Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Etnopedagogikany_1187_m_1241_ni_1201_ltty_1179...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
56.38 Кб
Скачать

19. Еңбек пен еңбектің тәрбиесіне халықтық көзқарас.

Халықтың пайымдауынша, еңбек тұлғаның адамгершілік тұрғыда жетілуін бағалаудың басты өлшемі болып табылады, адамның абыройын арттырып, оның ерік-жігерін шынықтырады, оған қуат беріп, адамдар алдындағы беделге жеткізеді. Халық өнегелі еңбек етіп, өз еңбегімен отбасына және қоғамға материалдық жағдай жасаған адамдарды қатты құрметтеген. Бұл идеяларды мынадай мақалдар дәлелдей түседі: «Еңбек еткеннің мұқтажы табылар, еріншек бәрінен қағылар», « Еңбек ерлікке жеткізер, ерлік елдікке жеткізер», «Еңбек ер атандырады», «Еңбек ширатады, өмір үйретеді».

Ақыл-кеңес айтушы үлкендер еңбектің маңызы туралы балаларға айта отырып, оның адам тарихындағы рөлі туралы тереңірек мағлұмат берген. «Ерінбегеннің еңбегі оңады, еңбегі оңғанға қыдыр қонады», т.б. деген философиялық нақыл сөздердің негізінде, еңбектің рөлін қазақ халқы эмпирпкалық жолмен жүздеген жылдар бойы тіршілік үшін болған күрестің барысында, көптеген сынақтардан кейін, табиғат алдындағы өзінің әлсіздігін мойындау арқылы түсінді. Сондықтан мұндай афоризмдердің мазмұны жас ұрпақтың санасына өмірді бекітудегі негізгі идея ретінде сіңіріліп отырды. Мақал-мәтелдердің моральдық және психологиялық тұрғыда әсер етуі олрардың шамасына (көп, жеткілікті, аз), балаға белгілі бір іс-әрекет барысында (өзіне-өзі қызмет көрсетуші, күнделікті жұмысты жасаушы және т.б.) айтылуына, айтылған нақыл сөздердің педагогикалық мәніне және ырғағына, сондай-ақ айтушы адамның тәрбиеленуші баланың жас мөлшерін ескергендігіне байланысты болды.

20. Халықтың еңбекке бағытталған салт-дәстүрлері, оның педагогикалық мәні және оның мектептегі оқу-тәрбие жұмысында қолданылуы.

Қазақ этнопедагогикасының үлкен бір саласы – қазақ халқының салт – дәстүрлері болып табылады. Халықтың игі әдеттері дағдылана келе әдет – ғұрыпқа, әсерлі әдет- ғұрыпатрисалт-дәстүрлеріге, халықтың өмірінде қалыптасқан салт-дәстүрлер салт- сана болып қалыптасқан. Халықтың салт-дәстүрлері рәсімдері мен жөн-жоралғылар, рәміздер, ырымдар мен тыйымдар, түрлі сенімдер арқылы өмірде қолданыс тауып келеді. Оның бәрі дамып, толысып, жаңарып отырады. Халықтың игі мәдени дәстүрлері: ізеттілік, қайырымдылық, мейірімділік, қонақжайлық, имандылық, иманжүзділік – барлық мәдени үлгі – өнегелі іс- әрекеттердің көрінісі – әдеп деп аталады. Қазақ халқының осы игі дәстүрлерін айқындап, дәлелдей келе, халықтың рухани тазалығы жағынан алып, қазақ халқын әдепті, яғни қайырымды, мейірімді халық деп атауға әбден болды. Бұл – ұлт мәдениетінің ең озық көріністері. Халықтық әдеп – ұрпақ тәрбиесінің өзекті арқауы. Игі әдептердің өмір қолданысына айналуы – әдеп-ғұрып, оның біржола өмір заңдылығына айналуы - салт – дәстүрлер деп аталады. Яғыни дәстүр – қолданылмалы іс-әрекект. Ол қалыптасқан іс-әрект ешкімнің " нұсқауынсыз" еркін мәжбүрлікпен орындалады. Өмірдің өркениетті дамуы дәстүрлердің толысып, не жаңарып отыруына себепші болады. Мысалы қыз ұзату, үйлену тойлары толысып, жаңарады да, ал "әменгерлік", "атастыру" салты бірте-бірете өмірге қолданылудан қады. Этнопедагогикадағы салт-дәстүрлердің ұлттық санаға сіңіп, қалыптасқан салт-дәстүрлер сол ұлттың ой-санасының дәрежесін көрсетеді. Ұлттық сананың қозғаушы күші – ұлттық намыс, ұлттық абырой. Жеке тұлғалардың перзенттік борышты өтеу дәрежесіне сай өмірден өз көріністерін байқатады. Сондықтан әрбір әдет-ғұрыптың, салт-дәстүрдің салт-санаға әсер ететін тәрбиелік мәні зор.

