаш, астық, құрылыс материалдарын тасымалдауға өзен көлігі қолайлы. Әзірше олардың көлемі онша көп емес. Бұл транспорттың географиялық жұмыстарын екі кәлдік алаптар анықтайды.

Әуе көлігі - ең жылдам, бірақ ең қымбат көлік. Оның негізгі мамандануы - алыс қашықтықтарға жолаушы тасымалдау. Ұшақтар, сонымен қатар шұғыл түрдегі және бағалы жүктерді (пошта, тез бұзылатын азық-түліктер, гүлдер) жеткізеді.

Көлікті аумақтық ұйымдастыру. Қазақстанда бірыңғай көлік жүйесі қалыптасуда. Оның негізгі бөлігі - түрлі қатынас жолдары болып табылады. Оларды көлік тораптары, яғни әр алуан «жолдар» түйісетін (темір жол, автомобиль, өзен) және бір көліктен екіншісіне жүк ауыстырылып тиелетін орындар қосады. Қазақстанда әр түрлі типтегі ондаған көлік тораптары бар. Әсіресе, Алматы, Ақтау, Қарағанды, Павлодар, Теміртау ерекше бөлінеді.

Байланыс. Коммуникациялық жүйенің бұл буыны пошта байланысы мен телекоммуникацияны біріктіреді. Оның негізгі міндеті - көлемі мен маңызы жылдам өсіп отыратын ыр алуан ақпараттарды беру. «Қазпошта» АҚ орасан үлкен шаруашылығы - пошта байланысы - бұл ертеден келе жатқан сала.

Қазіргі телекоммуникациялық байланыс түрлері «жуан сөмке арқалаған» пошташыны ығыстыра бастады. Олар бірнеше бағытта қарқындап дамып келеді. Оптикалық-талшықты желілердің құрылуы халықты телефонмен қамту деңгейін көтереді. Спутниктік телеарналар мен бүкіл әлемдік интернет желісін пайдаланудың маңызы зор. Сонымен, қоғамның өмір сүруі қалыптасқан инфрақұрылымсыз мүмкін емес. Онда коммуникациялық жүйе - көлік пен байланыс маңызды рөл атқарады.

Ұсынылатын әдебиетер:

Негізгі әдебиет: 13-5; 23-42; 24-38.

Қосымша әдебиет: 412-24; 616-35.

Бақылау сұрақтары.

        1. Көлік экономикасы пәнінің мақсаты атаңыз?

        2. Көлік қанша құрамдас бөліктен тұрады?

        3. Көлік материалдық игілік өндіре ме?

        4. Көлікті аумақтық ұйымдастыру қалай жүргізіледі?

        5. Қандай көлік жүйесін білессіз?

2 - дәріс тақырыбы. Қазақстанның ұлттық экономикасы жүйесіндегі көлік саласы

Қазақстанның көлік саласы біркелкі тұтынушылық немесе атқарымдық міндеті бар нақты түрдегі өнімдерді (жұмысты орындайтын және қызмет көрсететін) өндіретін және (немесе) өңдейтін меншіктік формасы және идаралық (ведомственный) тиістілігіне тәуелсіз түрде шаруашылықтық қызметтегі суьбъектілердің жиынтығы болып саналады.

Көліктің құрылымы деп жеке сала мен өндірістердің өзара байланысының формасы мен санды арақатынасы, құрамы түсіндіріледі. Салалық құрылымның көрсеткіштері болып келесілер саналады: дербес салалар саны; бүкіл көліктік кешеннің жүктерді тасымалдауының жалпы көлеміндегі көліктің барлық түрінің өзара қатынасы; көлік салаларының үлестік салмағы; жолаушылық және жүк көлігінің үлесі.

Көліктің салалық құрылымын жоспарлау мен есепке алуды практикада көліктік өндірістің жалпы көлемінде салалардың үлестік салмағын табу жолымен анықтайды.

Елдің көліктік кешенінің құрылымын көптеген факторлардың әсерінен құрастырады, солардың ішіндегі маңыздылары болып келесілер саналады:

  • Ғылыми-техникалық прогресс;

  • Бүкіл көліктің және оның жеке салаларының жаппай дамуының жоспарланып отырған қарқыны;

- өндірісті топтастыру, мамандандыру, бірлестіру және құрамдастыру;

  • Еңбекшілердің материалдық әл-ауқаты мен мәдени деңгейінің өсуі;

  • Көліктің дамуы жүргізілетін қоғамдық-тарихи жағдай;

  • Еңбектің халықаралық бөлінісі;

  • Әлемдік нарықта Қазақстанның алар орнын нығайту.

Енді көлік салаларын жіктеу мәселесіне тоқталайық.

Көлік салаларының ғылыми негізделген жіктелуі өндірісті дұрыс қолдану үшін және оның дамуындағы нақты шамаластықты қамтамасыз ету үшін маңызды болып саналады.

Көлік салаларын жіктеу негізіне келесі қағидалар салынған:

  • Ұсынылатын қызметтің экономикалық қызметі;

  • Өндіріс процесіндегі өнімнің жұмыс істеуінің сипаты;

  • Еңбек затына және т.б. Әсер ету сипаты.

Салаларды жіктеудің ең бір маңызды қағидасы болып ұсынылатын қызметтің экономикалыө міндеті табылады. Осыған сай бүкіл көлік сыртқы және ішкі деп бөлінеді.

Көлікті материалдық өндірістің төртінші саласына жатқыза отырып, К.Маркс бөлектенген сыртқы көлікті ғана назар тұтты, яғни қазіргі заманда ол әртүрлі идаралар кәсіпорындары арасындағы, экономикалық аудандар, жеке пункттер және елдер арасындағы өндіріс процесінде туындайтын көліктік-экономикалық байланысты қамтамасыз етеді. Осы көлік қоғамдық өндірістің дамуы мен еңбек бөлінісі процесінде материалдық өндірістің ерекше саласына айналды және ортақ қолданылатын көлік немесе сыртқы көлік деп аталды. Оған өндірісі аясына және одан бөлу, тұтыну және айналдыру аясына материалдық құндылықтарды, жартылай дайындалған өнімдерді және еңбектің дайын өнімдерін жеткізуді қамтамасыз ету міндеті жүктелген. Ол айналдыру процесінің материалдық негізі болып санлады. Сыртқы көліктағы жұмысшылардың еңбегі өндіргіш болып табылады, олар ұлттық кірісті құрайды, қоғамдық байлықты өсіреді.

Ортақ қолдану көлік өндірістің дербес саласы ретінде материалдық өндірістің басқа салаларынан көптеген ерекщеліктерімен ажыратылып тұрады.

Көлік сыртқы тасымалдауларды ғана жүзеге асыруға емес, сонымен қатар ішкі тасымалдарды (яғни, өндірістің ішіндегі тасымалдар) да жүзеге асыру үшін қолданылады, ортақ қолданылатын көліктан басқа өндірістік ішкі немесе идаралық көліктар түрі де бар.

Өндірістің ішіндегі көлік (еңбектің басқа құралдары секілді) осы кәсіпорынның технологиялық процесінің ажырамас бөлігі болып саналады. Өндірістің ішіндегі көлік көліктік өндірістің дербес саласын сипаттамайды, жұмыс істейтін саланың құрама бөлігі болып саналады.

Алайда, ортақ қолданатын көлік және өндірістік ішіндегі көлік екеуі қосыла отырып біздің бүкіл экономиканың басты қорының бірін құрайды, оның нәтижелі дамуы мен жұмыс істеуінсіз өндірістің қарқындатылуы және оның өсуінің жоғарғы қарқыны мүмкін болмай қалады.

Материалдық өндіріс процесінде көлік әртүрлі тасымалдаулардағы қажеттіліктерді қанағаттандырады: аймақтың ішіндегі салааралық, өндіріс ішіндегі, аймақаралық, жұмысшыларды тасымалдау және т.б.

Көлік инфрақұрылымның кешенді саласы болып саналады, оның ішіне көліктің келесідей түрлері кіреді: теміржол, өзен, теңіз, автокөлік, әуе, құбырлық.

Көліктің түрлерін екіге бөледі: су (теңіз, өзен), жер үстіндегі (теміржол, автокөлік, құбырлық) және әуе. Құбырлыдан басқа, көліктің барлық түрі жүктер мен жолаушыларды тасымалдау үшін қолданылады. Көліктің осы түрлері дәстүрлі көлікқа жатқыылады. Көліктің дәстүрлі емес түрлерінің құрамына келесілер кіреді: қойыртпақ сымдар (тиеуші жүкті ұсақтайды және сумен бірге құбыр бойынша айдайды), пневмокөлік, магниттік таяныштағы көлік.

Көліктің әрбір түрінің жүктерді тасымалдауға арналып қолданылуына қатысты өзіндік ерекшелігі болады.

Теңіз көлік.

Артықшылығы:

  • Жүктік төмен тарифтер;

  • Жоғары өнімділік (қайықтың үлкен жүкті көтере алуы есебінен);

  • Үздіксіз жұмыс (тәулігіне 24 сағат);

  • Ауа-райылық жағдайға кішігірім тәуелділігі;

  • Сұраныстың жинақылығы (теңіз қайықтары әлемнің кез келген нүктесіне бағыт алады);

  • Хабарлаудың теңіздік жолдарының шектелмеген өткізу қабілеті.

Кемшіліктері:

  • Салыстырмалы жылдамдықтың төмендігі (жүктік қайықтар үшін 18-20 түйін);

  • Қозғалыстың салыстырмалы кішігірім жиілігі (тек үлкен көлемді жүкті ғана тасымалдай алады);

  • Жүктерді мұқият қораптаудың қажеттілігі.

Т/ж көлік.

Басымдылықтары:

  • Үлкен арақашықтыққа жылдам жеткізу;

  • Климаттық жағдайға тәуелсіздігі;

  • Үлкен жүкті көтергіштігі (3-4 мың.т – бір құрамда);

  • Салыстырмалы төмен тарифтер;

  • Кірме жолдар болғанда жүкті қабылдаушыға қосымша қолайлылық туындайды («есіктен есікке» жеткізу түрін ұйымдастыруына болады);

  • Әртүрлі жүктердің ең бір кең гаммасын тасымалдау мүмкіндігі. Кемшіліктері:

  • Жүктердің ырғалысының болуы (вагондарды қайта сұрыптау);

  • Берік қораптаудың қажеттігі;

  • Ұрыққа арналған қолайлы жағдай;

  • Т/ж географиялық орналасуына тәуелділік;

  • Жолда құрамдарды қайта рәсімдеудің қажеттігі.

Автокөлік көлік

Артықшылықтары:

  • Маневрлік – қажет жерде көлікті жұмылдыру мүмкіндігі;

  • Жеткізудің жеделдігі және жүйелілігі;

  • Жеткізудің заманға сай түрлерін («есіктен есікке» тәсілі) ұйымдастыру мүмкіндігі;

  • Жүктердің қауіпсіздігі;

  • Кішігірім аралыққа тасымалдау кезіндегі үлкен үнемділік;

  • Автокөлікті қолдану жіберудің қалыпты болуына мүмкіндік береді. Кемшіліктер:

  • Жол желісіні тәуелділігі;

  • Кішігірім жүкті көтергіштігі;

  • Салыстырмалы жоғары тарифтер. Әуе көлік.

Артықшылықтары:

  • Жеткізу жылдамдығының жоғарылығы;

  • Жолдың түзетілуі;

  • Жолда жүктің қауіпсіздігінің жоғары болуы;

  • Ең жоғары деңгейде қызмет көрсету;

  • Ең қарапайым қораптау түрі;

  • Сақтандыру шығындарының төмен болуы (тасымалдаудың уақытының аз болуы себепті).

Кемшіліктері:

  • Жүк тарифтерінің жоғары болуы;

  • Ауа райы жағдайына тәуелділік;

  • Өлшемі және салмағын бойынша шектеу;

  • Жер үстіндегі қызметке тәуелділік;

  • Әуежайдың кәсіпорыннан алыстатылғандығы.

Құбырлы көлік

Артықшылықтары:

  • Ауа райына тәуелсіздігі;

  • Тасымалданатын жүктің берілуінің үздіксіздігі;

  • Өзіндік құнның төмендігі;

  • Амалдарды (үстіне төгу, қотару, құю) автоматтандыру деңгейінің жоғарылығы. Кемшіліктері:

  • Біртараптық тасымалдау;

  • Жүктің басқа түрін тасымалдаудың мүмкінсіздігі;

  • Құрылыс орнының өзіндік құнының жоғарылығы. Өзен көлік Артықшылықтары:

  • Өзен бойынша кіру қабілетінің жоғарылығы;

  • Тасымалдаудың өзіндік құнының төмендігі, әсіресе жедел жеткізуді талап ететін жаппай жүк пен жүктерді;

  • Жүктердің маңызды тобын тасымалдау мүмкіндігі;

Автожол және т/жол желілерде дамымаған аунадардарда қолдану мүмкіндігі.

Кемшіліктері:

  • Құрылыста гидротехникалық құрылыс орнының қажеттігі;

  • Әлемнің көптеген өзендеріндегі мерзіммен жұмыс жасаудың болуы;

  • Су жолдарының жаратылыстан географиялық орналасуымен және олардың жүк ағындарының бағытына көбінесе сай келмеуімен қажеттілік туындайды.

Өз кезегінде автокөлік көлік басым түрде дамытылып келеді, яғни ол көліктің қалған барлық қалған түрлері мен көліктік қызметтерді тұтынушылардың арасындағы байланыстыратын элемент болып саналады. Одан басқа, басқа түрдегі көліктік күре жолдардың құрылысын автокөлік көлігінің қатысуынсыз салу мүмкін емес. Ол теміржол, су, құбыр немесе әуе көлігінің материалдық-техникалық базасын құру үшін құрылыстық материалдарды тасып жеткізеді. Алайда, автокөліктік көлік ең болмағанда екі техникалық элементтен тұрады: жолдан және автокөліктен, оларды дамыту тұрақты диалектикалық тұтастықта және өзара шарттастықта болады. Осымен бастапқысы болып автокөлік жолы табылады.

Ол жүрерлік және жүк көтерерліктей жылжымалы құрамның түрін салыстырмалы түрде таңдау жағдайын «айтады», сонымен қатар көбінесе жылжымалы құрамды эксплуатациялаудың техника-экономикалық көрсеткіштерін, сосын автокәсіпорынның жұмысының экономикалық көрсеткіштерін анықтайды.

Автокөлік жолдары – бұл көліктік инфрақұрылымның маңызды буыны, онсыз нарық жағдайында экономиканың ешқандай да саласы тиімді жұмыс жасай алмайды.

Автокөлік жолдары тасмыалдаудағы бүкіл экономиканың өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажет жағдай жасайды. Жолдарда қозғалыстың қарқыны үздіксіз және бақыланбайтын түрде өсіп келеді, ол өте шалғай болашақта есеп бойынша жолдарды салу қажеттігін тудырады.

Жол шаруашылығы да көліктік кешен құрамына кіреді.

Жол шаруашылығының жұмыс істеуінің басты мақсаты болып автокөлік жолдарының түзелген желілерін пайдаланудың (эксплуатация) сапасының жоғарылығын жасау және қамтамсыз ету негізінде автокөлік тасымалдарындағы ұлттық экономика мен тұрғындардың қажеттілігін қанағаттандыру табылады.

Жол саласында экономикалық қатынастардың екі негізгі ерекшелігі бар. Алғашқысы саланың өнімінің ерекше ұасиеті мен оның екіжақтылығымен түсіндіріледі: бір тараптан жол шаруашылығы – ол автокөлік жолдары, ал екінші тараптан, - бұл автокөлік жолдарының желісінің сақталуы мен дамуының қажеттілігімен байланысты болған еңбек ұжымының өндірістік қызмет. Осымен автокөлік жолдары сәйкес өндірістік жол ұйымдарының ресми меншігі болып саналады, яғни оларға қызмет көрсететін жол ұйымдарының теңгерімінде болады. Бұл жағдай өңірдің жолмен қамтылуының нақты әлеуетін, автокөлік көлік жұмысы арқылы өткізілетін қызметтер әлеуетін құруды жол ұйымдарының қызметінің түпкі нәтижесі деп санауға мүмкіндік береді.

Екінші ерекшелік мынадай түсіндіріледі, яғни автокөлік жолдарын траснпорттық, өнеркәсіптік, құрылыстық, ауылшаруашылық және басқа да ұйымдар, сонымен қатар тұрғындар тегін қолданады.

Көлік қызметтерінің нарығында негізгі тауар көлік өнімі болып табылады. Көлік өнімінің мәні жүктердің орын алмасуы, яғни, бұл – өз кезегінде  қызметтердің өндіріс процесі. Көлік өнімінің сипаттамалық белгісі – ол өндірістен жеке тіршілік етпейді, оны жинақтауға, қоймаға жиыстыруға болмайды. Көлік өнімінің құрамында шикізат жоқ, оның құнында жалақы үлесі жоғары (өнеркәсіпке қарағанда 1,5-2 есе жоғары). Көлікте айналым қаражаттарының өнеркәсіппен және ауыл шаруашылығымен салыстырғанда айтарлықтай айырмашылығы бар, себебі жаңа зат ретінде тауар емес, оның қызметінің нәтижесі – орын алмасуы іске асырылады. Сонымен қатар, көлік өнімі кеңістікте өзара алмаспайды, яғни бір орында көлік инфрақұрылымының салаларын шоғырландыру барысында олардың кемшіліктерін өзге жолмен толықтыруға болмайды.

Көлік қызметтерінің нарығын тиімді жүзеге асырудың негізгі факторларының бірі көлік жиынтығының өзінің түбегейлі жаңа бағытта дамуына әсер ететін, көлікте бәсекелестік қатынасты енгізу болып табылады, бұл жүк қалыптастырушы, өндіруші салалар арасында бәсекелестікті нығайтуға және отандық өнеркәсіп-өндіріс жиынтығын қалыптастырудың қуатты импульсіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Республиканың қазіргі таңдағы көлік қызметтері нарығында темір жол, автокөлік, әуе және құбыр өткізгіш көліктер ұсынылған. Қазақстан көлік бағыттарының ауқымды желісін қамтиды:

Қазақстан аумағы арқылы өтетін 14061,8 км темір жолдар, 85 мың км жоғары автокөлік жолдары, 4 мың км-ге жуық ішкі су кеме қатынасының және 17,1 мың км магистральдік құбыр өткізгіш бағыттары. Көліктің айтарлық барлық салаларында орын алған жекешелендіру және акционерлеу процесі көлік нарығында бәсекелес шаруашылық субъектілерінің туындауына жол ашты. Қазақстанда 2002 жылы 2171 көлік кәсіпорны болған, олардың 1728 шағын, 373 орта және 70 ірі болып саналған.

Республикада бәсекелестік қағидаларын дамыту үшін жағдай жасалғаны, мемлекеттік емес көлік кәсіпорындарының көптеген көлемі іске қосылғаны белгілі. Алайда, бұл жағдай салалардың барлығында қолайлы даму үстінде емес. Барынша тиімді бәсекелес нарықтық жағдайлар автокөлік, әуе және кеме қатынасы тәрізді көлік түрлерінде жасалған.

