Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дипломдық жұмыс.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
15.92 Mб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Тұяқ Анар Нұржанқызы

Қазақтың дәстүрлі әйелдер костюмінің инкрустация негізінде «Қыз ұзату» көйлегінің конструкциялық шешімін жобалау.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В072600 – Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы

Алматы, 2015

Кіріспе

Қазақтың ұлттық киімі ғасырлар бойы қалыптасқан және айналадағы ортаға желді, аязды болып келетін аңызақ даладағы тіршілікке бейімделген халық мұрасының құрамдас бөлігі болып табылады. Оның қарапайымдылығы,үйлесімділігі,жүріп-тұруға қолайлылығы– басқа жұрттардың киім-кешегі сияқты әуел баста адамның тәнін жауып, мағынасыз және ойдан шығарылған ғаламаттардан, ал кейіннен денені ыстық-суықтан, қуаң желден, әсіресе мал айналасында болатын маса – шыбыннан қорғауға қажет болғандығын аңғартады. Киімді әшекейлеу, жағасына, өңіріне, етек-жеңіне кесте тігіп, оқа бастыру, зерлі жиектер жүгірту, киімді безендіруге қымбат металдар мен асыл тастардан түзілген әткеншектерді пайдалану көбіне әсемдікке құштарлықтан емес, дала қауымында жеке меншіктің пайда болуымен байланысты үстемдік етушілердің байлығын, әлеуметтік өміріндегі алатын орнын баса көрсету қажеттігінен туған болуы ықтимал. Өйткені даланы мекендеп үнемі малмен бірге көшіп-қонып жүрген елдің де, кедейшіліктің тауқыметін көп тартқан егіншілердің де сәндік құруға уақыты да, қаржысы да жете бермесе керек. Халық арасында кең тараған «сұлуынан жылуы» деген сөз де, сол көне заманнан қалған болуы мүмкін. Әйтседе, киім-кешекті әшекейлеу бірте-бірте ғасырлар өткен сайын қалыптасқан дәстүрге айналады да, әрбір ұрпақтың талғамына лайық өмір талқысынан өтіп, ұлттық киімнің бөліп қарауға болмайтын және оның өзіндік ерекшеліктерін баса көрсететін ыңғайластығы болып қала берген. Соңғы 15-20 жылда жүргізілген этнографиялық зерттеулерге қарағанда, қазіргі ғылыми-техникалық прогрестің, жаңа моданың әсерімен, сол сияқты қазақша киімнен ешбір хабары жоқ, ұлттық дәстүрлерге жатпайтын жалған элементтермен көбірек айналысатын, бірақ өздерінің туындыларын кино, телевизия, театр қауымы мен концерттік ұйымдар арқылы тықпалауға мүмкіндігі бар кейбір суретші – модельерлердің орынсыз, араласуынан ұлттық киімнің пішішінде немесе тігісінде ғана емес, тіптен үкі қадауға да әр қилы өзгерістер пайда бола бастағандығын аңғаруға болады. Оның барлығын былай қойғанда біздер ғылыми мақсатқа орай немесе музей қорын толықтыру үшін ел арасынан сатып алып жүрген ең дәстүрлі киідердің өзінен де аздап та болса байқалатын түр өзгерістер көрініп жүр. Ұлттық киім – көненің көзі, бізге жеткен материалдық мәдениеттің жетістігі. Оны ескерткіш ретінде болашақ ұрпаққа сақтау қажеттігін ескерсек, мұндай жағдайларға үзілді-кесілді тыйым салған жөн. Біздің мәселенің бұл жағына баса назар аударып отырғанымыздың тағы бір себебі – уақыт өткен сайын ұлттық киімді сақтап, зерттеп – білудің қиынға түсе беретіндігінде болып отыр. Дегенмен, қазақтың ұлттық киімі дәуір талғамынан өтсе де ғылыми тұрғыдан әлі де болса толық екшеле қоймаған құбылыс есебінде онан әрі зерттей түсуді қажет етеді. Ұлттық киімді зерттеп білудің бірден-бір тиімді жолы жазба деректер болғанымен оларда қазақша киімнің дәл өзі жайлы мағлұматтар жоқтың қасы. Сондықтан да қазақша киімді егжей-тегжейіне дейін жете білетін ұрпақ – оны киген және түсіне білетін соңғы адамдар ауыспай тұрғанда жоспарлы түрде кең көлемді далалық экспедициялар ұйымдастырып, әлі де болса кездесетін ұлттық киім нұсқауларын жинай беруді ел аузындағы мәліметтерді жазып алумен қатар жүргізе берген жөн.

