- •Экономикалық және математикалық пәндер кафедрасы
- •Оқу әдістемелік кешен
- •1. Пәннің типтік оқу бағдарламасы
- •3.Силлабус Оқытушы жөнінде мәліметтер
- •Пән сипаттамасы
- •2. Пән мазмұны
- •Дәрістемелік сабақтардың тақырыптары мен оның мазмұны
- •Тәжірибелік сабақтардың тақырыптары және олардың мазмұны
- •Студенттің жеке өзіндік жұмысы және соөж-ң мазмұны
- •Қолданылатын әдебиеттер тізімі
- •2.Оқу жұмыс бағдарламасы Оқытушы жөнінде мәліметтер
- •Пән сипаттамасы
- •Пән мазмұны
- •Қолданылатын әдебиеттер тізімі
- •6. Дәрістемелік материалдар
- •7. Машықтану сабақтарының жоспары
- •8. Пәнді меңгеруге арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Саясат және процедура.
- •9. Соөж бен сөж орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Студенттердің оқытушының жетекшілігімен өзінді жұмысы(соөж) мен студенттердің өзіндік жұмысының (сөж) орындауға берілген тапсырмалар Студенттің №1тақырып бойынша өздік жұмысының тапсырмалары:
- •Студенттің №2 тақырып бойынша өздік жұмысының тапсырмалары:
- •Студенттің №3 тақырып бойынша өздік жұмысының тапсырмалары:
- •Студенттің №4 тақырып бойынша өздік жұмысының тапсырмалары:
- •Студенттің №5 тақырып бойынша өздік жұмысының тапсырмалары:
- •Студенттің №6 тақырып бойынша өздік жұмысының тапсырмалары:
- •10.Студенттің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •11 Аралық және қорытынды бақылауға арналған
3.Силлабус Оқытушы жөнінде мәліметтер
Дәріс беруші: Тажигулова Айгуль Жармаганбетовна - «Экономикалық және математикалық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы
Тел. 56-19-46
Байланыс уақыты: СОӨЖ кестесі бойынша
Уақыт: сабақ бекітілген кестеге сәйкес өткізіледі
Кредиттер: 3
Пән сипаттамасы
Пәннің пререквизиттері: «Бухгалтерлік есеп», «Салық салу», «Статистика», «Кәсіпорын экономикасы
Постреквизиттер: Банктердегі қаржылық талдау.
Қысқаша сипаттама: Бұл курс бухгалтерлік есепті жүргізуді халықаралық стандарттар негізінде жүргізу ерекшеліктерімен болашақ қаржыгерлерді таныстырады. Пән шеңберінде студенттер отандық есептілікті халықаралық қауымдастық қабылдаған халықаралық есеп пен есептілік (IFRS-IAS). стандарттарын аударуға үйренеді.
«ҚЕХС сәйкес қаржылық есепті» жүргізу пәні тәжірибелік бағытқа ие, мұнда студенттер ҚЕХС бойынша өз бетімен толыққанды есеп жүргізуге үйренеді. ҚЕХС қолданылатын 41 стандартының мазмұны мен қолданылу аясын біліп, халықаралық есептілікті оқуды, есепті жүргізу негіздерін, атап айтқанда босалқылар, пайдаға салық, қаржылық есепті ұсыну, материалдық емес активер және тағыда басқа бөлімдерді игеру іскерлігін мен дағдыларын қалыптастырады.
Бухгалтерлік есептің барлық шетелдік үлгілерінен отандық есепте әлемде сапалы және сенімді ақпаратты ұсынатын тиімді құрал болып табылған қаржылық есептің халықаралық стандарттары (ҚЕХС) тандалып алынды. ҚЕХС қолдану Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңымен анықталған. «ҚЕХС сәйкес қаржылық есеп» пәніндегі арнайы тақырыптар қатарына: қысқа мерзімді активтер есебі: ақша қаражаттары мен дебиторлық берешектер, босалқылар есебі, материалдық емес активтер есебі, активтердің құнсыздануы, негізгі құралдар есебі және т.б.
Курстың негізгі тапсырмалары - студенттерді халықаралық қаржылық стандарттар негізінде түсініктер және қағидалармен, халықаралық масштабтағы мамандардың әзірлеген қаржылық есептіліктің сипаты мен мазмұнымен студенттерді таныстыру
Оқыту курсының мақсаты – студенттерді қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттар нормаларымен, компанияның қаржылық жағдайындағы өзгерістерді және шаруашылық қызметтің нәтижелерін, қаржылық жағдай туралы ақпарат ұсыну мен түсіну дағдыларын қалыптастыру.
Курстың негізгі тапсырмалары:
1 ҚЕХС негізгі баптарын талдауды;
ҚЕХС-1,8,10 негізгі баптарын анықтай білу.
Негізгі құралдарды тануды анықтау (ҚЕХС 16).
Материалдық емес активтерді талдай білу іскерлігін (ҚЕХС 38).
Активтердің құнсыздануын білу (ҚЕХС 36).
Қарыздар бойынша шығындарды оқу (ҚЕХС 23).
Инвестициялық жекеменшік (ҚЕХС 40).
Акцияға пайданы анықтау (ҚЕХС 33).
Босалқыларды тануды білу (ҚЕХС 2).
Салықтық ставкалар мен уақытша өзгерістерді білу;
2. Пән мазмұны
№ |
Тақырыптың негізгі мазмұны |
Сағат көлемі |
|||
Дәріс |
Маш-y |
СӨОЖ |
СӨЖ |
||
1 |
Қысқа мерзіді активтер есебі: ақша қаражаттары және дебиторлық борыштар |
4 |
2 |
4 |
5 |
2 |
Қорлар есебі |
2 |
1 |
2 |
5 |
3 |
Негізгі құралдардың есебі |
2 |
1 |
2 |
5 |
4 |
Материалдық емес активтердің есебі |
2 |
1 |
2 |
5 |
5 |
Активтердің құнсыздануы |
2 |
1 |
2 |
5 |
6 |
Ұйымның міндеттемелерінің есебі |
2 |
1 |
2 |
5 |
7 |
Кірістер мен шығыстар есебі |
2 |
1 |
2 |
5 |
8 |
Капитал және резервтер есебі |
2 |
1 |
2 |
5 |
9 |
Қаржылық есептілікті ұсыну |
2 |
1 |
2 |
5 |
10 |
Шоғырландырылған және бөлек қаржылық есептілік (ҚЕХС (IFRS) 27) |
2 |
1 |
2 |
5 |
11 |
Валюталық бағамдар өзгерісінің әсері. Шетелдік қызмет (ҚЕХС 21) |
4 |
2 |
4 |
5 |
12 |
Табысқа салынатын салық (ҚЕХС 12) |
4 |
2 |
4 |
5 |
|
Барлығы |
30 |
15 |
30 |
60 |