Қазақстан экономикасының шикізатқа бағыт алуының нәтижесінде, темір жол көлігі республиканың көлік – коммуникациялық жиынтығында маңызды рөл атқарады. Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі Агенттігінің деректеріне сәйкес, көліктің барлық түрлері бойынша жүк айналымының құрылымында салыстырмалы жылдық орташа деңгей 57,3% құрайды. Қазақстанда  көлік ерекше маңызды рөл атқарады. Республика ішкі континентте орналасқан, оның үлесінде жер әлемінің 2% қабаты, Азияның — 6,1%, бұрынғы КСРО-ның — 12,1%. Қазақстан көлемі бойынша әлемде 9-орынды алады және 1 км² шаққанда 6,2 адамнан келетін барынша кем санды аймақтардың бірі. Тұрғындары, табиғи ресурстары және өнеркәсібі дамыған орталықтары елдің аумағында бірқалыпты орналаспаған. Сондай-ақ республика әлемдегі экономикасы дамыған елдерден алшақ, ал экономика мен сауданың құрылымы жүктердің орасан зор көлемде тасымалдану қажеттілігін қамтиды. Осылайша, республика экономикасының дамуын қамтамасыз ету үшін көліктің мәнін бағалау күрделі.

Бірақ бұл беталыс экономиканың басқа салаларының өніміне бағаның өсуімен салыстырғанда жүктерді, жолаушыларды тасымалдауға тарифтің қарқынды өсуінің, сондай-ақ осы салаларда өндіріс көлемінің айтарлықтай төмендеуінің нәтижесі болып табылады. Тап осы сәтте көлік саласы дағдарыс жағдайында болады. Мысалы, бірыңғай көлік жүйесінің аясында қазақстандық көлік кәсіпорындарының іске қосылуына мүмкіндік беретін республика аралық көлік коммуникацияларының ұтымды желісі осы уақытқа дейін қалыптастырылмаған. Қазақстанда аумақтың бірлік алаңын автокөлік және темір жолдармен қамтамасыз ету деңгейі өте төмен. Қазақстанда темір жол магистральдарының тығыздығы аумақтың 1000 км² шаққанда 5,2 км құрайды. Салыстыру үшін дамыған Еуропа елдерінде бұл көрсеткіш 50 км-ден 110 км² дейін, ынтымақтас елдердің басым бөлігінде —  1000 км² шаққанда 23-тен 38 км-ге дейін ауытқиды.

Қазақстанда жалпы қолданыстағы қабаты қатты автокөлік жолдарының тығыздығы 1000 км² шаққанда 29,8 км құрайды. Мысалы, көлемі бойынша Қазақстанға айтарлықтай жол беретін Әзербайжан, Армения, Беларусия, Грузия, Молдова және Қазақстан елдерінде автокөлік жолдарының жиілігі аумақтың 1000 км² шаққанда 248-296 км құрайды. Батыс елдерінде автокөлік және темір жол желілері жиі орналасқан (Батыс Еуропада осыған сәйкес 100 км² шаққанда 93,2 және 24,8, АҚШ-та – 66,5 және 21,9 км). Олардың аумағында әлемдік тауар айналымының ¾ бөлігін орындайтын әлемнің 63% аса порты орналасқан. Сондай-ақ, көліктің негізгі құралдары Батыс елдерінде тұйықталған. Барлық автокөліктердің 80% астамы Батыс Еуропа, Солтүстік Америка және Жапония елдеріне тән.

Республиканың  көлік  қызметтерінің  нарығы тек экономика салалары мен өндіріс түрлерінің ғана емес, сонымен бірге аймақтық жиынтықтардың да өзара байланысын қамтамасыз ете отырып, халық шаруашылығының (агроөнеркәсіп, жылу-энергетикалық, тау-металлургиялық, құрылыстық және т.б.) Салалық жиынтықтарын қалыптастыру арқылы дамыды. Тасымалдау барысына талап қойылатын негізгі тауар өнімі салмақты төкпелі және құйылмалы жүкті алға тартады, мысалы, автокөлікпен тасымалдау тиімсіз болып саналатын көмір, дән-дақыл, мұнай, руда, минералдық тыңайтқыштар және т.б.  Қазақстанның жолаушыларды тасымалдау нарығында автокөлік, әуе және темір жол көлігі арасында интермодальдік (көрініс аралық) бәсекелестік орын алған. Соңғы жылдары қашықтағы бағыттардың қалааралық автобуспен тасымалдау сегменті жоғарылады. Жолаушылар үшін автобуспен жүрудің ерекшелігі жүру кестесінің мейлінше қолайлы, бағыт жылдамдығының барынша жоғары және жол жүру құнының айтарлықтай арзан, ал темір жол көлігіне тән ерекшелік жол жүру қауіпсіздігі, тұрақтылық және жайлылық деңгейінің өте жоғары  болуы. Сонымен қатар, тап осы сәтте темір жол және автобус көлігінде жолаушылардың жол жүру қызметтерінің біртұтас ұсынысының жүйесі жеткілікті деңгейде дамыған жоқ.

Қазақстанның географиялық жағдайы (теңізге тікелей шығудың тапшылығы, кеме қатынасы көлдерінің орын алуы), аумағының көлемді болуы, өндірістің шикізаттық құрылымы және өндірістік күштердің орналасуы, автожолдары инфрақұрылымының жеткілікті дами алмауы, ел экономикасында темір жол көлігінің рөлі өте маңызды орында екенін айқындайды. Темір жол көлігінің орны келешекте де сақталатындығына сенім мол. Қазақстан экономикасының шикізаттық бағытына сәйкес темір жол көлігі Қазақстан Республикасының көлік қызметкері нарығында жетекші рөл атқарады. Оның үлесі көліктің барлық түрлерінің жүк айналымында 60% жоғары. Сонымен бірге, Қазақстан Еуразия континентінің орталығында бола отырып, бес халықаралық темір жол көлігінің коридорлары бойынша өзінің инфрақұрылымы арқылы транзиттік өткізуді ұлғайту мүмкіндігіне – транзиттік потенциалға ие. Оның ішінде Трансазиялық бағыт ең негізгісі, келешекте Оңтүстік Шығыс Азия — Батыс Еуропа теңіз бағытына бәсекелес болады.

Қазақстан Республикасының темір жолдарының пайдалану ұзындығы 14,2 мың км жоғары, оның ішінде екі бағытты жол – 4,8 мың км (34%) жоғары, электрленген жол – 4,1 мың км (29%). Басты бағыттардың жалпы ұзындығы – 19,1 мың км, станциялық – 6,3 мың км. Кестеде 1998ж. Бастап 2008ж. Аралығы мерзіміндегі темір жол бағыттарының пайдалану ұзындығы көрсетілген. Республиканың темір жол желілерінде бағыттары дамып отырған 756 жекеленген бекеттер орналасқан. 351 станцияда жүк операциялары жүргізіледі.   21 станцияның  автоматты  басқару  жүйесі  бар,

38-і – іріктеу құрылғыларымен (үйінділермен, жартылай үйінділермен және тартқыштармен) жабдықталған

Темір жол көлігінің жүйелік қызметі жүктерді және жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыру және ұйымдастыру болып табылады. Негізгі қызметті жүзеге асыру үшін техникалық құралдар қолданылады. Темір жол көлігінің жүйесінде қызметтің бөлігі тасымалдау барысында қолданылатын техникалық құралдарды жөндеумен және оларға күтім жасаумен байланысты.

Темір жол көлігінің техникалық жиынтығы мыналарды қамтиды:

Жылжымалы құрам:

— жүк вагондары;

— жолаушылар вагондары;

— контейнерлер;

— локомотивтер;

— моторлы вагондық парк;

— бағыт машиналары және өлшемдік вагондардың мамандандырылған паркі.

Темір жол инфрақұрылымдарының объектілері:

— магистральдық бағыттар және станцияның бағыттық дамуы (бағыттар, жасанды құрылғылар және бұрып жіберу жолақтары);

— станциялық ғимараттар және құрылымдар;

— электрлік желілер және трансформаторлық подстанциялар;

— телекоммуникациялық желілер және сигнализация мен байланыс жабдығы;

— жүк аулалары;

— кіре беріс бағыттар;

— вокзалдар;

— ақпараттық жүйелердің бағдарламалы-техникалық жиынтығы;

— жылумен, сумен қамтамасыз ету объектілері (қор көздері және желілер);

— жөндеу және пайдалану депосы;

— инфрақұрылымдардың, депоның және объектілердің машиналары мен жабдықтары.

Темір жол көлігі қызметінің түрлері операциялы-технологиялық жүйенің күрделі құрылымымен анықталады және екі жиынтыққа бөлінеді:

1. Негізгі қызмет:

— жүктерді және жолаушыларды тасымалдау бойынша коммерциялық және жүк операциялары;

— вагон ағымдарын ұйымдастыру және пойыздарды қалыптастыру;

— жылжымалы құрамды басқару және күтіп ұстау;

— пойыздардың қозғалысын және ептілік жұмыстарды диспетчерлік басқару;

— бағыттарды, жасанды құрамдарды, сигнализация мен байланыс жабдықтарын  және  электрмен  қамтамасыз  ету   объектілерін,  оның    іске

Қосылуына технологиялық қажетті өзге объектілерді қоса алғанда ХТЖЖ басқару және күтіп ұстау.

2. Қамтамасыз етуші қызметтер:

— локомотивтердің деполық жөнделуі;

— вагондардың деполық жөнделуі;

— вагондар мен локомотивтерді күрделі жөндеу;

— бағыттардың күрделі және орташа жөнделуі;

— жүктерді және объектілерді күзету;

— сумен, жылумен қамтамасыз ету.

Негізгі қызметтер жиынтығында қызметтердің түрлері жүктерді және жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастырудың, жоспарлаудың және жүзеге асырудың негізгі технологиялық барысымен бірігеді.

2011 жылы Қазақстанның темір жолдары 16 млн-нан астам жолаушыларды тасымалдады, ал жолаушылар айналымы 14,3 млрд. Жолаушы- км асып түсті

Қазіргі таңда республикада облысаралық бағыттарға темір жолмен жолаушыларды тасымалдау жәрдем қаражатын бөлу арқылы, конкурстық негізде, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша мемлекеттік және жекеменшік компаниялар жүзеге асырады. 2009 жылы республикада темір жол арқылы жолаушыларды тасымалдау жұмысын 11 компания жүзеге асырады (сурет), оның ішінде екеуі «ҚТЖ» «ҰҚ» АҚ компаниясының тобына кіреді, («Жолаушылар тасымалы» АҚ, «Қаламаңдық тасымалдаулар» АҚ) және жеті бағыт бойынша облысаралық бағытта және бес қаламаңдық бағытта жолаушыларды тасымалдауды қамтамасыз ететін тоғыз қазақстандық жекеменшік тасымалдаушылар. 2005 ж. Бастап 2008 ж. Аралығы мерзімде ҚР темірдың жолаушылар көлігімен 67,1 млн. Жолаушы тасымалданды. Жолаушылар айналымы осы мерзімде 54 млрд. Жолаушы-км құрады.

Ұсынылатын әдебиетер:

Негізгі әдебиет: 124-58;59-65; 68-91;110-122, 220-38;, 38-38; 43-69.

Қосымша әдебиет: 457-65.

Бақылау сұрақтары:

  1. Қандай фаткорлардың әсерінен көліктік кешеннің құрылымы қалыптасады?

  2. Көлік салаларының жіктелуінің негізінде қандай қағидалар бар?

  3. Жол шаруашылығының жұмысының басты мақсаты қандай?

  4. Темір жол көлігі қызметінің түрлерін атаңыз

  5. Жол шаруашылығының жұмыс істеуінің басты мақсаты не?

3 - дәріс тақырыбы. Көліктік кәсіпорын шаруашылық жүргізу субъектісі ретінде

Кәсіпорында өндірістік үрдісті жүргізу жолдары қарыстырылған. Көлік шаруашылығының міндеттері қамтылады. Көлік қызмет көрсету аумағына байланысты мәліметтер беріледі. Кәсіпорындағы өндірісті материалды-техникалық ресурстармен қамтамасыз ету туралы мағлұматтар кеңінен қарастырылады. Қоймалардың аумағы сақталатын құндылықтарының максималды мөлшері есептелінеді.

Көлік шаруашылығын ұйымдастыру. Кәсіпорында өндірістік үрдісті жүргізу үшін шикізат, материалдар, құраушы өнімдер пайдаланады. Жалпы өндіріс үрдісінде көп мөлшердегі еңбек құралдарын пайдалану үшін оларды тасмалдаумен қатар, өнім дайыне болғаннан кейін оны кәсіпорыннан сыртқы тасып әкету қажет.Көлік шығындарының өнімнің өзіндік құнындағы алатын үлкен үлесімен ғана емес, сонымен қатар осы аталған жұмыстардың материалдық құндылықтардың тасымалдау көрсеткіштері мен сақталуына қалай әсер ететіндігін де көруге болады.

Кәсіпорында пайдаланатын көлік қызмет көрсету аумағына қарай:

· Сыртқы, яғни оған кәсіпорынның сыртқы жабдықтаушыларымен және өнімді тұтынушыларымен байланысын қамтамасыз ететін көлік түрлері жатады.

·  Цехаралық, яғни жүктерді цехтар арасында тасу және жүктерді бір қоймадан екінші қоймаға және кәсіпорын цехтарына тасуға арналған көлік болып бөлінеді

·  Цехшілік, яғни бір цех ішінде ғана тасымалдау жұмыстарын орындайтын көліктерді айтады.

Кәсіпорындағы тасымалдау жұмыстарының көлемі көлік құралдарына деген қажеттілік және жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру жүк айналымы мен жүк ағынының есебі негізінде анықталады.

Жүк айналымы деп белгілі бір уақыт аралығындағы белгілі бір бөлімше шеңберінде тасмалданатын жүктің жалпы санын атайды.

Жүк ағыны дегеніміз- белгілі бір уақыт аралығындағы тиеу-түсіру пунктерінің арасындағы бір бағыттағы тасымалданатын жүк саны.

Жүк ағындарының жиынтығы кәсіпорынның жүк айналымын құрайды.

Жүк ағыны әр уақытта әртүрлі болуы мүмкін.Осыған орай тәуліктік жүк ағынының максималды мөлшері былай анықталады:

 

Q cmax = Q жrн / Dr

Мұнда;

Qж- жылдық жүк ағыны

Rн- жүк ағынының біркелкісіздік коэффициенті

Dr – бір жылдағы жұмыс күнінің саны.

Өндірісті материалды-техникалық ресурстарымен қамтамасыз ету. Кәсіпорындағы өндірісті материалды-техникалық ресурстармен қамтамасыз ету, өнім өткізу жұмыстарын және қойма шаруашылығын ұйымдастырудың міндетіне кәсіпорынның қызметіне қажетті шикізат қорын, материалдарды, сатып алынатын жартылай фабрикаттарды, аяқталмаған өндіріс өнімдерін және сатуға шығарған дайын өнімді сақтау және тұтынушыларға жіберу сияқты жұмыстар жиынтығы жатады.

Материалды құндылықтардың сақталуы,олармен өндірісті үздіксіз қамтамасыз ету, айналым қаржыларының айналу жылдамдығы, өнім сапасы мен құны қойма шаруашылығы жұмысының сапасын анықтайды.

Кәсіпорын қоймалары бірқатар белгілеріне қарай жіктеледі.

Қызмет көрсету саласына қарай қоймалар цехаралық және цехтық болып бөлінеді.

Өнім өткізу жұмыстарын және қойма шаруашылығын ұйымдастыру. Сақталатын материалды құндылықтар атауларына қарай қоймалар: әмбебап (дайын өнім сақтайтын қоймалар) және арнаулы қоймалар (біртекті материалдарды сақтауға арналған) болып бөлінеді. Қойма аумағына қарай ашық, жабық және жартылай жабық болып бөлінеді.

Қоймалардың құрылымы сақталатын материалдардың физика-химиялық талаптарына сай болып, қойма аумағы толығымен пайдалануы тиіс.Қойма жұмыстарын жүргізу барысында барлық қауіпсіздік шараларын орындалуы басты шарт болып табылады.

Қойма жұмыстарын ұйымдастыруда еңбекті көп қажет ететін жұмыс түрлерін, қол еңбегің азайту мақсатында қоймалардағы жетекші тасу-тиеу, ыдысқа салу, орау жұмыстарын техникалардың жаңа түрлерімен жабдықтау қажет.

Қоймадан сыртқа шығарылатын материалдар өндірістік тұтыну дайындығынан өткізіледі. Дайындық жұмыстары материалдардың түріне қарай жүргізіледі.

Көлік жұмыстарын жоспарлау техника-экономикалық, оперативті-өндірістік болып екіге бөлінеді.

Техника-экономикалық жоспарлауға стратегиялық және жылдық жоспар құру жатады.Онда жүк айналым көлемін анықтау, көлік құралдарына, жағармайға, майлау, басқа да қажеттілікті анықтау, көлік құралдарының жөндеу жұмыстарының, түсіру жұмыстарының көлемін, көлік қызметінің штаттарын, еңбекақы қорын, жүктерді тасымалдау шығындарын және т.б. Көрсеткіштерді анықтау қарастырылады.

Оперативтік-өндірістік көлік жұмыстарын жоспарлау және сату жұмыстарын жүргізу үшін көлік және тасымалдау операцияларымен қамтамсыз етуге бағытталады.Оның дұрыс деңгейде ұйымдастырылуы өндірістің көрсеткіштерін арттырумен қатар оның үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Кәсіпорында жөндеу шаруашылығын құрудың басты мақсатына негізгі өндірістік қорларды ұтымды пайдалану жатады.

Жөндеу шаруашылығының негізгі міндеттеріне:

  • Негізгі өндірістік қорларды жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүргізу;

  • Кәсіпорынның өзі дайындаған немесе жаңадан сатып алынған құрал-жабдықтарын орнату;

  • Қолданылатын құрал-жабдықтарды модернизациялау;

  • Қосымша бөліктерді және түйіндерді дайындау, оларды сақтау жұмыстарын ұйымдастыру, жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі барлық жұмыстарды жоспарлау;

  • Жөндеу жүмыстарының тиімділігін арттыру жөнінде шаралар дайындау жатады.

Кәсіпорынның жөндеу шаруашылығының құрамына бас механик бөлімі, жөндеу-механикалық цехы, майлау және эмульсиялық шаруашылық, құрал-жабдықтар мен бөлшек бөліктер қоймасы кіреді.

Бас механик бөлімінеқұрал-жабдықтарды күтумен және модернизациялаумен, жөндеуге байланысты қажетті техниканың құжаттарын дайындаумен айналысатын конструкторлық-технологиялық бөлім,жөндеу жұмыстарын материалдармен қамтамасыз ететін және жөндеу жұмыстарын диспетчерлеу және жоспарлаумен айналысатын жоспарлау-өндірістікбөлімі, кәсіпорында жоспарлы-ескерту жөндеу жұмыстарының жүйесін сақтауды бақылаумен және жалпы басшылыққа алумен айналысатын жоспарлы-ескерту жөндеу бөлімдері кіреді.

Өндірістік кәсіпорындарда негізгі қорлардың барлық түрлерін қалпына келтіруге және қолдауға бағытталған ұйымдастырушылық шешімдер, бір-бірімен тығыз байланысты ережелер жиынтығынан түратын негізгі қорларды жөндеу және техникалық қызмет көрсету жүйесі қалыптасады.