Қазақ халқының қол өнері көне заман тарихымен бірге дамып, біте қайнасып келе жатқан бай қазына. Оның бір ұшығы туысқан Орта Азия халықтарының және орыс халқының қол өнерімен де ұштасып жатыр. Қол өнерінің басты бір саласы — киім тігу. Ерте заманнан күні бүгінге дейін өзінің қадір-қасиетін жоймай, қол өнерінің озық үлгісі ретінде ғана емес, әрі әсем, әрі ыңғайлылығымен де пайдаланудан қалмай келе жатқан қазақтың ұлттық киімдері әлі де аз емес. Олардың кейбіреулерін ескінің көзі қарттар күнделікті киіп жүрсе, енді біреулерін қыз ұзату, келін түсіру тойларында ойын-сауыққа пайдаланады (қалындыққа сәукеле кигізу) , сондай-ақ көпшілігі театрлардың арнаулы тапсырысы бойынша тігіліп жүр. Қазақтың ұлттық киімдері - Еуразия даласын қоныс еткен көшпелі ел қазақтардың басқа халықтарға ұксамайтын киім үлілері табиғи ерекшеліктер мен көшпелі тіршілікке сәйкес қалыптасты. Қазақы киімнің барша сымбаты мен ою өрне -гін де, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының, ой-дүниесінің қайтланбас көрінісі бар. Ол - біздің ұлттық мәдениетіміз. Қазақ әйелдерінің ұлттық киімі, негізінен, көйлек, кимешек, жаулық, сәукеле, желек, тақия, камзол, кәзекей, кебіс-мәсі, көкірекшеден тұрады. Әшекей, ажар жағынан төрт топқа арналып тігіледі. Олар қыз киімдері, келіншек киімдері, орта жастағы әйелдер мен бәйбішелердің киімдері. Қыз киімдері кеуделері тар, қынамалы, жаға, жең, кеудесі, өңірі кестелі, әшекейлі келсе, жас ұлғайған сайын неғұрлым етекті, кең, мол қаусырмалы бола түседі.

Сән бағыты

Сән әлемінде белгілі бір стильді қалыптастыруда түс үлкен рөл атқарады. Психологтар адамның көңіл күйі мен өзін - өзі жайлы да ыңғайлы сезіуі үстіндегі киген киімінің түсінеде байланысты болатынын айтады.Түсті дұрыс таңдау арқылы сіз айналаңыздағы адамдарға әдемі көріне отырып, белгілі бір деңгейде психологиялық жағынан әсер ете аласыз.Ендеше 2015 жылы дизай- нерлер сұр,қоңыр, ақ түстерге басымдық беруді жөн көрді.Қой малының азығы көк шөп болғандықтан,2015 жылы өз гардеробыңызға көкшіл және жасыл түсті киімдерді де қосуды ұмытпаған жөн.Сондай - ақ әлемдік сән индустриясының алыптары қой жылы алтын,қара,қызыл ,сары түстерге де мән беруді ұсынады.Бұл жылы классикалық ақ пен қара түстерде сәннен шықпақ емес.Айтуларынша етегі кең әрі ұзын грек стиліндегі годе, белдемше, шілтерлі органза гүлді және тастармен безендіріліп тігілген көйлектер кез-келген әйелдің нәзіктігін арттыра түседі.Сонымен қатар дизайнерлердің екі түстен құралған жылтыр көйлектердің де 2015 жылдың тренді екенін айтады.Қой жылы қысқа етекті көйлектер де сәннен шықпай- тын көрінеді.Тоқылған көйлектерде биылғы сәнде екен.

Биылғы қыс мауысымында ақ немесе жирен түстермен жиектелген сұр түсті ішіктер мен тондар үлкен сәнге ие.Аң терісінен тігілген жағалар да әдемі көрінбек.Ал бас киімдерге келетін болсақ,2015 жылы кішкене қоңырауы бар шапкалар сымбатыңызға көрік бермек.

Биылғы көктемнің ең – ең деген көйлектері мен сәнді түстер және принттер. Осы көктемде әр бір бойжеткеннің гардеробынан келесі бес нәрсе табылу керек, тура Абай атамыз айтқандай “бес нәрсеге асық бол”, бірақ мағынасы фэшн индустрияға жақын. Сонымен:

Номер бірінші:Макси етекті көйлек. Міндетті түрде болу керек. Әрине, бәріне жараса бермейді, бірақ оны да таңдап алуға болады. Толықтау болсаңыз, белбеусіз болғаны дұрыс. Аласа бойлы, арықтау келген бойжеткендерге тізеден сәл төмен ашық түсті, жеңіл матадан тігілген көйлек таптырмас шешім болар.