21. Этнопедагогика саласы бойынша зерттеулердің жіктелуі (интегративтік этнопедагогика, этнопедагогикалық менеджмент, этнопедагогикалық антропология және т.б.).

22. Қазақтың этникалық педагогикасының негізі және заманауи қызметі.

23. Халық тәрбиесінің негізі - ҚР халықтарының ұлттық салт-дәстүрлері.

Қай заманда, қандай қоғамда болсын алдында тұрған зор міндеттердің бірі – болашақ ұрпағын тәрбиелеу. Жан – жақты жетілген, ақыл парасаты мен мәдениеті мол, саналы ұрпақ тәрбиелеуде әр халықтың салт – дәстүрінен дамуындағы бағалы байлықтың нәрін біртіндеп сіңіру арқылы ғана жүзеге асыруға болады. Басқа халықтар сияқты қазақ елінің де ұрпақ тәрбиелеуде мол тәжірибесі, жиған – тергені, озық ойлары мен өзіндік ерекшеліктері бар. Осындай мол мұраның «дәнегін мәпелеп екпейінше» жастарды ізгілік пен парасаттылықты тәрбиелеу мүмкін емес. Халықтың жазбаша жазылмаған, бірақ ұрпақ есінде мәңгілікке сақталып, бір ұрпақтан бір ұрпаққа ауызша жалғасып келген нақыл – өсиет, өнеге қағида болып таралып келген тәлім – тәрбие тағылымының бай мұрасы бар. Ол халықтық педагогика деп аталады. Халықтық педагогика отбасылық тәрбиеден басталып, ел – жұрт, ауыл – аймақ, тіпті бүкіл халықтық қарым қатынастан берік орын алған тәлім – тәрбиенің түрі. Ендеше халық педагогикасы қоғам дамуының барлық сатыларынан өтіп, тәжірибеде жүйеленіп, ғылыми педагогикалық дәрежеге жеткенше ұрпақ тәрбиесінің қайнар көзі, алтын діңгегі болып келгені даусыз. Еліміздің әлеуметтік – экономикалық дамуын жақсарту қоғамдық өмірдің барлық саласында түбегейлі терең өзгерістер жасауды, ең алдымен, адам санасын шыңдауды, жаңаша ойлар қалыптастыруды, халқының өткен тарихи –мәдени мұраларын игере отырып шығармашылықпен еңбек етуді талап етеді. Қазіргі кезде көп ұлтты мемлекетіміздің алдында тұрған ұлы міндет, біріншіден біртұтас білім кеңістігін қалыптастыру болса, екіншіден, халықтық педагогиканы тәрбие үрдісінде пайдалана отырып ұлттық тәрбие беруде жеткіншектерге тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеп, салт-дәстүрін меңгерту-тарихи қажеттілік.

24. Білімнің мәдени жиынтығы және мәдениаралық толеранттылығы.

Қазіргі дүниежүзілік білім беру кеңістігіне ену үрдісі барлық мәдениеттердің ықпалдасуына, ынтымақтастығына негізделеді. Осыған байланысты ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті мәселесі туындайды. Қазақстан жерінде 130-дан астам ұлт өкілдері бірігіп өмір сүруде. Өзіндік ұлттық ерекшеліктері бола тұра, олар бірі-бірімен қоғамдық, әлеуметтік, мәдени, тілідік қатынасқа түсіп араласады. Осы қатынастар барысында ұлттық мәдениет, ұлттық діл айқын байқалады. Сол өзгешеліктерін сақтай отырып, әр ұлт өкілдері басқа ұлт өкілдерімен толеранттық қарым-қатынасты сақтаулары – олардың білім беру мәселелеріндегі ортақ мақсатқа табысты жетулерінің кепілі деуге болады. Толеранттық ұғымы латын тілінің «tolerantio» - деген сөзінен аударғанда «шыдамдылық» деген мағына білдіреді. Толеранттылық деген ұғым педагогикалық лекцияда жанадан қолданылған ұғымдардың бірі. Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде толеранттылық ұғымы: - қандайда бір қолайсыз, жағымсыз факторлардың ықпалына сезімталдықтың төмендеуі нәтижесінде аландаушылықтың жоқтығы немесе әлсіреуі; - психологиялық бейімділігін жоғалтпай адамның түрлі өмірлік қиындықтарға қарсы тұра алу қабілеті ретінде қарастырылады. Яғни, толеранттылық- шыдамдылық, сабырлық таныту, қызбалыққа салынбау, кез келген қиындыққа төзімділікпен қарау, барлық мәселелерді бейбітшілік жолымен шешуге тырысу деген мағынаны білдіреді. Толеранттылық мұғалімдердің ең маңызды қасиеттерінің бірі. Мұғалімнің толеранттылығының негізінде бір жағынан шынайы жағдайды дұрыс бағалай алу қабілеті, екінші жағынан жиеленіс жағдайлардан педагогикалық әдепті сақтап шығудың алдын ала анықтай алу мүмкіншілігі жатыр. Өз бойында толеранттылықты қалыптастыру- мұғалімнің маңызды кәсіби міндеттерінің бірі.