Техниканы жөндеу және негізгі қорларға қызмет көрсету жүйесінің негізгі түріне құрал-жабдықтарды жоспар бойынша алдын ала жөндеу жүйесі жатады.

Құрал- жабдықтарды жоспарлы түрде алдын ала жөндеу жүйесі құрал-жабдықтарды жөндеу, бақылау, күтуге байланысты шаралар жиынтығын қамтиды. Осы жүйенің құрамына құрал-жабдықтарды күту, жөндеуаралық қызмет көрсету, мерзімді жөндеу операциялары кіреді. Құрал-жабдықтарды күту техникалық қолдану ережелерін сақтау, жұмыс орнында еңбек тәртібін қолдау үшін сүрту, майлау, жұмыстарын жүргізу кіреді. Бұл жүмыстардың барлығы дерлік өндірістің дұрыс ұйымдастырылуы арқылы жүзеге асырылады.

Жөндеуаралық қызмет көрсету жұмыстары құрал-жабдықтардың күйін бақылау үшін жұмысшылар оларды пайдалану тәртібін қадағалау арқылы механизмдерді өз уақытында реттеу, бұзылған ұсақ бөліктері мен бөлшектерін жөндеу жұмыстарын жүргізіп отыруы тиіс. Мұндай жұмыстарды жөндеу қызметінің кезектегі жұмысшылары орындайды. Олар құралдардың үздіксіз қызмет етуін қамтамасыз ету үшін түскі үзілісте немесе жұмыстан тыс уақытта тазалап, күтіп, сүртіп және жөндеудің ұсақ түрлерін орындап отырады.

Агрегаттардың жұмыс істеуін қалпына келтіру үшін орындалатын ағымдық жөндеужөндеудің көлемі жағынан ең қарапайымтүрі болып саналады. Оған машинаның жеке бөлшектері мен бөліктерін, түйіндерін қалпына келтіруге бағытталған жөндеу, алмастыру және жинау жұмыстарын жатқызуға болады.

Орташа жөндеудің ағымдық жөндеуден айырмашылығы ауыстыруға арналған бөлшектердің саны мен көлемінің көбірек болуымен ерекшеленеді.

Күрделі жөндеугеагрегаттың кез келген бөліктерін ауыстыра отырып толық қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу жатады.

Жөндеу циклы дегеніміз барлық алдын ала бекітілген жөндеу және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын анықталған тәртіп бойынша құрал-жабдықтардың ең төмен қайталанатын пайдалану мерзімін айтады.

Жөндеу аралық мерзім дегеніміз екі кезекті жоспарлы жен-деу арасындағы кұрал-жабдықтардың жұмыс істеу мерзімін көр-сетеді.

Байқау аралық мерзім дегеніміз жоспар бойынша екі қатар келетін кезекті жөндеу және байқау арасындағы құрал-жабдықтың жұмыс істеу мерзімін айтады.

Жөндеу мерзімі дегеніміз құрал-жабдықтың жөндеуде тұрған уақытын айтады.

Кәсіпорынның жөндеу қызметінің нәтижесін сипаттайтын негізгі техника-экономикалық көрсеткіштергеқұрал-жабдықтың әрбір түрін жөндеу және техникалық қызмет көрсетудің толық өзіндік құны мен еңбек сыйымдылығы, жалпы жұмыскер санындағы жөндеуші персоналдың үлес салмағы және тағы басқа көрсеткіштер жатады.

Құрал-жабдықтарды жөндеу және оларга техникалық қызмет көрсету жұмыстарын ұйымдастыруды жетілдіру жолдары.

Оларды жетілдірудің негізгі жолдарына:

  • Құрал-жабдықтарды жөндеуді орталықтандыру және мамандандыру жатады. Мысалы, станоктар, машиналар және механизмдерді күрделі жөндеуден өткізу үшін мамандырылған зауыттардың өндірістік қуатын артгыру, машина және механизмдерді дайындаушы кәсіпорындардың құрал-жабдықтарды фирмалық жөндеуін әрі қарай дамыту;

  • Кәсіпорындарды орталықтандырылған түрде бөліктермен, бөлшектермен жабдықтай отырып, олардың жөндеу және қайта жөндеу-жинау жұмыстарымен айналысуына жағдай жасау;

  • Кәсіпорындарда құрал-жабдықтарды жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсетуді орталықтандыру;

  • Жөндеу жұмыстарын жүргізуде озық үлгідегі әдістерді пайдалану және механикаландыру жұмыстарын жүргізу;

  • Жөндеуші мамандар жұмыстарын ұйымдастыруды жетілдіру және олардың біліктілігін көтеру және тағы басқа іс-шаралар кешені жатады.

Энергетика шаруашылығын ұйымдастыру

Өнеркәсіп кәсіпорындары инновациялық техникамен, технологиямен толық жарақтанып жатқан жағдайда және барлық өндірістік үрдістер механикаландырылып, автоматтандырылып жатқан жағдайда түрлі Энергия көздеріне, еңбектің қуатпен қамтылуына және еңбек жағдайын жақсартуға байланысты шараларды жүзеге асыруда Электр қуатына деген қажеттілік үздіксіз артып отырады.

Энергетика шаруашылығының негізгі мақсатына осы қызметті атқарушы жұмыскерге аз шығын жұмсай отырып, кәсіпорынның барлық бөлімшелерін қажетті Энергетикалық ресурстардың түрлерімен қамтамасыз ету қажеттігі туындайды.

Оған қол жеткізу үшін келесі міндеттер шешілуі тиіс:

  • Жалпы өндіріске кажетті Энергияны сырттан қабылдау және кәсіпорынның өз күшімен өндірілетін Энергияның жеке түрлерін іздестіру;

  • Кәсіпорынның барлық белімшелерінде Энергияны ұтымды пайдалануды ұйымдастыру және жоспарлау;

  • Энергетикалық құралдарды ұтымды пайдалануды бақылау, оларға техникалық қызмет көрсету және жөндеуді бақылау;

  • Энергоресурстарды үнемдеу шараларын дайындау және жүргізу.

Кәсіпорынның Энергетика шаруашылығының құрамына жылу күштік, газ, әлсіз токты, Электр жөндеу бөлімшелеріжатады.

Жылу күштік бөлімшесі қазандық, компрессорлық қондырғы, жылу және канализациялық, су қондырғысын қамтиды.

Электр күштік бөлімше төмендетуші подстанция, Электр желілері мен трансформаторлық қондыргыларды біріктіреді. Оның негізгі міндеті - кәсіпорынның барлық бөлімшелерін Электр Энергиясымен қамтамасыз ету болып табылады.

Газ бөлімшесі өндірістік желдеткішті көміртекті және ацетилин станцияларды, тоңазытқыш қондырғыларды, газ топтарын қамтиды. Ол өндірісті көміртекпен, ацетиленмен және тағы басқа газдармен қамтамасыз етеді.

Әлсіз токты бөлімшеге зауыттың телефон және радио тораптар байланысы жатады. Бұл берілген тәртіпте кәсіпорынның тоқтаусыз жұмыс істеуіне ықпалын тигізеді.

Құрал-сайман шаруашылығын ұйымдастыру

Өнеркәсіптік өнім өндіру кезінде құрал-саймандар, жабдықтар және тағы басқа көптеген технологиялық құралдар кеңінен пайдаланылады. Кәсіпорында көп бөлшекті, конструкциясы күрделі бұйымдарды өндіру үшін мындаған типтік размерлі құрал-саймандарды қолданады. Технологиялық жабдықтардың сапасына, оларға қойылатын талаптарға байланысты өндірілетін өнімнің техникалық деңгейі, өндірістің тиімділігі анықталады.

Құрал-сайман шаруашылығының негізгі міндеттеріне кәсіпорынның жабдықтарға қажеттілігін анықтау, құралдарды пайдалануды және оларды қолдану кезінде техникалық бақылауды ұйымдастыру, құрал-сайман шаруашылығын жетілдіру шараларын дайындау жатады.

Кәсіпорынның құрал-сайман шаруашылығының құрамына құрал-сайман бөлімі, технологиялық жабдықтарды дайындау цехтары, орталық құрал-сайман қоймасы, цехтың құрал-сайман тарату қоймалары, құрал-саймандарды қайрау, жөндеу шеберханалары кіреді.

Өнеркәсіптік кәсіпорындарда құрал-саймандарды ұйымдастыруды жетілдіру кәсіпорынның тиімділігін арттырудың негізгі көзі болып саналады. Мысалы, оларға:

  • Ең бірінші, стандарттық құрал-сайман өндірісінің орталық- тандыруы және мамандануы;

  • Арнайы жабдықтардың унификациясы және стандартизациясы;

  • Кәсіпорында технологиялық жабдықтарды қайта құ-ру не- месе қалпына келтіру бойынша жұмыстарды кеңейту;

  • Жұмыс орындарын жабдықтармен қамтамасыз ету әдістерін және прогрессивті жүйелерді қолдануды кеңейту;

Көлік шаруашылығын ұйымдастыру

Кәсіпорында өндірістік үрдісті жүргізу үшін шикізат, матери-алдар, құраушы өнімдер пайдаланылады. Жалпы өндіріс үрдісінде кеп мөлшердегі еңбек құралдарын пайдалану үшін оларды тасымалдаумен қатар, өнім дайын болғаннан кейін оны кәсіпорыннан сыртқа тасып әкету қажет.

Міне, осындай барлық тиеу-түсіру, тасымалдау жұмыстарын кәсіпорынның көлік шаруашылығы атқарады.Ал оны ұйымдастыру деңгейі өндірістің техника-экономикалық көрсеткіштеріне елеулі ықпал етеді.

Көлік шаруашылығының ұйымдастырылу дәрежесі өндірістік циклдың ұзақтығына және соның нәтижесінде аяқталмаған өндірістегі айналым қаражаттарының мөлшеріне тигізетін әсері жоғары.

Кәсіпорынның көлік шаруашылығының міндетіне барлық тиеу-түсіру және тасымалдау жұмыстарын уақтылы, сапалы және үнемді жүргізу жатады.

Кәсіпорында пайдаланылатын көлік қызмет көрсету аумағына қарай:

  • Сыртқы,

  • Цехаралық,

  • Цехішілік.

Кәсіпорынның көлік шаруашылығы барлық тиеу-түсіру және тасу жұмыстарының сипатын айқындайтын кешенді технология негізінде ұйымдастырылуы тиіс.

Кәсіпорында өндірілетін өнім сипатына, оның дайындалу технологиясына қарай түрлі тасымалдау құралдары қолданылады:

Рельсті және рельссіз жүретін Көлік, автомобильдер, конвейерлер және транспортерлер, түрлі арбалар, лифттер, лебедкалар, аспалы жолдар, крандар, тасу құралдары және т.б.

Кәсіпорындағы тасымалдау жұмыстарының көлемі көлік құ-ралдарына деген қажеттілік және жүктерді тасымалдауды ұйым-дастыру жүк айналымы мен жүк ағынының есебі негізінде анық-талады.

Жүк айналымы деп белгілі бір уақыт аралығындағы белгілі бір болімше шеңберінде тасымалданатын жүктің жалпы санын атайды.

Жүк ағыны дегеніміз - белгілі бір уақыт аралығындағы тиеу-түсіру пунктерінің арасындағы бір бағыттағы тасымалданатын жүк саны. Жүк ағындарының жиынтығы кәсіпорынның жүк ай-налымын құрайды.

Жүк ағынының кестесін тиімді құру деңгейі Көлік қызметтері-нің үнемділігіне ықпал етеді. Жүк ағынының кестесін құруда не-гізііісіі жүкті тасымалдаудың ең қысқа жолдары, қарама-қарсы та-сымалды болдырмау, көлік құралдарының бос жүрмеуін болдыр-мау шаралары қарастырылады. Ірі кәсіпорындарда жүк ағынының кестслері әкономико-математикалық әдіс бойынша және компью-терлік технология көмегімен атқарылады.

Жүк ағыны әр уақытта әртүрлі болуы мүмкін. Осыған орай тәуліктік жүк ағынының максималды мөлшері былай анықталады:

Q =Q R /D

Мұнда:

Qx- жылдық жүк ағыны;

RH- жүк ағынының біркелкісіздік коәффициенті;

DT-6ip жылдағы жұмыс күнінің саны.

Әрбір цех пен қойманың жүк ағыны мәліметтері бойынша кәсіпорынның жалпы жүк айналымының шахматты кестесі жа-салады, осының негізінде цехтардың, қоймалардың және жалпы кәсіпорынның жүк ағындарының кестесі жасалады. Шахматты кес-теде тігінен жүкті тиеуші-цехтар мен қоймалар, ал колденеңінен жүкті қабылдаушы-цехтар мен қоймалар көрсетіледі.

Жүк айналымы мен жүк ағындары негізінде көлік құралдарына деген қажеттілік және тиеу-түсіру жұмыстарының келемі есепте-леді.

Цехаралық тасымалдар маятниктік және сақиналық жүйе бойынша ұйымдастырылады.

Маятниктік жүйе 2 тұрақты пункт арасындағы жүк тасыма-лы үшін қолданылады. Сақиналық жүйе бойынша тасымалдауда жүкті бір пункттен келесі бір пунктке кезекпен тасып, ең соңында бастапқы пунктке қайта оралу негізінде бірнешс пункт арасында тасымал жүргізіледі.

Көлік құралдарының қозғалыс маршруттары құралдар уақыт бойынша да, жүк кетергіштігі бойынша да неғұрлым толық қолданылуы қамтамасыз ететіндегідей деңгейде ұйымдастырылуы қажет.

Көлік шаруашылығын жетілдірудің басты бағыттары болып барлық тиеу-түсіру, тасымалдау жріыстарын автоматтандыру, ме-ханикаландыру негізінде қол еңбегін мейлінше азайту, жүктердің жеткізілу пунктерін автоматты түрде белгілеу жүйелерін қолдану, өнеркәсіптік манипуляторларды қолдану, теледидар арқылы басқарылатын көлік құралдарын қолдану болып табылады.

Сыртқы және цехаралық колік жұмысын кәсіпорынныц Көлік бөлімі басқарады. Белім көліктің барлық түрлері бойынша тиеу-тұсіру, тасу жұмыстарын жоспарлайды, кәсіпорынға әкелетін жүктердің тасылуын қамтамасыз етеді, цехаралық тасымалды және дайын енімнің кәсіпорыннан сыртқа әкетілуін ұйымдастырады.

Цех ішілік Көлік әдетте цехтің жоспарлы-диспетчерлік бюро-сының қарауында болады.

Көлік қызметін техника-экономикалық жоспарлау бес жылдық жоспар құрудан және тоқсандарға бөлінген жылдық жоспар жа-саудан тұрады. Жоспарды құру барысында жук айналымы мен жүк ағындары есептеледі, тиеу-тасу жұмыстарының келемі, көлік құралдарына, материалдарға, жұмыс күшіне, еңбекақы қорына және тағы басқаға қажеттілік есептелінеді. Осының негізінде Көлік және тасымал жұмыстарының өзіндік құнын калькуляциялау және шығындар кестесі жасалынады.

Кәсіпорынның Көлік шаруашылығын ұйымдастыру деңгейі мыпадай жалпылама керсеткіштермен сипатталады: Көлік шаруа-іпылығы жұмысшыларының жалпы өндірістік және қосалқы жұ-мысшылар санындағы орташа үлес салмағы, көлік құралдарының косіпорынның жалпы құралдары құлындағы орташа үлес салмағы, колік кұралдарының жүк кетергіштік уақыты және тағы басқа керсеткіштер.

Мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін кәсіпорын заңды тұлға болып саналады. Заңды тұлға – бұл төрт тән белгісі бар ұйым:

  • Жекеленген мүлікке ие болады;

  • Өзінің мүлігі бойынша міндеттерге жауап береді.

Заңды тұлға өзіне тиісті барлық мүліктердің міндеттеріне жауап береді; қызметтің келесідей барлық түріне келісім шарт түзуге құқылы болады: қарыз, жалдау, сату-сатып алу; содта арызданушы және жауапты болуы мүмкін.

Заңды тұлғаның банкте дербес бехгалтерлік теңгерімі, есептік және басқа да есепшоты болады.

Қызмет мақсатына байланысты заңды тұлғалар келесі екі категорияның біріне қатысты болады: коммерциялық (сауда) және коммерциялық емес.

Коммерциялық ұйымдардың мақсаты пайда табу болып саналады. Олар шаруашылық жүргізетін серіктестік және ұйым формасында құрылады (сурет 2.1).

Коммерциялық емес ұйымдардың мақсаты болып пайда табу саналмайды және алынған пайданы қатысушылар арасында бөлмейді. Осындай ұйымдарға келесілер жатады: әртүрлі қоғамдық немесе діни бірлестіктер, қайырымдылық қорлары, тұтынушы кооперативтері, коммерциялық емес әріптестіктер және басқа да ұйымдар. Соынмен қатар коммерциялық емес ұйымдар кәсіпкерлік қызметті жүргізуі мүмкін. Осындай ұйымдардың табысы оның қатысушылары мен құрылтайшылары арасында бөлінбейді, олардың жарғылық мақсаттыр үшін қолданылады.

Кәсіпорын меншіктің әртүрлі формаларына жатқызылады. Заңнама меншіктің келесідей формаларына рұқсат етеді: жеке, мемлекеттік, бірлескен кәсіпорын, қоғамдық ұйымдар және бірлестіктер, аралас.

Меншіктің барлық түрлері бар және ұйымдық-құқықтық формалы кәсіпорындар әртүрлі коммерциялық қызметтерді жүзеге асыра алады. Қызметінің негізгі аясы бойынша кәсіпорындар келесідей топтарға бөлінеді:

  • Төлемге қызмет көрсететін кәсіпорын. Оларға келесілер жатады: шеберханалар, аудиторлық және заңды фирмалар және т.б.;

  • Делдалдықпен (сауда, биржалық қызмет) және инновациямен (зерттеу, әзірлеу және «ноу-хау») айналысатын кәсіпорын;;

- кредит, лизинг, жалға беру, сенім қорымен айналысатын кәсіпорын мен мекемелер.

Қызметтер ұсынатын көліктік кәсіпорындар мен фирмалар үшін оларды әртүрлі топқа жатқызудың белгісі болып өндірілетін өнімнің немесе қызметтің көлемі табылады. Жабдықтаушы-өткізуші және сауда фирмалары үшін – өткізудің айналымы. Алайда, заманға сай жағдайда кәсіпорынның өлшемін сипаттайтын қолайлы белгі болып ондағы қызметкерлер саны саналады.

Заңды тұлғалардың шаруашылық жүргізуінің ұйымдық-құқықтық формалары

Нарықтық экономика кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық формаларының әжептеуір әртүрлілігі болжамдайды. Бұл мынадай түсіндіріледі, елдің ұлттық шаруашылығының бір бөлігі жеке азаматтарға тиісті, солар жеке немесе ұжым түрде басқарады, ал екінші бөлігін мекемелік үкімет немесе ұйымдардың билігінің жергілікті ұйымдары басқарады. Одан басқа, кез келген мемлекетте бизнес әртүрлі ауқымда жүзеге асырылады.

Бірлескен қызметті жүргізу үшін жеке және заңды тұлғалардың бірігуі тартылатын ресурстардың көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Осымен бірге бірнеше иесі бар кәсіпорында шешімді қабылдаудың жылдамдығы жоғары емес.