Екінші нөмерлі “маст хэв”: Ботильоны!

Бұл етік пен туфлидің арасындағы аяқ киім кең таралған. Көктемнің ең көркем трендінің бірі. Сол себепті, өткен көктемгі ботильондарыңыз да осы көктемде сәннен шыға қоймады. Классикадан бастап “анайы” авангардқа дейін сан алуан түрі бар бұл “жарыметік” өзінің орнын табқан секілді.

Үшінші «маст хэв» әрине сумка. Олар (әрине қыз балада бір сумка болуы мүмкін емес, сол себеп олар) әр алуан, кіп кішкентай клатч, орташа және үлкен болады :

Төртінші міндетті болуы керек зат: Плащ. Бұл сыртқы киім әр бір қызға жарасады. Тек түрін дұрыс таңдай білу керек.Байқасаңыз, осы көктемде ашық түсті беж де сәнге кіре бастапты. Бірақ бұл түс тек қана арықтау келген бойжеткендерге жарасады. Қалғандарымыз палитраның басқа түстерін таңдасақ болады. Мысалы, изумруд түсті жасыл, хаки және т.с.с.

Бесінші, және соңғы “маст хэв” қолшатыр! Кез келген, олар да сәнге тәуелді, алайда бұл жерде оны сәнді аксессуардан гөрі, образ түзуші элемент ретінде қарастыру керек.

Мысалы мынандай “нәзік және сүйкімді” қолшатыр көктемде ең керек дүние болуы анық. Қолшатыр ұстаған қыз – әрқашан сәнді және стиль ұғымымен таныс. Әрине басыңа капюшонды басып алып жүрген оңай және ешқандай артық қимылды талап етпейді, алайда осындай элементтерден нағыз арудың бейнесі түзіледі.

Халқымыз ежелден «Ағаш көркі – жапырақ, адам көркі – шүберек» дейді. Осындайда көз алдымызға әуелі ұлттық киіміміз келетіні анық. Сонымен қыз ұзату көйлегінің сән үлгілеріне назар аударайық. Қыз ұзату киімдерімнің ерекшелігіне тоқталсақ, оның сәнді де ыңғайлы болуында. Сәнді киіну үшін жалтылдаған көйлек кию міндетті емес. Тігісі жатық қарапайым көйлекпен де әдемі көрінуге болады. Яғни ұлттық нақышты пайдалана отырып, қарапайым әрі әсем киім үлгілері арқылы да сәнді болуға болатынын көпшілікке аян.Қазақ қыздары кең етекті ұзын бешпентті көйлектерді киген.Көйлекке сән беретін ою-өрнек болып табылады. Сон- дықтан бой жеткендердің дене бітіміне сай ою-орнек таңдаған абзал. Толықтау келген қыздарға оюды жіңішке ашық қанық түспен жасаса қыздардың толық екенін жасыра түседі.Ал керісінше белі жіңішке қыздарға жуан өрнектер толықтыра түседі де жараса кетеді.Көйлектердің жеңдері шынтақтан төмен,ал етектері тізеден төмен болғаны дұрыс ,неғұрлым ұзын болса соғұрлым сәнді де жинақы көрінеді.

Алдымыздағы таяп қалған көктем мен жазда сәнге не кіреді екен деп ойлап жүргенде, ұлттық сән үйлері өздерінің биылғы сәнге деген көзқарасын подиумдарға шығарып үлгеріпті.

Қолданылған маталары көбіне өте жеңіл, жібек пен шифон, органза секілді нәзік және жұмсақ. Нәзіктік дегенде әрине алдымен көз алдымызға ақ түс келеді. Пәктіктің белгісі болғандықтан, ақ түс тек қана осы коллекцияда емес, өзге дә сән үйлерінің киім үлгілерінен көруге болады. Егер сіз 2015 жылы қандай көйлектер сәнді екенін білмесеңіз онда бұл ақпараттар сізге арналады.Мұнда сіз қандай көйлектер жарқын және сәнді екенін біле аласыз.Сонымен көзге бірден түсетін көйлектерге назар аударайық.

