Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Etnopedagogikany_1187_m_1241_ni_1201_ltty_1179...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
56.38 Кб
Скачать

1.Болашақ мұғалімді кәсіптік дайындауда этнопедагогиканың орны мен рөлі. Этнопедагогиканың мәні ұлттық дамумен қалыптасуының нақты проблемаларын шешуге бейім озық педагаогиканың этикалық үлгілерін құрайтын арнайы білімдерден және практикалық ұсыныстардан тұрады. Мұнда халықтық педагогикалық мәдениеттіліктің маңызды үлкен мәнге ие. Олай дейтініміз, халықтық педагогика дәстүрімен оның мазмұнынын одан әрі байытып тереңдете түсуге, сонымен қатар жазылған не жазылмаған заң ережелерін бұлжытпай сақтауға үйретуіміз керек. Осыған байланысты кәсіби мәдениетті қалыптастыратын күрделі жүйенің теориясы мен практикасын дамыту және одан әрі байыту талап етіледі. Оның бірден-бір сара жолы болашақ мұғалімдердің кәсіби этнопедагогикалық қызыметі. Ал болашақ мұғалімдердің кәсіби этнопедагогикалық қызыметі педагогикалық пактика уақытында оқушыларды тәрбиелеу үрдісіндегі көп жоспарлы міндеттерді ойдағыдай орындау, оның ішінде оларды этнопедагогикалық мәдениетпен қанағаттандыру негізінен жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің даярлығына тікелей қатысты. Сондықтан мектеп оқушылары тәрбиесінде қазақ этнопедагогикасы мәтериалдарын тиімді пайдалану ұлт мәдениетін жетік меңгерген педагог кадырларды, соның ішінде әсіресе халықтық педагогика жөнінде түсінік танымы терең болашақ мектеп мұғалімдерін даярлауды талап етеді. Сонымен қатар ұлттық мектептің ұлы мұратын іске асыратын ұстаздар қауымы ұлттық намысты ту етіп, білімін, қажыр-қайратын елдің ертеңін еңселендіретін қасиетті істі аямау қажеттігі туындайды.

2. Халық педагогикасының мәселесін зерттеудің ғылыми-педагогикалық мәні - халықтың педагогикалық тәжірибелері мен педагогикалық білімнің бір-бірімен жиынтығы.

Халықтық педагогика салт-дәстүр, жол-жора, ырымдар, тағам дайындау, қонақ күту рәсiмдерi мен ауыз әдебиетi үлгiлерi, ұлттық ою-өрнек, өнер түрлерi, спорт ойындары арқылы отбасылық тәрбиеден басталып, ауыл-аймақ, ел-жұрт, ру-тайпа, қала бердi бүкiл халықтық қарым-қатынастан берiк орын алған тәлiм-тәрбиенiң түрi, адам мiнезiн, iс-әрекетiн қалыптастырудың белгiлi нормасы болып табылады. Олай болса, халық педагогикасы қоғам дамуының (алғашқы қауымдық қоғамнан бастап) белгiлi сатыларынан өтiп, ғылыми педагогикалық дәрежеге жеткенше ұрпақ тәрбиесiнiң бастау бұлағы, педагогикалық құралы болып, тәрбие жүйесiнiң қызметiн атқарып келгенiн байқаймыз. Яғни, осыдан келiп ғылыми педагогика мен халықтық педагогиканың тәрбие тәсiлдерiндегi сабақтастығы, принциптiк-идеялық үндестiгi туындайды. Бүгiнгi әлемдiк аренаға жеткен ғылыми-педагогика халықтық педагогикадан бастау алып, оны ғылыми теориялар мен қағидалар тұрғысынан жан-жақты зерттеп, қарастырып, байытты. Сөйтiп, өз қажетiне жаратты. Осы қажеттiлiктен келiп, халықтың эмпирикалық тәжiрибесiне негiзделген ұрпақ тәрбиелеу тағылымдары — халықтық педагогиканы ой елегiнен өткiзiп зерттеп, тәрбие мен оқу iсiнiң өзектi құралы етудiң жолдарын және оның шығу, даму кезеңдерiн өзiндiк ерекшелiктерiн, басқа ғылымдармен байланысын зерттейтiн педагогиканың ғылыми бiр саласы этнопедагогика пайда болды.

3. Этнопедагогикалық құбылысты зерттеудің әртүрлі әдістері.