Шаруашылық жүргізетін серіктестік және ұйым – бұл құрылтайшыларының (қатысушылары) үлесі (салымдары) жарғылық (қоймалық) капиталға бөлінген коммерциялық ұйымдар. Құрылтайшылар салымы есебінен құрылған мүлік, сонымен қатар серіктестік немесе ұйым қызметінің процесінде алынған және өндірілген мүлік оның меншік құқығы болып саналады.

Шаруашылық жүргізетін серіктестер мен ұйымдардың көптеген ортақ белгілері бар, олардың басты айырмашылығы бар мынада, яғни серіктестік – бұл капиталдардың біріктірілуі.

Шаруашалық жүргізетін серіктестік – толық серіктестік және сенімді серіктестік (коммандинттік серіктестік) формасында құрылады.

Шаруашылық жүргізетін серіктестіктің қызметінің қағидаларын анықтайтын негізгі құжат болып құрылтайшы келісім шарт табылады.

Шаруашылық жүргізетін серіктестіктің мүлігіне салым болып қаражат, қағаздар, құнды қағаздар, қаржылық құны бар басқа да заттар немесе мүліктік құқықтар, немесе басқа құқықтар саналады.

Шаруашылық жүргізетін серіктестіктің мүшелерінің серіктестік ісін басқаруда қатысуына, серіктестік қызметіне қатысу құқығы бар. Алынған табыс қоймалық капиталдағы үлеске мөлшерлес түрде ортақтастар арасында бөлінеді. Серіктестің жойылуы жағдайында оның қатысушылары несие берушілермен есептескеннен кейінгі қалған мүліктің бір бөлігін алады.

Толық серіктестіктің қатысушылары болып және серіктестіктердегі толық мүше болып жекеленген кәсіпкерлер және (немесе) коммерциялық ұйымдар саналады.

Толық серіктестікте барлық қатысушылар өздері құрған фирманың ісі бойынша өздерінің құқықтары мен міндеттері бойынша тең құқықты болып саналады. Сәтсіздік жағдайында олар жеке меншік мүлігін тәуекелге қояды. Толық мүшелер ортақ түрде біріккен жауапкершілікке ие болып саналады. Ортақ жауапкершілік кімге жаза тартылғандығына қарамастан барлығыны жауапты болып саналады. Біріккен жауапкершілік мынаны білдіреді, яғни егер серіктестіктің мүлігі қарызды өтеуге жеткіліксіз болса, онда мүшелер мүліктеріне қатысты ғана мөлшерелес салымға жауап беретіндігін.

Сенімді серіктестік (коммандиттік серіктестік) деп мынадай серіктестік аталады, яғни мұнда серіктестіктің міндеті бойынша өзінің мүлкіне (толық мүшелер) жауап беретін және серіктестік атынан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын қатысушымен бірге бір немесе бірнеше қатысушы-салымшылар (коммандисттер болады) болады, олар өздері салған салымдардың шамасының шегіндегі, серіктес қызметімен байланысты болған шығындарды алып келу тәуекелін тудырады және серіктестіктің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруына қытаспайды.

Салымшылар өздерінің салымдарына үйлесімді түрде түсетін пайдада үлесі болады.

Серіктестер формасында құрылған кәсіпорынның көптеген артықшылықтары болады:

  • Салыстырмалы қысқы мерзімде маңызды құралдарды топтастыру мүмкіндігі;

  • Әрбір толық мүше басқалармен тең түрде серіктестіктің атынан кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығына ие болады;

  • Толық серіктестіктер несие берушілер үшін қызығушылық тудырады, олардың мүшелері серіктестіктің міндеттер тбойынша шектелмеген жауапкершілікке ие болады;

  • Сенімді серіктестіктің қосымша артықшылығы болып олардың өз капиталын арттыру үшін салымшыларды тартуы табылады.

Кемшіліктері:

  • Толық мүшелер арасында сенімді қатынастар болуы керек;

  • Серіктестіктің әрбір мүшесі осы ұйымның міндеттері бойынша толық және ортақ шектелмеген жауапкершілікке ие болады, яғни банкрот болғанда әрбір мүше (коммандисттерден басқа) салымшыларға ғана емес, сонымен қатар жеке мүлікке де жауап береді;

  • Серіктестікті бір қатысушы ғана құрай алмайды.

Толық серіктестік ретіндегі мұндай ұйымдық-құқықтық форма украин кәсіпкерлігінің практикасында тіпті кездеспейді. Ол кәсіпкерлер арасында танымал, себебі серіктестіктің қарызы бойынша шек қоймайды. Осымен мемлекет серіктестер үшін ешқандай да жеңілдіктер ұсынбайды.

Шаруашылық жүргізетін ұйым акционерлік қоғам, жауапкершілігі шектелген немесе қосымша жауапкершілігі бар қоғам ретінде құрылуы мүмкін.

Жауапкершілігі шектелген қоғам (ЖШҚ) болып жарғылық капиталы нақты құрылтайшылық құжаттарымен үлестерге бөлінген қоғамның бір немесе бірнеше тұлғалары құрайтын қоғам табылады; жауапкершілігі шектелген қоғамның қатысушылары міндеттері бойынша жауап бермейді және салған салымының құнының шегіндегі қоғамның қызметімен байланысты шығындардың тәуекелін тудырады.

Жауапкершілігі шектелген қоғамның жоғарғы органы болып оның қатысушыларының жалпы жиналысы табылады. Ұйымның қызметін ағымдық басқару үшін атқарушы орган құрылады, ол да қатысушылар ішінен таңдалмайды.

Жауапкершілігі шектелген ұйым болып өзінің жұмысында мүшелерінің міндетті түрде қатысуын қажет ететін капиталдардың бірігуінің әртүрлілігі саналады.

Жауапкершілігі шектелген ұйымның артықшылығы болып келесілер табылады:

  • Салыстырмалы қысқа мерзім ішінде әжептеуір құралдарды топтастыру мүмкіндігі;

  • Бір ғана тұлға құруы мүмкін;

  • Қызметте заңды да, жеке де тұлға қатыса алады, мұнда коммерциялық және коммерциялық емес түрде де;

  • Ұйымның мүшелері қоғамның міндеттер бойынша шектелген жауапкершілікке ие болып саналады.

Кемшіліктері:

  • Жарғылық капитал заңнамамен орнатылған шамадан аз болмайды;

  • Ұйым несие берушілерді қызықтыра қоймайды, оның мүшелері шектелген жауапкершіілкке ие болып табылады;

  • ААҚ қатысушыларының саны елуден аспауы керек.

Жауапкершілігі шектелген қосымша жауапкершілігі бар қоғамның (ҚЖА)

Айырмашылығы мынадай, яғни оның ұатысушылары салымдарының еселі құны өлшеміндегі мүліктерімен қоғамның міндеттері бойынша жауапкершілікке ие болып саналады. Бір қатысушының банкрот болуы жағдайында оның жауапкершілігі қалған қатысушыларының арасында бөлінеді. Толық серіктестіктен айырмашылығы жауапкершіліктің көлемі шектелгендікте. Жауапкершілік салымның үш еселі өлшемімен шектелуі мүмкін.

Жоғарыда аталып өткен барлық ұйымдық-шаруашылық формалары кішігірім кәсіпорындарға тән олады. Ірі көліктік кәсіпорындар үшін капиталды тартудың басқа формасы қажет етіледі, ол қоғамның тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Әлемнің көптеген елдерінде осындай кәсіпорындар акционерлік қоғам формасында құрылады.

Акционерлік қоғам (АҚ) деп жарғылық капиталы нақты акциялар санына бөлінген қоғамды айтады; ационерлік қоғамның қатысушылары (акционерлер) оның міндеттеріне жауап бермейді және өзіне тиісті акциялардың құнының шегіндегі қоғамның қызметімен байланысты шығындар қаупін тудырады.

Акцинерлік қоғамның ашық және жабық түрі бар.

Өзіне тиісті акцияларды басқа акционерлердің келісімінсіз мүлкін алатын қатысушылары бар акционерлік қоғам ашық акционерлік қоғам (ААҚ) деп аталады.

Акциялары құрылтайшыларының ғана немесе алдын ала анықталған тұлғалардың шеңберінде бөлінетін акционерлік қоғамды жабық акционерлік қоғам (ЖАҚ) деп атайды.

АҚ жарғылық капиталы акционерлер қол жеткізген қоғамның акцияларының нақты құнынан құралады.

Акционерлер АҚ амалдарын тікелей бақылай алмайды. Олар директорлар кеңесін таңдайды, ал ол акционерлер тарапына пайда алу мақсатында АҚ шаруашылық қызметін басқарады.

Басқарудың жоғарғы органы болып оның акционерлерінің жалпы жиналысы саналады.

Акцияға келетін пайда дивидент деп аталады.

АҚ артықшылығы:

- қатысушыларының шығуы кезінде қоғамның негізгі капиталының азаюының кепілдігі;

  • Үлкен капиталды шоғырландырудың мүмкіндігі;

  • Акцияны жылдам иесіздендірудің мүмкіндігі, ол туындайтын жағдаятқа сәйкес қызметтің бір саласынан басқа саласына үлкен капиталдың тіптік кенеттен құбылу мүмкіндігін береді;

  • Қоғамның банкроттық (тоқырау) жағдайында акционерлердің (өзінің акциясы шегінде) жауапкершілігінің шектелгендігі

Кемшіліктерге акционерлік қоғамды басқаруда акцияның барлық иегерлерінің қатыса алу мүмкіндігінің болмауы жатқызылады, шынайы бақылау үшін акцияның 20% артығына ие болу керек. Жеке тұлғалардың қолына үлкен көлемді капитал топтастырылады, ол акционерлер тарапынан бақылау мен тиісті заңнамалардың болмауы жағдайында оның қолданудағы біліксіздікке және теріс пайдаланушылыққа алып келеді.

Өндірістік кооператив – бұл кооператив мүшлерінің жеке еңбектік қатысуы негізінде құрылған бірлескен өндірістік немесе шаруашылық қызмет үшін азаматтардың ерікті түрде бірігуі мен олардың мүліктік жарналарының бірігіу.

Өндірістік кооперативтік серіктестік пен қоғамнан басты айырмашылығы келесі, яғни ол физикалық тұлғалардың ерікті бірігуі негізінде құрылған, яғни жеке кәсіпкер болып саналмайтын, бірақ кооператив қызметінде жеке еңбегімен қатысатын азаматтардың бірігуі. Осыған сай кооперативтің әрбір мүшесі өзінің мүліктік салымының көлеміне тәуелсіз түрде кооперативтің ісін басқаруда бір дауысқа ие болады. Кооператвите алған пайданы саны бес адамнан аз болмайтын мүшелерінің еңбектік түрде қатысуын есепке ала отырып бөледі;

Кооперативтың артықшылықтары:

  • Пайданы еңбек салымына мөлшерлес түрде бөледі, ол еңбекке кооператив мүшелерінің ақ ниетте қызығушылығын тудырады;

Заңнама кооперативтің мүшелерінің санын шектемейді, ол кооперативке кіру кезінде жеке тұлғаларға үлкен мүмкіндіктер ұсынады;

  • Барлық мүшелерінің тең құқылы болуы, яғни олардың әрқайсысының бір дауысы болады.

Кооперативтің негізгі кемшіліктері:

  • Кооперативтік мүшелерінің саны бестен аз болмайды, құру бойынша олардың мүмкіндігін азайтады;

  • Кооперативтің әрбір мүшесі оның қарызы бойынша шектелген жауапкершілікке ие болады.

Біртұтас кәсіпорын формасында тек мемлекеттік және муниципальдық кәсіпорын құрылады.

Біртұтас кәсіпорынның көптеген ерекшеліктері болады:

  • Мүліктің иесі болып құрылтайшы, яғни мемлекет табылады;

  • Біртұтас кәсіпорынның мүлігі бөлінбейді, яғни салым, үлес, жара бойынша ешқандай да жағдай кезінде бөлінбейді, соның ішінде біртұтас кәсіпорынның жұмысшылары арасында;

  • Кәсіпорынның басшылығында жеке басқарушы отырады, оны мүліктің иесі тағайындайды.

Біртұтас кәсіпорын екі категорияға бөлінеді: шаруашылық ісін жүргізетін құқық негізінде құрылған біртұтас кәсіпорын; жедел басқару құқығы негізінде құрылған біртұтас кәсіпорын.

Шаруашылықты жүргізу құқығы – бұл заңмен немесе басқа да құқықтық актілермен орнаытлған шекте меншік иесінің мүлігін ие болу және қолданатын кәсіпорынның құқығы.

Жедел басқару құқығы – бұл заңмен орнатылған шектегі, қызметінің мақсатына, меншік иесінің тапсырмасына және мүліктің қызметіне сай өзіне бекітілген меншік иесінің мүлігіне иелену және қолданатын кәсіпорынның құқығы.

Шаруашылықты жүргізу құқығы жедел басқару құқығынан кеңірек болады, яғни шаруашылық жүргізу құқығы негізінде жұмыс істейтін кәсіпорын басқаруда әжептеуір дербестікке ие болады.

Мүлікке ие болудағы кейбір шектеулерге қарамастан біртұтас кәсіпорынның өндірістік және шаруашылық жүргізу қызметінде құқықтары үлкен болады.

Кәсіпорынның құрылу және жойылу реті

Жаңа кәсіпорынның құрылуы сәйкес шешімді қабылдаудан басталады. Кәсіпорынды құру жайлы шешімді капиталдың иесі қабылдайды. Егер бір тұлғаның капиталы жеткіліксіз болса, онда бизнес бойынша серіктестерін іздеу жүзеге асырылады. Кәсіпорынды құру жайлы шешімді қабылдау сәтінен бастап заңнамамен анықталатын шарттарды орындау қажеттігі туындайды.

Бірінші қадам болып құрылтайшыларды жинау саналады, мұнда құрамға кіретін заңды және жеке тұлғалардың тобы құрылады.

Құрылтайшылардың жиналысында кәсіпорынның жарғысы бекітіледі, мұнда келесілер көрсетіледі: кәсіпорынның аты мен заңды мекен-жайы, ұйымдық-құқықтық форманы, қызметтің негіщгі мақсаттарын анықтайды, жарғылық капиталдың, құрылтайшылардың құқығы мен міндеттерінің шамасын көрсетеді, фирманың құрылымы мен оның қызметін басқару ретін, жойылу ретін көрсетеді.

Кәсіпорынды тіркеуді айлық мерзімде кәсіпорынды құру орны бойынша аудандық немесе қалалық әкімшілік жүргізеді. Кәсіпорынды тіркеу үшін құрылтайшының арызын, кәсіпорынның жарлығын, кәсіпорынды құру жайлы шешім немесе құрылтайшылардың келісім шарты, мемлекеттік баж салығын төлеу жайлы куәлік ұсынылады. Тіркелген кәсіпорынды заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік ресстріне кіргізіп қояды. Кәсіпорын тіркеу жайлы уақытша куәлікті алады.

Кәсіпорынды мемлекеттік салық әкімшілігінде міндетті түрде тіркейді, банкте есепшот ашады. Заңмен орнатылған жағдайда қызметтің жеке түрлерін жүзеге асыру құқығына лицензияны рәсімдейді.

Құрылған кәсіпорынның уаұыты шектелмейді, мына жағдайларды есепке алмағанда, яғни кәсіпорын нақты мақсатына жету үшін жасайтын және қо жеткізгеннен кейін жарғыда ескертілген мерзімге оны тарататын жағдайларды есепке алмағанда.

Басқа барлық жағдайда қызметтің тоқтатылуы оның иелерінің өз еркімен келісуі бойынша немесе сот органдарының шешімі бойынша жүргізіледі.

Кәсіпорынды тарату жайлы баспа органдарында хабарлама жариялайды. Несие берушілерге наразылығын білдіру үшін мерзім береді.

Тарату кезінде нақты реттілікті сақтайды. Бірінші кезекте еңбек ақы жайлы қызметкердің бүкіл наразылығын қанағаттандырады, сосын кәсіпорынның салық органдары алдындағы міндеттерін, несие берушілердің мүліктік және қаржылық наразылықтарын қанағаттандырады.

Таратудың ерекше түрін болып банкроттық саналады. Банкрот болды деп несие берушілердің мүліктік және қаржылық наразылығын қанағаттандыруға қабілетсіз кәсіпорындарды айтады. Кәсіпорынды таратуды төрелік соттық шешімі бойынша жүргізеді. Жеке тұлғаны таратуды аяқталған деп санайды, ал заңды тұлғаны – осы жазбаны заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік ресстріне енгізгіннен кейін жоқ болуын айтады.

Ұсынылатын әдебиетер:

Негізгі әдебиет: 1168-182, 2304-305, 3121-150, 4151-156.

Қосымша әдебиет: 457-65.

Бақылау сұрақтары:

  1. Қызметінің мақсатына байланысты заңды тұлғаларды қандай категорияға жатқызады?

  2. Коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарға анықтама беріңіз.

  3. Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық формаларын атап өтіңіз.

  4. Кәсіпорынның түзілуінің процесін суреттеп өтіңіз.

4 - дәріс тақырыбы. Көлік қызметінің сапасы

Автокөліктік көлікта және оларға қызмет көрсететін саллардағы шаруашылықтық өзара қатынастардың отандық практикасы орталықтан жоспарлау жүйесі негізінде құрылды. Автокөліктік кәсіпорын (АК) нұсқаулық органдардан тасымалданатын жүктердің міндетті клиентура мен номенклатурасының тізімін алады, ал клиентура – бұл қызметтерін қолданатын АК тізімі.

Қатаң орталықтандырылған жоспарлау бәсекелестің жойылуына алып келеді. Мұндай жүйеде автокөліктік кәсіпорынның өз шарттарын тұтынушыларына айту мүмкіндігі болды, ешқандай да күшті жұмсамай ақ. Көптеген кәсіпорындар тек тасымалдық амалдарды ғана орындайды, басқа қызметтерде тұтынушылардың қажеттіліктеріне қызықпай ақ.

«Өндіруші-тасымалдаушы-тұтынушы» көліктік тізбегінің келесідей кемшіліктері болады:

  • Көлік кәсіпорын мен оның қызметтерін тұтынушылар арасында өзара әрекеттесу деңгейінің төмендігі;

  • Тараптар мүддесінің әжептеуір бытыраңқылығы;

  • Тасымалдау процесінің қатысушылары арасындағы ақпараттық байланыстың деңгейінің төмендігі;

  • Көлік кәсіпорнына қызмет ететін негізгі бекеттердегі жүк бірліктерінің (контейнер) әжептеуір бос қалуы;

  • Жіберу орны және бағытталған жерге келіп түсу уақыты жайлы тұтынушыға ақпарат берудің мүмкінсіздігі; құжат айналымының жетілдірілмеген жүйесі және т.б.

Жоспарлық бастаманың әлсіздену шарасы бойынша ел экономикасының нарықтық қатынастарға өту қажеттілігі туындады. Қазақстан экономикасының нарық жағдайында жұмыс істеуі автокөлік көлігінің алдына нарықтық экономикаға бейімделу бойынша көптеген мәселелерді қояды. Нарықтық экономика жағдайында автокөліктің жұмыс істеуінің тән белгілері болып келесідей әділетті жағдайлар саналады:

  • Автокөлік көлік мен оның қызметтерін тұтынушылардың жұмысына жаңа экономикалық жағдай жасау;

  • Көлік қызметінің нарығын қалыптастыру;

  • Автокөлік кәсіпорны мен көліктің әртүрлі түрлері арасында бәсекелестікті күшейту.

