Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Etnopedagogikany_1187_m_1241_ni_1201_ltty_1179...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
56.38 Кб
Скачать

11. Қазақ қоғамындағы тұлғаның идеалы.

Кез-келген педагогикалық жүйеде идеалға талпыныс үнемі қарастырылады. Білім беру аймағындағы идеал антикалық дәуірден бастап бүгінгі күнге дейін жан-жақты дамыған үйлесімді дамыған тұлғаның тәрбиесі болып табылды, дегенмен оның шынайы толысуы, түсіндірілуі дәуірге сай өзгеріп отыр. «Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, – деп жазды Абай «Отыз жетінші сөзінде», – адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім». Даланың ұлы ойшылы адамның адамгершілік жетілу қажеттігі мен мүмкіндігі ағарту, білім беру және тәрбиелеу жолы болатындықтан заңдастырылған мораль күшіне сенді. «Он жетінші сөзінде» Абай Қайрат, Ақыл, Жүрекке назар аудара отырып, идеалды, үйлесімді адам ретіндегі тұтас әлем бейнесін суреттейді: «Егер осы үшеуін бір кісіде менің айтқанымдай табылсаңдар, табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам – сол».

Қай заманда болмасын заманына қарай жеке тұлғаның болмысын қалыптастыру туралы ойлар мен пікірлер көпшілікті толғандырып келеді. Жеке тұлғаны қалыптастырудағы кемелділік, мінсіз адам бейнесі тәрбиенің ең жоғары көрсеткіші ретінде қабылданып, қоғамда жоғары жауапты міндеттерді атқаруға лайық деп танылуда. Мұндай пайымдаулар мен ой-тұжырымдар сонау орта ғасырдағы көне түрік ғұламалары әл-Фараби,Қожа Ахмет Йассауи, Қорқыт ата көзқарастарынан бастау алады.Бүгінгі күнді алып қарасақ, елімізді өркениеттілікке жеткізетін, ел экономикасын дамытатын, сондай-ақ, Қазақстан Республикасын 50 дамыған елдер қатарына қосылуға мүмкіндік жасайтын жастарды тәрбиелеу немесе кемел адамды тәрбиелеу бүгінгі күннің еншісіндегі ұлы міндет болып отыр. Осындай қасиеттерді бойына жинақтаған жеке тұлға еліміз бен халқымызды бақытты болашаққа жетелейтіні анық.

12. Тәрбиенің тәрбиелеу тәсілдері: тәлімгерлік, алдыңғы буынның жеке үлгілері, еліктеу.

Қазақ халқы бала тәрбиесіне қоғамдық мән беріп, ерекше көңі бөлген. Оның аса жауапты қоғамдық мәселе екенін мойындамай отырып, халықтың әр түрлі әлуметтік топтары бала тәрбиесінің мақсаты мен міндетін, оның іске асу жолдарын өз мүддесіне сай, өзінше шешуге тырысатын. әрине бала тәрбиесі барлық әлуметтік топтарға ортақ, бәріне бірдей қажетті жақтары да аз емес, көп –ақ. Мұндай ортақ жағдайлар ең алдымен баланың адамгершілік қасиеттерін, елжандылық сезімдерін тәрбиелеу болып табылады.

Адамның адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу дегеніміз жан –жақты мазмұны кең құбылыс. Әркім, әр отбасы өз ұрпағы адам баласына тән барлық жақсы, жағымды қасиеттерінің бәрін өз бойына сіңіруді қалайтыны да даусыз. Бірақ, өмірде әр адамның мұндай ізгі тілегі, арманы орындала бермейді. Өйткені біріншіден, табиғаттың әркімге әр түрлі қабылет, әртүрлі мүмкіндік беруі болса; екіншіден, әркімді қоршайтын орта оған өз ықпалын жасамй қоймайды.

Қазақ халқы басқа халықтар сияқты бала тәрбиесіне өте ерте заманнан-ақ өзінің жиып-терген бай,асыл қазынасы,мол тәжірибесімен ерекше көңіл аударған.Қазақ атамыз келешек ұрпақтың қамын алыстан болжап,алдымен кіммен қан араластырады,кіммен құда болады,сол ниетпен текті жердің қызына құда түсіп,келген келіннің некесін қиып,ақ батасын беруден бастаған.Одан соң өмірге нәресте келеді,оған лайықтап ат қойып,бесікке салып,тұсау кесер рәсімдерін жасап,өсе келе оған қазақ халқының ұлттық шежіресін,өзінің шыққан тегін,халықтың даналық сөздерінің мағынасын түсіндірген. Имандылықтың алғашқы әліппелерін де үйретіп,үлкенді сыйлап,кішіге қамқорлық жасап,ағайын-туыс,көрші-қолаң,ауылдаспен ауызбірлікте өмір сүруге үйреткен.Ақ сақалды аталарымыз бен ақ жаулықты әжелеріміздің де бала тәрбиесіндегі орны ерекше.Ақылды енелер жаңа түскен келіндерінің,жаңа туған нәрестелерінің жылы алақаны,шуақты күндері бола білген.Мұндай ұяда тәлім-тәрбие алған бала да өнегелі,сулы жерге желкілдеп біткен құрақтай болып өскен.Сондықтан да халықтың осы жерде: «Әже-қайнар бұлақ,бала- жағасындағы құрақ», «Әке көрген-оқ жонар,шеше көрген-тон пішер» деген нақыл сөздері дөп келіп тұрғандай.

«Баланы жастан» дейді халық. Бұл-өміршең пікір. Зерделі халқымыз балаға жастайынан жақсы өсиет,кеңестер арқылы өнегелі тәрбие беріп,қимыл-әрекетіне байқау жүргізіп,оның ішінде әсіресе,ойынға да үлкен мән берген.Ойынды-бар өнердің бастауы деп біліп,әр ойынның уақыт өткізу үшін емес, белгілі бір мақсатпен ойлануға, айналаға зер салуға, шапшаң, епті болуға, күшті-мықты болуға, әсемдік пен сыпайылыққа тәрбиелейтінін аңғарған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]