Этнопедагогиканың зертгеу әдістері және сөз болган жекелеген авторлар /Н.Я.Ханбиков, Ш.А.Шоров, А.Мирзоев т.б/ енбектерінде әдет - ғұрыптар мен дөстүрлер халықгық сенімдер, ойындар мен ойыншықтар жоніндегі этнографиялық материалдардың халықтық тәлім – тәрбие мазмұнын ашып көрсетудегі маңыздылығы атап көрсетіледі. Зор тәрбиелік ықпалға ие, озіндік салт-дәстүрі бар балалар ортасының этнопедагогикалық зерттеу обьеқтісі ретіңце қарастырылуы /М.И.Стельмахович, И.С.Кон/ аса қүптарлық. Сонымен этнопедагогака зерттеудің кең келеміне не оның алдында үлкен өзекті міндеттер тұр. Оның қалыптасуының қазіргі жағдайда халықтың педагогиканың әрекет ету аясын анықтау оның бүгінгі тәрбие мен өзара байланысын айқындау аса маңызды. Халық даналығы қамқорлығының түйірлерін жинау, халықтың тәрбиенің негізгі каегориалары мен заңдылықтарын анықтау, оларды басқаратын әлеуметтік-экономикалық факторларды белгілеу, халықтық педагогикалық дәстүрлердің өмір сүргіштігінің себептерүн айқындау және оардың қоғамның қазіргі рухани өміріне енуі жүйесін белгілеу этнопедагогикалық аса маңызды міндеттері болып отыр.

4.Оқу-тәрбиелік процесті дамытудағы этнопедагогикалық білімнің рөлі.

Этнопедагогиканың мәні ұлттың дамуымен қалыптасуының нақты проблемамаларын шешуге бейім озық педагогиканың этикалық үлгілерін құрайтынарнай білімдерден және практикалық ұсыныстардан тұрады. Мұнда қалықтық педагогикалық мәдениеттіліктің маңызы үлкен мәнге ие. Олай дейтініміз, халықтық педагогика дәстүрімен оның мазмұнын одан әрі байытып тереңдете түсуге, сонмен қатар жазылған не жазылмаған заң ережелерін бұлжытпай сақтауға үйренуіміз керек. Осыған байланысты кәсіби мәдениетті қалыптастыратын күрделі жүйеніңтеориясы мен практикасының дамыту және одан әрі байыту талап етіледі. Оның бірден – бір сара жолы болашақ мұғалімдердің кәсіби этнопедагогикалық қызыметі педагогикалық практика уақытында оқушыларды тәрбиелеу үрдісінде жүзеге асады. Оқушыларды тәрбиелеу үрдісіндегі көп жоспарлы міндеттерді ойдағыдай орындау, оның ішінде оларды этнопедагогикалық мәдениетпен қанағаттандыру негізінен жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің даярлығына тікелей қатысты. Сондықтан мектеп оқушылары тәрбиесінде қазақ этнопедагогикасы материалдарын тиімді пайдалану ұлт мәдениетің жетік меңгерген педагогикаларды, соның ішінде әсіресе халықтық педагогика жөнінде түсінік танымы терең болашақ мұғалімдерін даярлауды талап етеді. Сонымен қатар ұлттық мектептің ұлы мұратын іске асыратын ұстаздар қауымы ұлттық намысты ту етіп, білімін, қажыр – қайратын елдің ертеңіне еңселендіретін қасиетті істі аямау қажеттігі туындайды.

5. Қазақстандағы этнопедагогиканың даму тарихының негізгі этаптары.

қазақстандағы этнопедагогиканың тарихына тоқталатын болсақ бұл мәселеде де пікірталас жеткілікті. «қазақ этнопедагогикасының  теориялық негіздері мен тарихы» деп аталатын монографиясында С.қалиев  қазақ этнопедагогикасының қалыптасуын мынадай кезеңдерге бөледі:

 қазақ этнопедагогикасының туу кезеңі (ХІХ ғ. 2-жартысы), оның белсенді қайраткерлері

 қазақ этнопедагогика сының қалыптасу кезеңі (1920-1930)  және ол кезеңдегі қайраткерлер

қазақ этнопедагогикасының даму кезеңі (1970-1995)

 1.қазақтың демократ-ағартушылары:  Ш.Уәлиханов  Ы.Алтынсарин А.құнанбаев

 

2.Орыс,батыс саяхатшы-ғалымдары: П.С.Паллас Э.С.Вульфсон А.Вамбери А.Левшин А.Ÿнушкевич Н.Г.Потанин Н.Л.Зеланд В.В.Радлов т.б.

 қазақтың зиялы оқымыстылары: С.Торайғыров Ә.Диваев А.Байтұрсынов

 

Ш.құдайбердиев М.Дулатов М.Жұмабаев Ж.Аймауытов Х.Досмұхамедов Н.құлжанова М.Әуезов С.Сейфуллин

 М.ғабдуллин Б.Момышұлы Б.Адамбаев Ш.Ахметов М.Әлімбаев қ.Жарықбаев         С.қалиевӘ.Табылдиев

С.ұзақбаеваМ.Балтабаев М.Бөлеев З.Ахметова М.құрсабаев М.Смайылова М.Оразаев

К.қожахметова

 Ал  К.Ж. қожахметова  «Казахская этнопедагогика: методология, теория, практика» деп аталатын монографиясында  қазақ этнопедагогикасының тарихына шолу жасай келіп, С.қалиевтің пікірімен келіспей, былай деп жазады: » 

6. Қазақтың ақын-жыршыларының халықтық педагогикалық көзқарасы.