Нарықтың талаптарын есепке алмай ақ ешқандай да кәсіпорын қалыпты дамымайды. Нарық жағдайында жұмыс істейтін кез келген көлік кәсіпорнының түпкілікті мақсаты болып тұтынушыға қажет қызметтерді өндіру негізінде табыс табу саналады.

Автокөліктік сала меншікті жекешелендіруді көзқарасынан ең бір қол жетімділердің бірі болып саналады. Жеке немесе ұжым болып қолдануға бір немесе бірнеше автокөлікті сатып алу күрделі де және қымбат та емес, ірі өндірістік кәсіпорын болғанына қарамастан.

Нарықтық экономикасы дамыған елдерге көлік кәсіпорындарының қызметінің мамандандырылуы тән, ол жеткізу процесінің әрбір жеке қатысушысына орын алатын көлік қызметінің нарығының бөлігінде аз шығын жағдайында қызмет көрсету сапасының деңгейін жоғарылатуына мүмкіндік береді. Мамандандыру ең алдымен кәсіпорындардың әртүрлі мәртебесінде туындайды, яғни қызмет түріндегі оларға тапсырылған рұқсат (лицензия) негізінде. Көлік кәсіпорны келесідей топтарға бөлінеді: көліктік, экспедициялық, ақпараттық-делдалдық, стивидорлық, лизингтік, жылжымалы құрамды және қондырғыны жөндеуі бойынша және т.б.

Қызмет түрі бойынша мамандандырудан басқа жергілікті мамандандыру да бар, яғни нақты өңірге қызмет көрсетуге құқылы болу, тасымалданатын жүктік түрі бойынша, маршруттың сипаты бойынша мамандандыру және т.б. Экспедициялық кәсіпорын тұтынушыларға қызмет көрсетумен бірге көліктік кәсіпорындарға қызмет көрсетеді, жүкті жеткізудің оңтайлы нұсқаларын ұсына отырып және орындай отырып.

Нарық жағдайында көлік кәсіпорнының нәтижелі қызметінің басты жағдайының бірі болып негізгі нарық түсініктері мен ережелерін білу және игеру саналады.

Ххғ 90ж дейін көлік қызметі түсінігі автокөлік көлік жұмысын жоспарлау мен ұйымдастыру практикасында қолданылмады. Көліктік-экспедициялық қызмет көрсету секілді қызмет аясы ерекшеленді, бұл түсінікті көпшілік мақұлдады.

Мұндай тәсілге өндірістік салалармен тең түрде автокөліктік көлікті дәстүрлі түрде қарастыру себепші болды. Автокөлік көлігінің өнімі ретінде тасымал, жүк айналымының көлемі және т.б. Жалпы көрсеткіштермен өлшенетін тек тасымал ғана қарастырылды. Осы көрсеткіштер автокөлік көлік кәсіпорнының қызметінің сапасын бағалаудың көрсеткіштері ретінде дәстүрлі түрде қолданылып отырды. Нарық жағдайында осы мәселеге жаңа қадам жасау қажет. Сондықтан қызмет секілді нарық түсінігін қарастыру қажеттігі туындайды.

Қызметке табиғаттың материясы мен күшінің өзгеруімен тікелей жұмыс жасамайтын және қоғамдық шаруашылықтың әртүрлі саласындағы еңбектің қоғамдық пайдалы қызметінде (ғылым, білім, денсаулықты сақтау және т.б.) Өрнектелетін ерекше тұтынушылық құнын тудыратын еңбектің барлық түрі жатқызылады. Қызметке болашақта материалдық өндірісте жұмыс жасайтын, еңбектің заттық түрде сезгіш, жекеленген өнімінде заттандырылайды (көлік, баланыс).

Райзберг Б.А. анықтамасы: «Қызмет – бұл жұмыс, қызмет түрі, оны орындау процесінде жаңа, бұрын болмаған материалдық-заттық өнім жасалмайды, алайда сонда бар, құрылған өнімнің сапасы өзгереді. Бұл заттар түрінде емес, қызмет формасында ұсынылатын игілік».

Осылайша, қызмет көрсетудің өзі күтіліп отырған нәтижені береді.

Көліктік қызметтер – бұл материалдық өндірістің аяқтаушы және (немесе) ескертілген процесі. Осы қызметтер тұтынушылардың сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған және қажетті технологиялық, қаржылық, құқықтық және ресурстық қамтамасыз етудің болуын сипаттайтын көлік қызметінің түр тармағы ретінде анықталады. Қызмет дегенде тек жүкті тасымалдау ғана емес, сонымен қатар тасымал процесінің қщұрамына кірмейтін, алайда дайындау және жүзеге асырумен байланысты кез келген амал еске түсіріледі.

Автокөлік көлігінің қызметіне келесілер жатқызылады:

  • Жүктерді тасымалдау, пошта;

  • Тиеу-түсіру қызметтері (арту, түсіру, қайта тиеу, қойманың ішіндегі жұмыстар);

  • Жүктерді сақтау қызметі;

  • Жалға беру, жалға алу жағдайында тасмыл құралдарын ұсыну;

  • Кәсіпорынды, ұйымды, халықты қамтамсыз ету бойынша жүктерді және т.б. Тасымалдау кезінде орындалатын көліктік-экспедитциялық және қосымша қызметтер;

  • Жаңа және жөнделген тасымалдау құралдарын қайта айдау.

Жүкті тасымалдау көлік қызметінің басты түрі болып саналады. Жүкті тасымалдау ережеге сай басқа қызметтің бір немесе бірнеше түрелін (тиеу, түсіру, жөнелту) ұсынумен бірге алып жүріледі.

Отандық және шет елдік тәжірибені талдау көлік қызметінің келесідей жіктелуін беруге мүмкіндік береді: көлік кәсіпорнының негізгі қызметімен өзара байланыс белгісі бойынша - тасмыалдық (яғни барлық түріне тасымалдау элементі кіретін) және тасымалдамайтын; қызмет ұсынылатын тұтынушы түрі бойынша, - сыртқы (көліктік емес кәсіпорын және ұйым ұсынатын) және ішкі (яғни автокөлік көлігінің немесе басқа көліктік саланың басқа кәсіпорны және ұйымы ұсынатын). Ішкі қызметке мысал болып тасымалдауды орындау үшін жөнелтуші кәсіпорынға жылжымалы құрамды көліктік кәсіпорынның ұсынуы табылады; осы қызметті ұсынумен байланысты қызметтің сипаты бойынша технологиялық, коммерциялық және ақпараттық және т.б. Көлік қызметіне сұраныс өңірде көліктің басқа түрлерінің дамуымен, олардың бірігу деңгейімен, көліктің әртүрлі түрлерінің тарифтерінің деңгейімен, көліктің әртүрлі түрлерінің кәсіпорындары тұтынушыларға ұсынатын қызметтің сапасымен анықталады.

Көлік қызметін ұйымдастыруда екі бағыт бақыланады:

  • Ұсынылатын қызмет ассортиментінің тұтынушылардың өзіндік ерекше талаптарына бейімделуі;

  • Сонда бар қызметтерді ең бір пайда түсіре отырып өткізу мақсатымен қажеттіліктер мен сұраныстарды белсенді түрде қалыптастыру (жүйеленген қызметтерді ұсыну).

Экономиканың дамуы шарасы бойынша көлік қызметінің үлестік салмағы ережеге сай өседі немесе тұрақтанады. Осыған ұқсас жағдай барлық елдерде бақыланады.

Тауарларды тиімді түрде бөлу және тұтынушыларға көрсетілетін көліктік қызметтің сапасының деңгейін арттыру мәселесінің шешімі нарықтық жағдайында қызметтер сапасының мәселесімен тығыз түрде түптеледі. Қызмет көрсету сапасының тек жоғары деңгейін ғана көлік кәсіпорны қызметінің өтімділігінің сенімді нарығын қамтамасыз етеді. Қызмет көрсету сапасы мен тиімділігінің деңгейінің жоғарылығы материалдық-техникалық қамтамасыз етудің сәйкес деңгейімен нығаюы керек, дамыған қоймалық және контейнерлік терминалдарды, заманға сай тиеуші-түсіруші техниканы, информатика мен басқарудың компьютерлік құралдарын қоса алғанда.

Көлік қызметімен тұтынушыларға көліктік-жөнелтулік қызмет көрсетудің сапасының мәселесін зерттеу мен талдау мынаны көрсетті, сонда бар қызмет көрсетудің тұжырымдамаларының негізінде көлік қызметімен тұтынушыларға қызмет көрсету сапасының жоғарын деңгейіне кешенді түрде қызмет көрсетуді қамтамасыз ету жағдайында қол жеткізілетінін бекітенін пікір жатыр, яғни тұтынушыға қызмет қаншалық көп көрсетілсе, қызмет көрсету сапасы соншалық жоғары болады. Осымен бірге нарық жағдайында көрсетілетін қызметтер түрі кең болатын қызмет көрсету жағдайында бұл тұтынушыға қаншалықты қажет болса, ол соншалық қымбатқа түседі.

Қызмет сапасын бағалау мәселесі әжептеуір күрделі болып саналады. Қызметтің сапасы себепші болған немесе болжанатын қажеттіліктерді қанағаттандыру қабілетін беретін қызметтің қасиеттері мен сипаттамасының жыны ретінде анықталады. Осылайша, тұтынушылардың тауарды жеткізуге қоятын талаптары олардың қажеттіліктерінен тікелей туындайды. Бұл қажеттіліктер келісілетін келісім шарттарда нақты түрде ескертіледі. Қалған жағдайларда болжанатын қажеттіліктер маркетингтік зерттеулер көмегімен орнатылады және анықталады. Қажеттілік уақыт өте өзгереді, ол маркетингтік зерттеудің кезеңмен өткізілуінің қажеттігіне себепші болады. Көлік қызметіндегі қажеттілік жылдам, кейде жедел түрде қанағаттандырылады. Көптеген жағдайларда, жоғарыда аталып өткендей, сәйкес уақытта қанағаттандырылмаған қажеттілік тұтынушыға қажетсіз болып қалады, яғни сұраныс ауыспалы сипатқа ие болады.

Сапаны анықтау кезінде көліктің қызметінің келесідей ерекшеліктерін есепке алу керек: қызмет өндірілуі процесінен тыс туындамайды, демек жинақталмайды. Қызметтің сатылымы – бұл еңбек процесінің өзін сату, қызмет сапасы – бұл еңбек процесінің өзінің сапасы. Қызмет нақты бағыттағы нақты уақыттағы ғана нақты тұтынушылық құн болып саналады, ол оның нарықта алмастырылу мүмкіндігін дереу шектейді. Қызметтерге сұраныс уақыт бойынша да, кеңістік бойынша да әжептеуір тербеледі; көлік сұраныстың әркелгілігін және әсіресе шыңын деңгейлестіруге арналған үлкен мүмкіндіктерді ұсынбайды. Қызметті ұсыну уақыт және кеңістік бойынша өзгеретін сұранысқа бейімделудегі кішігірім икемділігімен ерекшеленеді. Қызметтерді ұсыну көбінесе басқа қызметтерді ұсынуға қарағанда (метереологиялық және климаттық жағдайлардың әсері) технологияның көзқарасынан сенімділігі аз болады. Сұраныстың бұкіл тербелісін кедергісіз қанағаттандыру үшін қосымша өткізуші қабілетті жасау өте қымбатқа түседі. Осылайша, нарық жағдайында сапаны нарыққа (тұтынушыға) қажетті және өндірушілер қолайлы баға бойынша қамтамасыз етуге қабілетті келетін қызметтің тұтынушылық қасиеті мен сенімділігінің деңгейі ретінде анықталады.

Сапаны құбылмалы түсінбейтіндей етіп тұжырымдалатын талаптарға сай анықтайды. Сосын осы талаптарға сәйкестігін анықтау үшін өлшеу орындалады. Анықталған сәйкессіздік сапаның болмауын білдіреді. Сапаның мәселесі сәйкес келмеудің мәселесіне айналады және сапа анықталатын болып қалады.

Келтірілген анықтамаға сай қызметтің әрбір түрінің тұтынушы қажеттілігін қанағаттандыратын қасиеттер мен сипаттамалардыі нақты жиынына ие болады. Көлік қызметінің негізгі түрі – жүкті тасымалдау ережеге сай дербес түрде қолданылмайды және көптеген жағдайларда мынадай қызметтің қосымша түрлерін ұсынумен бірше алып жүріледі, яғни тиеу-түсіру, жөнелтушілік және т.б. Осы жерден мынадай қорытынды жасауға болады, яғни көлік қызметінің сапасын көлік кәсіпорны ұсынатын және тұтынушының сонда бар немесе мүмкін болатын қажеттіліктерін қанағаттандыруға қабілетті болатын қызметтер түрлерінің жиынының сапасы ретінде қарастыруға болады.

Жүктерді жеткізудің сапасын анықтау ерекше мәселе болып саналады.

Жұктердің жеткізу уақыты (мерзім) тұтынушыларға қызмет көрсету сапасының әжептеуір параметрлерінің бірі ретінде қарастырылады.

Нарықтық экономика жағдайында ең маңызды болып тұтынушыға көрсетілетін қызмет сапасына шығынның оңтайлы қатынасы саналады. Тұтынушыны жеткізу мерзімінің қысқалығы, жүктің қауіпсіздік дәрежесінің жоғарылығы, жүктерді қабылдау мен жіберудегі қолайлылық және тасымалдау жағдайы, тарифі жайлы, жүктің орны жайлы сенімді ақпаратты алу мүмкіндігі қызытырады және сонда ол шығынданады. Көліктік қызметі тұтынушы қажеттіліктері негізінде құрылуы керек. Тұтынушыны қызметті жүзеге асыруга кететін көлік кәсіпорнының шығыны зауықтырмайды.

Көлік қызметіне сұранысты үйрену мына жағдайды дәлелдейді, яғни тұтынушылар жүкті жеткізу бойынша негізгі талапқа жеткізудің өз уақытында орындалуын жатқызады. Тұтынушылардың тауар сапасына деген талаптарының күшеюімен өз уақытындағы және сенімді жеткізуде өндірушілердің қажеттіліктері арта береді.

Тұтынушылардың көлік қызметіне қоятын негізгі талаптары келесілер болып саналады:

  • Тасымалдаудың сенімділігі;

  • Жеткізу мерзімінің (ұзақтығы) қысқа болуы;

  • Жүкті жеткізудің жүйелігі;

  • Жүкті жеткізудің кепілденген мерзімі, соның ішінде – жүкті дәл мерзімінде жеткізу;

  • Тасымалдаудың қауіпсіздігі;

  • Жеткізу кезінде жүктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  • Жүктерді қабылдау және жіберу бойынша қолайлылық;

  • Қосымша қызметтердің болуы;

  • Көліктік қызмет көрсетудің әртүрлі деңгейінің болуы;

  • Тұтынушылардың талаптарына бейімделу (қызмет көрсетудің икемділігі);

  • Ақпарат сақталған жүйесі және құжаттау;

  • Бағытталған түпкі бекеткен дейін жүкті күзету;

  • Жүкті «есіктен есікке» жеткізу түрін ұйымдастыру;

  • Тасымалдаудың қолайлы құны; кедендік тазалау мүмкіндігі (кедендік баж салығын төлеу және т.б.);

  • Жіберу және жеткізу бекеттерін оңтайлы орналастыру;

  • Тасымалдау тарифі, жағдайы жайлы, жүктің орны жайлы сенімді ақпарат алу мүмкіндігі;

  • Қажетті көліктік ыдыстың болуы;

  • Ауыстыратын бекетте қайта тиейтін қондырғының қажет болуы;

  • Аралық қайта тиеу жұмыстарын болдырмау.

Аралас жеткізу аралық орынды алады, ал жеткізу құны, дәлдігі, ұзақтығының параметрі, қызмет көрсету деңгейі, кедендік және басқа да аж салығын төлеудің қарапайымдылығының параметрі бойынша теміржолдық жеткізуге қарағанда қызмет көрсету икемділігі жақсы бағаланады.

Тасымалдау қауіпсіздігінің параметрі бойынша аралас жеткізу автокөліктік және теміржолдық жеткізумен салыстыру бойынша төмен бағаланды.

Көлік қызметінің сапасының мәселесін қарастыру кезінде мыналарды есепке алу керек:

А) келісім шарт түзу кезінде тұтынушыға жіберілетін сұраныста нақты ескертіледі, яғни басқа жағдайларда болжанатын қажеттіліктер маркетингтік зерттеулер көмегімен орнатылады және анықталады;

Б) көптеген жағдайларда қажеттіліктер уақыт өткен сайын өзгеруі мүмкін, ол маркетингтік зерттеудің кезеңді түрде жүргізілуінің және ұсынылатын қызметке қойылатын талаптың қайта қаралу қажеттілігіне себепші болады;

В) қажеттіліктер қасиеттерде және осы қасиеттерді санды сипаттамаларында көрініс табады.

Қажеттіліктердің құрамына мынадай қырлары кіреді, яғни жұмысқа жарамдылығы, қауіпсіздік, пайдалануға дайындығы, сенімділік, экономикалық факторлар, қоршаған ортаны қорғау және т.б. «Сапа» терминін салыстырмалы ойда асып түсетін дәрежеде өрнектелу үшін де, техникалық бағалауды жүргізу кезінде мағынада да қолданбайды. Осыған ұқсас жағдайларда сапалы сын есімді қолданады. Мысалы келесідей терминдер қолданылады:

  • Салыстырмалы сапа, мұнда қызметтер басым болу дәрежесіне немесе салыстыру тәсіліне байланысты жіктеледі;

- сапа деңгейі және шамасы, мұнда нақты техникалық бағалау санды түрде жүзеге асырылады.

Қызмет сапасына қатысты бүкіл ақпарат мұқият түрде оқып үйренілуі, салыстырылуы және талдануы керек. Осыған ұқсас ақпарат тұтынушының тәжірибесі мен ниеті негізінде қызмет көрсету сапасымен байланысты мәселенің сипаты мен көлемн анықтауға мүмкіндік береді. Автокөлік қызметінің сапасы жайлы айта отырып, экономикалық қырына ерекше көңіл аудару керек.

Ұсынылатын әдебиетер:

Негізгі әдебиет: [71-79], 2 [50-74], 3 [198-219], 4 [133-141].

Қосымша әдебиет: 2170-187

Бақылау сұрақтары:

  1. Автокөліктің жұмыс істеуіне тән белгілерді атап өтіңіз.

  2. «Көлік қызметі» ұғымы қалай түсіндіріледі?

  3. Көлік қызметінің негізгі түрлерін атап өтіңіз.

  4. Көлік қызметтері қалай жіктеледі?

  5. Тұтынушылардың көлік қызметіне қоятын негігі талаптарын атап өтіңіз.