Биылғы сәнге қою жасыл түс өте үлкен рөл атқаратындықтан бұл түсті де қосыпты,жасыл түс жай ғана сәнді емес сонымен қатар көптін көзіне бірден түсетін түс болып табылады,әрі байда жарқын түстердің бірі. Әр бойжеткен ханшайым болуды қиялдайды. Дизайнердің көптеген көйлектердің жиынтықтары арқылы ханшайым болу едәуір жеңілтік жасайды . Өте әдемі көйлектер көлемді белдемшесімен және сүйреткімен көптеген сәншіл және сәнді үйдің табынушыларымен бағаланады.Атақты дизайнерлердің көйлегі- мен кімде болса өзін ханшайымдай сезінері сөзсіз.Шығарылымның коктейльді көйлегінің фотосын қарай отырып 2015 жылдың көктеміне қарай, қынамалы силуэт қыздардың денесіне барынша көрік береді деп дизайнерлер тұжырымдайды.Әрине мұндай көйлекті кімде болса киюден бас тартпас. Бойжеткен қыздардың дене бітіміне бұл көйлектер құйып қойғандай әдемі тұратыны сөзсіз.Биылғы сәнге сәйкес көйлектердің үстіңгі бөліктерін асыл тастармен көмкеріп безендіріпті.

Қазақ зергерлері негізінен әйелдердің сәндік әшекей заттарын (сырға, білезік,жүзік, сақина, шолпы, алқа, қатырма, шашбау, т.б.) әсем жасай білген.Бүгінгі таңда бұл зергерлік бұйымдар алі де қолданылуда.Бірақ заман талабына сай,қазіргі сәнге байланысты зергерлер көздін жауын алатын бұйымдарды сәнді етіп шығарған.Солардың бірі шашбау.Шашбау– қыз-келіншектер шашына тағатын сәндік бұйым. Мұндай әйел шашының әр-ажарын аша түсетін, өрілген бұрымның ұшын бекіту үшін тағылатын алтын, күміс тиындар, кейде маржан қадалған, ызылған бауы бар.

Қазақ әйелдерінің ең көп тұтынатын бұйымы – білезік. Ол көбінесе жұмыр, төрт қырлы және ширатпалы болып келеді. Білезіктің ашылып жабылатын түрі де болады. Әйелдерге арналған әсем бұйымның бірі – жүзік. Оның үстіңгі бетіне әр түрлі тастардан не өңді әйнектерден ою-өрнек жүргізіледі. Жүзікке көбінесе күмістен көз, балдақ, құс тұмсық орнатылады. Мысалы: мыныдай үлгілері қазірде қолданыста жүр.Бұл бұйымдар сәннен қалған емес керісінше жаңа үлгіде сұранысқа ие.

Қазақ әйелдеріне арналған көркемдік бұйымның тағы бір түрі – сырға, сырғалар әсем де жеңіл жасалады.Сырғаның ай, айшықты,тұмар қозалы, салпыншақты,тас алтын, күмісті, қоңыраулы, күмбезді т.б. түрлері болған.Ал қазіргі сәнде олар асыл тастармен безендіріліп қазақтың түрлі оюларымен жасалған түрлері өте көп.

Қазақ әйелдерінің ең жеңіл бұйымдарының бірі – алқа. Ол бір-бірімен шығыршық арқылы жалғасады және бірнеше төрт бұрыш, үш бұрыш, дөңгелек әшекейлерден көрініп тұратын болғандықтан асыл тастармен өңді әйнектермен безендіріледі.

Әйелдер алтындаған, күмістеген және оқшантайлы белбеу буынған. Қазақ әйелдері алтындаған, күмістеген, әрі жіңішке әрі жібекпен шеккен, шығыршықты ілмекті үзбелі белбеу тұтынған. Оның қалай және неден істелгенін, қалай әшекейленгенін, нендей қосымша пайдаланатын құралы барлығын білдіреді.Оның қалай және неден істелгеніне байланысты «шығыршықты белбеу», «мақпал белбеу», «дүрия белбеу» т.б. аттары бар.

Диадема (грек сөзінен таңу немесе байлау)деген мағынаны білдіреді.Міне бүгінде бізге бұл сөз жат емес.Бұрын қыз ұзатылғанда сәукеле кисе қазір орнын осы диадема басыпты,әрине әр бойжеткеннің өз қалауы ғой бірақ бүгінгі таңда сәнге қарап киінген жөн болар.Диадемалер қазақтың оюымен өрнектеліп асыл тастармен безендірілген көздін жауын алады.Мұндай бұйымды таққаннан ешкім бас тартпас.

11-сурет

Диадемалардың да түрлері өте көп мысалы мынадай 11-суреттегідей шашбауға ұқсас ұзын салпыншақтармен жасалған немесе 12-13-суреттегідей корона тәріздес жасалған түрлері бар.Әрине олар суреттегідей қазақы оюлармен ойылып жасалады.

12-сурет. 13-сурет.