Әлемнің екінші ұстазы атанған Әл Фарабидің ғылми этнопедагогикалық еңбектері: Әл Фараби ұллтық сана, әдет-ғұрып, поэзия жіне философия, ел басқарушының құқықтық міндеттері мен болмысы туралы. Әл Фарабидің оқыту, тәрбиелеу әдістері туралы пікірлері. Ұлы ғұламаның философиялық, эстетикалық, әлуметтік (социологиялық) тұжырымдары. ӘлФарабидің түрік, араб мәдениетіндегі алатын орны, қазақтың ұлттық мәдениетіне әсері мол болды. Ахмет Яссауидің діни-софылық мақсаттар мен тәрбиелер туралы ойлары. Әулиенің адамгершілік, имандылық, еңбек, білім, қайырымдылық, махаббат туралы ойларының тәрбиеге әсері. Жүсіп Баласағұни – белгілі ғалым, халық қамқоршысы, білім шырағын жағушы ұстаз, ақын. Ғұламаның « Құтты білік » кітабының идеялық мақсаттары. Күнтуды патышаның, Айтолды уәзірдің баласы Ұғдұлміштің, дәруіш Одгүрміштің бейнесі. Олардың жастарға үлгі – өнеге көрсететін іс – әрекетері. Дастан, өсиет – уағыздар мен ғибрат сөздер. Ұлы тәрбиеші Мұхаммед Хайдар Дулатидің ел басқарушының құқықтық міндеттері туралы ойлары. « Тарих – и- Рашиди », « Жаһаннама» кітаптарының этнопедагогикалық түйіндері. Ыбырай Алтынсарин – қазақтың тұңғыш педагогы, балалар жазушысы, қазақ балаларына мектеп ашып, оқулық жазған ұлттық қайраткер. Ыбырайдың «Қазақ хрестоматиясы » (1879), « Бастаыш оқу әдістемесі »(1889), « Мұсылмандықтың тұтқасы» атты еңбектерінің этнопедагогикалық мәні. Ыбырай ашқан қыздар училищелері, болыстық мектептер, мұғалімдер семинарлары, олардың қазақ халқының мәдениетін дамытуға тигізетін әсері. Ыбырай шығармаларының тәрбиелік әсері. Абайдың қара сөздері – педагогикалық тұжырымдар. Абай ғылым, білім, оқу, тәрбие туралы . Абай олеңдерінің тәрбиелік мәні зор болды.

Шоқан Уалихановтың этнопедагогикалық (ауыз әдебиеті, халықтың салыт – дәсүрлері туралы) еңбектері. Шоқан халықтың білім, еңбек, мектеп, халық мәдениетінің дамуы туралы. Шоқанның эпостық жырларды зерттеп, олардың тәрбиелік мәнін ашты.

Ахмет Байтұрсынов – қазақ халқының рухани көсемі, қазақ тілі ғылымының негізін қалаушы, қазақ этнопедагогикасы ғылымгың қайнар бұлағын ашқан қазақ мәдениетінің бағдаршамын жаққан – ұлы ұстаз, асқарлы ақын, жарқын ойлы жазушы. Міржақып Дулатов – қазақ мектептерінің болашағына жол көрсетіп, ұлттық тәрбиенің негіздерін көрсеткен ұстаз жазушы. Міржақып мектеп, мұғалім ұлттық тәрбие туралы. Мағжан Жұмабаев – қазақ этнопедагогикасының негізін қалаушы педагог ақын. Мағжан тәрбиелерінің түрі, ұлттық тәрбие, қазақ тілі, психология ғылымы мен педагогика ғылымының бір – бірімен тығыз байланыстылығы туралы. Мағжан оқыту әдістемелері туралы. Жүсіпбек Аймауытов – қазақтың этнопсихология ғылымының негізін қалаушы педагог жазушы. Жүсіпбек ұлттық псхология және жалпы психология ғылымы туралы, мектеп және тәрбие туралы, ата - аналарының тәрбиесіне жауапкершілігі туралы.