5-дәріс тақырыбы. Көлік дамытуды жоспарлау әдістері және оны қалыптастыру

Көлік еңбектің аумақтық бөлінуінің өте қажетті жағдайы, елдің, ірі экономикалық ауданны, аумақтық-өндірістік кешеннің (АӨК) халық шаруашылығының құрылымының құрама бөлігі болып саналады. Өнімдерді кеңінен алмастыруға мүмкіндік беретін дамыған көліктік жүйесіз еңбекті аумақтық бөлу, өнімнің шығуы кезінде АӨК мамандандыру мүмкін болмайды, мұнда өндіріс тиімдірек және жергілікті қажеттіліктерден асып кететін ауқымды жүзеге асырылады.

Көлікті дамыту және тасымалдауды арзандату шарасы бойынша еңбектің аумақтық бөліну (ЕАБ) және АӨК мамандандыруды тереңдету мүмкіндіктері кеңейтіледі. Көліктің дамуымен бірге өндіріс пен көлікқа кететін жалпы шығын бойынша өндірілуі экономикалық тиімді болатын шикізаттың түрлерін өндіруге мамандандырылатын АӨК қалыптастыру үшін жағдай жасалады.

АӨК – ірі халық шаруашылықтық нәтижені қамтамасыз ететін өндірісті ұйымдастырудың ең бір тиімдірек формаларының бірі.

Көлік АӨК өндірісінің дамуының қарқыны, мамандандырылуы және қалыптасуына белсенді әсер етеді, қажетті көліктік-экономикалыұ байланыс пен тасымалдарды жүзеге асыруды қамтамасыз ете отырып. Аумақтық кешеннің өндірісінің құрылымын анықтайтын кәсіпорынды орналастыру кезінде көлік шығындарын есепке алу керек. Барлық өнімнің өндірісінің кешенін мамандандыру тек мынадай жағдайда негізделеді, яғни егер өнімнің өзіндік құны мен көліктік шығыны мүмкін болатын өндірістің басқа бекеттеріндегі құнға қарамастан кем болатын жағдайда негізделеді.

Көлік еңбектің аумақтық бөлінуінің өте қажет жағдайларының бірі бола отырып, АӨК құрамына кіреді және өндіріске әжептеуір әсер етеді. Кешеннің көліктік жүйесін дамыту деңгейі өңірлік өндірістің дамуының, оның мамандандырылуының қарқыны мен ауқымын анықтайды, өңір деңгейінде құрылатын бірлескен қоғамдық еңбекті өткізуге қажетті жағдайды құрайды және өңірлік өндірістің тиімділігінің деңгейінде көрініс табады.

Өз кезегінде АӨК (өңірдің) көліктік жүйесі осы кешеннің (өңір) экономикалық және табиғи жағдайларының әсерінен дамиды және қалыптасады, кешенге тән шаруашылықты аумақтық ұйымдастырудың, өндірісті мамандандырудың, өндіріс пен тұтыну бекеттерін орналастырудың ерекшеліктерін бейнелей отырып. Өндіріс пен көлікті дамытудың деңгейінде өзара теңгерімдік жағдайында кешеннің (өңір) экономикасының өзара байланысқан буыны ретінде өндірістің оңтайлы тиімділігіне қол жеткізіледі және керісінше олардың арасында сәйкессіздік үлкен шығындарға алып келеді. Сондықтан өндіріс пен кешенді (өңір) дамытуда мөлшерлестікті қолдау аумақтық кесіндіде қоғамдық өндірістің тиімділігін арттырудың маңызды жолдарының бірі болып саналады.

Өндіріс пен көлікті дамытудағы мөлшерлестік – бұл жүктер мен жолаушыларды тасымалдаудың қажеттіліктеріне өңірдегі көліктік жүйенің өткізушілік қабілеттіліктерінің сәйкестігі.

АӨК әрбір түріне өндірісті дамыту дәрежесі мен орналастырудағы және әртүрлі өндірістердің нақты бір үйлесуінде де (маңызды) өзінің ерекшеліктері тән болады. Бұл көліктік-экономикалық байланыстар мен жүк ағындарының құрылымында, ауқымында және бағытында көрініс табады.

АӨК (өңір) ауданаралық және ауданішілік көліктік-экономикалық байланыстары өндірістің өңірлік мамандандырылуын және шаруашылықтық құрылымын бейнелейді.

Ауданаралық көліктік-экономикалық байланыстары болып көбінесе АӨК (өңір) мамандандырылуының негізгі (кескінделу) салаларының өнімдерді алмасуы саналады. Осы байланыстар тасымалдау арақашықтығының алыстығымен, қуатты көліктік машистральдардың аз болуына байланысты жүк ағындарының жақсы жұмылдырылуымен сипатталады.

Ауданішілік көліктік-экономикалық байланыстар өндірістік-аумақтық кешеннің әртүрлі бөліктері арасында өнім алмасуды қамтамасыз етеді, оны біріктіріп байланыстыра отырып, шаруашылықтың кешенді түрде дамытылуын қамтамасыз ете отырып. Осы байланыстар аумақ бойынша үлкен бір бытыраңқылығымен, тасымалдың қайталануымен сипатталады және негізгі түрі автокөлік жолдары табылатын ішкі аудандық, жергілікті көліктік желінің дамуының ауқымын анықтау табылады.

Өндіріс пен тұтынуды аумақтық орналастырудың ерекшеліктері, экономикалық аудандардың шаруашылығын мамандандыру мен кешенді дамытудың деңгейі көліктік-экономикалық байланыстар, олардың ауқымы мен бағытының ерекшеліктерін анықтайды. Өз кезегінде жүк ағындары формасында көрсетілген көліктік-экономикалық байланыстар, сонымен қатар жолаушылар ағыны өңірлердің көліктік жүйесінің сипаты мен ауқымын анықтайды.

Жүктер мен жолаушыларды тасымалдаудың ауданаралық және аудан ішілік тасымалдау өңір көлікн магистральдік және ауданішілк етіп бөлуге себепші болады.

Хабарлау жолымен ұйымдастырылған желісі бар өңірлерде көлікті дамыту

Магистральдік көлікті дамыту мен орналастыруға ауданның экономика-географиялық орналасуы, оның табиғи жағдайы, қорлары да, пайдалы қазбалардың, тұрғындардың орналасуы, жаңа жерге орналасу жүйесі, өндірістік мамандандырылуы және басқа да өңірлік айырмашылықтар да әсер етеді.

Ауданішілік трансортты дамыту және орналастыру өндіріс пен тұтынудың өңірлік ерекшеліктерімен, жаңа жерге көшудің жүйесі және халықтың тығыздығымен анықталады.

Өзінің құрылымы бойынша өңірдің көлік негіз ретінде қызмет ететін ауданаралық (магистральдік) маңызы бар т/ж магистралі, автодаңғыл, өзен жолы және әуе желілерінен тұрады, оларға ауданішілік (жергілікті) көліктік жер үсті, сонымен қатар көлік, мұнай және газ құбырларының арнайы түрлері сүйенеді.

Өңірлік көліктік жүйенің құрама бөлігі болып көліктік түйіндер табылады (т/ж станциялар, теңіз және өзен порттары, әуежайлар).

Әділетті бір қажеттілік болып көлікқа кішігірім шығынмен тасымал көлемінің өсуін меңгеруге мүмкіндік беретін өңір көлігінің дұрыс, оңтайлы құрылымының орнатылуы табылады. Өңірдің (ірі экономикалық ауданды, АӨК) көлігінің дамуының бағыты мен ауқымын негіздеу кезінде ауқымды және өңірлік амалдарды үйлестіру қажет болады.

Өңір көлікн дамыту мен орналастыруды негіздеудің құрамы мен тізбегіне келесілер кіреді:

  • Экономикалық ауданның өндірістік бейінінің ерекшеліктерін, еңбекті ауданаралық бөлінісіндегі оның алар орнын, сондағы туындаған көліктік-экономикалық байланыстарды анықтау арқылы шаруашылықты аумақтық ұйымдастыруды талдау;

  • Ауданаралық, аудан сыртындағы және ауданішілік көліктік-экономикалық байланыстаржы, есептік кезеңдегі жүктік және жолаушылық ағындарды анықтау;

  • Техника-экономикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып көлікң түрлерінің арасындағы тасыалдау жұмыстарын бөлісу және осы ауданның нақты жағдайында саланы қолданудың экономикалық мақсатқа лайықтығы;

  • Артық (өткізу қабілетімен салыстырғанда) жүк ағындарын анықтау арқылы осы бағыттағы көліктік желілердің өткізу және алып жүру қабілетінің болуы және алдағы тасымалдар көлемін салыстырмалы түрде талдау;

  • Жүктер мен жолаушыларды тасымалдаудың күтілетін өсуін меңгеруді қамтамасыз ететін ауқымда көліктік желіні дамыту мен жетілдіру бойынша шаралардың техника-экономикалық негіздеу;

  • Өңірдің көліктік желісін дамытуға кететін қажетті қаржыны және оларыдң экономикалық тиімділігін негіздеу.

Экономикалық ауданның (АӨК) көліктік жүйесін оңтайлы дамытудың бағыты мен ауқымын негіздеу кезінде есепке ауданның көліктік жүйесін кешенді түрде дамытуды қамтамасыз ететіндей етіп көліктің барлық заманға сай түрлерін қосу керек.

Көліктік-экономикалық байланыстар бойынша, экономикалық аудан мен (ТӨК – көліктік өндірістік кешен) жеке бөліктеріне көліктік қызмет көрсетудің мәселелерін анықтау бойынша ақпаратты алу үшін экономикалық аудандастыру әдістері қолданылу ұсынылады.

Экономикалық аудан (ТӨК) елдің экономикалық аяөталған (тұйық емес) территориясы болып саналады, ол табиғаттың ерекшеліктерінің, капиталды құндылықтар мен тұрғындардың күнделікті тұрмыспен қиыстырылуынан және өндірістік және жалпы шаруашылықтың қызметке дайындалуымен қиыстырылуының салдарынан елдің жалпы шаруашылықтық динамикасында әрбір функцияны орындауға арналған нақты әлеует болып саналады.

Ірі экономикалық ауданны шаруашылық құрылымы біртекті болып табылмайтыны белгілі. Әртекті табиғи, экономикалық факторлардың болуы еңбектің ауданішілік территориялық бөлінісінің негізінде ірі экономикалық ауданның шаруашылық кешенін құрайды. Әрбір ресурсты игерумен байланысты өндірістің жергілікті топтастырылуы ірі экономикалық аудан территориясында төмен тұратын экономикалық ішкі аудандарды (ТӨК қоса алғанда) бөліп алудың негізі қызметін атқарады.

Ірі экономикалық ауданнан ерекше түрде төмен тұратын экономикалық ішкі ауданда (кешен) мамандандыру кеңінен жүргізілмейді, көбінесе дара салалық болып келеді. Ірі экономикалық аудандағыдай төмен тұратын экономикалық аудан өндірістік мамандандыру қағидасынан бөліп шығарылады, мұнда мамандандыратын өндіріс аудан ішілік те, бүкіл ел ауқымындағы да маңызға ие болады. Төмен тұратын экономикалық ауданның өндірістік тұтастығы нақты көліктік қауымдастыққа себепші болады.

Осылайша, төмен тұратын экономикалық аудандар өндірістік және көліктік қауымдастықтан тұрады. Экономикалық ішкі ауданды бір немесе бірнеше әкімшілік аудандардың шекарасымен, кейде облыс шекарасымен бөлініп тұрады.

Экономикалық аудандастырудың барлық категориясы негізіне салынған бірыңғай өндірістік-техникалық қағида төмен тұратын ішкі аудандардың өндірісі мен тұтынуының теңгерімдерін мынадай етіп есептеуге мүмкіндік береді, яғни олар дербес кәсіпорын болатындай етіп, яғни табиғи және басқа да ресурстардың технологиялық нормалары мен ерекшеліктерін есепке ала отырып.

Экономикалық ауданның көліктік жүйесінің дамуын зерттеуді жүргізу кезінде тасымалдау жұмыстарын болжаудың басқа да әдістерін қолдану мақсатқа лайықты болып саналады. Олардың бірі болып тасымалдаушылық Rk коэффицентін қолданатын тәсіл табылады, оны нақты жүктің тасымалының Qn көлемін оны өндіру Qон. Көлеміне қатынасымен анықталады

Rk = Qn/Qон.

Оның мақсаты мынадай, өткен кезеңдегі талдау негізінде болашақта тасымалданушылық коэффициентінің өсу үрдісін анықтау. Жоспарланып отырған кезеңдегі әртүрлі өнімді өндіру көлемін оларды тасымалдаудың коэффициенттеріне көбейте отырып болашақта тасымалдау көлемін анықтауға болады:

Qn= Rk X Qон

Болашақта ұзақ мерзімге тасымалдауды болжау үшін көптеген жағдайда халын санына тұтыну көрсеткішін қолдануға болады. Бұл жағдайда барлық өндірістік ауданға тән өнімнің негізгі түрлерін тұтыну нормаларының өзгеруі зерттеледі, есептік болашаққа нормалар анықталады және өндіріс пен тұтынудың теңгерімі жасалады. Осы әдістік артықшылығы келесідей түсіндіріледі, яғни оның көмегімен тасымалдаудың жалпы көлемін болжап қана қоймай, сонымен қатар олардың құрылымы мен тасымалдау бағытын анықтауға болады.

Зерттеудің әдіснамалық тізбегінің келесі кезеңі болып төмен тұратын экономикалық ішкі аудандардың – аумақтық-өндірістік кешендердің экономикалық орталықтарын бөліп алу, олар көліктік желінің есептік схемасын құру үшін негіз болып табылады.

Ішкі ауданның (кешен) экономикалық орталығы ретінде көліктік статистиканы талдау негізінде анықталатын ірі жүк түзетін (немесе жүкті сіңіретін) өндірістік түйін алынады. Ол белгіленіп отырған аумақтың географиялық орталығына дақын болғаны дұрыс немесе жүк түзудің ауырлығының аналитикалық орталығы болғаны жөн. Кейбір жағдайларда, әсіресе кішігірім халқы бар аудандарда ішкі аудандағы (кешен) бөлінетін экономикалық орталықтар саны бірден артық болады.

Зерттеу ауданы бойынша атап өтілген әдістер көмегімен есептік кезеңге жүктердің корреспонденциясының «шахматкалары» құрылады.

Шахматтық кестелердің бастапқы нұсқасы келесідей түрде құрылуы мүмкін: қандай да бір өнімі бойынша артық болатын ішкі аудан дәл осы өнімі тапшы болатын жақын орналасқан ішкі аудан қажеттілігінің орнын толтырады, сосын біраз алшақтағының орнын толтырады және т.с.с., артықшылық жойылғанша жалғаса береді. Келесіде өнімді өндіру мен тасымалдауға кететін шығынның өте аз болуы негізінде «шахматкаларды» нақтылау жүргізіледі.

Есептік жылдағы жүктердің корреспонденциясының «шахматкаларын» зерттеуде қабылдаған желінің есептік схемасына сай етіп құрастырады. «Шахматкадағы» бағанадағы қатар саны ондағы есептік схемадағы белгіленген ішкі аудандар мен сүйенетін бектерредің санына сай келуі керек.

«Шахматкалардың» құрамына есептік полигондағы траснпорттың түрлерінің арасында (ауданаралық, ауданішілік) бөлінісуі керек болатын тасымал түрлері кіреді.

Көліктік желіні дамытудың ең бір үнемді нұсқасын таңдау үшін жүктерді тасымалдаудың әртүрлі мүмкін болатын бағыттарының болуы жағдайында тасымалдау процесінің барлық элементтері бойынша шығынды анықтау керек болады.

Шығындар қолданушылық шығын және капиталдық салым бойынша анықталады.

Төтенше жағдайы бар аудандарда туындайтын шығындарды есепке алу тәсіліне тоқталып өту қажет. Олардың ішіндегі ең бір мағыздылары болып көліктің мерзімдік түрлерін қолдану кезінде құралдардың жарамсыз болып қалуымен байланысты шығындар саналады. Тасымал көлемінің өсуіне байланысты осы шығындардың шамасы елеуші болып қалады, ол оңтайлы көліктік схеманы таңдауда маңызды болып қалады.

Желіні дамыту қажеттігін анықтау үшін оның элементтерін жүктеу жайлы мәліметке ие болуы керек, яғни әрбір түйіннің қосымша алып өту қабілетінің болуы жайлы мәлімет болуы керек, басқаша айтқанда алып өту қабілеті бойынша шектеулер енгізу керек болады. Көліктің әрбір түрінде алып өту қабілетін анықтаудың әртүрлі әдістері қолданылады.

Теңіз көлікнда алып өту (өткізу) қабілеті ең алдымен портта айлақтық фронтты механикаландырудың болуы және дәрежесіне байланысты болады.

Желінің буындарының өткізу қабілетін шектелген нұсқада корреспонденцияларды қою желінің артық желінің тиелген учаскелерін тізбектей ажырату негізінде құрылған. Бұл жағдай ең аз шығын бойынша тасымалдауды оңтайлы бөлуге мүмкіндік бермейді, ол алып өткізу қабілетін шектемей ақ желінің түйіндері бойынша тасымалдауды бөлу кезінде жүргізілуі мүмкін.

Өткізу қабілетін күшейту бойынша шаралар ретінде сонда бар көліктік желілер мен объектілерді күшейту бойынша ұсыныстар қолданылады, сонымен қатар жаңа көліктік құрылыс қолданылады. Ары қарай желінің барлық учаскесіндегі өткізу қабілетін күшейтудің әртүрлін нұсқаларын жүзеге асырудың тиімділігі бағаланады, ол көліктің әрқилы түрлерін дамытудың болашағын анықтау кезінде маңызды болып саналады.

Ұсынылатын әдебиетер:

Негізгі әдебиет: 1 242-284, 2 199-206.

Қосымша әдебиет: 3 191-203.

Бақылау сұрақтары:

  1. АӨК (өңірлік) көліктік жүйесінің дамуына не әсер етеді?

  2. Өндіріс пен көлікті дамытудағы мөлшерлестік дегеніміз не?

  3. Ауданаралық көліктік-экономикалық байланыстар дегеніміз не?

  4. Өңір көлікн дамыту мен орналастыруды негіздеудің құрамы мен тізбегіне нелер кіреді?

6-дәріс тақырыбы. Көліктік кәсіпорындардың негізгі құрал-жабдықтары

Кәсіпорынның мүліктік кешенінің құрылымында үлкен үлес негізгі қорларға тиісті болады.

Негізгі қор болып нарықтық және нарықтық емес қызметтерді көрсету үшін ұзақ уақыт кезеңінде (бір жылдан кем емес) бірнеше рет немесе тұрақты түрде қолданылатын өндірілген активтер табылады. Негізгі қорлар материалдық және материалдық емес деп бөлінеді.

Материалдық негізгі қорға (негізгі құралдарға) келесілер жатқызылады: ғимарат, құрылыс орны, машина және құрылғылар, өлшеуіш және реттеуіш приборлар мен құрылғылар, есептеуіш техникасы және оргтехника, көліктік құралдар, аспап, шаруашылық түгендеме, көпжылдық көшет және материалдық негізгі қордың басқа да түрлері.

Материалдық емес негізгі қорға (материалды емес активтер) мыналар жатады: компьютерлік бағдарламалық қамтамасыз ету, деректер қоры, ойын сауық, әдебиет немесе көркемөнер жанрындағы түпнегіз туындылар, ғылымды қажетсінетін өнеркәсіптік технологиялар, интеллектуалды меншіктің объектілері болып саналатын басқа да материалдық емес негізгі қорлар кіреді, оларды қолдану иемдену құқықтарымен шектеледі.