25. Қазіргі уақыттағы Қазақстандағы этномәдени қызығушылықтардың жүзеге асырылуы.

26. ҚР этномәдени білімнің концепциясы.

Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі туған жеріміздің тарихында мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан мол қазыналар, идеялармен бастамалар негізінде құрылып, түрк этностарының ортақ мәдени мұраларын, қазақ халқының рухани және адамгаршілік дәстүрлерін, елімізді мекендеген этностардың мәдени күш-қуатын, әлемдік өркениет жасаған қазыналарды тұғыр етуі тиіс. Аталған саясатты жүзеге асырудың негізгі шарыттары, біздің ойымызша, мыналар: білім беру мектептің ұлттық қайнарларын нығайту; ана тілі, төл мәдениетің шүбәсіз басымдылығын мойындау және қамтамасыз ету; білім беруді демократияландыру; оның меншікті түрі жөнін де, мәдени-этникалық мүдделерін жүзеге асыру салаларының сан алуандығы жағынанда көп түрлілігі мен жеделдігі; аталған мүдделерді қамтамасыз етуге бағытталған білім беру қызыметінің жалпыға қолайлылығы және олардың жеке ерекшеліктеріне сай келуі; ұлттық біілм беру жүйесінің әлемдік тәжірибедегі осы салсаға қатысты бүкіл жетістігін қабылдаушылығы мен икемділігі; жеке адам мен қоғамның мәдени-этникалық мүделерін жүзеге асыруға бағытталаған ағартушылық қызыметтің үздіксіздігі; бұл жүйені мәдени-этникалық мүдделер саласындағы қызыметтерге сұраныстарды айқындауға және қамтамсыз етуге мақсатты түрде бағыттау; мемілекеттік бірыңғай бағдарламалар негізінде аталған проблема бойынша аймақтық бағдарламалардың болуы. Қазақстанда мәдени-этникалық білім жүйесін қалыптастыруға қажетті алғышарыттар – бұл үшін қойылатын жағдай жасау, яғни мәдени-этникалық білім кеңістігін құру болып табылады.

27. Білім сапасы саласындағы мемлекеттік саясат (этнопедагогикалық тәрбие бағытындағы).

28. Білімнің ұлттық моделі, ұлттық мектебі деген түсініктері.

Қазақтың ұлттық мектебі деп Халқымыздың Ана тілін, Ата тарихын, Төл мәдениетін, Ұлттық сал-дәсүрлерін жүйелі оқытатын мектепті айтамыз, ал ол мектепті басты белгісі – қазақтың ұлттық рухы болуы шарыт. Мұнымен қатар ол мектептің оқулықтары мен оқу құралдары төл тума болуы тиіс. «Төлтума» деген сөздердің мәні – оқулық және оқу құралдарының авторлары баланы сүйетін және мектепті жақсы білетін, тәжірибелі, шебер, ұлт жанды қазақ мұғалімдері мен ғалымдары болуы тиіс. Еліліз егемендік алумен қоғамның мектепке қатысы өзгеріп, қазақтың ұлттық мектебін жасау туралы педагогикалық ақпарат беттерінде өте бағалы әр түрлі ой-пікірлер айтыла бастады. Мысалы, ғалым-педагогтармыз Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, С.Ұзақбаева, Ж.Наурызбай, Т.Әлсатов, Ә.Табылдиев т.б. қазақтың ұлттық мектебін жасау, онда ұлттық тәрбие беру проблемаларын жан-жақты зерттеп, қомақты-қомақты монографияларын, оқулықтарын, оқу құралдарын, әдістемелік құралдарын жарыққа шығарады. Біздің жалпы білілм беретін қазақ мәдениетін көпжылдық зерттеулеріміз, оқушыларға ұлттық тәрбие беру жайлі әлі өте төмен деңгейде екенін, Кеңестік дәуірінде Қазақстанда қазақ ұлттық мектебі болмағаны, қазірде ондай мектеп жоқ, мектептеріміз қазақ орта мектебі деп аталғанымен, ондағы оқу-тәрбие жұмыстарының жоғарғы сыныптардағы оқу бағдарламалары, оқу және әдістемелік құралдары ұлттық тәрбиенің ерекшеліктерімен санаспаған орыс тіліндегі аудармасы арқылы жүзеге асырылуда,ал мектеп мұғалімдері мен болашақ мұғалімдер педагогтік жоғарғы оқу орнындарында оқушыларға ұлттық тәрбие беруге айтарлықтай даярланбауда екендігін көрсетті.

29. ҚР мектептеріндегі этнопедагогикалық бағыт бойынша жүргізілетін бағдарламаның жүзеге асырылуы.

30. Мектептегі этнопедагогикалық жұмысты ұйымдастырудағы мұғалімнің рөлі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]