Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дипломдық жұмыс.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
15.92 Mб
Скачать

2.3 Тастардың дұрыс орналасуы.

Тастарды орналастырудың алдында оюмен тастардың үйлесімділігі болуы керек.Тастардың орнын мұқият зеттеп орналастырған дұрыс.Тастардың ең қолайлысы термоклейлі болып табылады.

Қорытынды. Қазақ ұлттық киімдерін күнделікті тұрмыстық және салтанаттық-сәндік деп екіге бөлінеді. Жалпы қазақ ұлттық киімдерің етек-жеңі мол, қарапайым, жұмысқа және жүріп тұруға үйлесімді, дене сымбатын ашатын сәнді болған. Қазіргі өркениетті замандағы киімдер ұлттық нышандарымызды айқындай түсетін егемендігімізге де, жастарымызға да күнбе-күн, той думандарда киіп жүруге әбден жарасымды.Ұлттық киімдерінің ішінде ерекше әсемдігімен дараланатыны – қыздарға арналған киімдер. Сұлу да сымбатты қыздардың киген киімдері тал бойына жарасып, дараланған тұлға болып көрінудің өзі көрер көзді қуантып, адам жанын жадыратады. Қыздардың салтанатты жиын тойларда киетін сәнді көйлектерінің етек-жеңі, жағасы ерекше әдіптелініп, зер төгіліп көмкеріледі. Аяқтарына кебіс-мәсі, ауқатты отбасы әйелдерінің салтанатқа киетін оюланған кестелі етігі, көк сауыр былғарыдан тігіліп, оюлап, күміс құйма қақтырған кебістері болды. Асыл тастар орнатқан алтын-күміс сақина, шолпы, түйреуіш, білезік, шашбау, қаптырма, алқа және кемер белдіктері аса сәнді болған.

Халқымыздың ұлттық киімі – мәдени мұрамыз. Ұлттық киіміміз әлем халқының алдында ұлтымыздың ерекшелігін танытады. Ұлттық өнерімізді өнер туындысы деп қарасақ та болады. Ол атадан балаға мирас болып келе жатқан байлығымыз.

Ұлтымыздың бет-бейнесі болып саналатын ұлттық киімімізді қастерлеу, дамытуға өзінің үлесін қосқан жандардың шығармашылық туындылары қазақтың ұлттық киімдері тарихынан осы заманғы талаптарына дейінгі аралықты қамтиды.Дизайнерлер қазақтың ұлттық киімдерін бүгінгі ұрпаққа қайта жаңғыртуда өз үлесін қосуда.

Қазіргі заман киім үлгісін дайындау үшін алдымен ыңғайлылығын, үнемділігін, тиімділігі мен эстетикалық сапасын ескеру қажет. Себебі, дизайнер костюм үлгісі арқылы көрерменге белгілі бір ақпаратты жеткізуге ұмтылады. Суретші модельер немесе дизайнердің шығармашылық еңбек етуіне әсер ететін факторлардың бірі шынайы өмір мен қиялдан туындаған туындылар нәтижесінде және де қоғамдағы әрбір аспекті дизайнер санасында көркем образды шығаруға, туындатуға әсер етіп, бұйым үлгілерін жобалауда тамаша жетістіктерге жетті.

Еліміздің егемендік алып, осындай тарихи өзгерістің нәтижесінде халық шеберлерінің шығармашылық ізденісі шыңдалып, жетіле түсуде. Халық өнеріне ұлттық құндылық, қазына ретінде қарай бастадық. Енді алда осы құндылықты мәңгі рухани қайнарымызға айналдыру міндеті тұр.