Материалдық және материалдық емес негізгі қорлар «Айналымнан тыс активтер» бөлімінде кәсіпорынның теңгерімінде көрсетіледі. Кәсіпорынның ресурстарының осы түрлерін тек мынадай жағдай ғана біріктірмейді, яғни кәсіпорын қызметінде олар маңызға ие болады, сонымен қатар негізгі қорлар құрамына кіретін объектілер ұзақ уақыт аралығында (бір жылдан артық уақыт) қолданылуы да біріктіреді.

Негізгі құрал-жабдықтар, олардың құрылымы және жіктелуі

Негізгі құрал-жабдықтарға өндірістік өндірістік процесте бірнеше рет қатысатын өндірістің құралдары жатқызылады, олар тозу шарасы бойынша бөліктерімен өндірілетін өнімге өзінің құнын көшіретін өзінің жаратылыс формасын сақтайды. Оларға 12 айдан артық қызмет мерзімі бар өндіріс құралдары жатады.

Негізгі құрал-жабдықтарға (құралдар) сонымен қатар жерді түпкілікті жақсартуға салыпан капитал салымдары (суаратын, құрғатушы және басқа да жер өңдеу жұмыстары) және жалға алынған объектілерге салынатын негізгі құрал-жабдықтар жатады.

Негізгі құрал-жабдықтар құрамында ұйым меншігіндегі жер учаскелері, табиғаттың пайдаланатын объектілері (су, кен және басқа да табиғи ресурстар) есепке алынады.

Есепке алу, талдау және бағалау үшін негізгі құрал-жабдықтарды келесі параметрлері бойынша топтастырады: функционалдық белгісі; салалық белгісі; заттық-табиғи құрамы; өндірістік процесте қатысу дәрежесі.

Негізгі құрал-жабдықтардың құнын есепке алу

Негізгі құрал-жабдықтар бірнеше өндірістік-технологиялық кезеңді қамтитын ұзақ уақыт шамасында ақырындап дайын өмінге өзінің құнын ауыстырады. Сондықтан негізгі құрал-жабдықтарды есепке алу және олардың бастапқы заттық формасын және ақырындап құнының жоғалуын сақтай алуын біруақытта көрсететіндей етіп теңгерімде ұйымдастырылуының көрінісін есепке алу керек.

Негізгі құрал-жабдықтардың бастапқы, қалған, қалпы келтіретін құнын ажырата білу керек.

Бастапқы құн негізгі құрал-жабдықтарды алуға (жасау) деген нақты шығындарды бейнелейді. Бастапқы құн өзгермейді. Бұл жердегі ерекшелік болып салып бітіру, түпкі қайта құру немесе ішінара тарату саналады.

Кәсіпорынның капиталды салымдары есебінен түсетін негізгі құрал-жабдықтардың бастапқы құнының құрамына жеткізу мен орнатуға кететін шығындарды қоса алғанда негізгі құрал-жабдықтарды салу (құрылыс орны) немесе алуға кететін шығындар кіреді, сонымен қатар қызметі бойынша пайдалануға объектіні дайындау бойынша басқа да шығындар кіреді. Жеке объекті үшін бастапқы құнды келесі формула бойынша анықтайды

С баст = С кк + С жш + З тш + З бш

Мұндағы Скк – алынған құрылғының құны; Сжш – жөндеу жұмыстарының құны; Зтш – тасымалдауға кететін шығындар; Збш – басқа да шығындар.

Ұйымның жарғылық (қоймалық) капиталының салымының есебіне енгізілген негізгі құрал-жабдықтардың бастапқы құны деп ұйымның құрылтайшыларымен (қатысушылары) келісілген оларды қаржылық бағалау аталады.

Ұйымның ақысыз алған негізгі құрал-жабдықтарының бастапқы құны болып кіріске енгізу мерзіміндегі олардың нарықтық құны саналады.

Қаржылық құрал-жабдықтан ерекше түрде басқа мүлікке алмастырылатын негізгі құрал-жабдықтардың бастапқы құны болып алмастырылатын мүліктің құны табылады, ол бойынша бухгалтерлік теңгерімде көрсетіледі.

Уақыт өте негізгі құрал-жабдықтарды ұдайы өндірістің құны өзгереді және бастапқы құны олардың шынайы құнын көрсетпейді.

Қалпына келуші құн заманға сай жағдайда осыған ұқсас құрал-жабдықтарды құру немесе алуға кететін шығындарға сай келеді. Негізгі құрал-жабдықтардың қалпына келтірілетін құнын анықтау үшін құжатпен расталған нарықтық баға бойынша тікелей қайта есептеу немесе индекстеу жолымен қайта бағалауды жүргізеді.

Негізгі құрал-жабдықтардың құнын ақырындап жоғалту тозу шамасына азайтылған бастапқы (қалпына келтірілетін) құн болып саналатын қалдық құн бойынша негізгі құрал-жабықтарды бағалауда көрініс табады:

Скал = Сбас(кал)

Мұндағы Сбас(кал) – негізгі құрал-жабдықтардың бастапқы (қалпына келетін) құны; И – негізгі құрал-жабдықтарының тозуы.

Қалдық құн бойынша негізгі құралдарды бағалау олардың сапалы жағдайын білу және бухгалтерлік теңгерімді құру үшін қажет болып саналады.

Мұнда жыл бойы негізгі құрал-жабдықтардың физикалық көлемі (мысалы кәсіпорын жаңа құрылғының бірнеше данасын алуы және сондағылардың бір бөлігін жарамсыз ету мүмкін) өзгереді, жылдың соңында негізгі құрал-жабдықтардың бастапқы құны жыл басындағыдан ажыратылып тұрады. Жылдың соңындағы бастапқы құн келесідей түрде есептеледі:

Скбас = Снбас + Сен – Стан

Мұндағы Снбас – жылдың басындағы бастапқы құн; Сен – жыл бойы енгізілген негізгі құрал-жабдықтар құны; Стан – жыл бойы жарамсыз болған негізгі құрал-жабдықтар құны.

Осылайша, жыл басы мен жыл соңындағы негізгі құрал-жабдықтардың құнының айырмашылығы болады, экономикалық есептерде жылдық орташа құнның көрсеткіші қолданылады. Негізгі құрал-жабдықтардың жылдық орташа құнын анықтауды әртүрлі тәсілмен жүргізуге болады.

Жеңілдетілген тәсіл кезіде жылдық орташа құнды жыл басы мен соңындағы қалдықтардың жартысы ретінде анықтайды:

Мұндағы Сбасн – жыл басындағы негізгі құрал-жабдықтардың бастапқы құны; Скбас - жыл соңындағы бастапқы құн.

Алайда, негізгі құрал-жабдықтардың кіріс-шығысы жыл бойында әркелкі жүргізіледі, сондықтан жоғарыда ұсынылған тәсіл шамалас нәтижені береді. Негізгі құрал-жабдықтардың жылдық орташа құнын нақты анықтау үшін кіріс-шығыстың айын есепке алатын формула қолданылады:

Мұндағы М1 және М2 – толық ай саны, ол негізгі құрал-жабдықтардың объектісінің (объектілер тобы) енгізілуі (шығарылуы) сәтінен бастап саналады; Сен – жыл бойы енгізілген негізгі құрал-жабдықтардың құны; Стан – жыл бойы шығарылған негізгі құрал-жабдықтардың құны.

Алайда, негізгі құрал-жабдықардың жылдық орташа құнын анықтаудың ең нақты әдісі – бұл орташа хронологиялық формуласы бойынша есептеу:

Мұндағы Сн – айдың басындағы негізгі құрал-жабдықтардың құны; Ск – айдың аяғындағы негізгі құрал-жабдықтардың құны.

Сатып алғаннан кейін немесе құрылғаннан нақты уақыттан кейін негізгі құрал-жабдықтар өзінің құнын жоғалтады. Экономикада мұндай құбылысты тозу деп атайды.

Негізгі құрал-жабдықтардың тозуы

Тозу – бұл өзінің тұтынушылық құнын негізгі құрал-жабдықтардың ақырындап жоюы. Моральдық және физикалық тозу түрлері бар.

Физикалық тозу – бұл бөлшектерінің тозуының, табиғи факторлардың және агрессивті ортаның әсерінің нәтижесінде негізгі құра-жабдықтардың өзінің құнын жоғалтуы. Физикалық тозудың екі түрі бар: өнімді және өнімсіз. Өнімді физикалық тозу – бұл қолдану процесі кезінде құнын жоғалту; өнімсіз тозу ескірудің табиғи процесі салдарынан сақталатын негізгі құрал-жабдықтарға тән.

Физикалық тозу сипаттамасы үшін көптеген көрсеткіштерді қолданады. Физикалық тозудың коэффициенті келесі формула бойынша есептеледі

Мұндағы И – қолдану кезеңінде есептелген тозу шамасы; Сбас – негізгі құрал-жабдықтардың объектісінің бастапқы (қалпына келтіруші) құны.

Қызмет мерзімі нормативті мерзімнен аз болатын объектілер үшін тозу коэффиценті келесі формула бойынша есептеледі

Мұндағы Тф – осы объектінің қызметінің нақты мерзімі; Тн – осы объектінің қызметінің нормативті мерзімі.

Қызмет мерзімі нормативті мерзімнен асып кететін объектілер үшін тозу коэффиценті келесі формула бойынша анықталады

Мұндағы Тф – осы объектінің қызметінің нақты мерзімі; Тн – осы объектінің қызметінің нормативті мерзімі; Тв нақты шамадан асып кеткен осы объектіінң қызметінің мүмкін болар қалған мерзімі.

Ғимарат пен құрылыс орнының физикалық тозуының коэффициенті келесі формула бойынша анықталады:

Мұндағы di – объектінің құнындағы і-ші құрылымдық элементтің үлестік салмағы; ai – і-ші құрылымдық элементтің тозуының пайызы.

Моральдыө тозу – бұл технологияның жетілдірілуі мен өндірістік процесті ұйымдастыруға себепші болатын негізгі құрал-жабдықтардың ұқсас объектілерінің ұдайы өндірісінің құнының төмендеуі салдарынан құнның жоғалуы. Моральдық тозудың екі түрі бар:

- негізгі құрал-жабдықтар құнсызданады, осыған ұқсас негізгі құрал-жабдықтар аз шығынмен өндіріледі және арзан болып қалады;

- ғылыми-техникалық прогрестің нәтижесінде заманға сай және өте өнімді құрылғы пайда болады.

Моральдық тозудың бірінші түрінің салыстырмалы шамасы келесі формула бойынша есептелуі мүмкін:

Мұндағы Сбас – еңбек құрал-жабдықтарының бастапқы құны; Скал – еңбек құрал-жабдықтарының қалпына келтірілетін құны.

Екінші түрінің моральдық тозуын келесі формула бойынша қалпына келтірілетін құнды анықтай отырып табуға болады:

Мұндағы Сзам, Сеск – заманға сай және ескірген машинаның қалпына келтірілетін құны; Пзам, Песк – ескірген және заманға сай машинаның өнімділігі.

Моральдық тозудың мәні мынадай түсіндіріледі, яғни еңбектің құрал-жабдықтары құнсызданады, физикалық қызмет мерзімі аяқталғанға дейін құнын жоғалтады.

Моральдық тозу компьютер мысалымен көрнекті түрде көрсетіледі. Соңғы 50 жыл бойы компьютерлер тұрақты түрде дамып келеді, арзанады және кішкентай көлемге келтірілді, ондағы электрондық шамтар транзисторлармен, сосын интегралдық схемалармен (чип) алмастырылды. Егер автокөліктер осындай жылдамдықпен жетілдірілетін болса, онда сіріңке қабығының құны секілді болатын еді.

Моральдық тозу бүтін қоғам үшін пайдалы, өндірістің артықшылығын төмендетеді, алайда жалға беруден пайда алу мақсатымен негізгі құрал-жабдықтарға капитал салған жеке тұлғалар үшін тиімді емес.

Негізгі құрал-жабдықтардың амортизациясы

Амортизация – бұл тозу шарасы бойынша еңбек құралдарының құнын өндірілетін өнімге ауыстырудың жоспарлы түрдегі процесі. Амортизация негізгі құралдардың (құрал-жабдықтар) физикалық және моральдық тозуының физикалық көрініс болып саналады. Негізгі құралдардың жұмыс істеуі уақытында есептелген амортизация шамасы олардың бастапқы (қалпына келтірілетін) құнына тең болуы керек.

Амортизацияны есептеуге арналған объектілер болып жеке меншік, шаруашылықты жүргізу, жедел басқару құқығымен ұйымда болатын негізгі құралдардың объектілері саналады.

Амортизация негізгі құралдардың келесі түрлері бойынша есептелмейді:

  • Жекешелендіру процесінде тегін және сыйлыққа беру келісім шарты бойынша алынған негізгі құралдардың объектілері бойынша;

  • Тұрғын үй қоры (пайда табу үшін қолданылатын объектілерден басқа);

  • Тұтынушылық қасиеттері уақыт өте өзгермейтін негізгі құралдардың объектілеріне (жер участкелері және табиғат пайдаланатын объектілер).

Тиімді қолдану мерзімі – бұл осы түрдегі объектілердің қызметінің орташа мерзімі.

Амортизация нормасы – бұл негізгі құралдардың құнын төлеудің мемлекет орнатқан жылдық пайызы.

Қазақстанда амортизацияны есептеу үшін амортизациялық аударымдардың бірыңғай нормалары қолданылады. Амортизация нормасы негізгі құралдардың әрбір түрі үшін анықталады.

Амортизация нормасының толық қалпына келтірілуін келесі өрнекпен есептейді

Мұндағы Нв – толық қалпына келтірілерін амортизациясының жылдық нормасы; Сбас – негізгі құралдардың бастапқы құны; Л – негізгі өндірістік құралдардың жойылатын құны; Д – жойылатын негізгі құралдардың бөлшектенуінің құны және жойылумен байланысты болатын басқа да шығындар; Та – тиімді қолдану мерзімі.

Амортизациялық аударымның нормалары негізгі құралдардың тобы мен түрлері бойынша сараланған. Олар сонымен қатар негізгі құралдар қолданылатын жағдайға да тәуелді болады.

Амортизация нормасы негізгі құралдардың объектілерін тиімді қолдану мерзімімен байланысты. Тиімді қолдану мерзімі – бұл амортизация нормасына кері шама деп санауға болады.

Негізгі құралдардың объектісін тиімді қолдану мерзімі кезінде амортизациялық аударымды есептеу тоқтатылмайды, ұйымның басшысының шешімі бойынша қайта құру немесе жаңғырту кезінде олады анықтау жағдайын есептемегенде. Амортизацияны есептеу үш айдан артық мерзімге негізгі құралдарды сақтауға қою жайлы ұйымның басшысының шешімі бойынша тоқтатылады.

Қайтадан түскен негізгі құрадар құнымен амортизацияны есептеу олардың келіп түсер айынан кейінгі айдың бірінші күнінен басталады. Шығарылған негізгі құралдар бойынша амортиацияны есептеу олардың шығуының айынан кейін айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады.

Негізгі құралдардың амортизациясын есептеу тәсілдері

Амортизацияны есептеу қолдануға рұқсат етілген тәсілдермен жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта Қазақстанда негізгі құралдардың объектілерін амортизациялау келесі тәсілдердің бірімен жүргізіледі:

  • Желілік тәсілмен;

  • Азаятын қалдық тәсілімен;

- тиімді қолдану мерзімдік жылының саны бойынша құнды есептен шығару тәсілімен;

  • Өнім (жұмыс) көлеміне мөлшерлес түрде құнды есептен шығару тәсілімен;

  • Амортизацияның жеделдетілген тәсілімен (желілік тәсіл бойынша аударым көлемін өсіру).

Негізгі құралдардың біртекті объектілерінің тобы бойынша тәсілдердің бірін қолдану тиімді қолданудың бүкіл мерзімі кезінде жүргізіледі.

Желілік тәсіл ең көп таралған тәсілге жатқызылады. Оны кәсіпорындардың шамамен 70% қолданады. Желілік тәсілдің әйгілі болуына қолдануының қарапайымдылығы себепші болды. Оның мәні мынадай түсіндіріледі, әр жыл негізгі құралдардың осы түрінің құнына тең бөлік амортизацияланады.

Амортизациялық аударымдардың жыл сайынғы шамасын келесідей есептейді:

Мұндағы А – амортизациялық аударымдардың жыл сайынгы шамасы; Сбас объектінің бастапқы құны; На – амортизациялық аударымдар нормасы.

Егер активтің қалдық құны нольге тең болса, онда компьютердің бағасы нольге тең дегенді білдіреді. Осы комьютер шынайы құнға ие болуы, жұмысқа жарамды болуы және тағы бір жыл қызмет ету мүмкін. Осы компьютердің нольдік қалдық құны мына жағдайды ғана білдіреді, яғни кәсіпорын оны алуға деген шығындарының орнын толық жапты дегенді білдіреді.

Желілік тәсілді ескіру (моральдық тозу) емес, уақыт қызмет мерзімін шектейтін негізгі фактор болып саналатын негізгі құралдардың түрі үшін қолдану мақсатқа лайықты болып саналады.

Қалдықты азайтатын тәсіл кезінде амортизациялық аударымның жылдық шамасы есеп беру жылының басындағы негізгі құралдардың қалды құнынан және осы объектіні тиімді қолдану мерзімінің негізінде есептелген амортизация нормасынан шыға келе анықталады:

Мұндағы Скалд – объектінің қалдық құны; к – тездету коэффициенті; На – осы объектіге арналған амортизация нормасы.

Тиімді қолдану жылының саны бойынша құнды есептен шығару тәсілі кезінде амортизацияның жылдық шамасы негізгі құралдардың объектілерінің бастапқы құнынан және жылдық қатынастарынан шыға келе анықталады, мұнда алымындағы объекті қызметінің мерзімінің соңына дейін қалатын жылдар саны, ал бөліміндегі – объектінің қызмет мерзімі жылының саны:

Мұндағы Сбас объектінің бастапқы құны; Ткалд – тиімді қолдану мерзімінің соғына дейін қалған жыл саны; Т – тиімді қолдану мерзімі.

Осы тәсіл азаятын қалдық тәсіліне балама болып келеді, алайда қалдықсыз объектінің бүкіл құнын есептен шығару мүмкіндігін береді.

Есеп беру жылы бойы негізгі құралдардың объектілері бойынша амортизациялық аударымдар қолданылатын есептеу тәсіліне тәуелсіз түрде 1/12 жылдық шамасы көлемінде ай сайын есептеледі.

Жұмыс көлеміне мөлшерлес түрде құнды есептен шығару тәсілі кезінде амортизациялық аударымдарды есептеу есеп беру кезеңіндегі өнімнің (жұмыс) көлемінің табиғи көрсеткіші және негізгі құралдардың объектісін қолдану мерзіміндегі болжанып отырған өнім (жұмыс) көлемі мен негізгі құралдардың бастапқы құнының қатынасы негізінде жүргізіледі:

Мұндағы А - өнім бірлігінің амортизация шамасы; С – негізгі құралдардың объектісінің бастапқы құны; В – болжанып отырған жұмыс көлемі.