7.Қазіргі жағдайдағы этнопедагогиканың көкейкесті мәселелері мен міндеттері

Қазақстандағы егеменді ел болуымен байланысты оқу – ағарту ісінде оның басшылыққа алатын негізгі идеялық бағыты, ел басымыз Н.Ә. Назарбаевтың "Қазақстан - 2030" бағдарламасында көрсетілгендей... "Қазақстандықт патриотизм мемлекеттің территориялық тұтастығын, салт – дәстүрдің, ұлттық мәдениеттің сақталуын, Қазақстанда тіршілік етуші ұлттардың бірлігін қамтамасыз етуді, олардың саяси экономикалық және мәдени байланысын мемлекеттік қазақ тілі мен халқарлық қатынас тілі – орыс тілінің жетіліп көркеюіне баса назар аудару ", т.б. болмақ. Бұл пәнде көзделетін мақсат келер ұрпақтың денсаулығын сақтау үшін қамқорлық жасау, оларға қажетті білім беру және дүниетану көзқарасын қалыптастыру, бүгінгі нарықтық қатынас жағдайында өздерінің ата – бабаларыныңт дәстүрін сақтай отырып еңбек етуге әзір болуын қамтамасыз ету болмақ. Келер ұрпақ бейбіт өмірде шапшаң қарқынмен дамушы, гүлденген отанының патриоты болып өсуі тиіс. Халықтық тәрбие түрлерін оқушы жастардың бойына сіңіріп, білім, білік дағдыларын дамыту, сөйтіп дене еңбегіне де, ой еңбегіне де қабілеттті, нарық жағдайында өмір сүруге икемді, жан – жақты жетілген азамат етіп шығару. Ол жан тәрбиесі тән тәрбиесін қатар жүргізе отырып, оқушы жастардың қайрат жігерін, ақыл – ойын халықтың өнер туындылары негізінде оқытып тәрбиелеу арқылы іске асырылады. Халықтық тәрбиенің негіздерін оқытып, білдіріп меңгерту үшін, ең алдымен этнопедагогиканың теориялық-әдіснамалық танымдық негіздерін үйретіп білдіруге тура келеді. Ал ол этнос туралы ұғымды, этностардың туып, дамып қалыптасуын, этномәдениеттің ерекшеліктері мен оның әлемдік өркениетке ұштасуын , кірігу жолдарын теориялық тұрғыдан қарастырудан басталады.

8. «Этнос» деген ұғымға ғылыми көзқарас. «Этнос», «ұлт», «халық» деген түсініктердің бір-бірімен арақатынасы. « Ұлт » термині латын тіліндегі « nasci » сөзіне сәйкес келеді, бұл «туылу» деген мағынаны білдіреді, бастапқыда «natio» латын сөзі «тек», «тайпа», «халық» сөздерімен сәйкес келеді, яғни оның басым түрдегі эмоционалды бояуы болады. Қазіргі кезде, «ұлт» сөзі көп жағдайда, бір мемілекеттің аясында өмір сүретін бір этнонимдері адамдарды жиынтынғын белгілеуге қолданылады. Ұлтпен салыстырғанда, ұлыстардың өзіндік өнеркәсіптері болмайды және олардағы жұмысшы табының үлесі үлкен емес, ірі ұлтпен ассоциацияланатын байланыстарымен салыстырған, ішкі инфобайланстары әлсіз болады, мемілекттілікке қатысты атрибуттары жетілмеген.

« Халық » сөзімен бір этнонимі бар адамдардың жиынтығын белілеуге болады, бірақ бір мемлекетттің аймағында ғана емес, сонымен бірге әртүрлі мемілекеттердің жалпы « салалас » аймағындағы адамдардың жиынтығын қамтиды. Жаңа және жаңаша дәуірге қатысты, алыс аймақтағы салалас емес территорияда өмір сүретін бір этнонимдегі адамдарды бегілеу үшін, көп жағдайда «ұлт» термині қолданылады. Алғашқы қауымдық қоғамда, осындай рөлді автордың пікірі бойынша, «тайпалас» сөзі атқара алады, бұл сөзбен бір аймақта орналасқан тек тайпа мүшелерін ғана емес, сонымен бірге, осы аймақтан тыс өмір сүретін тайпаларды белгілеуге болады. Автордың пікірі бойынша, этностың пайда болуының шарты және өмір сүруінің факторы ретінде, территориялық тұтастығын дәл шектеу қажет.

Жоғарда айтылғандардың аясында, Ю.В. Бромлей өзіндік этносқа (немесе осы терминнің тар мғынасындағы этнос сөзі ) жалпы белгілері бар, мәдениеттің және психиканы тұрақты ерекшеліктері (тілді қосқанда) бар, сонмен бірге, өз бірлігін және басқа өзіне ұқсас құрлымдарды (өзіндік сана), тіркелген өзіндік атауын (этноним) саналы ұғынатын, белгілі территорияда тарихи қалыптасқан тұрақты ұрпақарлық адамдардың жиынтығы ретінде анықтама береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]