Осы әдіс негізгі құралдардың тозуы оларды қолдану жиілігімен тікелей байланысты болатын жағдайда қолданылады.

Өнім көлеміне мөлшерлес құнды есептен шығару әдісін көбінесе табиғи шикізатты өндірген кезде амортизацияны есептеу үшін қолданады.

Жұмыс көлеміне мөлшерлес амортизацияны есептеу тәсілін көбінесе автотрансорт үшін қолданады. Амортизация нормалары көліктік құралдың бастапқы құнынан аралықтың әрбір 1000км жеріне пайызбен орнатылған.

Амортизацияның тездетілген әдісі. Өндіріске ғылыми-техникалық жетістіктерді ендіруді жеделдету және негізгі өндірістік қорлардың (машина, құрылғы, трансорттық құралдар) белсенді бөліктерінің жаңаруы мен техникалық дамуын жеделдетуде кәсіпорынның қызығушылығын арттыру үшін қаржылық жағдайды жасау мақсатында кәсіпорын өндірістік негізгі қорлардың белсенді бөлігіне тездетілген амортизациялау әдісін қолдану құқығына ие болады.

Тездетілген амортизация негізгі қорлардың қызметінің нормативті мерзімімен салыстырғанда, олардың теңгерімдік құнын өндіріс пен айналымның шығындарына толық ауыстырудың өте жылдам мақсатты әдісі болып саналады.

Кәсіпорын есептеуіш техника құралдарын, материалдардың, приборлар мен құрылғылардың жаңа прогрессивтік түрлерін шығаруды арттыру үшін қолданылатын негізгі қорларға қатысты амортизацияны есептеудің тездетілген әдісін қолдануына болады.

Тездетілген амортизацияны енгізу кезінде кәсіпорын есептеудің тепе тең тәсілін (желілік) қолданады, мұнда толық қалпына келтірілетін ортанылған тәртіпте бекітілген (сәйкес түгендемелік объекті немесе олардың тобы бойынша) жылдық амортизациялық аударымдардың нормасы екі еседен артық етіп көбейеді.

Тездетілген амортизация келесілерге мүмкіндік береді: кәсіпорындағы негізгі құралдардың жаңартылу процесін тездетуге; қызмет өндірісін техникалық қайта жарақтандыру және қайта құруға арналған жеткілікті құралдарды жинақтауға; табысқа салынатын салықты азайтуға; негізгі құралдарды жоғары техникалық деңгейде ұстауға.

Негізгі құралдардың қозғалысы мен қолданылуының көрсеткіштері

Уақыт өте немесе технологияның өзгеруінің нәтижесінде негізгі құралдардың бір бөлігі теңгерімнен шығарылады, және керісінше қайтадан алынған негізгі құралдар кәсіпорын теңгеріміне жазылады.

Осы процестің қаншалықты жылдам жүргізілуі жайлы негізгі құралдардың есептен шығарылуы мен жаңартылуының коэффиценті бойынша жорамалдауға болады:

Мұндағы Ктаннегізгі құралдардың есептен шығып қалуының коэффициенті; Стан – жыл бойы есептен шығып қалған негізгі құралдардың жалпы құны; С нг – жыл басындағы негізгі құралдардың бастапқы құны.

Мұндағы Кобн – негізгі құралдардың жаңғыртылуының коэффциенті; С ен – бір жылда енгізілген негізгі құралдардың жалпы құны; Скг – жылдың соңындағы негізгі құралдардың бастапқы құны.

Негізгі құралдардың қаншалықты тиімді қолданатынын жорамалдау үшін көптеген көрсеткіштер қолданылады, олардың ішіндегі маңыздылары болып қор сыйымдылығы мен қор қайтымы табылады.

Қор қайтымы – бұл капиталдың қайтарылу деңгейін сипаттайтын тікелей шама.

Қор қайтымын келесі формула бойынша есептейді

Мұндағы Фо – қор қайтымы; В – құнды немесе натурал өрнектегі өнімнің жылдың шығарылымы; Сор – негізгі құралдардың жылдық орташа құны.

Қор сыйымдылығы немесе негізгі құралдардың орнығу коэффициенті – бұл қор қайтымының көрсеткішіне кері шама. Оны келесі формула бойынша анықтайды

Мұндағы Фе - өнім бірлігінің қор сыйымдылығы.

Өнімнің қор сыйымдылығын біле отырып, негізгі құралдардағы қажеттілікті есептеуге болады.

Қор сыйымдылығы мен қор қайтымын жалпылама көрсеткіштерге жатқызады. Жалпылама көрсеткіштерден басқа, негізгі құралдарды қолданудың тиімділігінің жеке көрсеткіштер бар, олар негізгі құралдардың жеке топтарының қолданылуын сипаттайды. Олардың ішіндегі маңыздысы болып құрылғыны қолданудың коэффициенттері саналады. Оларға құрылғыны экстенсивті және қарқынды қолданудың коэффициенттерін, сонымен қатар интегралдық коэффицентті жатқызады.

Құрылғыны экстенсивті қолданудың коэффициенті оны уақыт бойынша қолдануды көрсетеді. Коэффициенттерлі уақыттың күнтізбелік және режимдік қорын қолдану деп бөледі.

Режимдік уақыт өндірістік процестің сипатына байланысты болады. Үзіліссіз процестер үшін ол күнтізбелік уақытқа тең, үзілістік түрі үшін демалыс және мерекелік күндері шегергенде күнтізбелік уақытқа тең.

Күнтізбелік және режимдік уақытты қолданудың коэффициенттерін келесі формуламен анықтайды:

Мұндағы Кэк – күнтізбелік уақытты қолдану коэффициенті; Тф – құрылғының жұмысының нақты уақыты; Тк – күнтізбелік қор;

Мұндағы Кэр – режимдік уақытты қолданудың коэффициенті; Треж – режимдік қор.

Құрылғыны қарқынды қолданудың коэффициенті оны өнімділік бойынша қолдану деңгейін көрсетеді:

Мұндағы Ки – құрылғыны қарқынды қолдану коэффициенті; Пт- нақты өнімділік; Пт – техникалық норма бойынша өнімділік.

Интегралдық коэффициент – құрылғыны уақыт бойынша да, өнімділік бойынша да қолдануды сипаттайды:

Кинт = Кэ X Ки ,

Мұндағы Кэ – құрылғыны экстенсивті қолданудың коэффициенты; Ки – құрылғыны қарқынды қолдану коэффициенті.

Бүтіндей кәсіпорынның жұмыс істеуінің тиімділігі оның негізгі құралдарын қолданудың деңгейіне тәуелді болады.

Ұсынылатын әдебиетер:

Негізгі әдебиеттер: – 1нег.[4-28]–7нег.[23-35].

Қосымша әдебиеттер: – 1[18-25]–2[18-29].

Бақылау сұрақтары:

  1. Негізгі қорлардың мәні неде?

  2. Негізгі қорлардың құрамы мен құрылымын қалай сипаттайды?

  3. Негізгі құралдардың бастапқы, қалдық және қалпына келтірілетін құнын сипаттап беріңіз.

  4. Негізгі құралдардың физикалық және моральдық тозуының мәні қалай түсіндіріледі?

  5. Амортизацияны есептеудің қандай әдістері бар?

  6. Тепе тең әдіспен амортизациялық аударымдарды есептеудің тәртібі қандай?

  7. Негізгі қорларды қолданудың қандай көрсеткіштері бар?

7-дәріс тақырыбы: Көліктік кәсіпорындардың материалдық емес активтері

Материалдық емес активтер түсінігі мен сипаттамасы

Материалдық емес активтер – бұл физикалық өрнегі жоқ, алайда кәсіпорын үшін маңызды құндылық болып саналатын активтер.

Материалдық емес активтердің объектілері келесі шарттарға сай келуі керек:

    1. Материалдық-заттық (физикалық) құрылымының болмауы;

    2. Басқа мүліктен кәсіпорынды сәйкестендіру (бөліп алу, жекелеу) мүмкіндігі;

    3. Өндірісте қызметті қолдану, жұмысты орындау немесе қызметті көрсету кезінде немесе ірі басқарушылық қажеттіліктер үшін;

    4. Олардың ұзақ уақыт бойы қолдану, яғни ұзақтығы 12 айдан артық немесе қарапайым операцияны жүргізу кезеңіндегідей мерзімде, егер ол 12 айдан асатын болса;

    5. Болашақта экономикалық олжаға (пайда) кенелетін ұйымның қабілетінің болуы;

    6. Ұйымда оларды алып сату талабының болмауы;

    7. Интеллектуалдық қызметтің нәтижелеріне ұйымның ерекше құқығы мен активінің болуын растайтын тиісті рәсімделген құжаттарының болуы (патенттер, куәлік, басқа да қорғаушы құжаттар, патентке, тауар белгісіне жол берудің (алудың) келісім шарты және т.б.).

Материалдық емес активтер өзінің табиғаты бойынша тәнсіз болғандықтан, мүліктің осы категориясына барлық объектіні жатқызудың маңызды белгісі болып оны мүлкінен айыру саналады. Материалдық емес активтерге сәйкес түрде мүлкінен айыру осындай объектіні басқа түлға меншігіне беру мүмкіндігі білдіреді.

Материалдық емес активтерге азаматтың интеллектуалдық жәеһне іскерлік қасиеттері, оның біліктілігі және еңбекке қабілеттілігі жатқызылмайды, ол қасиеттер азаматтан тартылып алынбайды және басқа тұлғаға берілмейді.

Материалдық емес активтердің құрамы мен жіктелуі

Материалдық емес активтерге интеллектуалдық меншіктің объектілері, ұйымның іскерлік беледі (гудвилл), ұйымдық шығындар жатқызылады.

Интеллектуалдық меншік. «Интеллектуалдық меншік» жалпылама түсінігіне әдебиеттік, көркем өнер және ғылыми туындыларға, атқарушылық қызметке, өнертабысқа, ғылыми жаңалықтарға, өнеркәсіптік үлгілерге, тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларға және коммерциялық белгілерге, қара ниеттік бәсекелестікке қарсы қорғауға қатысты құқықтар, сонымен қатар өндірістік, ғылыми, әдебиеттік және көркем өнер саласындағы интеллектуалдық қызметке қатысты құқықтың барлық түрлері кіреді.

Кәсіпорын практикасында интеллектуалдық меншік «материалдық емес активтер» ретінже кәсіпорынның шаруашылықтық қызметінде қолданылуы мүмкін.

Интеллектуалдық меншік объектілеріне мынадай құқытар жатқызылады, яғни өнертабысқа деген патент иесінің құқығы, өнеркәсіптік үлгі, тиімді модель, селекциялық жетістіктер; ЭЕМ-ге арналған бағдарламаларға, деректер қорына деген авторлық құқық; интегралдық микросхемалардың топологиясына басқа автордың басқаның құқық иеленуінің мүліктік құқығы; тауарлық белгі мен қызмет көрсету белгісіне, тауарлардың шығу жерінің атына деген қожаның құқығы.

Өнертабыстар мен тиімді модельдер мәселенің техникалық шешімі түрінде қарастырылады.

Өнеркәсіптік үлгі деп көркем өнер-конструкторлық шешімнің орнатылған талаптарына сай келетін, оның сыртқы түрін анықтайтын бұйым түсіндіріледі.

ЭЕМ-ге арналған бағдарлама – бұл нақты нәтижені алу мақсатымен ЭЕМ-нің жұмыс істеу мен басқа да компьютерлік құрылғылардың жұмысына арналған деректер мен командаоардың жиынтығын ұсынудың объективті формасы.

Деректер қоры ЭЕМ көмегімен анықталатындай және өңделетіндей етіп жүйелендірілген деректердің жиының ұсыну мен ұйымдастырудың объективті формасы болып табылады.

Интегралдық схемалардың топологиясы материалдық жинақтауышта жазып қойылған интегралдық микросхемалардың элементтерінің жиынының кеңістіктік-геометриялық орны және олар арасындағы байланыстары.

Тауарлық белгі, қызмет көрсету белгісі, тауардың келіп шығу жерінің аты – бұл басқа өндірушінің тауары мен қызметін ажырату үшін, ерекше қасиеті бар тауарларды ажырату үшін қажет белгілер немеса атаулар.

Тауарлық белгі және қызмет көрсету белгісі (тауарлық белгі) бір заңды тұлға немесе азаматтың қызметі мен тауарын басқа бір заңды тұлға немесе азаматтың біртекті тауары мен қызметінен ажырата алатын қабілеті бар элемент болып саналады. Тауарлық белгілерге ауызша, суреттеуші, көлемдік және басқа да белгілер немесе кез келген түстегі немесе түстік үйлесімдегі олардың құрамдастырылуы жатқызылады. Тауарлық белгілер тұрғындарға ұсынылатын тауардың сапасына кім жауапты екенін көрсетеді.

Мамандардың бағалауы бойынша экономикалық жүйесі дамыған жағдайда кәсіпорынның мүлігінің 30-60 % материалдық емес активтерден тұрадығ олардың құрамындағы тауарлық белгі шамамен 80 % құрайды.

Тауардың немесе қызметтің келіп шығар орнының атауы – бұл өнім шығарылған немесе қызмет өткізетін елдің, тұрғын жердің, төңіректің географиялық аталуы.

Отандық есепке алу ережелеріне сай материалдық емес активтердің құрамына ұйымдық шығындар кіреді. Ұйымдық шығындарға құрылтайшы құжаттарын жасағаны үшін заңгерге берілетін қаламақы, фирманы тіркеу және ары қарай құру кезінде жүзеге асырылатын қызметтер жатқызылады. Құрылтайшы құжаттарын қайта рәсімдеу, жаңа мөр мен штамптарды дайындау бойынша шығындар материалды емес активтер құрамына қосылмайды.

Іскерлік бедел секілді (гудвилл) материалды емес активтердің осындай түрі егер кәсіпорын басқа кәсіпорынды сатып алуы жағдайында кәсіпорында туындайды.

Іскерлік бедел кәсіпорынның алған сатып алу бағасы мен оның барлық активтері мен міндеттерінің бухгалтерлік теңгерімі бойынша құн арасындағы айырмашылық түрінде анықталады.

Материалдық емес активтер өндіріс процесінде қолдану сипаты бойынша, өзінің құрамы, кәсіпорынның шаруашылық қызметінің нәтижесі мен қаржылық жағдайына әсер ету дәрежесі бойынша әртекті болып келеді. Сондықтан көптеген белгілері бойынша жүргізілетін жіктеу қажет болады.

Өндірісте қолданылу белгісі бойынша материалдық емес активтерді қолданылуы ағымдағы кезеңде кәсіпорынға пайда алып келетін функционалдаушы (жұмыс жасайтын) объектілерге; қандай да бір себеп бойынша қолданылмайтын, бірақ болашақта қолданылуы мүмкін болатын функционалданбайтын (жұмыс жасамайтын) объектілерге бөлінеді.

Кәсіпорынның қаржылық нәтижелеріне әсер теу деңгейі бойынша материалдық емес активтер қолдануға енгізілуі есебінен пайданы тікелей алып келетін объектілеріне және қаржылық нәтижегежанама әсер ететін объектілерге бөлінеді.

Құқықтық қорғалуының деңгейіне байланысты матеиалдық емес активтердің бір бөлігі қорғалатын құжаттарға (авторлық құқықтарға) жатқызылады, ал басқа бөлігі – қорғалмайтын құжаттардың (авторлық құқықтардың) разрядына жатқызылады.

Материалдық емес активтерді бағалау

Бағалау (материалдық емес активтердің құнын анықтау) оны алу тәсіліне байланысты болады. Материалдық емес активтер салым ретінде жарғылық капиталға салынады, басқа ұйымдардың төлеміне алынады, тегін алынады, кәсіпорынның өзінде жасалады. Сондықтан нарық құны, дайындау құны бойынша алуға кететін шығыннан шыға келе тараптардың келіскендік бойынша бағалау жүргізіледі.

Төлемге аынған материалдық емес активтердің бастапқы құны жоспарланған мақсатта қолдануға жарамды жағдайға келтіру мен алуға кететін барлық нақты шығындардың шамасы ретінде анықталады.

Ұйымның өзі құрған материалдық емес активтердің бастапқы құны оларды жасау, дайындауға кететін барлық нақты шығындардың шамасы ретінде есептеледі (шығындалған материалдық ресурстар, еңбек ақы, бөтен ұйымдардың қызметі, патент, куәлік алумен байланысты патенттік баж салығы және т.б.). Ұйымның жарғылық (қоймалық) капиталының салымының есебіне енгізілген материалдық емес активтердің бастапқы құны ұйымның құрылтайшылары (қатысушылары) келіскен қаржылық бағадан шыға келе есептеледі. Ұйымның тешін алған материалдық емес активтерінің бастапқы құны бухгалтерлік есепке қабылдануының мерзіміндегі нарықтық құнына сай келеді.

Материалдық емес активтерді бағалауда үш негізгі қадамды қолданады: кірістік; шығындық; салыстырмалы.

Кірістік қадамға сай материалдық емес активтердің объектісінің құны оны қолданудан алатын кәсіпорынның басымдылықтарының ағымдағы құнының деңгейінде қабылданады. Мысал ретінде патенттер мен лицензиялардың құнын бағалау үшін қолданылатын роялтиден босату әдісін келтіруге болады. Роялти – бұл интелектуалдық меншікті қолданғаны үшін лицензерге (сатушыға) кезеңді түрде ақша бөлу. Көбінесе роялти интеллектуалдық меншікті сатып алған кәсіпорын алатын қосымша табыстың 5-20 % құрайды. Егер интеллектуалдық меншіктің объектісі жаңа өнімнің (технологияны) негізі болып саналса, онда роялти 50% дейінгі көлемді құрайды.

Өнер табыс роялти негізінде алынатын болса, онда өнертабысты қолданудың лицензиясының құны роялтидің дисконтталған ағынына тең болады:

Мұндағы Di – роялтидің мөлшері; R – роялтиді есептеудің базасы (лицензия бойынша шығарылатын өнімнен ақшалай түсім немесе сәйкес өнімді өткізуден алынатын табыс); Т – лицензиялық келісім шарттың жұмыс мерзімі; t – қарасытырлып отырған жылдың реттік номері; a- дисконт мөлшері.

Шығындық қадамды қолдану кезінде материалдық емес активтерді оларды жасау, алу және іске қосуға кететін шығынның шамасы ретінде бағаланады.

Салыстырмалы қадамды мәмілесі нарықты жиі жүргізілетін материалдық емес активтердің түрлеріне қолдануға болады. Объектінің құнын есептеуге арналған негіздік ақпарат қызметін ұқсас объектілердің сатылу бағасы атқарады.

Ұсынылатын әдебиетер:

Негізгі әдебиеттер: – 1нег.[4-28]–7нег.[23-35].

Қосымша әдебиеттер: – 1қ/ша[7-22]–3қ/ша[12-26].

Бақылау сұрақтары:

  1. Негізгі материалдық емес активтердің мәні неде?

  2. Материалдық емес активтердің құрамын қалай сипаттаймыз?

  3. Өндірісте қолдану белгісі бойынша материалдық емес активтерді қалай бөледі?

  4. «Материалдық емес активтердің бастапқы құны» түсінігін ашып көрсетіңіз.